8- наурыз мерекесіне арналған сценарий
Оценка 5

8- наурыз мерекесіне арналған сценарий

Оценка 5
Мероприятия
doc
воспитательная работа
2 кл
23.01.2018
8- наурыз  мерекесіне арналған сценарий
Бастауыш сыныптарында " 8 наурыз мерекесі" не арналған сценарий тәрбие сағатын қызықты өткізуге көмек береді. Ұсынылған жоспарда ана туралы өлеңдер, әндер, билер және ойындар жүргізіліп отырылады. Тәрбие сағаты 1-2 сыныптарға арналған. Аналарымызды ,әжелерімізді, қыздарды құттықтай отырып, оқушылар өз қолымен жасалған сыйлықтарын да бередітәрбие сағаты
8наурыз 1с.doc
1­сыныпқа        Мұғалім:  Дүниені нұрландырар көктем мезгілі де санаулы күннен кейін есік қағады. Ал көктем мезгілінің ең бірінші мерекесі, ол – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні! Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың сүтінен таралған.Сондықтан   құрметті   асыл аналар, қадірлі апалар, қызғалдақ қыздар бүгінгі мерекелік кешімізді сіздерге арнаймыз.  1­жүргізуші:  Қуанышы баланың ­  Қуанышы ананың. 2­жүргізуші:  Қуанышы ананың­  Қуанышы баланың. 1­жүргізуші:  Бізді өсірген анашым,  Еңбегің де зор екен. 2­жүргізуші:  Құтты болсын, анашым,  Құтты болсын мерекең! 1­жүргізуші: Қайырлы күн асыл аналар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай  сезім мен нұр құйып, тағы да 8 ­ наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем  мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен  құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар ­ өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.  Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан  нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға  арналады. 2­жүргізуші:  Десек те уақытпенен жарыспайды,  Қияға қиялменен қарыштайды.  Шәкірттер шын жүректен тебіреніп  Өнерлерін анаға бағыштайды ­ дей келе 1 «Г» ­ сынып оқушыларының  ортаға шақырамыз. (Музыкамен оқушылар ортаға шығады.)  (Оқушылар аналарға арнап  өлеңдер айтады) 1­оқушы Сенен  өскен  балалар,   Батырлар мен  даналар. Құттықтаймыз  мейраммен Құрметті      аналар! 2­оқушы Әр сөзімді  жаттағам Жүрегімде   сақтағам. Анашым  деп  мақтанам Айналайын,  ақ   анам! Ерлік,  еңбек    атқарған Еңбегімен мақталған. Ел сенімін  ақтаған Айналайын, ақ анам! 3­оқушы Бізді өсіріп  баптаған Жақсы болсақ   шаттанған. «Алтыным»   деп  мақтаған Айналайын, ақ анам! Ана­көркі  көгімнің, Ана­нұры  жерімнің. Ана­бағы  баланың Мақтанышы  елімнің! 4­оқушы Мен  үшін  не керек­ Бәрін  іздеп  табасың. Айналайын,  анашым, Жұмысыңа   барасың. Қайтып  мені  көргенде, Шын  сағынып   қаласың. 5­оқушы  «Күнім,  жаным»­  дегенді, «Құлыншағым»­  дегенді,  «Ботақаным»­  дегенді, «Қошақаным»­  дегенді, «Айналайын»­  дегенді, «Толған    айым»­  дегенді, Ойлап   тапқан   аналар 6­оқушы Әлпештеген   баласын, Ана­бақыт, ана­күн. Әркім   сүйіп   өзінің Мақтан  етер  анасын. 7­оқушы Аналарды   сүйеміз, Ақылын  ойға   түйеміз. Әжені  де  ардақтап, Әдеппен бас   иеміз 8­ оқушы: Құтты болсын, ардақты ана, Асыл ана мерекең. Құтты болсын теңдік алған, Қуанышың, берекең. 9­ оқушы: Әр сөзімді  жаттағам Жүрегімде   сақтағам. Анашым  деп  мақтанам Айналайын,  ақ   анам! 10­ оқушы: Әлпештеген   баласын, Ана­бақыт, ана­күн. Әркім   сүйіп   өзінің Мақтан  етер анасын 11­ оқушы: Бал сөзбен баптаған, Мамам үшін мақтанам. Аялайтын біздерді, Көп жасаған жақсы адам. 12­ оқушы: Ақ жүрекпен сақтаған, Жарқын күлкі бақ маған. Ақ бетіңен сүйемін, Келші,келші ақ мамам. 13­ оқушы:    Дүниедегі  ең  ардақты  асыл  жан,    Анам  менің  мәпелеген  жасымнан.    Мен  қуансам  қуанады  ол  бірге,    Мен  қиналсам  табылады  қасымнан. 14­ оқушы: Менің әжем,гүл әжем, Алтын әжем,күн әжем. Апам үшін,мен үшін, Нағыз ана тілі әжем. 15­ оқушы: Кім өреді талдап менің шашымды, Кім сәндейді менің үсті –басымды. Анашым­ғой, гүлдей әсем болсын деп, Тағатұғын маған барлық асылды 16­  оқушы: Кір түсірмей жағама, Шашымды да тарайсың. Мектебіме барарда , Мейірлене қарайсың. 17­оқушы: Тау  қопарып,тасты үгіп                                                        Тұрғыздың сен қала. Саған қандай жақсылық, Жасай алам мен ана! 18­ оқушы: Теңдесі жоқ данасың, Арқа тұтар панасың. Еңбегінді ақтайтын, Аман болшы анашым. 