Ана – өмірдің шуағы
Балалар көңілді әуен ырғағымен залға кіреді.
Жүргізуші: Бір ғана емес, қадір тұтқан
бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тірегімнің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Аяулы аналар, қадірлі ұстаздар сіздерді 8-наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Ана – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау
тынымсыз тірлік пен кең дүниенің өзі тек
аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі
өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – өмірдің шуағы» атты
ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Балабақшамыздың меңгерушісі Туктубаева Гүлнар Қалиасқарқызына құттықтау сөзі
беріледі.
_________: Әлпештеген анамыз,
Біз бақытты
баламыз
Оқып білім
аламыз,
Жұлдыз болып
жанамыз.
Өнерлі
болып өсеміз,
Өмір сырын
шешеміз,
Өсірген ой мен
сананы,
Қуантамыз
ананы!
_______: Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен
арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан
тарайды.
Үн қатасың бал
тілмен,
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын
анашым
Сегізінші наурызбен!
_______: Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның таң мекен.
Менің айдай
анамнан,
Асқан сұлу бар ме
екен?!
Жердегі
бар тағамнан,
Ана сүті нәрлі екен,
Бұл жалғанда
анамнан,
Сүйікті адам
бар ме екен?
_______:
Әлпештеген баласын,
Ана-бақыт, Ана-күн!
Әркім сүйер өзінің,
Мақтан етер
анасын!
Бәрі жақсы ананың,
Бәрін сыйлау
керек-ау.
Бірақ, әрбір
баланың,
Өз анасы бөлек-ау!
______:Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Ән:
_______: Ана десе шешек атып жанары
Өмірімнің бастау
алып жаңа әні
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып
жанады.
_______: Ананың әр сөзі ой талабы
Жүрегімнің төрінде сақталады.
Өсеміз елін
сүйген ұландар боп
Ардақты ана еңбегі ақталады.
_______: : Бізді өсіріп
баптаған
Жақсы болсам
шаттанған
Алтыным
деп мақтаған
Айналайын ақ мамам.
_______: Жыл басы наурыз мереке
Ақ нұрға әлем боянды
Аналар тойы
ерекше
Тіршілік жаңа оянды.
Көрініс: «Ана жүрегі»
Ана: ( ) Айналайын жанбалам
Құладың-ау сен
жаман
Ауырған жоқпа еш жерің
Жүргенің жақсы-ау сен
аман.
Бала: ( ) Айналайын
Балалар аналармызды ешқашан ренжітпейік, жүрегін
ауыртпайық, құрметтейік, сыйлайық, әрдайым қамқоршы
болайық.
______:
Келбетіңе ұлылық,
Даладан кең
пейілі
Ана деген
мейірім,
Ана деген ұлылық!
Ыстық демі
бетімді,
Аймалап бір өткені,
Күн шуағы секілді,
Мейірімін төккені.
_______:Анашым өмір гүлім, өмір жырым,
Анасыз қараңғы ғой тірлік
нұрым.
Құлыным,
балапаным деген сөздер,
Шықпайды дәл осылай
басқа жаннан.
_______: Ақ жүректен сақтаған
Жарқын күлкі бақ маған
Ақ бетіңнен сүйемін
Келші, келші ақ мамам!
_______:«Балам» деп шырылдайды ана жаным,
Түн ұйқысын төрт бөліп балағаны.
Баласы
адам болып сенім артса,
Ананың одан басқа жоқ арманы.
_______Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді
мақтан қылып
Мәпелеген ақ
мамамды
Жүрсем
деймін шаттандырып.
Би: «
_______:Анам менің- аялаған ақ гүлім
Анам менің- бақытым менің шаттығым.
«Анашым» деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін.
Анам менің- өмірдегі тірегім
Анам менің- кеудемдегі жүрегім.
Егер менің қасымда сен болмасаң,
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.
_______: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген
апатайым
Сәлем жазып
бүгін саған,
Мейрамымен құттықтаймын!
_______:Жүре берсем қасында,
Әйбат анам,
ай анам,
Ботам
деген даусыңнан,
Мен мәз болып
оянам
_______:Наурыздың
сегізі
Сұлулықтың
негізі
Әдемі сөз баланың
Анаға айтар
лебізі.
_______:: Дүниедегі ең кемеңгер
дананы
Ана табады,
аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне
бас иіп,
Құрметтейік
қасиетті ананы,-
_______:: Анам менің әдемі
Анам менің тірегім
Анам менің жүрегім
Анамды мен сүйемін.
Ән: «Әжем»
Көрініс: «Әже мен бала»
Әже: Айналайын ботақаным, құлыншағым , қарғам менің.
Бала: Жо-о-оқ әже қарға болмаймын, керек емес ондайдың қарға қарқ-қарқ етеді,
алысқа ұшып кетеді. Қасымда болып әрдайым ,
мен ешқайда бармаймын – деп екеуі бір-бірін құшақтайды.
Әже туралы тақпақ:
_______:: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын
ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай сені
жақсы көремін», деп
Ақырын құлағыңа
сыбырлаймын.
_______:Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек
болсам кешірген
Мені бағып өсірген.
_______: Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын
деп оны
Өлең айтып беремін.
(Әуен ырғағымен Көктем келеді).
Көктем: Табиғатты ояттың
Бүкіл жерді
көгертіп,
Сендерге мен
асықтым
Балаларды сағындым.
Сәлеметсіңдер ме
балалар!
Аяулы аналар-әжелер!
Мерекелеріңіз құтты
болсын!
Шаңырақтарыңызға бақ қонсын!
Жүргізуші: Балалар сізді сағынып күтті.
Сондықтан қазір сізге өнерлерін көрсетеді.
_______: Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп
жеткенде.
Қуанып бір қаламыз,
Әнмен қарсы
аламыз.
Ән: «Көктем келді»
Көктем: Рахмет сендерге, балалар!
Ал мен сендерге ойын дайындап әкелдім,
кел ойнайық.
Балалармен ойын: «Қолғаппен кәмпитті ашу»
Енді ата-аналармен бірге ойын ойнасақ.
Ата-аналармен ойын: «Папурри биі»
Би: «Джентельмен»
Балалардың ағылшынша тақпағы
_______:My dear, dear mоmmy,
Май диа, диа мамми
I love you so much!
Ай лав ю соу мач
I want you to be happy
Ай уант ю то би хаппи
On the 8th of March!
Он зе ейтс оф мач!
_______:I like the way you look,
Ай лайк зе уей б лук,
I like the way you
cook,
Ай лайк зе уей ю кук
Now I want to say:
Нәу ай уант ту сей:
«Happy Mother’s Day!»
Хаппи мазес дей
_______:Mommy I love you
Мамми ай лав ю
More than you
see
Мо зән ю си
You have always
been there
Ю хав олуис бин зейа
When I needed
you to be
Уен ай нидет ю ту би
_______:Today is Mother's Day. Ю ду зе шоппинг
Тудей из мазес дей
Let's help
Mama.
Let's help
Mama. Летс хелп мам
Летс хелп мам
It's Mother's Day
I'll make
breakfast. Ит из мазес дей
Ай уйл мейк брекфаст
You make lunch.
Ю мейк ланч
I'll do the dishes.
Ай уйл ду зе дишес
You do the shopping
Ән: «Ақ гүлімді сыйлаймын»
Жүргізуші:
Жарқырап қызыл гүлдей,
Болсын әсем өміріңіз.
Сәуле шашқан әсем күндей,
Көтерілсін көңіліңіз!
Осы гүлдей жайнасын деп,
Ұсынады ұлыңыз бен қызыңыз!
Балаларыңыздың
өз қолдарымен жасаған сыйлығын қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Ару көктем,
біздің балалар сізге әндерін айтты,
тақпақтарын айтты,
енді
«Үнді биін» тамашалаңыз.
Би:
«Үнді биі»
Көктем:
Балалар,
сендер аналарыңды өте жақсы көреді екенсіңдер,
аналарыңның тілін алу керек.
Құрметті аналар,
сіздерге денсаулық,
жақсылық тілеймін!
Сау болыңдар балалар!
«Гимнастика»
Мая
Қыздар туралы тақпақ:
_______:Біздің топтың қыздары,
Неткен сұлу,
көркем еді.
Күндей күліп жүздері,
Гүлге ұқсап құлпырады.
Осы гүлдей
жайнаңдар деп,
Құттықтаймыз сендерді!
Би:
«Вальс»
Жүргізуші:
Осымен біздің
«Ана
– өмірдің шуағы»
атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Қымбатты да аяулы аналар мерекелеріңіз құтты болсын!
Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді,
ең қамқор адам осы сіздер.
Дендеріңіз сау,
көңілдеріңіз шат болсын,
әрқашан аман болыңыздар!
Ата-аналар комитетіне құттықтау сөзі беріледі.
Ана жүрегі
Ертеде бір ер жігіт
жар іздеп жүрау ел кезіп
кездесті бір күн сұлуға
сәті түсіп ай кезігіп.
Сұлулық сонда болардеп
Шарт қойды сұлу керіліп
Жүрегін туған ананың
Әкеп бер деді ай ерігіп
Ғашықтық отын шыдатпай
Барады жанып кеміріп
Бір күнге толмай анасын
Мерт қылдау жігіт зерігіп
Ала сала жүрегін
Жүгіргенде құлады
Тасқада тиіп тұяғы
атыда оның құлады
есін жиып қараса
жүректұр талға ілініп
бүлкілдеп ана жүрегі
сөйлейді сонда дірілдеп
айналайын жан балам
құладың ау сен жаман
ауырған жоқпа еш жерің
жүргенің жақсы сен аман
естіген мына сөздерді
егіліп жігіт жылады
өткен іске өкініп
өкіріп жерге құлады
айналайын адамдар
баріңніңде анаң бар
қайғыға салмай жүрегін
анаға дұрыс қараңдар
|