« Ядролық қарусыз әлем »
Оценка 4.7

« Ядролық қарусыз әлем »

Оценка 4.7
Разработки уроков +1
docx
воспитательная работа
5 кл—6 кл
16.01.2017
« Ядролық  қарусыз  әлем »
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Семей полигоны туралы білімін тереңдету. Ядролық қарудың адамдарға тигізер зардабы туралы айта отырып ой - өрісін кеңейту. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту. Өз ойларын еркін айтуға үйрету. Тәрбиелік:Елін, жерін, сүюге, аялауға, экология - лық тәрбие беру. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер. кітаптар Сабақтың түрі: аралас сабақ, сұрақ - жауап Сабақтың барысы: Жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі 6сынып оқушыларының «Ядролық қарусыз әлем » атты тақырыбындағы тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Биыл Семей атом сынақ қозғалысының жабылуына 25 жыл. Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға Семей ядролық полигонында 40 жыл бойы жүргізілген сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы мағлұмат беріп, оқушылардың ойымен бөлісу.« Ядролық қарусыз әлем »
семей тарбие сагаты.docx

Сабақтың тақырыбы:« Ядролық  қарусыз  әлем »
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Семей полигоны туралы білімін тереңдету. Ядролық
 қарудың  адамдарға тигізер зардабы туралы айта отырып ой - өрісін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту. Өз ойларын еркін айтуға үйрету.
Тәрбиелік:Елін, жерін, сүюге, аялауға, экология - лық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер. кітаптар
Сабақтың түрі: аралас сабақ, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:

Жүргізуші: Құрметті оқушылар  мен ұстаздар! Бүгінгі  6сынып оқушыларының «Ядролық қарусыз әлем » атты тақырыбындағы тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

         Биыл Семей атом сынақ қозғалысының жабылуына  25 жыл. Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға  Семей ядролық полигонында  40 жыл бойы жүргізілген  сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы мағлұмат  беріп, оқушылардың ойымен бөлісу.

 Ұйымдастыру

Психологиялық  сәт.

Табиғат  туралы  өлең  шумағын  оқу.

Жүргізуші: Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір,кәусәр тынысын,

Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың,

Ол анаң ғой,ал сен кенже ұлысың.

  Бүгінгі  әңгімеміз  табиғаттан  басталмақ. Әуен  тыңдай  отырып, көздерін  жұмып, көз  алдарына  табиғатты  елестету.

1-слайд  «INSERT» стратегиясы

+  -білемін                    ?–білгім  келеді       √ - таныстым,білдім

Слайд  ( +  -білемін  )

Табиғат  деген  кезде  көз  алдарыңа  не  елестейді?

                       (Оқушылар  жауабын  тыңдау)

-Міне, әсем  табиғатты  суреттеп  бере  алдыңдар. Табиғат  үнемі  осылай  болып  тұра  бере ме?

__________:  Осы  табиғаттың  адамның  ықпалымен  бұзылуы, яғни  табиғат  байлықтарын  есепсіз  пайдалануы  табиғи  орта  заңдылықтарын  ескермеу  экологиялық  зардаптарға  әкеліп  соқтыруда.  Экология  грек  сөзінен  аударғанда  ел,  қоныс  деген    мағына  білдіреді.

______:  Жер  бетінде  ала  шұбар  дақтар  көп.   Соның  бәрі  де  адам  қолымен  салынған  таңбалар. Сулы- нулы  көкорай  планетаны  талай  ғасыр  мекен  етіп  келген  адамдар  20- ғасырдың  қарсаңында  өзен-көлді  суалтып  қу  тақырға,  жасыл  шалғынды  күйдіріп  -өртеген ,тау  мен  даланы  тескілеп  апанға  айналдыруда.

__________Қазақстанда  экологиялық  зардапқа  душар  болған  аймақтар  бар. Мұндай  аймақтар  ағаштан  ада,  суы  тұзды , жері  сортаң , ауасы  лас  болады.

