«Алтын күз»
Оценка 4.7

«Алтын күз»

Оценка 4.7
Культурные мероприятия
doc
воспитательная работа
Детсад
27.11.2017
«Алтын күз»
Мәуе пісіп балбырап, Маужыраған қоңыр күз. Алма пісіп албырап, Көзді тартқан көріңіз, - дегендей, күз мезгілі өте әсем де тамаша мезгіл. Ендеше бүгінгі біздің қоңыр күзге арналған ертегімізді қабыл алыңыздар. Ерте, ерте, ертеде, Ешкі жүні бөртеде Қырғауыл жүні қырғи екен, Құйрық жүні ұзын екен. Жыл мезгілдер патшалығында Күз ханшайымы болған екен.
сценарий АЛТЫН КҮЗ.doc
«Алтын күз» Жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермендер! Бүгінгі біздің «Алтын  күз» атты  мерекемізді салтанатты түрде ашық деп жариялаймыз. Мәуе пісіп балбырап, Маужыраған қоңыр күз. Алма пісіп албырап, Көзді тартқан көріңіз, ­ дегендей, күз мезгілі өте әсем де тамаша мезгіл. Ендеше бүгінгі  біздің қоңыр күзге арналған ертегімізді қабыл алыңыздар. Ерте, ерте, ертеде, Ешкі жүні бөртеде Қырғауыл жүні қырғи екен, Құйрық жүні ұзын екен. Жыл мезгілдер патшалығында Күз ханшайымы болған екен. Ханшайым: Уәзірлер қайдасыңдар? Тез келулеріңді бұйырамын! 1­уәзір: О. Ұлы ханшайым, айтқан бұйрығыңды орындауға дайынбыз. Ханшайым: мен естіп жатырмын мынадай сыбысты: басқа патшалықтарда күз мезгілін  көңілсіз, мұңды етіп санайды екен. 2­уәзір: кім айтты бұндайды? 1­уәзір: жалған, олай емес! 2­уәзір: күз – ең тамаша мезгіл деп санаймын. Ханшайым: Ендеше үлкен той жасап, күз мезгілінің қандай тамаша екенін көрсетейік  баршаға. Ал кәнекей, уәзірлер, шақырыңдар баларымды. Екі уәзір даңғыра ойнап тұрады. 1­уәзір: Хабарландыру! Жыл мезгілдері патшалығында өмір сүретін барша жұртты  ханшайым сарайына «Күзгі балға» шақырамыз! Қыркүйек: Армысың, анашым! мінекей сіздің хабарландыруыңызды естіп, өз ауылымның  тұрғындарын ертіп келді. Қарсы алыңыздар! Қазан: Сәлеметсіз бе, анашым! патша сарайында «Күзгі бал» мерекесі болатынын естіп,  мен де өз ауылымның тұрғындарымен келдім. Қараша: Сәлеметсіңбе, анашым және сүйікті бауырларым. Мінекей сендер өз  тұрғындарыңмен келіпсіңдер. Ендеше менің де ауылымның тұрғындарын қарсы алыңдар! Ханшайым: Бүгінгі біздің осы сарайда жиналуымыздың себебі – алтын күзді көңілді, мәз  ­ мейрам, шаттық күлкімен тойлау. Ендеше бүгінгі мейрамымызды бастайық. Уәзірлер,  сендерге осы мерекені ұйымдастыруды тапсырамын. «Күз» әні Күз өлеңдері. 1. Сыздыкова К. 2. Ахтамберов Расул. 3. Алимбаева  Камила. 4. Муздыбаев Елдар. 5. Молдабекова А. 6. Рысмұхамбетова А. 7. Абылқасымов Е. Күз ханшайымы: ­Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. (Жұмбақтар жасырылады). Күз өлеңдері. 1. Қарашашева А. 2. Путинцев М. 3. Мұсат М. 4. Қажнабиев А. 5. Рамазан А. 6. Дандина А. 7. Ахметулла М. 8. Шакирова А. 9. Тлеулесов Д. 10.Қайрбай Т. Күз ханшайымыны балаларға ойындар ойнатады.  Ойын: «Қолшатыр»   «Алтын астық» әні. 1.Көктемде егін егеді, Күзде жиын береді. Біздің дала – бай дала, Алтын астық айнала. 2.Ел егінді жинайды, Қырманға дән сыймайды. Біздің дала – бай дала, Алтын астық айнала. 3. Астық ­ дала сәулеті, Астық ­ Отан дәулеті. Біздің дала – бай дала, Алтын астық айнала. Көкөністер сайысы. Шие (Айсұлу) Мен шиемін,шиемін, Күннің көзін сүйемін. Қышқыл шырын  менде бар, Төмен басты иемін. Қарбыз (Тамерлан) Теңбіл­теңбіл қарбызды, Тентек Серік жарғызды. Қызанақ (Сыздыкова ) Піскен кезде қызанақ, Көз тартар қызыл түсімен. Бар ма адам сүйсінбей, Томат шырынын ішпеген? Алмұрт (Сурайа) Мен алмұртпын, алмұртпын, Аузындамын бар жұрттың. Алма (Аруана) Мен алмамын, алмамын, Таңдай жұлар бар дәмім. Шалқан (Ерасыл) Кім білмейді шалқанды, Талайлар маған таңқалды. Пияз (Аделя) Боламын мен дәмдеуіш, Барлық­барлық тағамға. Көкөністер ішінен, Мен пайдалы адамға. Қияр (Азат) Дәмім тілді үйірген, Мен тұздалған  күйімде. Жаңа піскен кезімде, Жейді бәрі сүйсіне. Сәбіз (Елдар) Жербетіндешашы бар, Жерастында басы бар. «Көкөністер биі». (ұлдар билейді). Ойын: «Жапырақтарды жинау» «Жапырақтар биі»  (Қыздар билейді)

«Алтын күз»

«Алтын күз»

«Алтын күз»

«Алтын күз»

«Алтын күз»

«Алтын күз»

«Алтын күз»

«Алтын күз»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
27.11.2017