«АҚ АЮ-АРКТИКА ТҰРҒЫНЫ» сценарий на новогодний утренник в детском садике "Айгөлек" для первой младшей группы
Оценка 4.9

«АҚ АЮ-АРКТИКА ТҰРҒЫНЫ» сценарий на новогодний утренник в детском садике "Айгөлек" для первой младшей группы

Оценка 4.9
Иллюстрации +2
docx
воспитательная работа
Детсад
03.02.2018
«АҚ АЮ-АРКТИКА ТҰРҒЫНЫ» сценарий на новогодний утренник в детском садике "Айгөлек" для первой младшей группы
Балалардың бойына рухани –патриоттық сана -сезімді қалыптастыру.docx
Балалардың бойына рухани –патриоттық сана -сезімді қалыптастыру. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа­патриоттық тәрбие беру. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін  еңбек ету, өзара көмек көрсету. Баланың өмірге белсенді көзқарасы  үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру  жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады.  Патриотизмге тәрбиелеу күнделікті өмірде,  қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын  және оқу іс қызметінде  жоспарлы түрде іске асады. Ұжымдық пен патриотизм бастамасына  тәрбиелеу, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді  дамыту, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеу  мүмкіндігін жасау тәрбиеші мен ата­  аналардың қолында. Тәрбиеші  ең алдымен балалармен мазмұнды қатынас орната білсе ғана балаларда ортақ пайдалы  жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге  асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық  бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте­бірте қалыптастырады. Тәрбиенің негізгі мақсаты­ дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік,  мәдениетті, парасатты, ар­ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер  қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.  Жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді сіңіру­ ата­ана мен ұстаздардың басты міндеті.         Еліміздің болашағы­жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік­отбасы, ата­ана тәрбиесі болса, екінші  бесік –білім беру мекемесі. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы  өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру  жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді.  Балабақшада берілетін тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан – жақты тәрбие мен дамыту  ісінің түпкі негізін қалайтын  орын. «Айгөлек» балабақша ұжымы «Балалардың бойында рухани – патриоттық сана сезімді қалыптастыру» бағыты бойынша өз үлесін қосуда.Балабақшада балалар еркін дем алып, рухани патриоттық тұрғыдан білім алып, тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған.  Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай құрылған төрт топта  «Тұңғыш Президент» және «Тәуелсіздік  күні» мерекелер қарсаңында ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары өтті. Тәрбиешілердің бала  тәрбиесіндегі ізденістері, өз істеріне деген қызығушылықтары қуантады.  Ұрпақ тәрбиесін алдыңғы қатарға қойып, бала жанының бағбаны болып осы балабақшада еңбек  еткеніме алты жыл болды. Осы алты жыл ішінде патриоттық тәрбие беру бағытында талай  қызықты,мазмұнды тәрбие сағаттары мен ертеңгіліктер өткіздім. Соның бірі  27­ші қарашада кіші жастағы балалармен  өткен «Көк ту» атты кіріктірілген ашық сабақ,  тәрбиеші педагогтардың назарына ұсынамын. Егемен ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін жасөспірім буынға дұрыс тәрбие  беруді  және тәрбиенің бесіктен басталатынын  ескере отырып, елге қызмет етуге,ата – бабадан келе  жатқан  дәстүрлерді ең алдымен өзіміз  түсініп,  балаларға оның нәрін сіңіре білсек,  болашақ патриот  тәрбиелесек бұл  еңбегіміздің  жанғаны, қосқан үлкен үлесіміз болмақ.

«АҚ АЮ-АРКТИКА ТҰРҒЫНЫ» сценарий на новогодний утренник в детском садике "Айгөлек" для первой младшей группы

«АҚ АЮ-АРКТИКА ТҰРҒЫНЫ» сценарий на новогодний утренник в детском садике "Айгөлек" для первой младшей группы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.02.2018