: Әке – отбасы тірегі
Оценка 4.9

: Әке – отбасы тірегі

Оценка 4.9
Разработки уроков
doc
воспитательная работа
3 кл
22.04.2018
:  Әке – отбасы  тірегі
Мақсаты: Отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту, ұлттық салт –дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкені сыйлауға, қадірлеуге тәрбиелеу. Әкеге деген бала махаббатын ояту. Жүру барысы: І. Ұйымдастыру ҚР-ның Мемлекеттік Гимні ІІ. Келген қонақтармен таныстыру. ІІІ. Кіріспе Әке деген сөздің аясы кең. Осы бір құдіретті, әр жанның жүрегіне мәңгілікке қонақтаған ұғымды кей сәтте сөзге сыйдыра алмай жатамыз. Расында да, балалар әкелерге қашанда қарыздар. Қарыз бен борыш әкелер мен балалар арасындағы көзге көрінбес, бірақ қылдай берік үзілмес, махаббаттың алтын көпірі. Барлығымыз үшін әкелерге борыштармыз.Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Орыстың атақты ұстазы В. Сухомлинский «Күзетшіден бастап, министрге дейін кез келген қызметкерді одан гөрі қабілетті де іскер адаммен ауыстыруға болады. Ал жақсы әкені ешкіммен де алмастыру мүмкін емес» деген екен.Тақырыбы: Әке – отбасы тірегі Мақсаты: Отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту, ұлттық салт –дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкені сыйлауға, қадірлеуге тәрбиелеу. Әкеге деген бала махаббатын ояту. Жүру барысы: І. Ұйымдастыру ҚР-ның Мемлекеттік Гимні ІІ. Келген қонақтармен таныстыру. ІІІ. Кіріспе Әке деген сөздің аясы кең. Осы бір құдіретті, әр жанның жүрегіне мәңгілікке қонақтаған ұғымды кей сәтте сөзге сыйдыра алмай жатамыз. Расында да, балалар әкелерге қашанда қарыздар. Қарыз бен борыш әкелер мен балалар арасындағы көзге көрінбес, бірақ қылдай берік үзілмес, махаббаттың алтын көпірі. Барлығымыз үшін әкелерге борыштармыз.Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Орыстың атақты ұстазы В. Сухомлинский «Күзетшіден бастап, министрге дейін кез келген қызметкерді одан гөрі қабілетті де іскер адаммен ауыстыруға болады. Ал жақсы әкені ешкіммен де алмастыру мүмкін емес» деген екен. ІY. Ассоциация құру /оқушылар пікірімен/ Әке – жанұя басшысы, басты тұлға, қамқоршы, асыраушы, үлгі беруші, табыс табушы, отбасы қорғанышы, шешім қабылдаушы, т.б. Y. «Әке - тұлға» Әке – ұрпақ иесі, панасы, айбары, үй басшысы және асыраушысы және тәрбиешісі. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Ол тек бір отбасы ғана емес, ауыл, ру қамқоршысы, үлкен-кішіге бірдей азамат, ел ағасы ретінде көрінеді. Бабам қазақ бала тәрбиесіне қашан да бей-жай қарамаған. Баланы ертеңгі ел қорғайтын ер, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кеңдікке тәрбиелейтін болған. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі Әр отбасы -жеке мемлекет. Бұл мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы – әке. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын – әке. Әке өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен, жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі ауадай қажет болып жатады. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», – деп мадақтайды. Бірде қазірет Әбу Хұрайра былай депті: «Жүргенде әкеңнің алдына түсу - ерсі қылық. Әкеңнің не артынан жүр, не оң жағында жүр. Астың дәмдісін әуелі әкеңнің алдына тарт. Тамаққа алдымен әкең қол созсын. Қабағыңмен болса да, жасқап, оның көңіліне селкеу түсірме». ҮІ. «Әкедей тірек табылмас» Шығармашылық жұмыстар, әкелерге арналған өлең-жырлар, мақал-мәтелдер. 1.Әкедей тірек табылмас, Әкесіз жүрек қағылмас. Асқар тауым тұрмаса, Жанымның шамы жағылмас. 2.Әкемен өмір мәндірек, Әкемен жатар ән түлеп. Әкеге деген сағыныш Айтар ем қалар мәңгі деп. 3.Перзентін сүйген әкелер Аялап мәңгі мәпелер. Әке деген сұрасаң Аспаннан айды әперер. 4.Әкелер сенім тірегі, Ананың сүйген жүрегі. Қосылса екі құдірет, Орындалған тілегі. 5.Әкемен күнің жарық қой, Әкелер деген алып қой. Дүниеге келіп қуантсаң, Жасайды саған анық той. 6.Әкенің сөзі оқ деген, Әкеден асқар жоқ деген. Қарайып жүрсе қасыңда, Уайым-қайғы жоқ деген. 7.Әкемен басым жоғары, Әкемен ортам толады. Әкесін сүйген баласы Мәңгі бірге болады. 8.Аман болсын асқарым, Өтер өмір қас-қағым. Тіршілік тілі - әкелер, Қадірлей біл жастарым 9.Әкем шытса қабағын – «Байқа , балам!» дегені. Алған көп-ақ сабағым, Жақсы көрем мен оны. 10.Бойға қуат береді, «Әй, жарайсың!» дегені. Мен әкемнен әр кезде, Соны естігім келеді. 11.Теңіздей шалқып жүремін, Сүйенер сенсің тірегім. Барсам да қайда, жан әке, Өзіңмен бірге жүрегім. 12.Көкке өрмелеп көңілің, Нұрға толсын өмірің. Бақытты бол жан әке, Ұзақ болсын ғұмырың. УІІ. «Менің әкем керемет!» (Cурет галереясына саяхат. Оқушылар өз қолдарымен салған әкелерінің суреттерін қорғайды, яғни әкелері туралы баяндайды.) УІІІ. Түрлі жағдаяттар /әкелерге/ 1.Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтінесіз . Ол «ән тыңдап отырмын немесе менің компьютерден қолым босамай жатыр» деп, барудан бас тартты. Не істер едіңіз? 2. Отбасын асыраудың қамымен біраз уақыт жұмыста болдыңыз. Әр кез жұмыстан оралғаннан кейін балаларыңыздың сізді тек жалақы үшін күтіп отыратынын сездіңіз делік. Қандай іс-шара қолданасыз? Отбасынан алшақтап бара жатқаныңызды сезер ме едіңіз? 3. Бала тәрбиесіне ешқандай алаңдамайсыз. Себебі анасы айналысады. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртібі де жақсы. Керек жағдайдың бәрін жасап жатырсыз. Бірде сынып жетекшісі үйге телефон соқты. « Бүгін балаңыз сабаққа келмеді. Бұдан бұрын да бірнеше рет келмей қалған-ды». Сіздің әсеріңіз? Алдағы жоспарларыңыз қандай болмақ? ІХ. «Безбүйрек ұрпақ, қатыгез әке» (мақала және бейнебаяндар) - «Менің әкемді бағып беріңізші» Л.Сейтімованың «Атырау» газетіндегі /29 шілде 2008 жыл / мақаласының желісі бойынша талдау жүргізу. - «Әке мен бала» және «Қара пима» бейнекөріністерін тамашалай отырып, пікір айту, ой түю. Ойталқы: «Балам дейтін әке болмаса, әкем дейтін бала қайдан болсын!» Түйін: Жақсылық пен жамандық, мейірім мен жауыздық, өтірік пен шындық, ақ пен қара, батыр мен қорқақ, күн мен түн өмірдің мәні мен мағынасын келтіріп тұратын жұптар. Дәл осы жұптардың ішіндегі адамға тікелей қатысты әрі ең қиын және өте маңызды мәселе – тәрбиедегі ақ пен қара жұптастығын ажырата білейік. Х. Жедел сұрақтар /әкелерге қойылады/ 1.Балаңыздың туған айы, күні, жылы. 2 .