Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 Сбөлім: Теңдік және теңсіздік. Теңдеулер |
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: |
Күні: Сынып:1В |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы |
Әріпті өрнектерді салыстыру
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.1.3 қосу мен алу арасындағы байланысты әріптік теңдік түрінде көрсету және қолдану: а+b=с, c–a=b, c-b=a 1.2.1.4 қосу мен алуда 0-дің қасиеттерін әріптік теңдік түрінде көрсету: a+0=a, a-0=a 1.2.1.5 жақшасыз берілген әріптік, сандық өрнектерді салыстыру
|
Сабақ мақсаттары |
Жақшасыз өрнектердегі әріптәі және санды өрнектерді салыстырып үйренеді. |
Бағалау критерийлері |
Әріпті өрнектер құрастырады, әртүрлі оқиды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Әріпті және санды өрнек. Қосу, азайтуға байланысты өрнектерді әртүрлі оқу. |
Құндылықтарды дарыту
|
Достық қарым-қатынас |
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, , қазақ тілі |
АКТ қолдану дағдылары |
Тақтада сызу, қарау, тыңдау |
Бастапқы білім
|
100-ге дейінгі сандық жүйені түсінуі; салыстыру және салыстыру терминдерін пайдалана білу, әріпті, санды өрнектер. |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
Сабақтың басы 1 мин
|
Таңғы шеңбер Міне менің жүрегім Барлығы жүректен басталады. Міне менің басым Ол барлығын басқарады. Математиканы түсініп, білуге жол ашық! Өрнектерді көрсету, оқу, сабақ тақырыбын анықтау. Сабақтың мақсаты:Әріпті өрнектерді салыстырып үйренесіңдер |
Интерактивті тақта
Слайд |
Сабақ ортасы
5-7 мин
6 минут
5минут
8 минут
5 минут |
1. (Т)Өрнектерді салыстыру Мақсаты: Әріптері бірдей.әріпті өрнектерді салыстыру арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру 1.Әр топқа өрнектер таратылады: а+7,а+8,9+а,100+а 2.Бұл өрнектердің бәріне ортақ не екенін айтады (олар барлығы қосуға берілген,барлығында бәрдеі әріпті қосылғыш берілген) 3.Бұл өрнектерді салыстыруға бола ма? ( оқушы жауабын тыңдау) 4. Топта өрнектерді салыстырып жазу және жазғандарын дәлелдеп айту. 5. Нәтижелерін бүкіл сыныпқа айту, өрнектерді әртүрлі оқу (ҚБ)Топтар бір-бірін тексереді. Шапалақ арқылы бағалайды. Дұрыс болса – 3 рет шапалақ. Қате болса – қолдарын көтеру. 2 .(Ұ) Әріпті өрнектер құрастыр және оларды салыстыр Мақсаты: суреттерге қарай отырып, өздері әріпті өрнектер құрастырып үйренеді 1.Өрнектер құрастыру 2. Оларды салыстыру 3. Құрған өрнектерін дәптерге жазу (ҚБ)Нәтижелерін жалпы сыныппен оқу арқылы бағалау Сергіту сәті (Ж) Орындап көр Мақсаты:қосу амалын орындаудағы заңдылық пен азайту амалындағы заңдылық айырмашылығын байқату 1.Берілген өрнекті дәптеріңе жаз 2. Әріптің орнына мәндерін қой 3.Өрнектерді салыстыр 4.Қорытынды жасау ҚБ)Жұптағы оқушылар дәптерлерін ауыстыру арқылы тексереді (ӨЖ) Дәптермен жұмыс 1. Бос торкөзді сәйкес сандармен қосу 2. Суреттер бойынша жұмыс 3. Санды және әріпті өрнектерді салыстыру Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма
Тапсырма Өрнектерді салыстырыңыз. Бос торкөзге салыстыру таңбасын қойыңыз
Дескриптор: Білім алушы - жақшасыз берілген санды өрнектерді дұрыс салыстырады; - жақшасыз берілген әріпті өрнектерді дұрыс салыстырады; - салыстыру таңбаларын дұрыс қояды (ҚБ) Жұпта бір-бірін дескриптор арқылы бағалайды. Тақтада жауабы беріледі. |
Үлестірмелі қағазға жазу.
Слайд
Көңілді сергіту жаттығулары
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма |
Сабақтың соңы 5 минут
|
Рефлексия Мақсатқа қайта оралу. -Кім әріпті өрнектерді салыстыра алса - Екі қолын көтереді - Жартылай білсе, қолдырын беліне қояды - Уақыт өлшем бірліктері жайлы әлі де қайталау керек болса, қолын жай қояды. |
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
|
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.