9. Тригонометриялық тепе-тең түрлендіру Нұсқа 2

  • docx
  • 13.05.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 9. Тригонометриялық тепе-тең түрлендіру Нұсқа 2.docx

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

IV Бөлім «Тригонометрия»

Мектеп:

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:    

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіру

Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.4.8

тригонометриялық  өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау

Сабақмақсаты

Оқушылар:

     тригонометриялық формулаларды қолданып, тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіреді.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

     тригонометриялық формулаларды қолданып, тригонометриялық өрнектерді ықшамдайды;

     тригонометриялық өрнектердіңтепе-теңдігін көрсете алады.

Тілдікмақсаттар

Оқушылар:

     тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде формулалардың таңдалуын дәйектеу.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

     аргументтердің қосындысының, айырмасының синус/косинус/тангенс/котангенсы;

     екі еселі аргумент/бұрыш, үшеселенген аргумент/бұрыш;

     дәрежені төмендету формуласы, жартылай аргумент/бұрыш;

     синустардың/косинустардың/тангенстердің қосындысы мен айырмасы;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

·      .... формулаларын қолдана отырып, ... формулаларын қорытып шығаруға болады.

Құндылықтардыдарыту

Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет құндылығын өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту

Пәнаралықбайланыстар

Тригонометриялық  өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау біліктілігі практикалық мәні өте зор. Физика формулаларын түсіну, қолданбалы есептерді шешуге негіз болады

Бастапқы білім

Негізгі тригонометриялық функциялардың анықтамасын білу және бірлік шеңбер арқылы олардың қасиеттерін анықтай алу. Өрнектің мәнін табуда,  өрнекті ықшамдауда, теңбе-теңдікті дәлелдеуде негізгі тригонометриялық теңбе-теңдіктер мен келтіру формулаларын қолдану.

 

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

 

 

2-4 мин

 

 

 

 

6-8 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8-10 мин

 

Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ә)  Мақсат: Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

«Жақын арада даму аймағын» анықтау.

Мақсат: Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.

Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған сұрақтарға нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру.

Тапсырма 1.

Формулаларды есте сақтау қабілеттерін тексеру үшін оқушыларға «формулаларды сәйкестендіріңіз» тапсырмасы ұсынылады.

Формулалардың басы мен соңынсәйкестендіріңіз

1

 

А

2

 

В 

3

 

С

4

 

D

5

 

E

6

 

F

7

 

J

8

 

H

9

 

I

 

Жауап: 1-В, 2- J, 3-Н, 4- I, 5-Е, 6- D, 7- А, 8- F, 9-С.

Әр оқушы жұбының жазған жауабы мен өз жауабын салыстырады.

Қателіктер мен дәлсіздіктер талқыланады.

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады. Бағалау критерийлері оқушылармен таңдалады.

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

.

 

 

 

 

 

 

 

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/kinematika/lesson/birqalypty-zhane-birqalypty-emes-qozhalystar

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

10-11 мин

 

 

 

 

 

 

11-18мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18-36 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақты түсіну.

Топтық жұмыс.Топтарға бөліну

Үстелдің үстінде қағазда 1-3-ке дейінгі сандар жасырылған.Оқушылар өздері таңдап алып,берілген сандарға қарай 3 топқа бөлінеді.

Мақсат:оқушылардың ойлау әрекеттерін белсендендіре отырып, оқушыда әділдік командалық рух, көшбасшылық сияқты қырларын қалыптасуына жағдай жасау.

Топтарға бөлінгеннен кейін оқушылар топта жұмыс істеу ережелерін жазып шығулары керек. Оқушылар әр түрлі нұсқаларды ұсынады, мұғалім көмегімен ең маңыздыларын таңдайды.Топта жұмыс істеудің барлық ережелерін мұғалімнің алдын ала дайындалған слайдында көрсетеді

Тапсырма 2.

Катеттері а, b, гипотенузасы с, сүйір бұрышы α болатын тікбұрышты үшбұрышта берілген өрнектің орындалатынын дәлелдеңіз.

1-топқа: 1);  2-ші топқа: 2)

3-ші топқа: 3) .

Әр топ тікбұрышты үшбұрышта өз берілген өрнегінің орындалатынынтүсіндіреді. Өзге топтағы оқушылар дәптерлеріне конспектілейді, сұрақтар қояды және таныстырылым жасаған топтардың жұмысын бағалайды.

Тапсырма 3.

Жұптық жұмыс. Барлық жұпқа бірдей тапсырма беріледі.

Өрнекті ықшамдаңыз:

1)      ;

2)      ;

3)      ;

4)     

5)      ;

6)      .

Жауабы: 1) 1; 2) 2; 3) 1; 4) 0; 5) ; 6) .

Дескриптор:Білім алушы

- қысқаша көбейту формулаларын қолданады;

- қос және жарты бұрыштың формуласын қолданады;

- келтіру формулаларын қолданады;

- қосу формулаларын қолданады;

- негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолданады;

- ортақ бөлімге келтіреді және ықшамдайды

- тепе-теңдікті дәлелдейді

Әрі қарай жұп мүшелері шешімдерімен алмасып, алынған жұмысты тексереді, жазбаша комментарийлер қалдырады. Тексеру аяқталған соң жұп мүшелері қайтадан жұмыстарымен алмасып, жазылған ескертулерді талдайды, қателерін түзейді.Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесі бағаланады.

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

 

36-40 мин

 

 

 Сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-менбайланыстар

Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды.

Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады.

Сабақ ортасында «Көз жаттығуы» сергіту сәті жасатылады.

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru