Мақсаты | Рационал бөлшектершге амалдар қолдана отырып, есептер шығару дағдысын қалыптастыру. |
Оқыту нәтижесі | Өздігінен оқу дағдыларын қалыптастырады.Қысқаша көбейту формулаларын есептер шығаруда қолдана біледі, талдай алады, ой қорытуды үйренеді. |
Сабақтың типі | Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру. |
Сабақтың | Топтық, жеке,сұрақ-жауап. |
Көрнекіліктері | Карточкалар, маркерлер, |
Түйінді идеялар | 1)Өздігінен іздене отырып меңгереді, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. |
7 модуль | Жас ерекшеліктеріне қарай білім беру, диалог, сыни ойлау, АКТ-ны пайдалану, дарынды және талантты оқушы, көшбасшы, оқыту үшін бағалау. |
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Балалар асыл қасиет ұғымын түсінеді; адамгершілік қағидаларын ұғынады;Дамытушылық: Айналадағылармен рухани құндылықтар негізінде қарым-қатынас орнату қабілеттері дамиды; адам бойында адамгершілік қабілеті дамиды , әдеп нормаларын сақтау әдетін үйренеді;Тәрбиелік:Өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеу дағдысы қалыптасады
-Балалар біз Абай атамыздың
«Ғылым таппай мақтанба »деген өлеңін білеміз ғой.
Ғылым таппай мақтанбаБес нәрседен қашық бол,Бес нәрсеге асық бол,Адам болам десеңіз.Тілеуің өмірің алдыңда,Оған қайғы жесеңіз.Өсек, өтірік, мақтаншақ,Еріншек, бекер мал шашпақ-Бес дұшпаның білсеңіз.Талап, еңбек, терең ой,Қанағат, рақым, ойлап қой-Бес асыл іс көнсеңіз.
1-топ «Жақсы бала »2- топ «Жаман бала » туралы ой қозғайық
Жақсы балаЖігерлі , қайырымды, адал, мейірімді ,таза жүреді. Білімді, сыпайы, тәртіпті, ынтымақты, шыншыл,әдепті, ұқыпты. Жаман балаТіл алмайды,жалқау, нашар оқиды,кір жүреді , надан,өтірікші,арам,әдепсіз,мейірімсіз,арсыз.
Адам бойында қандай асыл қасиеттер
болады?
Сенімділік,мейірімділік,сүйіспеншілік,махаббат, яғни сүйе
білу,білімді,ақылды,инабаттылық,жомарттық,әдептілік,адалдық,сабырлылық,қамқорлық.С........................М........................С......................М...........................Б.............................
Әдеп туралы тыйым сөздер:
-Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаңа салып тұрма.-Біреумен сөйлескенде бетіне қадала қарап , тақалып тұрма, ыржалаңдап күле берме немесе мөлейіп тұрма.-Біреудің дүниесіне таңдана қызығып, қадала қарама.-Үйде отырып ысқырма.-Тамақ ішкенде ашкөзденіп, қомағайланып кетпе.-Бас киімді теппе, айналдырма, аяқ астына тастама.-Малды бастан ұрма.-Жасы үлкеннің алдын кеспе.-Кемтар адамға күлме.
Сәлемдесу әдебі.
Дәстүр бойынша жасы кішілер үлкендерге сәлем береді. Үйге кірген адам үлкен болсын, кіші болсын алдымен сәлемдеседі. Сәлемді алмау – мәдениетсіздік. Менің ойымша оқушылардың жасы үлкен адаммен сәлемдескенде пысық боп тақылдап кетуі, қол ұсынуы жөнсіз. Тек сұраса ғана жауап беріп әдеп сақтауы керек.Мысалы кейбір оқушылар өздеріне сабақ бермейтін оқушылармен сәлемдеспейді. Бұл да әдепсіздік, және мәдениетсіздік деп ойлаймын. Сөйлесу әдебі.
Сөйлескен адамға үнемі ілтипат білдіріп,көңіл аударып тұрған жөн. Сөйлескен кезде алаңдап,жан-жағына қарау, теңселу, сөзді шала тыңдау ұят болады. Сондай-ақ асығыс тез сөйлеу, мақтана сөйлеу, қатты сөйлеу, сөзді бұзу, аяғына дейін тыңдамау-әдепсіздіктің белгісі деп ойлаймын. Әдемі, таза киіну әдебі.
Киіне білу де адамның ішкі мәдениетіне , талғамына байланысты. Жүріс-тұрысымыз, сөзіміз, ісіміз, киіміміз рухани талғамды қажет етеді. Талғамы жоғары адам ғана өз бойына қонымды, жарасымды киімді таңдап, үнемі таза жүре алады.
Проблемалық жағдаяттардан шығып көрейік:1. Сен өте асығыссың. Себебі, сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан кісіні қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді. Сенің әрекетің?2. Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды өтінді. Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл өтінішті ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп өзі үйді жинап, сыпырып қойды.Сен келгенде анаң ренжулі еді. Сенің әрекетің?3. Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң, алыстан келген туысың екен. Сенің анаң есікті ашпауды ескерткен.Сенің әрекетің ?
Топпен жұмыс 1-топКөп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой:а) Ашу-дұшпан,...........-дос,.........-ыңа ақыл қос.ә)Балаң .................болса, жердің үсті жақсы,Балаң.....................болса, жердің асты жақсы. 2-топа) Адам бойындағы мына қасиеттердің қарама- қарсы ұғымдарын ата:Қастық-..........әділдік-.................білімді-...........тентек-.................еңбекқор-.......дөрекі-.................Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой:ә) Ж....................-ты көп қуған пәлеге жолығар, Ж....................-ты көп қуған байлыққа жолығар.
1-топа) Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді сөздеді қой:Әдептілік ар-ұят-.............................белгісі,Тұрпайы мінез, тағы жат-...........................белгісі.ә) Адамдар арасындағы сыйластықты қалай түсінесіңдер?(«Сіз», «Біз» деген - жылы сөз............) Жалғастыр ойыны:«Не істеуге болмайды ?»Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастыруы керек.-Сабаққа кешігуге .....................-Сыныпта айқайлауға.................., ысқыруға ...................-Үлкендердің жолын кесуге ....................-Кішкене қыздарды ренжітуге ...........................-Құстарды атуға ....................................-Құстың ұясын бұзуға ............................. «Не істеу керек? »-Үлкендерді сыйлау ...........................-Ата-аналарыңның тілін алу ................-Тәртіпті болу............................................-Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау ............................-Сабақты жақсы оқу ..............................................
Ой толғау 1-топ-« Мен мейірімді адаммын, өйткені...........» 2-топ-Сабақтан алған әсерім............. жүрекшеге жазады 1-топ-Бір-біріне жылы тілектерін арнайды-Балалар сендердің бойларыңда жақсы қасиеттер көп екен. Оған мен де Данышпан ата да ризамыз.Данышпан атаның тілек жазылған кітапшасын қабыл алыңдар ( балаларға беру )Әрбір адам өзін-өзі тәрбиелеу үшін алдына мақсат қоюы керек. Адамды көздеген мақсатына жеткізетін де, алысты жақын ететін, тікенді гүл ететін де -ақылы. Ақылсыз өмірдің ешбір мәні жоқ. Ақыл адамды әдептілікке бастайды. Тәкәппар болма. Сыйлағанды сыйлай біл.Айтқан сөзді тыңдай біл.Бүгінгі кездесуде көп жағдайды аңғардыңдар деген ойдамын. Ең негізгісі әркім тәрбиеленуге саналылықпен ,төзімділікпен кіріссе екен.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.