Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4A бөлім: Күнделікті өмірдегі есептеулер Күні: 27.03.17 Сынып: 1В |
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы |
Монетаны (теңгені) танып білу |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг тиындармен әр түрлі операциялар жасау |
Сабақ мақсаттары |
Монетаның не екенімен танысады. Монета түрлерімен танысады |
Бағалау критерийлері |
Монета мен олардың тобын салыстырады. 1 тг, 2тг, 5тг, 10тг, 20 теңгелік монеталарды қолданып, қажетті соманы жинақтайды. |
Тілдік мақсаттар
|
Ақша, монета, теңге |
Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік /интернационализм |
Еңбек және шығармашылық Ел Еліміздің валютасымен таныстыру арқылы ұлттық құндылықты дарыту |
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, ғылымға кіріспе |
Бастапқы білім
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||
Сабақтың басы 2 мин
|
(Ұ) Ұйымдастыру
кезеңі: -Бақыт,
бақыт,бақыт менде, бақыт сенде, 2).Балалардың
көңіл -күйлерін сұрау.
Көңілсіз Көңілді |
Интерактивті тақта
|
||
Сабақ ортасы 3-5 мин
5-7 мин
7-12 мин
12-25 мин
25-28мин
28-35 мин
|
(Т) Жұмбақ жасыру арқылы сабақтың тақырыбын ашу Оқушылар топта отырады. Әр топқа монеталар, теңгелер туралы жұмбақтар таратылады. -Балалар, алдарыңда жатқан жұмбақтарды оқып, топ ішінде талқылаңдар да жауабын айтыңдар. Қалталардың түбінде Сылдыр-сылдыр етеді. Адамдарға мәңгілік Адал қызмет етеді. /топтардың ойларын тыңдау/ -Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Монетаны – теңгені тану». -Сабақтың мақсаты: Монетаның не екенін білетін боламыз,монеталардың түрлерімен танысамыз -Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта не үйренеміз, не білеміз? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ (Ұ) «Теңгелер» ойыны арқылы топқа бөліну Алтын, күміс теңгелер, Ары-бері жүріңдер, Қателеспей тезірек, Екеуден тізіліңдер. ................................. Төртеуден тізіліңдер. (Т) «Математикалық домино» ойыны Оқушылардың монета туралы білімдерін тексеру мақсатында кестеде жазылған сұрақтарға оқушылар жауаптарын іздеп, тиісті сұрақтың үстіне жауабын жабыстырады. 1/Монета дегеніміз не? /ақша/ 2/Қазақстанның ақшасы-ұлтық валютасы қалай аталады? ? /теңге/ 3/Теңге қай жылы айналымға шықты?/15.11.1993 ж/ 4/Теңгенің қандай түрлері бар?/монета және қағаз/ 5/Теңгенің қандай номиналды монеталары бар? /1.2.5.10.20.50.100/ 6/Барлық теңге монеталарының жалпы құны қанша? /188 тг/ Өзара тексеру және бағалау Мұғалім тақтада дұрыс жауаптарды шығарып көрсетеді.Топтар орындарын ауыстырып, бір-бірінің домино парақтарын тексеріп, стикер арқылы бағалайды. -Балалар, қандай жауаптар артық қалды? /артық жауаптар талқыланады/ (Т) «Кафе» ойыны -Балалар, біз сендермен қандай бөлімді оқуды бастадық? Ендеше, мен сендерге «Кафе» ойынын ойнауды ұсынамын. Кафедегідей жайғасып отырыңдар. Араларыңнан 1 даяшы сайлаңдар. -Ал даяшы қандай болу керек? /мұғалім ойын ойнаудың шартын түсіндіреді/ Сыныпта кафе атмосферасын құру. 4 топ кафедегі 4 үстел болып жайғасып отырады. Әр топ өздерінің арасынан даяшы сайлайды. Даяшы оқушыларға ас мәзірін таратады. Оқушылар ас мәзірі бойынша даяшыға тапсырыс береді. Даяшы берілген тапсырыс бойынша тақтада ілінген суреттердің арасынан тағамдарды таңдап әкеліп, тапсырыс құнын айтады.Содан кейін оқушылар маркерлік тақтада төлем жасаудың жолын көрсетіп, тапсырысқа төлем жасайды.
Сергіту сәті: «Көңілді би» (Ө)ҚБ жұмысы Оқушылардың теңгені ажырата және құра алу қабілеттерін бағалаймын. 1-тапсырма Берілген монеталардың құнын салыстырыңыз. >, <, = таңбаларының тиістісін қойыңыз. . 2-тапсырма Берілген соманы 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталарды қолданып, әр түрлі тәсілмен жинаңыз.
21 тг 21 тг 21 тг ҚБ жұмысын ерте орындаған оқушы дәптердегі 79-бетте тапсырманы орындайды. |
Үлестірмелі карточкалар
А4 парақтарында жазылған сұрақтар мен жеке карточкаларда жазылған жауаптар
Түрлі-түсті стикерлер
Монеталар мен маркерлік тақталар, блокнот пен қалам, даяшыға арналған алжапқыш, тағам суреттері, тағам атаулары мен бағалары, ас мәзірі.
|
||
Сабақтың соңы 35-40 мин
|
Бекіту сұрақтары: - Теңге дегеніміз не? Рефлексия: -Балалар, әр топтың алдында түрлі іс-әрекеттегі смайликтер бар.Әр топ бүгінгі іс-әрекеттеріне байланысты смайликті таңдап алсын және өз таңдауын түсіндірсін.
-Кім критерийлерге жетті? -Қандай қиындықтар болды? -Қандай тапсырма қызықты болды? |
Сабақтың басында жазылған критерийлер мен маркерлер
Түрлі іс-әрекеттегі смайликтер
Өз-өзін бағалау парағы мен стикерлер
|
||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||
|
Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады
|
Сергіту сәті
|
||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
|
|
||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз. 1:
2:
Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?
|
||||
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.