Балаңыздың сізді ренжіткені есіңізде ме ? 3. Балаңыздың ізгі, жақсы қасиеттері. 4.Балаңыздың бойындағы жаман қасиеттері 5. Балаңыздың пікірімен санасасыз ба ? 6. Балаңыздың үйдегі тұрақты міндеттері. 7. Балаңыз қай сыныпта оқиды? 8. Өзіңізді қатты немесе қатыгезбін деп ойлайсыз ба? 9. Отбасында қанша бала болғанын қалайсыз? ХІ. Тосын сұрақ: Жақында қандай мереке тойланды? Оның маңызы қандай? (1-желтоқсан ҚР-ң Тұңғыш Президентінің күні) ХІІ. «Қазақ тұлғалары әкелері жайында» ҚР-ның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Менің әкем Әбіш ғұмыр бойы жұмыс істеп өткен адам. Ол кісінің бос отырған кезін көрген емеспін. Не малды қарайды, не егін егеді, не отын жарады, не томар қопарады, әйтеуір, бір шаруаны қолға алып жатқаны. Шаршауды білмейтін адам сияқты еді. Ауыр жұмыстардан да қайтпайтын. Үшқоңырдың биігінде салынған жолда да әкемнің қолының таңбасы қалған. Әкем мен шешемнің тағдыр тоғыстыруына да еңбек себепкер болған. Анам сонау Шу жақтан келіп, салынып жатқан жолға жұмысқа тұрған екен. Анам да жұмыс десе жанып түсетін. Үйдің жұмысын тындырып тастап, көрші-қолаңның шаруасына қарасып жүретініне қайран қалатынмын. Біздің үйдің адамдары ғана емес, бүкіл ауыл негізінен еңбеккер еді. Сол тәрбиені көріп өстік.» Күйші Қаршыға Ахмедияровтың "Қайран әке" күйі – әке бейнесін тұлғалау. Үш жасында анасынан айырылған ұлдың әкесінің аң аулап, балаларына киім-кешек, тамақ тауып, рухани да тоқтықта өсіргені әр кез көз алдында, есінде. Атағы шығып, ауызға ілініп, ел елеулісі болып жүргені - әкенің тәлімді тәрбиесінің арқасы. Сұм ажал жеңіп, әкесі өмірден өткенде Мәскеу қаласында оқуда болатын. Күйдің орта тұсында өзегіңді суыра күңіренген құлаққа келетін жоқтау сарыны сол сәттегі әкеден айырылған ұлдың қоштасу, жоқтау күйі. Жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Әке» өлеңі Әкем жоқ ақыл айтар, жөн көрсетер, Амалсыз көрші шалға жүгіремін. Амалсыз әркімге бір жүгіремін, Амалсыз әркімге бір жүгінемін. Қайтейін қайран әкем қасымда жоқ, Амалсыз өткен күнге үңілемін. Үңілсем қайран жүрек сызды өбеді, Жанымның жарқ етпейді іздегені. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев «Әкеме» Сонымен құладың ба, тас қамалым? Қалмады күйініштен басқа амалым. Зиратың аяқ асты болмасын деп, Бұзылған қорғанымнан тас қаладым. Шынымен құладың ба, шым қорғаным, Шынымен өртендің бе, нулы орманым? Әке, сенің өмірінді жалғамасам, Құрып кетсін жер басып, ұл болғаным! Белгілі жазушы Оралхан Бөкей: «...Әкемнің мінезі тым қызық. Күні бүгінге дейін «ей, сені ме?!» деп бетіме қарап көрмеген адам. Ал енді ерекше еркелеткенді де білмейді. Әйтеуір бір тылсым айбар-айбат, айтпай-ақ түсіндіріп, жұмсамай-ақ сездіретін қасиет бар бойында. Ұялы көзін төңкерсе, денем шымырлап, маңдайым жіпсіп қоя береді.» ХІІІ. Ұлға тілек 1. Ұлым, ақылдыға ілессең, адаспайсың; ақымаққа ілесіп, ақыл қоспайсың. 2. Ұлым, ағашты бұтағы мен жемісі, ал, тауды қалың орман қалай көркейтсе, еркекті балалары мен әйелі солай көркейтеді. Бауырлары да, әйелі де, ұлдары жоқ адамды жаулары көзге ілмейді. Ол жол айрығына өске ағаш сияқты, әр өткен адам жемісін жұлып әкетеді, әрбір аң даладағы әр қабығын бір тістеп өтеді. 3. Ұлым, тәтті тілмен сөйле, аузыңнан шыққан сөзің жылы болсын. Ит құйрығын бұлаңдатса тамақ жейтінін, абалап үрсе таяқ жейтінін есіңе сақта. 4. Ұлым, кейін кеудемді бассын демесең, жақыныңа аяғыңды бастырма. 5. Ұлым, алыстағы бауырыңнан қасыңдағы досың жақсы. Ажарлы болғаныңнан жақсы атыңның шаққаны артық. Өйткені, жақсы атың мәңгі қалады, ажарың таяды, жоғалады. 6. Ұлым, достарың өзіңнен безіп кетпесін десең әкеңнің достарынан өзің де алыстап кетпе. 7. Ұлым, адамдар өз-өзімен таласып жатқан жерге жолама. Өйткені, талас көп жағдайда кісі өліміне себеп болады. 8. Ұлым, өзіңнен үлкен кісіні көргенде, құрмет қылып орныңнан түрегел. 9. Ұлым, егер сен: «Қайтсем ақылды болам?» деп жүрегіңмен қиналсаң, мынаны біл, аузыңнан жалған сөз шықпайтын болсын, қолыңды ұрлыққа батырма, сонда ақыл кіреді. ХІY. Қорытынды Біз өткенді өз биігімізден бағалауға құмармыз. Ал, өткеніміз - әкелер, бүгініміз - өзіміз, ертеңіміз - балалар. Ендеше, осы үш таған - ұлттың ошағы. Әкелер өз қарызын өтеді. Ендігі кезек балалардікі. Әкелер мен балалар - үзілмейтін ұлттың күре тамыры. ХY. Қайрат Нұртастың «Әкешім» әні
әке - отбасы тірегі.doc
Тақырыбы:  Әке – отбасы  тірегі Мақсаты: Отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым­ қатынасты нығайту, ұлттық салт – дәстүрімізге байланысты   әке орнының  ерекше екендігін ұғындыру. Әкені сыйлауға, қадірлеуге  тәрбиелеу. Әкеге  деген бала махаббатын ояту. Жүру  барысы:  І. Ұйымдастыру ҚР­ның  Мемлекеттік Гимні ІІ. Келген қонақтармен таныстыру. ІІІ. Кіріспе Әке деген сөздің аясы кең. Осы бір құдіретті, әр жанның жүрегіне мәңгілікке қонақтаған  ұғымды кей сәтте сөзге сыйдыра алмай жатамыз. Расында да, балалар әкелерге қашанда  қарыздар. Қарыз бен борыш әкелер мен балалар арасындағы көзге көрінбес, бірақ қылдай берік  үзілмес, махаббаттың алтын көпірі. Барлығымыз үшін әкелерге борыштармыз.Әке ­ әулет  басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әке үйі барлық  балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Орыстың  атақты ұстазы  В. Сухомлинский  «Күзетшіден бастап, министрге дейін кез келген қызметкерді  одан гөрі қабілетті де іскер адаммен ауыстыруға болады.  Ал жақсы әкені ешкіммен де  алмастыру мүмкін емес» деген  екен. ІY. Ассоциация құру /оқушылар пікірімен/ Әке – жанұя басшысы, басты тұлға, қамқоршы, асыраушы, үлгі беруші, табыс табушы, отбасы   қорғанышы, шешім қабылдаушы, т.б. Y. «Әке ­ тұлға» Әке – ұрпақ иесі, панасы, айбары, үй басшысы және асыраушысы және тәрбиешісі. Жеті атадан  санағанда екінші ұрпақ. Ол тек бір отбасы ғана емес, ауыл, ру қамқоршысы, үлкен­кішіге  бірдей азамат, ел ағасы ретінде көрінеді.          Бабам қазақ бала тәрбиесіне қашан да бей­жай қарамаған. Баланы ертеңгі ел қорғайтын ер,  ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кеңдікке тәрбиелейтін болған.  Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ.  Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек  жақсы болашаққа ғана әкеледі Әр отбасы ­жеке мемлекет. Бұл мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы – әке.  Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын – әке. Әке өсиеті мен тәлім­тәрбиесінің  маңызы ерекше. Қанша дегенмен, жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде,  әкенің салмақты сөзі ауадай қажет болып жатады. Әкенің мінез­құлқы, өзгелермен қарым­қатынасы, өнер­білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі­ өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат  болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан  ғой», – деп мадақтайды. Бірде қазірет  Әбу Хұрайра былай депті: «Жүргенде әкеңнің алдына түсу ­ ерсі қылық. Әкеңнің  не артынан жүр, не оң жағында жүр. Астың дәмдісін әуелі әкеңнің алдына тарт. Тамаққа  алдымен әкең қол созсын. Қабағыңмен болса да, жасқап, оның көңіліне селкеу түсірме».  ҮІ.    «Әкедей  тірек  табылмас»  Шығармашылық жұмыстар, әкелерге арналған өлең­жырлар, мақал­мәтелдер. 1.Әкедей тірек  табылмас, Әкесіз жүрек қағылмас. Асқар тауым тұрмаса, Жанымның шамы жағылмас. 2.Әкемен өмір мәндірек, Әкемен жатар ән түлеп.   Әкеге деген сағыныш Айтар ем қалар мәңгі деп. 3.Перзентін сүйген әкелер Аялап мәңгі мәпелер. Әке деген сұрасаң Аспаннан айды әперер. 4.Әкелер сенім тірегі, Ананың сүйген жүрегі. Қосылса екі құдірет, Орындалған  тілегі. 5.Әкемен күнің жарық қой, Әкелер деген алып қой.  Дүниеге келіп қуантсаң,  Жасайды  саған анық той. 6.Әкенің сөзі оқ деген, Әкеден асқар жоқ деген. Қарайып жүрсе қасыңда, Уайым­қайғы жоқ деген. 7.Әкемен басым жоғары, Әкемен ортам толады. Әкесін сүйген баласы Мәңгі бірге болады. 8.Аман болсын асқарым, Өтер өмір қас­қағым. Тіршілік тілі ­ әкелер, Қадірлей біл жастарым 9.Әкем шытса қабағын – «Байқа , балам!» дегені. Мақал – мәтелдер Әке – асқар  тау Алты аға бірігіп әке болмас,  Жеті жеңге бірігіп ана болмас.   Әке балаға сыншы. Әкеден — ақыл, анадан — мейір. Әкеден безген ұл болмас,  Анадан безген қыз болмас. Әке жүрегі таудан үлкен,  Ана жүрегі теңізден терең. Әкелі бала жаужүрек, Әкесіз бала сұмжүрек (Бүқар жырау) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер Әкең өлсе де, әкенді көрген өлмесін. Әкесі бардың арысы бар,  Ағасы бардың жағасы бар,  Інісі бардың тынысы бар. Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға  алмайды. Әкесінің баласы — адамның баласы, адамның баласы — бауырың. Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайді. Әке ұрған ұл оңар,  Шеше ұрған қыз оңбас. Сайына қарай саласы,  Әкесіне қарай баласы.       «Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен            мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі» Алған көп­ақ сабағым, Жақсы көрем мен оны. 10.Бойға қуат береді, «Әй, жарайсың!» дегені. Мен әкемнен әр кезде, Соны естігім келеді. 11.Теңіздей шалқып жүремін, Сүйенер сенсің тірегім. Барсам да қайда, жан әке, Өзіңмен бірге жүрегім. 12.Көкке өрмелеп көңілің, Нұрға толсын өмірің. Бақытты бол жан әке, Ұзақ болсын ғұмырың. УІІ. «Менің  әкем  керемет!» (Cурет  галереясына  саяхат. Оқушылар өз қолдарымен  салған әкелерінің суреттерін  қорғайды, яғни әкелері туралы баяндайды.) УІІІ. Түрлі  жағдаяттар  /әкелерге/ 1.Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтінесіз . Ол «ән тыңдап отырмын немесе менің  компьютерден қолым босамай жатыр» деп,  барудан бас тартты. Не істер едіңіз? 2.  Отбасын  асыраудың  қамымен  біраз  уақыт  жұмыста болдыңыз. Әр  кез  жұмыстан   оралғаннан  кейін балаларыңыздың  сізді  тек  жалақы  үшін  күтіп  отыратынын  сездіңіз  делік.   Қандай  іс­шара  қолданасыз?  Отбасынан  алшақтап  бара  жатқаныңызды  сезер  ме  едіңіз? 3.   Бала тәрбиесіне  ешқандай  алаңдамайсыз. Себебі  анасы  айналысады. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртібі де жақсы.  Керек  жағдайдың  бәрін  жасап  жатырсыз. Бірде сынып  жетекшісі үйге  телефон соқты. « Бүгін балаңыз сабаққа келмеді. Бұдан бұрын да бірнеше рет келмей қалған­ ды». Сіздің  әсеріңіз? Алдағы  жоспарларыңыз  қандай  болмақ? ІХ. «Безбүйрек  ұрпақ, қатыгез әке» (мақала және бейнебаяндар) ­ «Менің әкемді бағып беріңізші» Л.Сейтімованың «Атырау» газетіндегі /29 шілде 2008 жыл /  мақаласының желісі бойынша талдау жүргізу. ­ «Әке мен бала» және «Қара пима» бейнекөріністерін тамашалай отырып, пікір айту, ой түю. Ойталқы: «Балам дейтін әке болмаса, әкем  дейтін  бала қайдан  болсын!» Түйін: Жақсылық пен жамандық, мейірім мен жауыздық, өтірік пен шындық, ақ пен қара, батыр  мен қорқақ, күн мен түн өмірдің мәні мен мағынасын келтіріп тұратын жұптар. Дәл осы  жұптардың ішіндегі адамға тікелей қатысты әрі ең қиын және өте маңызды мәселе – тәрбиедегі  ақ пен қара жұптастығын ажырата  білейік. Х. Жедел  сұрақтар /әкелерге қойылады/ 1.Балаңыздың туған айы, күні, жылы. 2 .Балаңыздың сізді ренжіткені есіңізде ме ? 3. Балаңыздың ізгі, жақсы қасиеттері. 4.Балаңыздың бойындағы  жаман қасиеттері 5. Балаңыздың пікірімен санасасыз ба ? 6. Балаңыздың үйдегі тұрақты міндеттері. 7. Балаңыз қай сыныпта оқиды? 8. Өзіңізді қатты немесе  қатыгезбін  деп ойлайсыз ба? 9. Отбасында қанша бала болғанын қалайсыз? ХІ. Тосын сұрақ: Жақында қандай мереке тойланды? Оның маңызы қандай? (1­желтоқсан ҚР­ң Тұңғыш Президентінің күні) ХІІ. «Қазақ  тұлғалары әкелері жайында» ҚР­ның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Менің әкем Әбіш ғұмыр бойы жұмыс  істеп өткен адам. Ол кісінің бос отырған кезін көрген емеспін. Не малды қарайды, не егін егеді,  не отын жарады, не томар қопарады, әйтеуір, бір шаруаны қолға алып жатқаны. Шаршауды  білмейтін адам сияқты еді. Ауыр жұмыстардан да қайтпайтын. Үшқоңырдың биігінде салынған  жолда да әкемнің қолының таңбасы қалған. Әкем мен шешемнің тағдыр тоғыстыруына да еңбек  себепкер болған. Анам сонау Шу жақтан келіп, салынып жатқан жолға жұмысқа тұрған екен.  Анам да жұмыс десе жанып түсетін. Үйдің жұмысын тындырып тастап, көрші­қолаңның  шаруасына қарасып жүретініне қайран қалатынмын. Біздің үйдің адамдары ғана емес, бүкіл ауыл негізінен еңбеккер еді. Сол тәрбиені көріп өстік.» Күйші  Қаршыға Ахмедияровтың "Қайран әке" күйі – әке бейнесін тұлғалау. Үш жасында  анасынан айырылған ұлдың әкесінің аң аулап, балаларына киім­кешек, тамақ тауып, рухани да  тоқтықта өсіргені әр кез көз алдында, есінде. Атағы шығып, ауызға ілініп, ел елеулісі болып  жүргені ­ әкенің тәлімді тәрбиесінің арқасы. Сұм ажал жеңіп, әкесі өмірден өткенде Мәскеу  қаласында оқуда болатын. Күйдің орта тұсында өзегіңді суыра күңіренген құлаққа келетін  жоқтау сарыны сол сәттегі әкеден айырылған ұлдың қоштасу, жоқтау күйі. Жазушы Әбіш Кекілбаевтың  «Әке» өлеңі Әкем жоқ ақыл айтар, жөн көрсетер,  Амалсыз көрші шалға жүгіремін. Амалсыз әркімге бір жүгіремін,  Амалсыз әркімге бір жүгінемін.  