Цилиндрлік панорама (циклорама)
Цилиндрлік панорама (циклорама) – көлденеңінен 360°ты, ал тігінен 180-нен төмен градусты ғана қамти алады. Панораманың бұл түрі, суреттің жоғарғы және төменгі шекараларын көрсетуді қажет етпейтін жағдайда қолданылады. Панорама айналадағы барлық көрінетін кеңістікті көрсетеді, қолданушы 360°-қа бұрыла алады, бірақ төмен немесе жоғары қарай бұрыла алмайды. Мұндай панорама бірыңғай цилиндрді қалыптастыра отырып, сақина тәрізді желімденеді.
Текшелі панорама
Текшелі панорама. Панорама текшенің ішкі жағына проекцияланады. Сфералық панорамамен салыстырғанда текшелі панораманың артықшылығы: дайындау, сақтау, тасымалдау қарапайымдылығы болып табылады, себебі күрделі пішін бетімен емес, тек текшенің алты қырымен – жазық және шаршымен жұмыс істеуге тура келеді.
1. 3D-панорамаға фототүсірілім жасау. Бір виртуалды панорама жасау үшін камераның әртүрлі көлбеу бұрышында түсірілім сериясын жасайды. Түсіру арнайы панорамалы бастиекпен жүргізіледі, ол фотоаппаратты тармақ (нодальді) нүктесінің айналасына айналдырады. Бұл 3D-панораманы біріктіру үшін жасалады.2. 3D-панораманы біріктіру. Біріктіру арнайы бағдарламалық қамтамасыз етілімде жүргізіледі. Мұндай біріктіргіш бағдарламалар бүгінде өте көп, әрбір бағдарламада бейнелерді біріктірудің ерекше технологиясы және жасалатын бағдарламалардың өзіндік форматы пайдаланылады, ал біріктіру автоматты түрде, қолмен немесе аралас режимде жүргізілуі мүмкін. Барлық фотосуреттерді біріктіргеннен кейін, бағдарлама эквидистанттық проекцияда бір графикалық файлды жасайды. Оны JPG, PNG, TIFF, BMP, т.б. пішімінде сақтауға болады.3. Фотосуреттерді өңдеу. Сапалы түсірілген және біріктірілген 3D-панорама қосымша өңдеуді қажет етпейді. Ал қажет болған жағдайда оны кез келген графикалық редактормен жасауға болады.4. Графикалық файлды 3D-панорамаға түрлендіру. Бұл мақсатта әртүрлі бағдарламалар пайдаланылады.
Сфералық панораманың негізін сфералық немесе текше проекциясындағы көптеген жекелеген кадрлардан жиналған сурет құрайды. Сфералық панорамаларға тән ерекшелік – қоршаған кеңістікті толығымен көрсетуге мүмкіндік беретін барынша мүмкін қамту аумағы.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.