9-сынып
Оценка 4.8

9-сынып

Оценка 4.8
docx
23.04.2020
9-сынып
9-сынып.docx

 

Қазақ тілі мен әдебиетінен 9-сыныпқа арналған мектепішілік олимпиада тапсырмалары

 

I тур.Эссе

1.      А.Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз.

2.      Төле би "Ердің бақыты –әйел" шығармасының идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазыңыз.

3.      Махамбет жырлары – асқақ рухтың үні. Ойыңызды нақты дәлелдермен талдап жазыңыз.

 

ІІ тур.

 

1-Тапсырма. Берілген тақырыптың бірін таңдап, «РАФТ» стратегиясымен мәтін құрастырыңыз.

 

Рөл

Аудитория

Форма

Тақырып

 

Жазушы

Газет

оқырмандары

 

мақала

«Мәңгілік ел» – қазақ елінің ұлттық идеясы

 

Журналист

Жас мамандар

сұхбат

«Мәңгілік ел» идеясын қалай түсініп жүрміз?

Депутат

Кәсіби

мамандар

баяндама

«Мәңгілік ел» идеясы – бірлікке бастар жол

Оқушы

Қазақстандық

жастар

 

ойтолғау

Мәңгілік Ел болу үшін ертеңгі өскелең ұрпақ

ретінде не істеуіміз керек?

 

2-Тапсырма.Берілген құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратып жазыңыздар.

 

Салалас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлем

Аралас құрмалас сөйлем

 

 

 

 

1. 1855 жылы Парижде өткен көрме ауылшаруашылығына ден қойды, шөп кесетін

қондырғылар, жанармаймен жұмыс істейтін алғашқы көлік, тіпті сөйлейтін қуыршақ – сол заманда қонақтардың таңдай қаға тамсанатын экспонаттары қатарын құрады. 2. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1958 жылы Брюссельде жасалған көрме қайта қалпына келтіру кезеңін құрып, атом дәуіріне қадам басқанын көрсетеді. 3. Батыс жұртына Шығыстың қақпасын айқара ашып, жаңа дәуірге қадам басып, алпауыт елдермен бәсекеге түсе алатынын дәлелдеді. 4. Есік қорғанынан табылған Алтын адам, ежелгі бағалы тастар мен әшекейлер, ұлттық тұрмыстық заттар жарты миллионнан астам адамның назарын аудартып, қызығушылығын тудырды. 5. Ондағы экспозициялар жел, жарық және жылу энергиясын өндіру жолдарын көрсетіп, атмосфераға зиянды заттар бөлмейтін автокөлік түрлері мен биоэнергетика қондырғыларын қонақтар назарына ұсынды. 6. Осы дәлелдерге сүйене отырып, ай аунап, жыл жылжыған сайын еліміз ғана емес, бүкіл әлем тұрақты түрде тоқтаусыз дамудың ең биік үлгісін көрсетті деп нық сеніммен айта аламыз.

 

3-Тапсырма.Мәтінді мұқият тыңдаңыз. «Төрт сөйлем» әдісі арқылы тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстырыңыз.

 

Пікір

Мәтінде көтерілген

мәселе бойынша өзпікіріңізді білдіріңіз

Дәлел

Өз пікіріңізді

дәлелдеңіз

Мысал

Пікіріңізді өмірмен

байланыстырып,

мысал келтіріңіз

Қорытынды

Тақырып бойынша

қорытынды

шығарыңыз

 

 

 

 

            Кезекті «Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізетін ел мәртебесі Қазақстанның елордасы Астана қаласына бұйырғандығы 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында өткен ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті Астана қаласына дауыс берсе, біздің бәсекелесіміз бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинаған. Біздің елдің ұйымдастырушыларының тарапынан ұсынылған Future Energy, яғни Болашақ қуаты тақырыбы сарапшылардың көпшілігінің көңілінен шығып, «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің тақырыбы ретінде қолдау тапты. Қазақстан тарапынан барған ұйымдастырушылар Астанада өткізілетін «ЭКСПО-2017» көрмесінінің басты тақырыбы ретінде «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты ұсыну себебі, ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталғандығы болып табылады.

4-Тапсырма. Берілген салалас құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратып жазыңыз.

 

1. Халық саны біресе көбейеді, біресе азаяды. 2. Не отбасын құруды, не болмаса үй алуды жоспарлап жүр. 3. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді. 4. Ол әлде халық санының өсуіне жағдай тудырады немесе оны қандай да бір жолдармен шектейді, әлде бұл мәселеге нақтылы араласпай, оның табиғи жолмен реттелуін бақылайды. 5. Мұның басты себебі мынау: халық саны жылдан-жылға артып келеді.

 

5-Тапсырма.Мәтінді мұқият оқып, жоспар құрыңыз.

 

            Мәңгілік ел нұрлы жолы қазақтың!Мәңгілік ел бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі-ақ мәңгі ел керегесі.

            Тәуелсіздік үшін болған көтерілісте жеңіске жетіп, 1991 жылы әупірімдеп Қазақ елі

тәуелсіздігіне қолын жеткізді. Бұл күн біз үшін, бүкіл қазақ халқы үшін ұмытылмас, асқан

бір мейрам, ақ түйенің қарны жарылған күн болды, қайсар жастарын жоғалтқан қаралы күн де болды. Бұлт артынан күн шығады деп қазақ барлық қайғыны ұмытты да, осы күнге

шүкірлігін айтты...Иә, ендігі күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем мойындады. Жеріміздің кеңдігіндей көңілі кең дархан «қазақ» деген халықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін, дербес те тәуелсіз ұлтпыз. Алда да солай бола береді. Асанқайғының армандаған «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманы қазақтың басына енді туды. Ол Тәуелсіздік. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Ол арман Мәңгілік ел. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана қаламызды тұрғыздық. Ендігі ұрпақ Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ елінің Ұлттық Идеясы Мәңгілік ел! Көз қарашығымыздай сақтау мәңгі мұратымыз!


 

I тур.Эссе 1. А.Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз

I тур.Эссе 1. А.Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз

Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз

Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз

Астана қаламызды тұрғыздық . Ендігі ұрпақ –

Астана қаламызды тұрғыздық . Ендігі ұрпақ –
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.