1СҚысқа мерзім

  • docx
  • 25.04.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 1СҚысқа мерзім.docx

                                Қысқа мерзімді сабақ жоспары

                                                            Математика

Бекітемін:________________________

Оқу ісінің меңгерушісі

125-сабақ. Қайталау. Спорт түрлері

Мектеп:

 

Күні:18.05.16ж

Мұғалімнің аты-жөні: 

 

Сынып: 1 «б»

Қатысушылар саны:

Болмағандар саны:

 

Сабақта қарастырыла-тын оқыту мақсаты

Бағдарлама бойынша мақсаттың нөмірі, мақсатты анықтау.

1.4.1.10. Сандарды бірнеше бірлікке арттыруға/кемітуге арналған есептерді талдау және шығару; кері есептер құрастыру.

1.4.1.8. Есептерді шығаруда тірек сұлбаларды таңдау.

1.2.4.2. Заттарды белгілері бойынша жиындарға топтау, жұп құру арқылы заттар тобын салыстыру.         

 

Сабақтың  мақсаты

Барлық оқушылар үшін:

сандарды бірнеше бірлікке арттыруға/кемітуге арналған есептерді шығару; есеп шығаруда тірек сұлбаларды таңдау; заттарды берілген белгілері бойынша жиындарға топтау.

 

Бірқатар оқушылар үшін:

Сандарды бірнеше бірлікке арттыруға/кемітуге арналған есептерді шығару және кері есептер құрастыру; есептерді шығаруға арналған тірек сұлбаларды өз бетімен құрастыру; заттарды өз бетімен таңдаған белгілері бойынша жиындарға топтау.

 

Кейбір оқушылар үшін:

Сандарды бірнеше бірлікке арттыруға/кемітуге арналған есептерді өз бетімен құрастыру және шешу; заттарды топтау үшін белгілерін анықтау.     

 

Тілдік  мақсат

Оқушылар игереді:

есептердің тірек сұлбалары бойынша берілгенін түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология: есеп, кері есеп.

Диалог/жазу үшін қажетті сөздер:

Талқылау:

Фигураларды қандай белгілері бойынша топтауға болады?

Жазу: есептер бойынша өрнек жаз.

 

Алдыңғы білімдер

Өткен есеп түрлерін шеше білу

Теңдеулерді шеше білу

 

                                                                                  Жоспар

 

0-3 минут

Қызығушылықты ояту

Мұғалім күнделікті жаттығудың және әрқилы спорт түрлерінің пайдасы туралы әңгіме ұйымдастырады.

 

 

4-6

 

Белсендіру

Ауызша есептеу.

Ауызша санауды жүргізу үшін әрқилы спорт түрлерінің суреттері бар қиықшаларды тағы да пайдалануға болады, қиықшалардың әрқайсысында сан бойынша белгілеуі бар. Мұғалім өрнек айтады (мысалы, 19 санын 6-ға азайт), балалар жауапты айтады, осындай саны бар қиықшаны табады және спорт түрін атайды. 

 

 

Ортасы

7-11

 

 

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Біздің кейіпкерлер әрқилы спорт түрлері туралы есептерді құрастырды, бізге өз тапсырмаларын орындауды ұсынады.

Суреттерді қарастырыңдар. Есептердің мәтінін оқыңдар (№1).

Жинақ полотносы

Кеспе қиықшалар

 

12-24

 

Өткенді қайталау

Бұдан арғы жұмысты топтық немесе жұптық жұмыс түрінде құруға болады. Мұғалім әр топқа есептердің бірінде толтырылмаған сұлба бар қиықшаны ұсынады. Балалар сұлбаларды толтырады да, есептерді шығарады. Бұдан әрі кері есепті құрастыруды және шығаруды ұсынуға болады.(сызбамен жұмыс)

 

 

25-40

 

Өткенді қолдану

Теңдеулерді шешуді (№2) орындарында түсінік бере отырып (балалар белгісіз компонентті атайды және оны қалай табуға болатынын түсіндіреді) орындайды.

Оқулықтағы №3 тапсырманы кестеде көрсетілген белгілері бойынша топтайды. Фигураларды кестенің тиісті бөлігіне жапсырады.

 

 

41-45

 

Рефлексия  

Мұғалім әр баланың алға жылжуын бағалайды. Оқу жылының соңы жақындап қалғанын, балалардың көп нәрсеге үйренгенін және көптеген тапсырмаларды өздігімен орындаудың үлкен үлесімен орындай алатынын атап көрсетеді.

 

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru