1Сіздіктер жазбасы. Санды өрнектерді қалай салыстырамыз САБАҚ ЖОСПАРЫ (2)
Оценка 4.6

1Сіздіктер жазбасы. Санды өрнектерді қалай салыстырамыз САБАҚ ЖОСПАРЫ (2)

Оценка 4.6
docx
24.04.2020
1Сіздіктер жазбасы.  Санды өрнектерді қалай  салыстырамыз САБАҚ ЖОСПАРЫ (2)
1Сіздіктер жазбасы. Санды өрнектерді қалай салыстырамыз САБАҚ ЖОСПАРЫ (2).docx

Сабақ жоспары

 

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:3 А бөлім: Теңдік пен теңсіздіктер

 

Күні:

 

Сынып: 1В

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

 

Сабақтың тақырыбы

Теңдіктер мен теңсіздіктер жазбасы. Теңдіктің бөліктері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2Математикалық тіл, модель

Сабақтың мақсаттары

1.5.2.6 Теңдікті белгілеу үшін «=» белгісін, теңсіздікті белгілеу үшін «>», «<» белгісін пайдалану

Жетістік критерийлері

Сандар, шамалар, санды өрнектер арасындағы қатынасты («=»,«>», «<») анықтауды меңгереді

Сөздікқор

 

Бөлік, бүтін, теңдіктің бөліктері, сандыөрнектер, салыстыру, кем, артық, тең, теңдік, теңсіздік, сол жақтағы өрнектің мәні, оң жақтағы өрнектің мәні.

Құндылықтардыдарыту

Оқушылармен «Мамандықтар» тақырыбындаәңгімежүргізеотырып, еңбеккебаулу.Жұптасып, топтасыпжұмысжасайотырып, өзаракөмеккөрсетебілугетәрбиелеу.

Пәнаралықбайланыстар

Дүниетану пәнімен байланыс құрылыста жұмыс істейтін мамандартуралы әңгіме жүргізу барысында жүзеге  асады.

Алдыңғы меңгерілген білім

 

Сандарды, сандыөрнектердісалыстырутәжірибесі бар

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

 

(Ұ, Ө) Сабаққа дайындығын бақылау, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Өткен сабақтың тақырыбын еске түсіру үшін оқушыларғабелгісіз саны бар теңдікті көрсету:

8 +          = 10

Содан соң теңдікті оқып беруді сұрап, келесі сұрақтарды қою:

-          Бос торкөзге қоюға болатын санды қалай атаймыз?

-          Құрамында бір сан белгісіз болатын теңдік қалай аталады?

Сабақты жалғастыра келе ОМ қою.

 

Сабақтыңортасы

 

(Ұ,МК,Т)Оқушыларға құрылыс алаңы бар суретті көрсетіп (2-слайд), құрылыс алаңына саяхат жасауды ұсыну. Олармен құрылыс туралы әңгіме жүргізу. Оқушылардан ғимараттар қалай салынатынын және құрылыста жұмыс істейтін мамандар туралы сұрау. Оларға құрылысшылар болып көрулерін ұсыну. Ол үшін топпен жұмыс ұйымдастыру.Үйдің жобасының суретін көрсету (3-слайд). Оқушыларға архитектор үйдің жанынан ұзындығы 20 см болатын қошау жасауды жоспарлағанын айту. Қоршаудың бір бөлігі қатырма қағаздан жасалып, әр топқа дайындап беру. Оқушыларға сызғышпен қоршаудың осы бөлігін өлшеп, ұзындығын анықтауды сұрау (қоршаудың белгісіз бөлігінің үзындығы 11 см). Қоршаудың белгісіз бөлігінін ұзындығын табу кероек. Оқушыларға жобадан ауытқымай, өлшемі өзгертпей, тапсырманы орындау керектігін айту. Қоршаудың бүтін бөлігінің ұзындығы 20 см болады. Сызбамаен тапсырманы демонстрациялап көрсету. Сызбаның бүтін және бөліктерін көрсетіп түсіндіру.  Сызбанын астына белгісіз саны бар теңдік жазылады:

 11+          = 20

Оқушылардың міндеттері топта ақылдасып, қойылатын қоршаудың ұзындығын табу. Белгісіз санды таңдау әдісі бойынша және тиісті өлшеу жұмыстарын жүргізумен тапсырманы орындайды. Оқушылардың ұсыныстарын тыңдау, тапсырманың шешу жолдарын жазып отыру. Теңдік бүтін мен бөліктен тұрады деген қорытындыға келтіріп, «Белгісіз саны бар теңдік белгілі бөліктен, белгісіз бөліктен және бүтіннен тұрады. Санды теңдікті сызбамен көрсетуге болады»деге түсінік беру.

