Алгебра_9сынып_Кездейсоқ оқиғалар

  • pptx
  • 13.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Алгебра_9сынып_Кездейсоқ оқиғалар.pptx

Кездейсоқ оқиғалар

Оқу мақсаты
9.3.2.2
Элементар және элементар емес оқиғаларды ажырату

а) Адам жарты ғасыр өмір сүреді (жауабы: мүмкін емес)
ә) Тиынды лақтырғанда елтаңба жағы түседі. (тең мүмкіндікті)
б) Шілде айында Оралда қар жауады (мүмкін, бірақ өте сирек, яғни бұл оқиғаның мүмкіндігі. өте төмен)
в) Осы аптада мен тамақ ішемін (ақиқат).
г) Ойын сүйегін лақтырғанда 5 саны түседі (мүмкіндігі төмен, 2 саны ойын сүйегінің тек бір жағында, ал қалған бес жағында 2-ден өзге сандар).
ғ) Ойын сүйегін лақтырғанда жұп саны түседі (тең мүмкіндікті, өйткені жұп сандар мен тақ сандар саны тең).

https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/9-synyp/ehlementar-oqihalar-kengistigi-oqihalarha-qoldanylatyn-amaldar

Сынақтың қандай да бір нәтижесінің орындалуын (немесе орындалмауын) элементар оқиғалар
 деп атайды, яғни сынақтың қандай да бір «жіктелмейтін» нәтижесін айтады.

Сынақтың әрбір элементар нәтижелерінің жиынын элементар оқиғалар кеңістігі деп атайды .

Кездейсоқ оқиғалар (немесе жай оқиға) сынақ барысында орындалатын не орындалмайтын оқиға.

Егер оқиға сынақ нәтижесінде міндетті түрде орындалатын болса, онда ақиқат оқиға деп аталады.

Егер оқиға сынақ нәтижесінде міндетті түрде орындалмайтын болса, онда жалған оқиға деп аталады .

Егер А оқиғасының орындалуы немесе орындалмауы В оқиғасының орындалуына немесе орындалмауына әсер етпейтін болса, онда бұл А және В оқиғаларын өзара тәуелсіз оқиғалар деп, ал өзге жағдайларда оқиғаларды бір-біріне тәуелді оқиғалар деп атайды.

Егер екі кездейсоқ оқиғалар бір сынақ нәтижесінде қатар орындалуы мүмкін емес болса, онда бұларды үйлесімсіз оқиғалар деп, ал өзге жағдайларда бұл оқиғаларды үйлесімді оқиғалар деп атайды.

Тапсырма 1:
а) Тиын екі рет тасталды. Элементар оқиғалар кеңістігі неше элементтен тұрады және қандай?

Тапсырма 2:Кестені толтырыңыз: