Алтын куз

  • Мероприятия
  • docx
  • 08.12.2017
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Публикация является частью публикации:

Иконка файла материала жана жыл.docx
Бекітілді  _____________                                              Келісті________________ Мектеп директоры:А.Г.Сейтенова МДТІЖО:А.К.Арынова «    »____________   2016ж  «    » __________   2016ж                      Бастауыш сыныптарына арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» ертеңгілі Жауапты: 4«А» сынып Сынып жетекші: Э.Т.Уалиева2016­2017 оқу жылы Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа жыл! Мақсаты: Оқушылардың Жаңа жыл мерекесі туралы ұғымдарын тереңдете  отырып мерекелік көңіл күй тудыру, әсемдікке, шығармашылыққа, өзара  достық қарым­қатынасқа баулу. Кейіпкерлер: Мыстан кемпір(4), Жүргізуші (1), Жаңа жыл(Тауық), Ескі  жыл(Маймыл), Ақша қар, Аяз ата. Залда шырша әсем безендірілген, музыка ойнап тұрады. Ертеңгілік 4­сынып оқушыларының орындауындағы «Небеса»биімен  басталады.  Жүргізуші : Барлық жандар бір тілекке қосқан үн Бақытты боп бастады жыл дастанын Қуанышпен келді той боп жаңа жыл Құтты болсын жаңа бақыт достарым ­ Құрметті балалар, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне  арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Құттықтау сөзі мектеп директоры Сейтенова Анар Газизовнаға беріледі. 1­жартыжылдық оқу жылының аяқталу туралы бұйрығымен МДОІЖО Камзин Куаныш Серикбаевич таныстырада. Жүргізуші: Балалар енді біздің мерекемізде кім жоқ? ­ Аяз ата мен Ақша қар ­ Ия, Дұрыс Оларды барлығымыз қосылып шақырайық. ­Аяз ата,Ақшақар кел,кел,кел! Үш рет дауысымызды қатты шығарып  шақырайық. Оқушылар үш рет дауыстарын шығарып Аяз ата мен  Ақшақарды  шақырады,бірақ олардың орнына ортаға 4 мыстан кемпір шығады Кірген қонақтар орта билеп,оқушарды қорқытуға кіріседі. 1­мыстан: Пай­пай!Біз қайда келдік өзі? 2­мыстан:Мына шыршаның кереметін­ай! Үйге алып кетсек бе екен? Осы кезде 4 мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбірімен жұлып алғылары  келеді.  Жүргізуші: Мыстан  әжелер!  Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап  жатырмыз,тимеңіз біздің шыршамызға! Бізге Аяз ата келеді.  3­мыстан:Аяз ата дейсіңдер ма? Ха­ха­ха. Сендерге аяз ата келмейді.Біз Аяз ата  мен Ақшақарды байлап кеткенбіз. 4­мыстан:Олардың орнына біз келіп тұрмыз.Не ұнамай тұрмыз ба?Бой десе  бойымыз бар?Оның үстіне қандай сұлумыз а?Жүргізуші:Мыстан әжелер олай болмайды ғой ,балалар бұл мерекені бір жыл  бойы тосты.Аяз аталарына арналған өнерлері бар. 1­мыстан:Аяз ата мен Ақшақарды  босатқыларың келеді ма? Балалар:Иә 2­мыстан:Біздің бір шартымыз бар, орындасаңдар Аяз­аталарыңды  босатамыз.Орындайсыңдар ма?Ендеше  шартымыз мынадай жаңа жылдық ән  шашуларыңды тыңдағымыз келіп тұр. Жүргізуші: Балалар олай болса «Жаңа жыл» әнін орындап берейік. Балалар  шыршаны айнала жүріп ән орындайды. Даярлық сынып,1­4 сынып оқушылары «Жаңа жыл» әнің орындайды. 