(Ұ, Т,ЖЖ) Тақырыпты бекіту мақсатында «Құрылысқа саяхат» жасауды ұсыну. Оқушыларға құрылыс материалдары бейнеленген суреттерге қарап шығуды ұсыну (4-слайд). Әрбір сурет бойынша бүтін мен бөліктерді тауып, теңдік құрастыруды тапсыру. «В» әрпімен берілген тапсырманы талдау. Суреттегі құбырлардың бір бөлігі мәшиненің үстінде екені көрсетілген. Оқушыларға мәшиненің үстіндегі құбыр санын анықтауды тапсыру. Қорытынды жасату:

5 +          = 7 теңдігі бір белгілі және бір белгісіз бөліктерден тұрады.

5 – бұл белгілі бөлігі

-          бұл белгісіз бөлігі

7 – бұл бүтін

Тақырыпты оқулықта берілген  «Құрылыста» тапсырмасын орындату арқылы бекіту.  Берілген тапсырма есептерді шығару тақырыбына дайындық ретінде жүзеге асады. Оқушыларға тапсырманың мәтінін оқып шығуды тапсыру. Мәтін мазмұнын қалай түсінгендерін сұрау:

-          Салынып жатқан үйдің биіктігі қандай болады?

-          Бұл сан бүтін бе, әлде бөлік пе?

-          Үйдің қандай бөлігі салынып біткен?

-          Бұл белгілі бөлік пе, әлде белгісіз бөлік пе?

-          Әлі неше қабатын салу керек?

-          Бұл қандай бөлік

Сабақты жалғастыра келе, оқушыларға жұппен жұмыс орындауды ұсыну. Олар белгісізі бар теңдік құрастырып,  белгісіздің мәнін табу қажет.  Оқушылар жұмысты ламинатталған қағаз парақтарына маркермен жазып орындайды. Әр жұптың жұмысын бақылау.

Жұмыс аяқталған соң, оқулықтағы «Шығарып көр» тапсырмасын орындатып, тақырыпты бекіту. Тапсырманы бүкіл сынып оқушылармен орындау.Тапсырманың мәтініндегі мазмұнын талдап, белгілі бөлікті, белгісіз бөлікті және бүтінді анықтап табуды тапсыру.  «Орындап көр» тапсырмасын орындату арқылы теңдіктер құрастыруға жаттықтыра түсу. Оларға сызба бойынша теңдіктер құрастыруды ұсыну. Талдау:

- Сызбаның қандай бөлігі белгілі?

- Қандай бөлігі белгісіз?

- Бүтінді анықтаңдар.

Тапсырманы жұпта талдап, нәтіжесін сыныпта айтып беруге мүмкіндік беру.

Тақырып бойынша жұмысты жалғастырып, тапсырманы дәптерде өздігінен орындауды сұрау. Орындап болған соң, тақтада берілген дұрыс жауабымен салыстырып, өзін өзі бағалауды ұсыну (5-слайд)

 

 

 

 

 

Ламинатталған қағаз парақтары, маркерлер, 5 см, 11 см ұзындықта қатырма қағаздан жасалынған жолақшалар.

Сабақтың соңы

(Қ)Сабақтың соңында оқушылар өткен тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатында жеке парақтағы тапсырманы таратып, өзіндік жұмысты орындауды сұрау.

 Белгісіз санды тап. Қайсысы бүтін, қайсысы бөлік екенін жаз.

 

8 + = 12

8        бұл _____________

9        - бұл _____________

12 бұл _____________

 

 

 

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырма мәтіндерін оқуға, түсінуге қиналатын оқушыларға қолдау көрсету. Оқушыларғабірін-бірі оқытуына жағдай жасау арқылыкөшбасшылық қабілеттерінің оянуына септесу.

 

Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу  арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау.

Сергіту сәтін өткізу.

 

 


 

Сабақ жоспары Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:3

Сабақ жоспары Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:3

Оқушыларға архитектор үйдің жанынан ұзындығы 20 см болатын қошау жасауды жоспарлағанын айту

Оқушыларға архитектор үйдің жанынан ұзындығы 20 см болатын қошау жасауды жоспарлағанын айту

Тапсырманы жұпта талдап, нәтіжесін сыныпта айтып беруге мүмкіндік беру

Тапсырманы жұпта талдап, нәтіжесін сыныпта айтып беруге мүмкіндік беру
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.04.2020