Қайтейін қайран әкем қасымда жоқ,  Амалсыз өткен күнге үңілемін. Үңілсем қайран жүрек сызды өбеді,  Жанымның жарқ етпейді іздегені.  Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев  «Әкеме» Сонымен құладың ба, тас қамалым?  Қалмады күйініштен басқа амалым. Зиратың аяқ асты болмасын деп, Бұзылған қорғанымнан тас қаладым. Шынымен құладың ба, шым қорғаным,  Шынымен өртендің бе, нулы орманым?  Әке, сенің өмірінді жалғамасам, Құрып кетсін жер басып, ұл болғаным! Белгілі жазушы Оралхан Бөкей: «...Әкемнің мінезі тым қызық. Күні бүгінге дейін «ей, сені  ме?!» деп бетіме қарап  көрмеген адам. Ал енді ерекше  еркелеткенді де білмейді. Әйтеуір бір  тылсым айбар­айбат, айтпай­ақ түсіндіріп, жұмсамай­ақ сездіретін қасиет бар бойында. Ұялы  көзін төңкерсе, денем шымырлап, маңдайым жіпсіп қоя береді.» ХІІІ. Ұлға  тілек 1. Ұлым, ақылдыға ілессең, адаспайсың; ақымаққа ілесіп, ақыл қоспайсың. 2. Ұлым, ағашты бұтағы мен жемісі, ал, тауды қалың орман қалай көркейтсе, еркекті балалары  мен әйелі солай көркейтеді. Бауырлары да, әйелі де, ұлдары жоқ адамды жаулары көзге ілмейді.  Ол жол айрығына өске ағаш сияқты, әр өткен адам жемісін жұлып әкетеді, әрбір аң даладағы әр  қабығын бір тістеп өтеді.  3. Ұлым, тәтті тілмен сөйле, аузыңнан шыққан сөзің жылы болсын. Ит құйрығын бұлаңдатса  тамақ жейтінін, абалап үрсе таяқ жейтінін есіңе сақта. 4. Ұлым, кейін кеудемді бассын демесең, жақыныңа аяғыңды бастырма. 5. Ұлым, алыстағы бауырыңнан қасыңдағы досың жақсы. Ажарлы болғаныңнан жақсы атыңның  шаққаны артық. Өйткені, жақсы атың мәңгі қалады, ажарың таяды, жоғалады. 6. Ұлым, достарың өзіңнен безіп кетпесін десең әкеңнің достарынан өзің де алыстап кетпе. 7. Ұлым, адамдар өз­өзімен таласып жатқан жерге жолама. Өйткені, талас көп жағдайда кісі  өліміне себеп болады. 8. Ұлым, өзіңнен үлкен кісіні көргенде, құрмет қылып орныңнан түрегел. 9. Ұлым, егер сен: «Қайтсем ақылды болам?» деп жүрегіңмен қиналсаң, мынаны біл, аузыңнан  жалған сөз шықпайтын болсын, қолыңды ұрлыққа  батырма, сонда ақыл кіреді. ХІY. Қорытынды       Біз өткенді өз биігімізден бағалауға құмармыз. Ал, өткеніміз ­ әкелер, бүгініміз ­ өзіміз,  ертеңіміз ­ балалар. Ендеше, осы үш таған ­ ұлттың ошағы.  Әкелер өз қарызын өтеді. Ендігі  кезек балалардікі.  Әкелер мен балалар ­ үзілмейтін ұлттың күре тамыры. ХY. Қайрат  Нұртастың «Әкешім» әні

: Әке – отбасы тірегі

:  Әке – отбасы  тірегі

: Әке – отбасы тірегі

:  Әке – отбасы  тірегі

: Әке – отбасы тірегі

:  Әке – отбасы  тірегі

: Әке – отбасы тірегі

:  Әке – отбасы  тірегі

: Әке – отбасы тірегі

:  Әке – отбасы  тірегі

: Әке – отбасы тірегі

:  Әке – отбасы  тірегі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.04.2018