«АҚ АЮ-АРКТИКА ТҰРҒЫНЫ» сценарий на новогодний утренник в детском садике "Айгөлек" для первой младшей группы
Оценка 4.9

«АҚ АЮ-АРКТИКА ТҰРҒЫНЫ» сценарий на новогодний утренник в детском садике "Айгөлек" для первой младшей группы

Оценка 4.9
Иллюстрации +2
воспитательная работа
Детсад
03.02.2018
«АҚ АЮ-АРКТИКА ТҰРҒЫНЫ» сценарий на новогодний утренник в детском садике "Айгөлек" для первой младшей группы
«АҚ АЮ-АРКТИКА ТҰРҒЫНЫ» Мақсаты : Шығармашылықтарын дамыту Ауызбірлікке тәрбиелеу Міндеттері : Балалардың зейінін,байқағыштығын,тапқырлығын дамыту. Балаларды ұжымдыққа белгілі бір шарттарға бағынуға баулу, достық сезімді қалыптастыру. Өту мерзімі: 26.12.2017. Уақыты: 10.30 Өтетін жері: актовый зал Зал ақ шарлармен безендірілген «Ақ аю - Арктика символы». Қажетті құрал жабдықтар: жасанды ақ қар кесектері, ақ аю костюмдары,картоннан мұз сұңгілері,бала санына қарай жұмсақ шаршы пуфиктер,доптар,гим.орындық,доға,ұзын жылтыр жолақша,яранга,отшашу,мини бассейн, бала санына қарай балық-қапшық,жануарлар суреті. БАРЫСЫ ( Фон Бұрқасын,аяз,боранның дауысы және қар басып келе жатқан аюлардың дыбысы естіледі,экранда сюжет бойыншы видио кескіні көрсетіледі) Жүргізуші «Мұрны қара, өзі ақ, Қысты жақсы көреді, Ақ тонды киеді,солтүстікте жүреді. Әрине ол аюлар, қарсы алыңыздар қонжықтар келе жатыр!» (Фон:«Кавказская пленница» киносында орындалған «Ақ аюлар» әуеніне ауысады) Қимылды ойын «Қонжықтар»  гимнастикалық орындықпен еңбектеп өтеді ,  жалғызаяқ жолмен қорбандап жүреді,  доға астынан еңбектеп өтеді (әр балаға ақ қағазбен қапталған доп беріледі)  Допты кеудеге қысып тербелу,домалау  ыр-ыр-ыр - допты лақтыр Ойын «Поляр түлкісіне қар лақтырайық» ( Кейіпкер түлкі келеді,аюлар оған қар лақтырады.Түлкі ары бері қашып жүреді) Жүргізуші «Қу түлкіні қуып жібердік,енді асықпай өзімізге үй жасап алайық аяздан тығылатын» Құрастыру «Қонжық қардан үй тұрғызады» (Фон «Танец снежинок») (кубиктерді бірінің үстіне бірін орналастыру) Фон ауысады «аязбен боранның»дауысы қатты естіледі. «Қонжықтар» үй артына қорбаңдап барып тығылады ) Осы кезде шам сөндіріледі яранга алдында от шашу жағылады (балалардың зейіні көрініске ауады), екі чукча дабылмен би билейді. «Шаман биі» Эй!сол иықты қағамыз. Хэй!оң иықты қағамыз. Тізені де соғамыз Аяздан біз қорықпаймыз Оң құлағыңды ыс Сол құлағыңды ыс Қар мен бетті ыс Ыс- ыс-ыс далада суық қыс!» Фон «Жаңа жыл» Аттракцион «Шаманға мұз сұңгілерін жинап берейік» (Ойынға барлық бала қатысады. Мұз сұңгілері картоннан қиылған және тесіктері бар)Шелектен мұз сұңгілерін бір бірден алып таяққа кигізеді.) «Шаманға моншақ тізіп берейік» (таяқтағы мұз сұңгілерін жіпке тізеді) Шаман Рахмет достар! Жүріңдер, бірге балық аулайық,жаңа жылға дайындалайық. Аттракцион «Көңілді балықшылар» (Балықтар сүлбасын қапшыққа жапсырып, жіп орап қоямыз,жіптің екінші ұшын таяқшаға байлап қоямыз. Нұсқау бойынша балалар таяқшаның екі жағынан ұстап жіпті орай бастайды.Кім «балық-қапшықты» судан тез шығарады сол жеңімпаз атанады.Содан кейін «балық-қапшықтың» сыдырмасын ашып ішінен апельсин бөлігін алып жейді) Жүргізуші Би билейді қорбандап Жүгіреді томпаңдап Сырғанағанды сүйеді Көңілді болып жүреді. Би: «Топ топ балақан шапалақта алақан!» Жүргізуші «Арктикада аюлар Жас балаша ойнайды,сырғанайды,аунайды. Еңбектейді,жүзеді,мұңайғанды білмейді...» «Ойынменен өседі, Ойымыз бен санамыз. Қол ұстасақ бәріміз, Жарасады сәніміз» дей отыра мен сендерді шыршанын қасына шақырамын... Дидактикалық ойын «Бұл қандай жануар,ол қалай дыбыстайды?» (шырша ойыншықтарын тамашалау,арасында мысық,әтеш,сиыр,қой,ит бейнеленген ойыншықтар болады) Чукча « Бұл не білесің бе,ол қалай дауыстайды?» (Балалардың жауабы тыңдалады,толықтырылады) Жүргізуші «Тамаша.Ал биылғы жыл қалай аталады,білесіңдер ме?» (балалардың жауабы) Балалар Аяз –Ата кешікті,көрейікші қай жерде келе жатыр екен? Видиоролик «В лесу родилась елочка» (Балаларды пуфиктерге отырғызу, видио ролик қосу) (Роликтің соңында фанфара қосылады «JINGLE BELS» әуенімен залға Аяз-Ата,Ақшақар және ит келеді қоңырауларын сылдырлата) Ойын «Шырша шамын жағайық» (Аяз Ата ойнатады) үш рет шыршаға үрлейді(шырша шамдары жанбайды) үш рет қол шапалақтайды(шамдар жанып өшіп қалады) үш рет аяқтарымен топылдатады(шырша шамдары жанбайды) Аяз Ата таяғымен сермегенде шыршаның шамдары жанады. «Балалар-ақ аюлар» қуанады ,барлығы қол алысып Аяз Атамен кейіпкерлер мен бірге шыршаны айналып ән айтады Ән «Жаңа жыл,ақ көрпеге оранады дала, қыр...» Ән «Шырша тойын тойлайық» Аяз Атаның ойыны «Күшікке сүйек алып кел» (шарты:кім бірінші болып күшікке сүйекті алып келеді сол кәмпитке ие болады) Күшік қуанады биге шақырады Би «Сабачий вальс» (ит болып киінген кейіпкердің қатысуымен балалар би билейді ) Ойын «Қар шашу» (Ақшақар салфеткадан қар жасатып ,шашу ойынын ұйымдастырады ) «Ар-ар-ар - жауды қар» (тіл ұсарту жаттығуы). (фон «Аппақ,аппақ жапалақтап қар жауады далада») Аяз Ата бата береді мақтап,мадақтайды сыйлық таратады (Мұмкіндік болса «щенячий патруль» ойыншықтарын таратып беріп іске қосса тамаша болады!)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.02.2018