Қазақ тілі мен әдебиетінен 8-сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада тапсырмалары
І тур.Эссе
1. Қорқыт жырлары-мәдени мұра екендігін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беріп жазыңыз.
2. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына керағар мінездерін талдап жазыңыз.
3. Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» шығармасындағы бала Тұрардың бойындағы қайсарлық мінез қазіргі балалардан көріне ме? Нақты дәлелдермен салыстырып жазыңыз.
ІІ тур.
1-тапсырма
Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін мәтін ішінен анықтаңыз
хабарлы |
сұраулы |
лепті |
бұйрықты |
|
|
|
|
Қаланың қарбаласы түсінікті... Көліктер кептелісі. Осы секілді түрлі жағдайлармежүріп, сіз кенет театрдағы қойылымның басталу уақытынан аздап кешігіп қалдыңыз. Апыл ғұпыл киіміңізді өткізіп, көрермендер залына кіріп келесіз. Сахна жап-жарық, әртістер өз образында. Қысқасын айтқанда, сахнадағы өмір қыз-қыз қайнап кетіпті. Алдыңыздан театр қызметшісі шығып, бір орынды нұсқады: «Ана бір бос орынға отырыңыз!». Билетке қарап сызылатын уақыт та жоқ, жағдай да жоқ. Арғы жақтағы бос орынға отырмақ боп көрермендер арасынан өтіп барасыз. Сол кезде не естідіңіз? Естімегеніңіз қалмады ғой, иә?! Оларды түсінуге болады, сахна ауасымен тыныстап, сондағы тіршілікке еніп отыр. Кінә сізден!..
2-тапсырма.Суретке қарап, сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз. Мәтініңізде сөйлем соңына қабаттасып қойылатын (?!/ !?/ ,–/ «»,–/!../?..) тыныс белгілерді қолданыңыз.
3-тапсырма
Сөйлемге толық (асты сызылған сөзге сөз құрамына, лексикалық, фонетикалық) талдау жасаңыз. Сқйлемнің түрін табыңыз.
Олжабек сол түтіннің дәл түбінде көк өгізшені жіліктеп бұзып отыр.
4-тапсырма
Кестедегі құстар мен жәндіктерді іс-әрекетіне қарай сәйкестендіріңіз. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері анықтаңыз
1. Көкек |
А) даусы қарлыққанша қарқылдаса, көп уақыт өтпей-ақ жаңбыр жауатындығын білдіреді. |
|
2. Өрмекші |
Ә) бүрісіп, қанат-жүндерін үрпитіп, дамылсыз шырылдай беретін болса, ұзақ уақыт өтпей-ақ күн бұлттанып, жаңбыр жауатындығын білдіреді. |
|
3. Бақа |
Б) күн шыққан кезде немесе ақшам уағында бірінен соң бірі 2-3 рет жылағандай дауыс шығарса, күн бұлыңғырланып, жаңбыр жауатындығын білдіреді. |
|
4. Құмырсқа |
В) ағаш басында бір ұшып, бір қонып тынымсыз шықылықтаса, күн бұлттанып, жауын-шашын болатынын білдіреді. |
|
5. Сақау кептер |
Г) бақылдай берсе, қатты жаңбыр жауатындығын көрсетеді. |
|
6. Үкі |
Ғ) сайраса күн ашық, ауа температурасының біршама жоғары болатындығын білдіреді. |
|
7. Бал арасы |
Д) ол мойнын табиғи созып, ақырын сайраса, даусы салмақты шықса, ауа райының ашық болатындығын білдіреді. |
|
8. Торғай |
Е) өзі тоқыған торының жағасына барып алса, жаңбыр жауады. |
|
9. Сауысқан |
Ж) сыбызғының дауысындай үн шығарса, күннің ашылатындығын білдіреді. |
|
10. Қарға |
З) илеуінен биік жерге көшсе, жаңбыр жауатындығын білдіреді. |
|
11. Сарғалдақ |
И) алысқа кетпей, ұясына қайта-қайта кіргіштей берсе немесе ұясына кіріп алып, қонақтаса ертеңінде жаңбыр жауатындығынан дерек береді. |
|
5-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, жоспар құрыңыз
Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады
Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған.«Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған«Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген – арнаулы мәселелер жөніндегі келісімшарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау – Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап жататын секілді.Заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі Қоғам деп отырғанымыз – мына біздер. Н.Ә.Назарбаев: «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны, елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз», – деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып, жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармау, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңның, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің де заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар.
4-тапсырма. Жауабы: 1-Ғ, 2-Е, 3-Г, 4-З, 5-Д, 6-Б, 7-И, 8-Ә, 9-В, 10-А, 11-Ж
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.