Сабақтың тақырыбы 8 - сыныптағы алгебра курсын қайталау
Оқу мақсаттары
Сабақ мақсаттарыКвадрат және квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешу
Бағалау критерийлері
- Толық квадрат теңдеуді шешуде жалпы формуланы қолданады;
- Толымсыз квадрат теңдеуді шешеді;
- Квадрат теңдеуді шешуде Виет теоремасын қолданады;
- Бөлшек-рационал теңдеуді квадрат теңдеуге келтіріп шығарады;
- Квадрат теңдеудің көмегімен мәтіндік есептерді шығарады
Қолдану Жұптық жұмыс
Тапсырма 2. «Жас инженер Арман Ермеков «Жас жанұя» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа пәтер алды. Ол балалар бөлмесінің еденіне ковролан төсеуді ұйғарды. Ол үшін ұзындығы енінен екі есе үлкен тіктөртбұрыш тәрізді ковролан сатып алды. Шеберлер ковроланды еденге төсеу үшін оның енінен 30 см және ұзындығынан 1 м 20 см кесіп алды. Егер Ермеков пәтеріндегі балалар бөлмесінің ауданы 17,36 м2болса, осы бөлмеге қойылатын плинтустың ұзындығы қандай болуы керек?
Рефлексия карточканың сыртына сабақтың мақсатын жазу
- Мен түсінген жоқпын ....
- Мен үшін өте күрделі ...
- Мен бәрін түсіндім және орындай аламын ...
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.