3Мәтінді пішімдеу_2 сабақ_1Нұсқа_ Әдістемелік нұсқаулық
Оценка 4.6

3Мәтінді пішімдеу_2 сабақ_1Нұсқа_ Әдістемелік нұсқаулық

Оценка 4.6
docx
10.05.2020
3Мәтінді пішімдеу_2 сабақ_1Нұсқа_ Әдістемелік нұсқаулық
3Мәтінді пішімдеу_2 сабақ_1Нұсқа_ Әдістемелік нұсқаулық.docx

Сынып: 3

2 Бөлім: Сөз артында сөз.

 «Мәтінді теру және өңдеу» сабағына әдістемелік нұсқаулық

 

Сабақтын мақсаты: «Пішімдеу» сөзін түсінеді, мәтіндік редактордың мүмкіндіктері мен мақсатын атайды, мәтінде көрсетілген сипаттамаларға сәйкес пішімдейді, қаріпті, өлшемін және стилін өзгертеді 

Оқу мақсаты:

3.2.1.1 мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру 

3.2.1.2 қаріпті пішімдеу (қаріптің жазылу стилі, түсі, түзету)

3.2.1.3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою

3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау   командаларын қолдану

компьютерлік программалады мәзір командаларын қолдану

 

Сабақтын түрі: жалпылама материалдарды жинақтау және жүйелендіру. Бұл сабақ осы тақырып бойынша екінші сабақ (сабақтың 1 нұсқасы), өткен тақырыптар бойынша алынған негізгі білім.

Алдын ала дайындалатын құралдар

Алдын ала мұғалім түрлі постерлер дайындап қою қажет. Постерлерде түрлі сұлбадағы және қаріптердегі жазбалар болуы қажет.

Бұл сабақты оқып-үйрену үшін қажетті алдын-ала білім.

Өткен сабақты жүйелеу мақсатында мұғалім оқушылар арасында «Атомдар мен молекулалар» әдісімен қолданып сұрақ – жауап ұйымдастырады. Оқушылар «Атомдар мен молекулалардың» техникасы бойынша бір-біріне сұрақ қояды. Алдымен мұғалім ойын ережесін түсіндіреді: «Әрқайсысың кеңестікте жүрген атомсыз. Сіз басқа атомдармен кездесесіз, кейде жеңіл соқтығысуларында мүмкін. Бірақ кейде сіз молекулалармен бірігуіңізда мүмкін. Сіз бұны менің бұйрығым бойынша жасайсыз. Мен молекулада атомдардың санын атаймын». Біраз уақыттан кейін мұғалім қолдарын шапалактайды, музыка тоқтайды және ол, мысалы, «екі» дейді. Қатысушылар жылдам жұптасып тұра қалады. Сонда мұғалім сұрақ қояды. Оқушылар бір-біріне жауап береді және «молекулалар» қайтадан кеңестікте жүріп, мұғалімнің келесі командасына дейін жалғасатын атомдарға бөлінеді.

Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімі.

Мәтінді пішімдеу әдістерін көрсетіп түсіндіру.

 Мұғалім сабақ тақырыбы бойынша түсіндірме жүргізеді және тәжірибеде көрсетеді.

Мәтіндік редакторды іске қосып,  пішімдеу тақтасы арқылы, мәтіннің өлшемін, жазылуын, қаріп түсін өзгертеді батырмаларына мысал келтіре отырып көрсетіп түсіндіреді.

Практикалық тапсырманы орындау

Құжат құрыңыз

Мәтінді төменде көрсетілген параметрлер бойынша пішімдеңіз

Компьютер құрылғылары

 

Дербес компьютер жеке құрылғылармен модульдерден тұрады: біреуі жүйелік блок ішінде болады, ал қалғандары соған жалғанады. Соңғылары ақпаратты енгізу және шығару қызметтерін атқарады: монитор, принтер, сканер, пернетақта, тышқан және т.б.

Жүйелік блоктың ішінде ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғылары орналасқан. Компьютердің жинақталуының түріне байланысты олар түрліше болуы мүмкін, бірақта көптеген қарапайым жүйелік блок келесі құрылғылардан тұрады:

·       Қуат блогы,

·       Аналық плата,

·       Процессор,

·       Жады,

·       Винчестер,

·       Желілік карта.

Мәтінді пішімдеуге тапсырма

Мәтін

Пішімдеуге тапсырма

1.

Компьютер құрылғылары

Қаріп көлемі – 16, оны қою қылыңыз

2.

Дербес компьютер жеке құрылғылармен модульдерден тұрады: біреуі жүйелік блок ішінде болады, ал қалғандары соған жалғанады. Соңғылары ақпаратты енгізу және шығару қызметтерін атқарады: монитор, принтер, сканер, пернетақта, тышқан және т.б.

Берілген абзацты ені бойынша түзулеңіз, төмендегі абзацтыда солай жасаңыз.

3.

Жүйелік блоктың ішінде ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғылары орналасқан.

Берілген сөйлемді курсив қылыңыз

4.

Компьютердің жинақталуының түріне байланысты олар түрліше болуы мүмкін, бірақта көптеген қарапайым жүйелік блок келесі құрылғылардан тұрады:

Берілген сөйлемді асты сызылған етіп қойыңыз.

5.

Қуат блогы, аналық плата, процессор, жады, винчестер, желілік карта.

Компьютер құрылғыларының әр бір атауын түрлі түске бояңыз.

 

Бағалау критерилері

Оқушылар құралдарды қалай қолдануды біледі

Белгілеңіз (+)

1.

Қаріп көлемі

 

2.

Мәтінді туралау

 

3.

Мәтіннің әлпеті – курсив и қою

 

4.

Мәтіннің әлпеті – асты сызылған

 

5.

Қаріп түсі

 

 

Сумма (+) -

 

 

 

Әдебиеттер мен дереккөздер:

1)      Ломаковская А.В., Проценко Г.О., Ривкинд И.Я. Ступеньки к информатике, 3 класс 2013

2)      Рудченко Т. А., Семенов А.Л. Информатика. Рабочая тетрадь. 3 класс. 2013.

3)      Информатика. Учебник для 3 класса. В 2 ч.  Матвеева Н.В., Челак Е.Н. и др. 2013.

4)      Учебник Информатика и ИКТ 3 класс Горячев. 2010.

5)      http://www.proshkolu.ru/user/nazarovaNS/file/64185/

6)      https://bilimland.kz/ru/courses/informatika-ru/5-klass/lesson/interfejs-tekstovogo-redaktora

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Сынып : 3 2 Бөлім : Сөз артында сөз

Сынып : 3 2 Бөлім : Сөз артында сөз

Мәтіндік редакторды іске қосып, пішімдеу тақтасы арқылы, мәтіннің өлшемін, жазылуын, қаріп түсін өзгертеді батырмаларына мысал келтіре отырып көрсетіп түсіндіреді

Мәтіндік редакторды іске қосып, пішімдеу тақтасы арқылы, мәтіннің өлшемін, жазылуын, қаріп түсін өзгертеді батырмаларына мысал келтіре отырып көрсетіп түсіндіреді

Мәтіннің әлпеті – асты сызылған 5

Мәтіннің әлпеті – асты сызылған 5
Скачать файл