3­мыстан:Туу, мына, балалар қандай өнерлі еді?Біздің шартымызды орындады  ғой Аяз ата мен Ақшақарды босатып алып келейк. Мыстан кемпірлер шығып кетіп,Аяз ата мен Ақшақарды ертіп,алып келеді. Аяз атаның сөзі: Амансыздар ма,Тәуелсіз елдің бақытты ұрпақтары,аяулы аналар,ардақты ұл­ қыздарым,бүлдіршін балаларым! Уа,жұртым,жиналған. Көңілдерің дүр маржан, Айналайын ұлдардан, Айналайын қыздардан. Аяз та,Ақша қар Жетті жолдан қиналған  Ештеңе емес барлығы,  Алдымыздан күлді арман Мықтылығым мәлім ғой.  Өтіп кеткен жылдардан.  Ақшақар: Амансыздар ма,балалар,ұстаздар,ата­аналар! Өздеріңізді сағынып  келдік. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.Тауық жылы табыс жылы болсын!  Береке,бірлік әкелсін.Тарихи жыл болсын. Аяз ата: О,қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім.Шын тілеген  ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау сотүстіктен бұғымызға  шанамызды жеге салып келіп тұрмыз. Ақшақар: Аяз ата,дұрыс айтасыз! Иә,достар.Біз келгенше көптеген жерлерде  болдық.Әлемнің әр жерінде той­думан болып жатыр. Жүргізуші: Құрметті Аяз ата,Ақша қар,халайық! Жаңа жылдық мерекелеріңізбен құттықтап өнердің өрінде жүрген өнерпаздарымыздың  өнерлеріне куә  болыңыздар.Даярлық сынып оқушыларының  орындауында: Әдеби монтаж Би«Домбыра» Жүргізуші: Шырша тойы құтты болсын ағайын, Жыр тойында би билеп ән салайық Күлкінің керуеніне біз де ілесіп, Езу жимай бір жарасып қалайық. 1­сынып оқушыларын орта шақырып  өнерлерін тамашалайық. 1­сынып оқушыларының орындауында: Би«Ақ ұлпа» Би«Вальс» 1­мыстан :Құрбылар,бұл мереке жақсы өтіп жатыр бізде үлесімізді қоссақ  қайтеді.Балалармен ойын ойнайық Ойын«Шарлар» 4­сынып оқушыларының орындауында «Аяз аталар» биі Жүргізуші: Жаңа жылды қарсы алдың Мініп алып күймеге. Мен де бүгін ән салдым, Араластым биге де... деп   2­сынып оқушыларының өнерлерін тамашалауға  шақырамыз.«Флешмоб» Жүргізуші: Барлық жандар бір білекке қосқан үн Бақытты боп бастады жыл дастанын Қуанышпен келді той боп жаңа жыл Құтты болсын жаңа бақыт достарым 3­сынып оқушыларының өнерлерін тамашалауға шақырамыз. Мыстан кемпірлердің ойыны 4­сынып оқушыларының орындауында «Жаңа жылдық ойыншықтар»биі Жүргізуші: Балалар біздің Аяз ата мен Ақшақармен қоштасатын уақыт келді.Аяз ата: Балалар өнерлерің тамаша екен.Өнерлерің әрі қарай шыңдала  берсін.Менің әлі баратын жерім көп,сендер сияқты әр жерде балалар тосып  отыр.Ақшақар екеуміз қайтайық.Келесі жаңа жылда кездескенше сау  болыңыздар! Мыстан әжелер:Бізде сіздермен басқа балаларға барайықшы, жаңа жыл  мейрамы жақсы екен. Аяз ата,Ақшақар мыстан әжейлермен бірге кетеді. Сөз кезегі ата­аналар комитетінің төрайымы Зухай Еркінгүлге беріледі. Жүргізуші: Ән тыңдап,би биледік бүгін тойда, Қалады бүгінгі күн ойымызда. Демалып Жаңа жылға қадам бастық, Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!  Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!