            2-слайд . Апатты  аймақтар.

Енді  сол апатты  аймақтарға  көз  салайықшы.

Байқоңыр  ғарыш  айлағы,  Балқаш  көлі,  Каспий теңізі, Арал  теңізі, Семей  ядролық  полигоны.(слайдтан  суреттер  көрсету)

                       ?- білгім  келеді

-Неге  олай  болды?  Қай  жерде ?  Табиғат  қалай  тапталды?

_________: Адамзатты  ғасырлар  биігіне  алып  шыққан   ғылым  мен  білімнің  жемісі , адам  атаулының  өзін  улап ,оның  өзін  жер-бесіктің  бетінен  типыл  етіп  жойып  жіберуге  әзір  тұр. Енді  тірі  жанға  жойылып  кетудің  қаупі  төнді.  Соның  ең  қатерлісі  ядролық  соғыс  пен  ядролық  қаруды  сынау  болып  отыр.+ слайд (бомба суреті).

_________:Осындай  жағдай  біздің  елімізде  болған деуге  аузың бармайды. Бұл  жағдай  осыдан 63 жыл бұрын,яғни 1949 жылы 29 маусымда Семей  полигонында  алғаш рет ядролық  қаруды  сынаудан  басталған. Ол  Семей, Қарағанды ,Павлодар  облыстары  түйіскен жерде  орналасқан. Жер  көлемі 8372 км-ді қамтиды.Семей  полигонында 500-ге жуық ,яғни 467 рет ядролық  сынақ  өткізілді.                               

Әрбір  ядролық  сынақтың  құны 30 млн сом болды.

________:Қазақ жері,қазақ халқы  қырық  жыл  бойы көз алдында  адам  өмірін жалмап  жатқан  аждаһаны  көре  тұра үнсіз  қасірет  шегумен  келді.Мыңдаған  адамдар кемтар болып қалды,көбі көз жұмды,мыңдаған  сәби  құрбандыққа  айналды.

Мұндай  сұрапыл апатты 1945 жылғы Хиросима  мен  Нагасакидегі адам  қырғынымен ғана  салыстыру  керек.

Балалар,полигон деген сөздің  мағынасы-әскери  жаттығулар, сынаулар  өтетін жер ) дегенді  білдіреді.

                             Бейнеролик көрсету (полигон,атом  бомбасы туралы)

Жүгәзуші: Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат
Ал адамға ауа қымбат бәрінен
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Семейім танылып ең бар ғаламға,
Абай мен Шәкәрімдей ұлдар туған.
Бүгінде жарылыстан зар жылаған,
Болашаққа үміт артар қай ұрпағың.

                                                  

                                                           Көрініс:

 Баласы: Әке, мама мен бүгін сабақтан бес алдым.

Анасы: Ой айналайын қуатым менің ұлым әлі-ақ үлкеееен азамат болады

Әкесі: Ия аман бол балапаным.

 Бала: Ия әке, анашым мен сіздердің сенімдеріңізді ақтаймын. Тек қана беске оқып, үлкейгенде Абай, Шәкәрім атамыздай бар қазаққа танымал азамат атанамын.

Анасы: Тфә, тфә тіл көзден сақтасын.

Баласы: Анашым мен қазір есіктің алдына барып балалармен ойнап келейін рұқсат болса.

Анасы: А бара ғой құлыным.

Үйге әскери киінген адам кіріп келеді: Амановтар отбасы осы үйде тұрады ма?

Анасы: Ия,ия не болып қалды,тыныштық па?

Әскери адам: А ия тыныштық қой, алдағы күндері ауа-райы бұзылып дауыл соғуы мүмкін. Соны ескертейін деп едім. Есік-терезелеріңізді жауып, сақтық сақтап жүріңіздер.

Әкесі: А сондаа........... (Солдат: шығып кетеді.)

 Әкесі: О заман да бұл заман әскерилер де ауа-райымен айналысатын болған ба........

(Дүмпу даусы (бомба) естіледі)

Әкесі. Бұл не болып кетті а....

Анасы: Әй әлгі бала қайда кетті екен....Үйге баласы келеді (мұңды, әлсіреп): ай балам ай не болды саған...

Баласы:Анашым бүртүрлі басым айналып барады.. айналып барады..... мен Абайдай, Мұхтардай болам әлі.

Әкесі мен анасы жылай: Не болып кетті бұл дүние баламай, құлыным-ай бізді тастап қайда кетіп барасың жалғызым-ай.

                                        Әуен ойналады

__________: Ядролық технология Семей  жұртшылығына  үлкен қайғы  мен экологиялық күйзеліс , апат алып келді. Адамдар  ядролық  жарылыстың  құрбандарына  айналды. Полигонда  өткізілген әрбір  сынақтың адам  өміріне  келтіретін зияны  көп  болды. Көп  адамдар  онкологиялық  аурудан, тұқым  қуалайтын  сырқаттан  зардап  шегуде. Өмірге  келетін сәбилерде  кемтар  болып туу  жиіледі.

 

                      Слайд(кемтар  балалар суретін  көрсету)

 

 «Заман – ай»  әні (өлеңі – Ұ. Есдәулетовтікі, әні – П. Мұхамеджановтікі).

 

  Ел  осындай  ауыр  қасіретке  шыдамай 40 жылды артқа  тастап,1989 жылы Олжас  Сүлейменов  бастаған «Невада -Семей» азаматтық  қозғалысы  құрылды. Мұндағы  мақсат:ядролық  сынақты  тоқтату  болды. Ел  қолдарына  жазулар  алып, сынақ  жасауға  қарсы  екендіктерін  білдірді.

               Слайд(қозғалыс суреттері)+слайд(О.Сүлейменов)  видео

____________Невада –АҚШ-ның бір  бірлігінің  аты.Онда АҚШ-ның атом  полигоны  орналасқан.Қоғамның  аты «Невада-Семей» қойылуы  АҚШ-тың да  полигондарын  жабу  мақсатын  көздегенін  көрсетеді.

________Осы  бүкілхалықтық  қозғалыстың,О.Сүлейменовтың зор  еңбегінің  арқасында 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан  Кеңестік Социалистік Республикасының  Президентінің  «Семей  ядролық  сынақ  полигонын  жабу»туралы №409  жарлығы  шықты.

     Бүгінгі  күні оған 25 жыл  толып отыр, бұл біздің тәуелсіздігіміздің

25 жылдығымен  тұспа-тұс келіп отыр. Елбасымыз ядролық  қарусыз  мемлекет  туралы үндеуін әлем халықтарына жария  етті.

«Ядролық қаруды таратпау режімін нығайту жөніндегі бастамаларымыз — әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қосқан сөзсіз үлесіміз. Әлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын жауып және атом қаруынан бас тарта отырып, біз жетекші ядролық державалардан АҚШ-тан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Франциядан және Қытайдан қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық. Біз Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ құруда негізгі рөл атқардық және жер шарының басқа да аймақтарында, әсіресе, Таяу Шығыста осындай аймақтар құруға белсенді қолдау көрсетеміз. Біз әлемдік қауымдастықтың ядролық терроризм қатеріне қарсы тұрудағы күш-жігеріне қолдау жасаймыз. Қазір біз ядролық қатерді таратпау жөнінде одан әрі табанды шешімдер қабылдау қажеттілігі туралы батыл айтамыз. Ядролық қаруды таратпау туралы шарт таратпау режімінің арқауы болды және солай бола бермек. Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың тезірек күшіне енуі таратпау режімін нығайтудың маңызды қозғаушысы болуға тиіс.  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау туралы ұсынысымды қолдады. Осының барлығы — жаһандық саясаттағы біздің рөлімізді тану. Осындай жауапты саясатының арқасында Қазақстан ядролық қаруды таратпау режімінің көшбасшысы, басқа мемлекеттер үшін үлгі болып танылды», – деді Елбасы Н.Ә.Назарбаев

 

___________-Елбасы 2009 жылы 12-қазанда Астанада Тәуелсіздік сарайында өткен «Ядролық қарусыз әлем үшін» халықаралық форумына Қазақстан ядролық қаруды таратпау, қарусыздану және атом энергиясын бейбіт пайдалану мәселелерінде ең сенімді серіктес болғанын, болатынын және бола беретінін атап көрсетті. Форумға қатысушыларға БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун бейне-үндеу жолдады. Ол Астанадағы Форум Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздану саласындағы жаһандық көшбасшылығының тағы бір дәлелі болып табылатынын атап көрсетті.Сеулде өткен форумда да Елбасымыздың бұл еңбегі ерекше бағаланды.

 

1-оқушы. Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды атом.
Қирады талай арман көңілге алған

2 оқушы Абайдай ұлды туғызған жерім данасың,
Көп жандарға сан уақыт жерім панасың.
Ертісің анау тартылып барады өзенің,
Қайда кетіп барасың?
Қанша жылдар кетті ме?
Небір қиындық өтті де!
Сонау сұрапыл полигон
Шаң қақтырып кетті ме?
Сұм жауызға жем болып,
Ата-баба көнді ме?
Полигон оғы атқылап,
Тыныштығың
 кетті ме?


2оқушы: Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді сынақ болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

 

3 оқушы Ей адамдар,

Күн мен гүлден жаралған

Тіршілік иесі-

Жер анаға қараңдар!

Зор қайғыдан күрсінгенде

«Аһ» ұрады дүние.

Жаратылыс заңдылығы бұзылса,

Сонда болар кім ие?

 

4 оқушы:

Уланса ауа

Уланамыз бәріміз.

Уланса су

Уланатын тағы біз.

Уланса жер

Уланады өсімдік.

Уланса мал

У тарайды бізге де.

Улы затпен күреспейміз біз неге?

 

5 оқушы:

Аз ба мынау жер бетінің  жарасы,

Семей менен Сарыөзекке қарашы.

Мұңын шағып,шерлі үнменен уілдеп,

Ыңырсиды қазағымның даласы.

 

6 оқушы

Артымда менің жоғалып кеткен заманым бар,

Заманмен күйіп,  өлімге түскен адам бар.

Жырлайды жүрек, жылайды менің жанарым,

Жырланып жатқан жылдарымның мынау атынан.

 

Ғасыр да кетті, Семей де кетті көп есем,

Зияны оның ұшан теңіз көп десем,

Жылады дала, құлады қала

Қиратып ойын дананың

Қазақтың дархан, ойыменен сөйлесем.

 

Сын сағат менің, сыңғырлап жатыр санамда,

Дүр сілкінді оған да- мынау ғаламда

Алдымда менің ашыла жатқан ғылым бар,

Сондықтан оған дірілдеп жатыр қалам да.

 

Слайд    (таныстым,білдім)

 

_________   Семей  полигоны  елімізге  үлкен  қасірет  әкелген  екен.

Полигон  қазір ірі  ғылыми-зерттеу  орталығына  айналған.

Жер  туралы  заңда полигон  территориясы  мемлекет  қарамағындағы  жерлердің  қатарына  жатқызылған. Сауықтыруды  қажет  ететін  жерлер  мемлекет,үкімет  тарапынан  бақылауға  алынған.

 

7-оқушы:
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің –тірегім,
Құшағында гүл атам.

 

8-оқушы:
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.

 

 

 

9 оқушы
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!

 

10-оқушы:
Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.
Намысын ешкімге қолынан бермеген.
Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.

11 оқушы
Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,
Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.
Қазақтың тілері ата жол салтымен
Достасу, туысу әр елдің халқымен.
12 оқушы
Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.
Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,
Қазақтың елі мен даңқты даласын.

                                                          Ән:  Қазақ  елі  осындай

 

Рефлексия

Оқушылар қағаз бетіне бейнеленген «Бейбітшілік құсына» өз тілектерін жазып қалдырады.

    - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясаты мен көрегенділігінің арқасында біз, қазақ елі – егеменді елміз, «ядролық қаруға» тыйым салған елміз, бейбітшілік пен тыныштықта еркін өмір сүріп жатқан елміз. Енді ешқашан аспанымызды қайғы бұлты торламасын! Еліміз - тыныш, жеріміз – бай болсын! Жасасын тәуелсіз қазақ елі!                           Болашақ тарих беттерінде ядролық қаруға қарсы шыққан ағаларымыздың да есімдері алтын әріптермен жазылатынына  сеніміміз мол. Болашаққа жол ашқан ағаларымыздың алдында біздер бас иетін боламыз.

     «Ел тағдыры-жастар қолында» деп бекер айтпаған. Қазақстанның  өркендеуіне, өсуіне,  дамуына өз үлестеріңді қосып, еліміздің экономикалық және әлеуметтік жағдайларын жақсартуға, еліміздің тыныштығын сақтап, өз елін құрмет тұтатын саналы да тәрбиелі азамат болатынымызға  сеніміміз мол.                                      

-Елімізде  мұндай  қайғылы  қасірет  мүлдем  болмасын  деп  тілейік!  Полигонның  үні  мәңгі  өшсін!

заманымыз  тыныш,  аспанымыз  ашық, бейбіт  өмір  болсын  деп  тілейміз! Болашағымыз  жарқын  болсын!

 

Жүргізіші:  Бүгінгі тәрбие сағатымызда қаншама құнды пікірлер, еліміздің, жеріміздің, халық тағдыры, денсаулығы, табиғат құбылыстары, қоршаған ортаның зардап шегуі, ластануы т.б. көптеген мағлұматтар  айтылды.

 

 Біздің тілегіміз – бейбітшілік,тыныштық .Сіздердің әрқайсысыңыз Отанына қызмет ету үшін жақсы, әдепті, қайырымды, үлкеннің тілін алатын,кішіге қомқор бола білетін азаматтар болып өсулерің керек. Ата-бабамыз жанын қиып қорғаған ұлан-байтақ жердің иесі, болашақ иесі сіздерсіздер. Отанымыз жайнай берсін! Гүлдене берсін! деген ниетпен тәрбие сабағымызды аяқтаймыз келіп, қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамын.

         

 

                                              «Қазақстан бақытты»   хормен  аяқтау

                                 (ортаға шығырып қолдарына жалау, көгершін,  шар)

 

          


 

С абақтың тақырыбы: « Ядролық қарусыз әлем »

С абақтың тақырыбы: « Ядролық қарусыз әлем »

Адамзатты ғасырлар биігіне алып шыққан ғылым мен білімнің жемісі , адам атаулының өзін улап ,оның өзін жер-бесіктің бетінен типыл етіп жойып жіберуге әзір тұр

Адамзатты ғасырлар биігіне алып шыққан ғылым мен білімнің жемісі , адам атаулының өзін улап ,оның өзін жер-бесіктің бетінен типыл етіп жойып жіберуге әзір тұр

Баласы: Анашым бүртүрлі басым айналып барады

Баласы: Анашым бүртүрлі басым айналып барады

Елбасы 2009 жылы 12-қазанда Астанада

Елбасы 2009 жылы 12-қазанда Астанада

Уланса мал У тарайды бізге де

Уланса мал У тарайды бізге де

Сарқылмайтын қуатым, Тірегімсің сен,

Сарқылмайтын қуатым, Тірегімсің сен,

Біздің тілегіміз – бейбітшілік,тыныштық

Біздің тілегіміз – бейбітшілік,тыныштық
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.01.2017