19­ оқушы: Мамам­менің ақ мамам, Менсіз таңы атпаған. Менсіз күні батпаған, Мен ұйықтамай жатпаған. 20­ оқушы: Мамам­менің ақ мамам, Гүлді маған баптаған. Жырды маған жаттаған, Жұрттың бәрі мақтаған. 21­оқушы: Аналарды   сүйеміз, Ақылын  ойға   түйеміз. Әжені  де  ардақтап, Әдеппен бас   иеміз! 24­оқушы: Өмірге ана­бұлақ, ана­пана, Өмірді өркендетер ана ғана. Өсірген талай көсем, талай шешен, Талай ер, талай ақын, талай дана. 25­оқушы: Аяулы  да  алтын нұрлы  анашым, Жүрегіммен  мәңгі  бірге  боласың. Сен  асқарсың,сен  аспансың,биіксің, Сен  дарқансың,сен  жомартсың, данасың. 26­оқушы: Бұл көктеммен нұр келер, Бұл көктеммен жыр келер. Аналардың мейрамы Гүл көктеммен бір келер. 1­жүргізуші: Анам мені: «Айым» ­ дейді,  Мен мұңайсам, уайым жейді,  Анам мені: «Күнім» ­ дейді,  Мен қуансам, күлімдейді, ­ деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне  _________________ орындауында «                    » атты әнін қабыл алыңыздар. 2­жүргізуші: Еркелесем, күлімдейтін,  Ұрысқаны білінбейтін.  Маңдайымнан иіскеп менің,  «Құлыншағым, күнім», ­ дейтін. Ана дегеніміз ­ өмірдің  бастауымен  таусылмайтын жалғасы.  Ана ­тіршілік көзі, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі балалар. Ендеше, біздің  оқушылардың ана туралы тағы бір әніне кезек береміз.                   ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 1­жүргізуші:  Болар күнде алаң,  Жанашыр кім саған?  Сынып: Анам 2­жүргізуші:  Болсаң егер жаман,  Кейитін кім саған?  Сынып: Анам 1­жүргізуші:  Таң қалғандай ғалам,  Кім ең сұлу адам?  Сынып: Анам 2­жүргізуші:  «Боташым» дер саған,  Кім сүйікті адам?  Сынып: Анам (Ана туралы бейнебаян көрсетіледі) Балалар аналарға арналған сыйлықтарды үлестіреді. 1­жүргізуші: «Отбасы ­ шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір  шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел­ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі  болашақ балаларды тәрбиелеуші.  Теңіздей тербетіліп көл бетінде, Бишілер билеп кетті тербетіле.  Аққудай қалықтаған теңіздегі,  Бишілер өнерлерін көрсетуде, ­ деп мың бұралған бишілеріңізді қарсы алыңыздар. (Би) 2­Жүргізуші: Құрметті қауым, бүгінгі кешімізді біз сәл ерекшелеу өтсек па деген оймен   ананың  және қыздар арасында сайыс ұйымдастырдық.Сіздерге сәттілік тілейміз! 1­жүргізуші: Ана деген – бастауы ұлылықтың.  Ана деген ­ рәмізі сұлулықтың.  Ана деген ­ бір жыр бар шырқалатын,  Асқақтатар биікке ұрпақ атын.  Олай болса _____________ қарсы алайық.  Дауысына сүйсініп тамсанайық.  Ерке ұлдың талантына тәнті болып,  Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!   Ән: Орындайтын: _______________ 2­жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар,  Аласы бар адамның анасы бар.  Мерекесін құттықтап аналардың,  Өнерлерін жолдайтын ___________ баласы бар. (Көңілді тапқырлар клубының қысқа қойылымдары) 1 ­ жүргізуші: Домбыра, күмбірлеші күніндей боп қазақтың.  Өзіңменен бірге жүргем ұзақ жолында азаптың.  Үніңменен жазылады жарасы,  Үніңменен жалғанады ұрпағым.  Күй. Орындайтын _________________ 1­жүргізуші:  Сен жалықпай жетектеп,  Мен жаттыға жетермін.  Айтқаныңды екі етпей,  Ақ сүтіңді өтермін. 2­жүргізуші:  Көрсетемін күллі елді,  Жарық етем түндерді.  Өсіріп мен сыйлаймын, Жұрт көрмеген гүлдерді, ­ дей отырып 8­наурыз мерекесіне арналған мерекелік концертімізді  аяқтауға рұқсат етіңіздер.  Ән: "                          "

8- наурыз мерекесіне арналған сценарий

8- наурыз  мерекесіне арналған сценарий

8- наурыз мерекесіне арналған сценарий

8- наурыз  мерекесіне арналған сценарий

8- наурыз мерекесіне арналған сценарий

8- наурыз  мерекесіне арналған сценарий

8- наурыз мерекесіне арналған сценарий

8- наурыз  мерекесіне арналған сценарий

8- наурыз мерекесіне арналған сценарий

8- наурыз  мерекесіне арналған сценарий

8- наурыз мерекесіне арналған сценарий

8- наурыз  мерекесіне арналған сценарий

8- наурыз мерекесіне арналған сценарий

8- наурыз  мерекесіне арналған сценарий

8- наурыз мерекесіне арналған сценарий

8- наурыз  мерекесіне арналған сценарий
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.01.2018