: «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» 1 қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиын. Мектепішілік жиынға арналған. Мақсаты: 1. оқушыларға Білім күні мерекесінің мән – мағынасын ұғындыру;
2.1-сынып оқушыларын мектепке қабылдау;
3. Оқушыларға азаматтық – патриоттық тәрбие беру;
Безендіру:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері, шарлар мен жалаушалар ілу, музыкалық аппаратурамен қамтамасыз ету;
1 қыркүйек 18-19.docx
«Облыстық туберкулез санаториясы мектеп интернат» КММсі
(алғашқы қоңырау салтанатты жиынын өткізу сценариі)
Тақырыбы: «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты»
Мақсаты: 1. оқушыларға Білім күні мерекесінің мән – мағынасын ұғындыру;
2.1сынып оқушыларын мектепке қабылдау;
3. Оқушыларға азаматтық – патриоттық тәрбие беру;
Безендіру:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері, шарлар мен жалаушалар ілу,
музыкалық аппаратурамен қамтамасыз ету;
Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Мектеп оқушыларын сапқа тұрғызу;
ІІІ. Қонақтарды қарсы алу, орналастыру;
Фанфар ойналады.
Жүргізуші:
Алтын шапақ шашыратып көгінен,
Күз кеп жетті сағыныштан сезіммен.
Балапандай ұясына асыққан,
Шәкіріттерін шаттандырып сеніммен.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, атааналар, қадірменді қонақтар, Қазақ елінің
жүрегі Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, барша баланың бойына білім нәрі
мен тәлімді тәрбие дәнін себетін мезгіл, мектеп өмірінде дәстүрге айналған 20182019 оқу
жылының алғашқы қоңырау құрметіне арналған «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» атты
салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
1 қыркүйек – айрықша мәні бар, айтулы Білім күні. Балалар өмірінде кезекті оқу жылы басталды.
Ол әсіресе, бірінші сабаққа баратындар үшін аса маңызды. Мектеп табалдырығын алғаш рет
аттағалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз.
1сыныбын білім әлеміне апаратын ұстазы: Ажибаева Ақмарал Аминқызы
Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары,
Құтты болсын алғашқы қадамдары!
Құтты болсын бастаған оқу жылы,
Құтты болсын, болашақ баспалдағы!
ІІ блок
Мектеп, сап түзеп, тік тұр! ҚР Мемлекеттік Туы салтанатты түрде енгізілсін!
ҚР Мемлекеттік Гимні шырқылсын! ІІІ блок
Жүргізуші:
Бүгінгі салтанатты жиынның қонақтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер:
__________________________________________________________
__________________________________________________________
Жүргізуші: Сапалы білім, саналы тәрбие беру әр ұстаздың алға қойған міндеті болса, өз елінің
білімді, өнегелі азамат болуәр оқушыныңда міндеті. Құттықтау сөз мектеп директоры
Сулейменова Гулнар Данабекқызына беріледі
І блок.
Жүргізуші: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық
мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір,
батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат.
«Рухани жаңғыру – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу»
«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі»
«Рухани жаңғыру – ұлттық санасезімнің көкжиегін кеңейту»
Бар мектептің басталар бүгін жыры,
Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны.
Оқу жылы басталды ұстазшәкірт,
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!
Сөз бірінші сынып оқушыларына беріледі.
Блок
«Қоңырау соғу рәсімі»
Жүргізуші: Бүгінгі 1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиынның алғашқы қоңырау соғу
құрметін бірінші сыныпқа қадам басқалы отырған шәкірттерімізге тапсырамыз.
Қағылды зор қоңырау күмбірледі,
Аралап айлық жерді, күндік жерді.
Ілесіп сол қоңырау үніменен,
Қазақтың даласына білім келді.
Мектеп оқушылары, түзел тік тұр! ҚР Мемлекеттік Туы шығарылсын!
Құрметті қонақтар, атааналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді жаңа оқу жылының алғашқы
қоңырауы Білім еліне шақырады.
Осымен Алғашқы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын жабық деп жарияланады. «Облыстық туберкулез санаториясы мектеп интернат» КММсі
Рухани жаңғыру –
ұлттың ұлы мұраты
(алғашқы қоңырау салтанатты жиынын өткізу сценариі) 20182019 оқу жылы
: «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты»
: «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты»
: «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты»
: «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.