Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа жыл!
Мақсаты: Оқушылардың Жаңа жыл мерекесі туралы ұғымдарын тереңдете отырып мерекелік көңіл күй тудыру, әсемдікке, шығармашылыққа, өзара достық қарым-қатынасқа баулу.
Кейіпкерлер: Мыстан кемпір(4), Жүргізуші (1), Жаңа жыл(Тауық), Ескі жыл(Маймыл), Ақша қар, Аяз ата.
Залда шырша әсем безендірілген, музыка ойнап тұрады.
Ертеңгілік 4-сынып оқушыларының орындауындағы «Небеса»биімен басталады.
Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп
«Аяулы күз, алтын күз»
14 сыныптарға арналған сайыс
Өткізген:Э.Т.Уалиева
20152016 оқу жылы Мақсаты:
Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне
ұйымшылдықпен қатыса отырып, күзбайлық, күзбереке, күзмолшылдық,
күзшаттық, күзқуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере
отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! «Аяулы күз, алтын күз»
мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер. Қасиетті күз мезгілінің бір
сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз – жазтара даланың дархан
дастарханы. Күз дегеніміз – байлық, молшылық.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Алтын күзгк арналған ,
Кешімізді бастайық!
дей келе бүгінгі «Аяулы күз, алтын күз» сайысын бастауға рұқсат етіңіз.
Бүгінгі «Аяулы күз, алтын күз» сайысына қатысатын топтарды ортаға
шақырайық. Қол соғып, хошеметпен қарсы алайық.
1.Нарттай болып құлпынай
Пісіпті ғой, шіркін –ай!
Құлпынайдың дәмінен
Татуға жұрт ынтықай!
Құлпынай тобын шақырамыз (даярлық сынып)
2.Бір ғана аяғы бар
Әдемі киген қалпақтары бар
Саңырауқұлақ тобын шақырамыз(1сынып)
3. Дәмім тілді үйірген
Мен түздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне! Қияр тобын шақырамыз(2сынып)
4. Мен алмамын,алмамын,
Таңдайда қалар бар дәмім, дей отыра алма тобын шақырамыз(3сынып)
5.Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген?
Қызанақ тобын шақырамыз(4сынып)
Жүргізуші:
Күз мейрамы құтты болсын баршаға,
Күздің сәні боп келіп қапты гүлдер ортаға.
Әділқазы алқалармен таныстырып,
Кетейінші осы отырған баршаңызға, дей отырып құрметті көрермендер
әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін:
1 – _____________________________________________________
2 – _____________________________________________________
3 – _____________________________________________________
Жүргізуші:
Бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейік:
1. «Біз біргеміз» /топ таныстыруы, кеуде тағар, ұраны, әні/
2. «Өнерлі өрге жүзер» /өнер сайысы/
3. «Білгенгемаржан» /жұмбақтар сайысы/
4. «Көрме» /үй тапсырмасы/
Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен,ізетпен танысуғадей келе алғашқы айналым өзінөзі таныстыру
сайысын бастайық.
Жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден – деп, ІІ бөліміміз «Өнерлі өрге жүзер» /өнер сайысы/
1 топ: «Құлпынай»
2 топ: «Саңырауқұлақ»
3 топ: «Қияр»
4 топ:«Алма»
5 топ: «Қызанақ» Жүргізуші:
Білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл ойға кел дейді
Білім ой мен арымыз,
Рухани ол нәріміз
Сайыскерлер сіздерге,
Қол соғамыз бәріміз! – ІІІ бөлім «Білгенгемаржан» /жұмбақтар сайысы/
/Музыка қосып топтарды ортаға шығару/
1топ:Құлпынай
1. Сырты қызыл,
Өзі тәтті
Ол не? (алма)
2. Шекер ме екен, бал ма екен,
Салбыраған, тал да екен
Атын тауып, дәл айтатын
Бала, сірә бар ма екен?(жүзім)
3. Іші жұмсақ,сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.(қарбыз)
2топ:Саңырауқұлақ
1.Бойын жерге жасырған
Бұрымы бар жасылдан
(сәбіз)
2.Бақшадан келген ала доп
(қарбыз)
3.Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады
(пияз)
3топ:Қияр
1.Жапжасыл, сопақ дақыл жерде жатыр,
Дер кезінде жинамасаң,сарғйып кетер батыр. (қияр)
2. Аспай піскен,
Қайнамай түскен
(жеміс)
3. Іші тәтті
Қызарды күз жеткенде (алма) 4топ:Алма
1.Ұзын мұртты сарылар
Қойнында дәні бар
(бидай)
2.Көктемде тонатқа себеміз,
Өнімін зауыттарға береміз.
Домалақ дақылдың ағарып,
Қант болып шыққанын көреміз.
Ол не? (қызылша)
3.Доп жатыр жемісі бар,
Қабат қабат терісі бар.
(орамжапырақ)
5топ:Қызанақ
1.Түбі толған құмалақ.
(картоп)
2.Жазда өседі,
Күзде түседі
Ол не?
(Жапырақ)
3.Ирекирек әкесі бар,
Желбіреген шешесі бар,
Тәттібике деген қызы бар.
/Шие/.
Жүргізуші:
Күзгі жеміс жидектен
Жасаған тамақ тұр міне
Мұрныңды жара есіктен
Неткен дәмді тағам ең! деп, «Күзгі дастархан» көрмесі.
Әділқазылар алқасы әр топ жасаған үй тапсырмасын бағалайды.
Жүргізуші:
Міне, біз бүгін көптен бері ізденіп, тынбай дайындалған «Алтын күз»
мерекесіне байланысты өтіп жатқан «Алтын күз» сайысын анықтайтын уақыт
жетті.
Әділ қазы алқасы,
Берсін әділ бағасын деп сөзді әділ қазылар алқасына сөз кезегін береміз.
/Мадақтау/ Жүргізуші:
Білім теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өміркүрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күнненкүнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар, деп отырып бүгінгі «Алтын күз» атты
сайысымызды аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!
Алтын куз
Алтын куз
Алтын куз
Алтын куз
Алтын куз
Алтын куз
Алтын куз
Алтын куз
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.