6 сынып математика
Оценка 4.9

6 сынып математика

Оценка 4.9
docx
математика
06.05.2020
6 сынып математика
��⥬�⨪�,6��,���,�132.docx

Математика пәні бойынша  6  сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

IV тоқсан

Сабақ нөмірі: 132

Сабақтың тақырыбы: Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, өзгеру құлашы. Бірнеше санның арифметикалық ортасы. (1-сабақ)

1. Мақсаты:

·      Статистика және статистикалық сипаттамалар туралы түсінік алу;

·      бірнеше санның арифметикалық ортасының  анықтамасын білу;

·      сандардың арифметикалық ортасын табу ережесін есептер шығаруда қолдануды үйрену

 

2. Жаңа тақырыпқа қысқаша түсініктеме

а) Статистика - қоғам мен шаруашылық салаларының дамуындағы өзгерістер туралы  мәліметтерді жинақтау, зерттеу және жариялаумен айналысатын ғылым; сандық есептеулер әдісі. 

СТАТИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР ,Арифметикалық
 орта
белгіленуі А ̅

,Мода
белгіленуіМо

,Медиана
белгіленуі
Ме
,Өзгеру құлашы
белгіленуі
R
 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                                                                                     

 

 

 

 

 

 

b) Бірнеше санның арифметикалық ортасы ()  деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.

 = 

1-мысал.

Таңертең температура 10 градус болды, күндіз 18 градусқа дейін көтерілді, кешке қарай 9 градусқа түсті, түнде 3 градусты көрсетті. Тәулік бойғы орташа температураны тап.

Шешуі.

Алдымен тәуліктегі температуралардың жалпы қосындысын табамыз:

10+18+9+3 = 40

Сосын алынған қосындыны қосылғыштар санына бөлеміз:

40 : 4 = 10

Яғни,  (10+18+9+3) : 4 = 10

немесе   =   = 10

Жауабы: 10 градус

 

2-мысал.

Дүкенде  килограмы 250 теңгеден 7 килограмм алма және килограмы 325 теңгеден 5 килограмм алмұрт сатылды. Жемістердің 1 килограмының орташа бағасы қандай?

Шешуі.

(2507 + 3255) : 12 = (1750 + 1625)  : 12 =  281,25(тг)

Жауабы: 281,25 теңге

 

3.      Тапсырмалар.

1)      Сыныптағы бірнеше оқушының  бойларын өлшегенде 150 см,  160 см, 145 см, 140 см, 138 см болды. Осы оқушылардың бойларының орташа ұзындығы қандай?

 

2)      Асыл дүкеннен 75 теңгеден 4 көк  қаламсап және 65 теңгеден 6 жасыл қаламсап  сатып алды.  Бір қаламсаптың орташа бағасын анықта.

 

 

3)      1-ден 50-ге дейінгі бүтін сандардың арифметикалық ортасын тап.

 

4)      Төрт  санның арифметикалық ортасы 75,35-ке тең. Бірінші сан екінші саннан 0,4-ке кем, ал үшінші саннан  2,3-ке артық, ал төртінші саннан 4,5 есе кем. Бірінші санды тап.

4.      Сілтеме:

1.      Т.А. Алдамұратова және басқалары, «Математика», 6-сынып, 2-бөлім, Алматы «Атамұра», 2018, 127-128 беттер

Әзірлеуші: Матаева К.О.,  М.Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі. Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен ұсынылып отыр.

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Математика пәні бойынша 6 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

Математика пәні бойынша 6 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

Дүкенде килограмы 250 теңгеден 7 килограмм алма және килограмы 325 теңгеден 5 килограмм алмұрт сатылды

Дүкенде килограмы 250 теңгеден 7 килограмм алма және килограмы 325 теңгеден 5 килограмм алмұрт сатылды
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.05.2020