«Айгөлек» 2017
Оценка 5

«Айгөлек» 2017

Оценка 5
Мероприятия
docx
воспитательная работа
4 кл
31.10.2018
«Айгөлек» 2017
Публикация является частью публикации:
айгөлек.docx
«Айгөлек» 2015 «Айгөлек» музыкасы. Жүргізушілер ортаға шығады. 1­жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құтметті ата­аналар , ұстаздар және оқушылар!  2­жүргізуші: Армысыздар жалпы жиналған қауым!  1­жүргізуші: Міне , көптен күткен «Айгөлек»  балалар байқауы да дәл қазір, дәл осы  жерде бастауын таппақ ! 2­жүргізуші: Баршаңызға белгілі бұл өнерлі балалар байқауы «Айгөлек» !                   Хормен: «Айгөлекке» қош келдіңіздер! 2­жүргізуші: Арайлым , енді өзімізді халыққа таныстыра кетпейміз бе?  1­жүргізші: Дұрыс айтасын Бекзат!  «Айгөлек» өнерлі балалар байқауының сымбатты да , әрі ақылды жүргізушісі Мұқатаев  Бекзат!  2­жүргізуші: «Айгөлек» өнерлі балалар байқауының көрікті де ,әрі сүйкімді жургізушісі  Еслямгалиева Арайлым!  1­жүргізуші: Бекзат, айтшы көп сөздің не керегі бар ? Жеке мен өзім ұл­қыздарымыздың   өнерлерін көруге асықпын, ал сен ше Бекзат? 2­жүргізуші: Мен де айдай сұлу аруларымызды , арыстандай айбатты болашақ  батырларымызды көргім келіп тұр. 1­жүргізуші:­Ендеше , қатысушыларымызды сахна төріне шақырайық, қарсы алыңыздар . (музыка) Қапашова Гүлжанар Асқар қызы 2­жүргізуші: Аманжол Дариға Сырым қызы  1­жүргізуші:Кәкімжанова Шолпан Әлібек қызы 2­жүргізуші:Қуаныш Ұлан Мұрат ұлы 1­жүргізуші: Серікбаева Аягөз Әлімжан қызы 2­жүргізуші:Аманжол Тоғжан Сырым қызы 1­жүргізуші: Мнайдарова Аяжан Ақан қызы 2­жүргізуші: Смаилова Жансая Манат қызы 1­жүргізуші: Қадыржанова Сабина Пазыл қызы 2­жүргізуші: Бүгін ұлдарымыз бен қыздарымыз құлпырып кетіпті. 1­жүргізуші: ия , өздері аздап қобалжып тұрған сияқты. 2­жүргізуші: Арайлым ,біз бұл қатысушыларымыздың өнерлерін тамашалап ,әділ  бағалайтын әділ­қазы алқасы мүшелерін жиналған қауымға таныстырып өтейік. Ду қол шапалақ! ­Ал енді Бекзат қатысушыларымызды дайындық бөлмесіне шығарып салайық! Қошемет  көрсетіп қояйық!  2­жүргізуші:Сонымен осы сахнамызға алғашқы болып өз өнерін паш ететін                              Қапашова Гүлжанар Асқар қызы «Ертегілер әлемі»  әнімен ,Қарсы алыңыздар !!! 1­жүргізуші: ­Не деген дауыс десеңші!  Әділ­қазы алқасы сіздерге Гүлжанардың әні ұнады  ма?Ендеше,  сіздердің берер бағаларыңыз...     ­Келесі аруымыз өзі ән ғана салып қоймай ,би билегенді де ұнатады екен. Сонымен  ,Смаилова Жансая Манат қызын «Алтын бесік» әнімен  қарсы алыңыздар! 2­жүргізуші: Керемет, ақылына көркі сай ,                              Көркіне ақылы сай – қыз екен.Әділ­қазы алқасы сөз кезегі өзіңіздерде! –Енді  қояр бағаларыңыз..... 1­жүргізуші: ­Арыстандай айбатты ,                         Жолбарыстай қайратты ұланымыз Қуаныш Ұлан Мұрат ұлын «Әкелер»  әнімен ортаға шақырамыз! 2­ жүргізуші:Арайлым ,маған ұнады ! 1­жүргізуші:Әрине , өйткені қатысушыларымыздың ішіндегі  жалғыз ғана азаматымыз емес пе?  Ал, құрметті әділ­қазылар бағаларыңыз..... 2­жүргізуші:Ата –анасын тек қана жақсы бағалармен қуантатын , онымен қоса  сыныбындағы жалғыз ғана қыз екен ,сіздер оны таныған боларсыздар !­Әрине, ол  Серікбаева Аягөз Әлімжан қызы,қошеметтеп қарсы алайық! 1­Жүргізуші: Бет десе ­беті бар, көз десе­ көзі бар,дауыс десе –даусы бар қызымызға әділ­  қазыларымыздың беретін бағалары?  ­Жарайсың Аягөз , қошеметпен шығарып салайық! 2­жүргізуші: «Әкешім ,әкетайым, әкетайым!                           Арнаймын осы әнімді, саған дайын» ­деп ортаға Аманжолова Дариға Сырым қызы «Жан әке» әнімен қарсы аламыз! 1­жүргізуші:Қандай керемет әуен ! 2­жүргізуші:Ия , осы керемет әнді қазылар алқасы қалай бағалар екен!Рахмет Дариға ,  Дариғаны щапалақпен шығарып салайық! 1­жүргізуші: «­Ана ,өмірдегі жалғыз тіренішін, қуанышын, жұбанышын ! Ана туралы айта  берсек , сөздеріміз таусылмайды » сонымен , Мнайдарова Аяжан Ақан қызы «Анажан »   әнімен қарсы алыңыздар!!! ­Өте тамаша , әділ –қазылар баға бере тұрсаңыз!  ­Қошеметтеп Аяжан аруымызды шығарып салайық!  2­жүргізуші: «­Бала– Алланың берген ең қымбат сыйлығы» Ортаға «Бала тілегі» әнін  айтатын Кәкімжанова Шолпан Әлібек қызы! Ду­қол шапалақ ! ­Қандай керемет ән , Арайлым  мен де әнші болғым келіп кетті ғой! 1­жүргізуші: Бекзат ,күлкімді келтірмеші! 2­жүргізуші: Жарайды ,ендеше сөз кезегі өздеріңізде, әділ­қазылар! ­Рахмет деп Шолпанды сахна сыртына шығарып салайық.Қошемет! 1­жүргізуші: «Иесі де, киесі де,                           Мынау дархан даламның,                            Сендерсіңдер күйін шертіп,                            Айтөренің сал әнін »­деп ортаға соңғы аруымыз   Қадыржанова Сабина Пазыл қызын шақырамыз, қарсы алыңыздар! 2­жүргізуші: Жарайсың Сабина маған қатты ұнады , ал қазылар алқасы не дер екен! Рахмет улкен сахна сыртына сізді қошеметтеп шығарыа салайық! 1­жүргізуші:Бекзат , аруларымыз бірінен –бірі өткен әнші екен.Әділ қазылар алқасы ұпй  санын санай берулеріңізге болады. Тек, Ескеретін жағдай  бүгінігі«Айгөлек» байқауының  жеңімпазын анықтау үшін  көрермендеріміздің де дауысы есепке алынады. 2­жүргізуші: Құрметті жиналған қауым , қолдарыңызда тұрған қағазға , сіздерге ерекше   ұнаған ұлымыздың немесе қызыдарымыздың есімін жазып көмекілерімізге беріңіздер! 1­жүргізуші: Ия , Бекзат,енді құрметті әділ –қазы алқаларымыз жалпы ұпай санын санап  алғанша , Жоғарғы сыныптар оқушыларынан құралған заманауи билерімен қарсы алайық!  (флешмоб)  2­жүргізуші: Қатысушыларымыз және көрермендеріміз үшін көптен күткен сәт, әділ­ қазы  алқасы сөз кезегі өздеріңізде. (Жеңімпаздарды жариялап , мадақтау қағазы ұсынылып ,арнайы сыйлық табысталады) 1­жүргізуші: ­Осымен бүгінгі «Айгөлек » балалар байқауы да тәмәмданып қалды .  Жиналған қауым келгендеріңіз үшін көп – көп рахмет ! Хормен: Көріскенше , Сау саламат болыңыздар ! Қатысушылар«Айгөлек» әні» орындайды.                                       Көктерек негізгі мектебі. «Айгөлек» 2015 Орындаған: Есеналина Н.А.                                                                                                        2015 жыл.

«Айгөлек» 2017

«Айгөлек» 2017

«Айгөлек» 2017

«Айгөлек» 2017

«Айгөлек» 2017

«Айгөлек» 2017

«Айгөлек» 2017

«Айгөлек» 2017

«Айгөлек» 2017

«Айгөлек» 2017
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.10.2018