Ақбота ортаңғы тобы 8наурыз ертеңгілік
Оценка 4.9

Ақбота ортаңғы тобы 8наурыз ертеңгілік

Оценка 4.9
Мероприятия
docx
воспитательная работа
Детсад
01.04.2017
Ақбота ортаңғы тобы 8наурыз ертеңгілік
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған 8-наурызға ертеңгілік.Ертеңгіліктің мақсаты:Балаларға аналар мерекесі туралы кеңнен түсінік беру.Өз аналары,әжелері жайлы жаттаған өлең-тақпақтардың мағынасын,алтынсыңғой анашым,ана-біздің күніміз,анамызды аялаймыз сөздерінің мағынасын терең түсіне білу.Үлкендерді құрметтеп сыйлай білуге үйрету.Аналарға,әжелерге,қыздарға деген құрметті сезіне білуге тәрбиелеу.Мерекелік ертеңгілікке деген қызығушылықтарын ояту.
ақбота ортаңғы тобы 8наурыз ертеңгілік.docx
Әдемі безендірілген зал.Балалар вальспен кіреді.  Вальс. Жүргізуші:Біздің құрметті қонақтарымыз аналар,ару қыздар,ақ жаулықты әжелермен  балабақша апайлары. Міне, біздің ең тамаша жыл мезгілі көктем де келіп жетті.  Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйған 8 – наурыз мерекесі құтты болсын. Құтты болсын аналардың мейрамы! Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары! Мерекесі бұл көктемнің алғашқы, Бақыт берсін әр көктемнің айлары!­дей отырып бүгінгі аналардың құрметіне арналған  «Алтынсыңғой анашым»атты ертеңгілігімізді бастаймыз. Жүргізуші: Құтты болсын аналардың мейрамы! Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары! Мерекесі бұл көктемнің алғашқы, Бақыт берсін әр көктемнің айлары!                Ән: «Ақ мамам» Тақпақтар. Айжан.Дүниенің сыйлаған бар асылын, Қабағынан ұғады бала сырын. Өмірдегі жақсылықты тілеймін, Жанымның жапырағы жаным анам. Мөлдір.Бізді өсірген апатай, Еңбегіңде зор екен. Құтты болсын апатай, Құтты болсын мерекең. Ботагөз.Асыл жанды,мейірімді анамыз, Ақыл берер данышпанда данамыз. Құтты болсын мейрамыңыз бүгінгі, Сеніміңді ақтаса екен балаңыз. Аяна.Әлпештеген аялаған, Ақсүт берген апатайым. Сәлем жазып бүгін саған, Мейрамыңмен құттықтаймын. Жүргізуші:Балалар бізге аналардың мерекесі көктем айында келеді.Көктем айында күн  жылынып,жылғалардан су ағып,күн шуағын шашады.Міне,міне қараңдаршы көктемнің өзі  де келе жатыр. Көңілді әуен қосылып,көктем келеді. Көктем: Сәлем,сәлем балақайлар,                Қуаныңдар алақайлап.                Құстар әнін ала келдім,               Жерге кілем жаба келдім.              Жан бітірген табиғатқа,              Гүлдерімді ала келдім.  Жүргізуші:Саламатсызба Көктем,бізге келгеніңе көп рахмет.Қане төрлетеғой.Қазір  балалар саған арнап ән,тақпақ айтып береді.      Тақпақтар. Жания.Көктем болды алақай,  Қуанар барлық балақай.  Көктемде жаңбыр болады,  Бақшаға гүлдер толады. Жанерке.Көктем келді, көктем келді.  Жадыраған жайнаған.  Шашыраған сәулесімен, Жасыл көктем сайраған.  Жұлдыз.Көктемде көңілді Құстар кеп жатқанда, Құлпыртып өңірді Гүл ектік бақтарға.                                          Ән: «Көктем» Әуен қосылады.Карлсон келеді. Карлсон:Саламатсыздарма балалар,қонақтар.Мен Карлсонмын.Мен  аналарды,  әжелерді,қыздарды  мерекемен құттықтайын деп келдім.Мерекелерің құтты болсын.Ал  өзім сыйға мына әдемі гүлді ала келдім. Жүргізуші:Саламатсызба Карлсон.Көп көп рахмет саған.Бірақ біз бұл гүлді не істейміз? Карлсон:Менің гүлім сондай керемет,жай гүл емес,сиқырлы гүл.Біртіндеп қауызын  үзіңдер,көңілді болыңдар,мұңаймаңдар.Қонақтарды асыға күтіңдер.Сау болыңдар,  кездескенше......Жүгіріп кетіп қалады. Жүргізуші:Қане балалар гүлдің шыныменде сиқырлы екенін сынап көремізбе? Қане бәріміз айтайық: ­Қауызды біз үземіз, Қонақтарды күтеміз. (қыздар шығады)                                                      Би: «Шаңырақ» Билеп болғансоң Көктем шығып кетеді. Жүргізуші:Қане балалар тағыда біреуін үзіп алайық,кімдер бізге қонаққа келеді екен. ­Қауызды біз үземіз, Қонақтарды күтеміз.                 (Ұлдар шығады)                             Би: «Сарбаздар» Билеп болғансоң ұлдар тақпақ айтады.                        Тақпақтар. Ернұр.Айтсаң болды тіл алам, Әйбат мамам,ай мамам. Сені көрсем қуанам, Сен керексің қайда да. Есет.Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті асыл аналар. Рауан.Сыйлайыншы гүлімді, Теріп алған даладан. Мейрамыңыз бүгінгі. Құтты болсын анажан. Олжас.