Адалдық - ардың ісі
Оценка 5

Адалдық - ардың ісі

Оценка 5
doc
14.03.2022
Адалдық - ардың ісі
Адалдық ардың ісі.doc

 

Күні: 08.11.2019 ж

Тақырыбы:

Адалдық – ардың ісі

Мақсаты:

Адамдарға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алтын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрету;

Күтілетін нәтиже:

Оқушы ізденіске ұмтылады, оқығанын талдап, мәнін аша біледі,ой қорытады, аз сөзбен түйіндеуге дағдыланады. Адами қасиеттерді, адалдық, шыншылдық, әділдікті бойына сіңіреді. Әлеуметтік  жағынан дамыған, ұшқыр, ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын, өзгенің пікірін  сыйлап,  төзімділікпен  тыңдай білетін  саналы  азамат болып қалыптасуға дағдыланады.

Құндылықтарды дарыту:

Оқуға, жағдайды талдауға, жаңа шарттарға бейімделуге, мәселе қоюға және шешім қабылдауға, топта жұмыс істеуге, өзінің жұмысының сапасына жауап беруге, өзінің уақытын ұйымдастыруға дағдылану. 

Пікірсайыс барысы:

 

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

10 минут

 

 

 

Тыныштық сәті. Релаксациялық әуенді қосу , «Теңіз жағалауында» жаттығуын өткізу.
- Ыңғайланып отырыңдар. Асықпай «өмір тынысын» алыңдар.(2-3 рет). Мүмкіндігінше бұлшықеттеріңді босатып, денелеріңді жұмсартуға тырысыңдар... Енді көздеріңді жұмып, елестетіңдер. Бар зейіндерің менің дауысым мен әуенде болсын... 
Сен үлкен көк теңіздің құмды жағалауында демалып жатырсың. Денеңді кеудеңе дейін теңіздің жылы суына малып, бетіңді күннің ыстық шуағына тосып, рахаттанып жатырсың. Көздерің жұмулы.Теңіз толқындары ырғақпен келіп, жағалауға соғылған сәтте, сен де толқынмен бірге тербелесің. Күн ыстық. Мұрныңа әлсін- әлсін теңіз балдырларының иісі келіп жетеді. Теңіздің біркелкі шуылы мен шағалалардың дауысы үйлесімді естіледі... Толқындар келеді де кетеді. Енді бүкіл сана- сезіміңмен түйсініп, сезінуге тырыс: әр жолы келіп- кеткен толқын сенің денеңе соғылғанда, бойыңдағы шаршап- шалдығуды,... мазасыздық пен күйзелісті,...өзіңе деген сенімсіздігіңді,... өмірде кездесетін әділетсіздікке деген күйініш сезіміңді, қысқасы, барлық жағымсыз сезімдерді өзіне тартып алып, алысқа әкетіп жатыр... Толқын сенен алыстаған сайын, денең сергіп, жеңілдеп қалғаныңды байқайсың. Келіп- кетіп жатқан толқындардың ырғағымен тыныста: демал- дем шығар, демал- дем шығар, демал- дем шығар... Бірер сәттен соң сабаққа оралуға дайындалыңдар... 
 

       Ой қозғау: Арабтарда «Әділ сұлтан дер кезінде шөлде жауған жауыннан да жақсы» деген мақал бар. Мақалдың мағынасы қалай деп ойлайсыңдар:

Бүгінгі пікірсайыс тақырыбы: Адалдық - ардың ісі

     Халқымызда «ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП», «Адамның әдемілігі шыншылдығында», «Ақихат сөзде алалық жоқ», т.с.с керемет ұлылық сөздер бар.

Сабақтың ортасы

20 минут

«Адалдықтың өтемі» видеоролик.Әркім өз пікірлерін ортаға салады.

 

Пікірсайыс барысы: 

Жақтаушы жақ «Өмірде адал болу жетістіктің кепілі»

Даттаушы жақ «Жетістікке жету жолында адалдық маңызды емес» деген ұстанымдар анықталды

Уақыт төрешісі: Қоңыратбаева Балнұр

 

2. Келесі кезекте бүгінгі өткелі тұрған пікірсайыстың басты ережелерімен қысқаша таңыстырып өтемін. Пікір сайыс Карл Поппер дебат форматы бойынша өтіледі Яғни,

Сөйлеуші

Уақыты

Ж1

4 минут

Д1—Ж1

3 минут

Д1

4 минут

Ж2—Д2

3 минут

Ж2

4 минут

Сараптама бөлімі

Д1

3 минут

Ж1

3 минут

 

 Көрермендердің,оқушылардың мақсаты: өз көзқарастарын білдіру, талдау жасау, баға беру, толықтыру, сұрақ қою.

-          Уақыт төрешісінің сөзі:

Сараптама бөлімі басталмас бұрын залда отырған көрермендерден өз ой пікірлерін сұрасақ:

Көрермендердің,оқушылардың мақсаты: өз көзқарастарын білдіру, талдау жасау, баға беру, толықтыру, сұрақ қою.

Сараптама бөлімінде пікірсайысқа қатысқан топтардың бір мүшесі шығып ойын барсына сараптама жасайды.

Қорытынды бөлімде пікірсайысты бақылап отырған әділ қазылар алқасына сөз беріліп ой пірлері мен ойын қорытындысы шығарылады.

Сабақтың соңы

10 минут

Рефлексия. Адалдық

Өсiңiз, жетiлiңiз, тасқындаңыз,
Бірақ та биiкпiн деп асқынбаңыз. 
Сен мықты, анау осал, мен орташа,
Бәрiмiз бiр аспанның астындамыз.

Сiздiң ой бiздiң оймен бiрiкпейді,
Шайқаңыз осы өмірді жүрiп мейлі.
Ойлаңыз, арзан атақ, сасық ырыс,
Сiз өлгенде қайтадан тiрiлтпейді.

Мұқағали Мақатаев.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Адалдық - ардың ісі

Мақсаты: Адамдарға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алтын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрету.

Пікір сайыс «Теңіз жағалауында» жаттығуын өткізумен басталды. Сосын оқушыларға ой қозғау мақсатында сынып жеекшісі «Арабтарда «Әділ сұлтан дер кезінде шөлде жауған жауыннан да жақсы» деген мақал бар. Мақалдың мағынасы қалай деп ойлайсыңдар?» деген сұрақ қойды. Мұнда оқушылар «Шөлде жүргенде бір тамшы судың өзі қандай қадірлі болса, әділ сұлтан да халқы үшін сондай қадірлі болмақ» деген сияқты жауаптар алды. Мұғалім сабақтың тақырыбын айқындап, халқымызда «шындық жоқ жерде сұмдық көп», «адамның әдемілігі шыншылдығында», «ақиқат сөзде алалық жоқ», т.с.с керемет ұлылық сөздерін айтып кетті. Экранда «Адалдықтың өтемі» видеоролигі көрсетіліп, оқушылар пікірлері ортаға салынды.

Пікір сайыс «Дебат» түрінде жалғасты. Дебаттың жалпы формасы жайлы мұғалім айтып өтіп, екі топты таныстырды. Топтарға тапсырма берілді. Жақтаушы жақ «Өмірде адал болу жетістіктің кепілі». Даттаушы жақ «Жетістікке жету жолында адалдық маңызды емес» деген ұстанымдар бойынша пікірлерін ортаға салды.

            Жақтаушы жақтан Гүлназ «Адалдық арқылы кез-келген жетістікке жете аласың. Арамдықпен, парақорлықпен тапқан дүние дүние болмайды. Ол уақытша нәрсе. Адал адамның жанында көп адамдар жүреді», десе даттаушы жақтан Қанат «Жетіктікке жету жолында адал болу маңызды емес. Онда бағың жанып, жолың болып кетсе болды» деген пікір білдірді. Сосын жақтаушы жақтың спикері Ардақ, Қанатқа «Сенің қаншама жетістікке жетіп жүргеніңді білеміз. Ол жетістіктің барлығы сенің адал жолмен, маңдай термен келген дүние емес пе? Жоқ әлде оны ақшаға сатып, немесе таныстарың арқылы алған жетістік пе? Әлде барлық уақытта бағың жанып кеткені ме?» деген сұрақтарына даттаушы жақ спикері Қанат «Мен әрдайым жетістікке жетпегенмін. Кейде әділетсіздік құрбаны да болғанмын» деп өз ойын білдірді. Сонымен қатар отырған оқушылар да өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қойды. Қорыта келгенді сынып жетекшінің «Болашағымыз жарқын болу үшін, ғұмыр бойы алаңсыз күн кешу үшін адал болуға ұмтылайық. Кең дүниеге адам болып келген соң, адам болып кету міндет» деп аяқтады.

 

Сынып жетекшісі:  Халидуллина С И                  

                                        


Скачано с www.znanio.ru

Күні: 08.11.2019 ж Тақырыбы:

Күні: 08.11.2019 ж Тақырыбы:

Сабақтың ортасы 20 минут «Адалдықтың өтемі» видеоролик

Сабақтың ортасы 20 минут «Адалдықтың өтемі» видеоролик

Тақырыбы: Адалдық - ардың ісі

Тақырыбы: Адалдық - ардың ісі

Кең дүниеге адам болып келген соң, адам болып кету міндет» деп аяқтады

Кең дүниеге адам болып келген соң, адам болып кету міндет» деп аяқтады
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.03.2022