Ана біздің күніміз, Ананың біз гүліміз. Ұландарды қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз. Избасар.Жақсы көрем күлкіңді, Айналайын ақ мамам. Менің мамам сүйкімді, Бәріненде жақсы адам. Диас.Бәрімізге анасың, Біз үшін көп жанасың. Құтты болсын мейрамың, Құттықтаймын анашым. Әли.Бесіктерін әнімен, Тербетуде аналар. Жасай берсін сәнімен, Жер бетінде аналар. Жүргізуші:Қане балалар тағыда біреуін үзіп алайық,кімдер бізге қонаққа келеді екен. ­Қауызды біз үземіз, Қонақтарды күтеміз.                             Көрініс. Папа,мама,ата,әже және қыз кіреді.Қыз бұрышта ойыншықтармен ойнап  отырады,атасы газет оқып отырады. Жүргізуші:Әкесі жұмыстан келіп,қызына  айтады. Әке:Қызым маған аяқ киімімді алып беріп жіберші. Қыз:Мен түк естімеймін.Менің құлақтарым естімейді. Жүргізуші:Анасы жұмыстан келіп,қызына өтінеді. Ана:Қызым мына нанды үстел үстіне апарып қойшы. Қыз:Мен ешкімді естімеймін.Менің құлақтарым түк естімейді. Әже:Мен өзімнің көзілдірігімді қайда қойдым екен,Айжан қызым тауып бере қойшы. Қыз:Мен ешкімді естімеймін.Менің құлақтарым түк естімейді. Ата:Мен сенен сұрайын деп едім,қызым 8 наурыз мейрамы келе жатыр.Саған сыйлыққа  үлкен қуыршақ алып берейінбе әлде кітаппа? Қыз: орнынан атып тұрып Қуыршақ!Қуыршақ!Үлкен!Көзі ашылып,жабылатын болсын  сосын ана деп айта алатын болсын. Ата:құлағына алақанын қойып Не?не?Естімеймін!Түк түсінбеймін! Қыз:Ата!Ата!Қуыршақ!Қуыршақ керек маған.Үлкен әдемі болсын.... Ата:Қолымен құласғын ұстап:Естімеймін.Ештеңеде естімеймін.Құлағымды тура  мақтамен бітеп тастағандай.Енді не істеймін? Еңкейіп газетін оқып отыра береді.Қыз  мұңайып жылап кетіп қалады. Жүргізуші:Сөйтіп Айжан қыз мейрамда сыйлықсыз қалады.  Ата:Енді оның құлақтары еститін болады. Барлығы бірге кетеді. Жүргізуші:Көрдіңдерма балалар өз жағдайларыңды ойлап,туыстарыңа көмектеспесең не  болатынын,Біздің арамызда ондай балалар жоқ солайма? Бүгін текғана аналардың емес,әжелердіңде мейрамығой.Сондықтанда біз әжелергеде  арнап ән тақпақтар дайындадық.                                 Ән: «Ақ әжем» Тақпақтар. Самира.Менің әжем,ақ әжем, Ұл мен қыздың бағы әжем. Ертегі айтып бер десем, Айтып берер тағы әжем. Әйгерім.Менің әжем гүл әжем, Алтын әжем,күн әжем. Апам үшін,мен үшін, Нағыз ана тілі әжем. Адиля.Шақырады тау бізді, Көрсетердей жаз өңін, Сегізінші наурызды, Тойы дейміз әженің. Айару.Әжемді мейрамымен құттықтаймын, Айтатын ән,беретін гүлім дайын. Әжетай сені жақсы көремін деп, Ақырын құлағыңа сыбырлаймын. Жүргізуші:­Балалар тағыда біреуін үзіп алайық,кімдер бізге қонаққа келеді екен. ­Қауызды біз үземіз, Қонақтарды күтеміз.                                 Би: «Қуыршақтар»    Жүргізуші:Бүгін мереке болғандықтан біз қазір аналарымызбен ойын ойнаймыз.                                         Ойын: «Кім жылдам» Жүргізуші:Мерекемізді одан әрі жалғастырсақ болады.Бізде тағы бір қауыз қалды.Ең  ашық ең әдемі екен.Қане қазір кім келеді екен? ­Қауызды біз үземіз, Қонақтарды күтеміз.                                       Би: «Шығыс биі» Тақпақтар. Инабат.Ержеткізіп елге берген баласын, Ақылдысың,ардақтысың,данасың. Қарайтыным қас қабағың бір сенің, Қайратыңнан қайта көрме данашым. Амина.Айтсаң болды тіл алам, Әйбат мамам,ай мамам. Сені көрсем қуанам, Сен керексің қайда да. Назерке.Үн қатасың бал тілмен, Еркелеймін әр күн мен. Құттықтаймын анашым, Сегізінші наурызбен.                               Ән: «Аман болшы анашым» Жүргізуші:Міне біздің барлық қауызымызда  бітті.Тағы да мейраммен құттықтаймыз. Құтты болсын осы шаттық күніңіз, Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз. Қуанышты жүзіңізбен әрдайым, Бұл өмірде күліп қана жүріңіз­дей отырып бүгінгі аналарымыздың құрметіне арналған  ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Құттықтау сөз кезегін балабақша меңгерушісі Кунакбаева  Балқия Садыққызына береміз.

Ақбота ортаңғы тобы 8наурыз ертеңгілік

Ақбота ортаңғы тобы 8наурыз ертеңгілік

Ақбота ортаңғы тобы 8наурыз ертеңгілік

Ақбота ортаңғы тобы 8наурыз ертеңгілік

Ақбота ортаңғы тобы 8наурыз ертеңгілік

Ақбота ортаңғы тобы 8наурыз ертеңгілік

Ақбота ортаңғы тобы 8наурыз ертеңгілік

Ақбота ортаңғы тобы 8наурыз ертеңгілік
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.04.2017