"Алғыс айту"

  • docx
  • 15.05.2021
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 1 наурыз алгыс айту.docx

1 наурыз – Алғыс айту күні

Мақсаты: Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу.
Көрнекіліктері: оқулық, дәптер, сандықша
Барысы:
І. Ұйымдастыру
 Оқушылар тізбектеліп, бір - бірлеріне тілек білдіріп шығады.
Ризашылық өлеңін оқу
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
ІІ. Кіріспе.
«Орынын тап» ойыны
Оқушыларға әріптер беріледі. Осы әріптердің артында жұмбақтар жазылған. Олардың жауаптары тақтада ілінеді. Әріптерді дұрыс жауаптардың орнына орналастыра отырып, сабақтың тақырыбы ашылады.

 
Шаңырақ – күн,
Уықтары - нұр, шашқан.
Екі пырақ, көк аспанға ұласқан.
Жарқырайды темірқазық жұлдызы,
Жол көрсетіп, алға бас - деп, Қазақстан! (Герб)
Ыстық дейді оны оттан,
Патриот оны ұнатқан.
Оңбайды бұл өмірде,
Адам оны жоғалтқан. (Отан)
Баспана көшпендіге өте ыңғайлы,
Әдемі мекен екен, жанға жайлы.
Тентектік істеп қойсаң, әке - шешең,
Сені тағы бұрышқа қоя алмайды. (Киіз үй)
 
Егіз қайың,
Бой - бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес - бестен. (Қол)
Бір малға екі бала мінгеседі,
Айлап - жылдап түспестен күн кешеді. (Түйе)
Тұмсығымен ояды,
Ағаш құртын жояды. (Тоқылдақ)
Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, жондарды,
Ауылды, қаланы, халықты...,
 
Ойлап тап, көтерген алыпты. (Жер)
Тау, қыр, жазық, өзен, көл –
Қабырғада биік тұр.
Нансаң, кел, өзің көр –
Бір қағазға сыйып тұр. (карта)
Емес ол кітап та, дәптер де,
Жүреді бірақ та портфельде.
Көрсетіп ондағы бағаңды,
Қуантып қоясың ағаңды. (күнделік)
 
 

Тақырыптың мақсатын түсіндіру.

Әңгімелесу
Ризашылық дегеніміз не?
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
- Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
- Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.

ІІІ. Негізгі бөлім.
Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

- Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты? Адамдар арасындағы ынтымақты қарым - қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған ортасына тікелей байланысты. Сондықтан «Ризашылық» атты Қазақстан елінің барлық оқушылары мен отбасылары қатысатын акциясы өткізіледі. Осы акция төңірегінде көмекті қажет ететін балалар мен ересек адамдарға ақшалай, тұрмысқа қажет құралдар мен киім - кешек түрінде көмек көрсетіледі. Осы акцияның негізін салушы Сара Алпысқызы.

Бүгін – Рақмет айту (Thanksgiving Day) күні. Күннің халықаралық дәрежесі жоқ, мұны АҚШ және Канада халықтары қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде атап өтеді. Көз алдыңызға америкалық бақытты отбасылардың дастарқан басына жиналып, дәмді бәліштер мен күрке тауық етін жеп отырған сәті келді ме? Алайда, бұл мереке дастарқанмен ғана шектелмейді. Мерекенің ешбір дінмен байланысы жоқ, адамдар тек қана әрбір күн сайын не үшін рақмет айту керек екендігін ойланады.

Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді. Рақмет айту күнінің басты нышандарының бірі – түйе тауық. Себебі, ағылшындық колонистер мерекені алғаш тойлағанда орманда атылған төрт түйе тауықты жеген екен.

Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Рақмет айту күнін "Ұлттық мереке" деп жариялайды.
Бұл күні барлық отбасы міндетті түрде дастарқан басына жиналып, туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады. Қаладағы метроларда ерекше үстелдер орнатылып, адамдар ақша, азық-түліктерін қайырымдылыққа әкеліп қояды. ХVІІ ғасырдан келе жатқан әр түрлі киімдерді киген тұрғындар шеруге шығып, думанды кештер ұйымдастырады.

Әрине, мереке біздің менталитетке сай емес деушілер табылар. Дегенмен, жылдың бір күнінде не үшін рақмет айту керек екенімізді ойлана жүрсек артық етпейтін секілді. Көптеген адамдар материалдық жағынан толық қамтамасыз етілген болса да, алғыс айта білмегені үшін рухани кедей болып қалып жатады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алды.

"Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді", - деді Президент.

Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. "Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды - киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым", - деді ол.  
"Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады - барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген  қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе  әділетті болар еді", - деді Қазақстан Президенті.
 Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу...

Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін..

Топпен жұмыс
І - топ: Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау
ІІ - топ: Ағалы - қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау
ІІІ - топ: Сендер қандай жағдайда риза боласыңдар?
ІҮ - топ: Ризашылықты қандай жолдармен білдіруге болады?
Ү - топ: Дәйексөздің мағынасын түсіндіреді. «Өмірге риза болып, алғыс айт»
“Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.
«Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.
Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз»

Проблемалық сұрақ: «Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар? Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?»

Видео ролик. «Жақсылығың қайтар өзіңе»

ІҮ. Қорытындылау
- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сез
імдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
«Автограф» ойынын ойнату.
Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет.
Пікірлер себетін толтыру.
Б
үгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Осы саба
қта өздерің үшін қандай жаңалық аштыңдар?
Осы саба
қтан кейін қоршаған ортаға деген көзқарастарын өзгерді ме? Өзгерсе қалай

Начало формы

1 0

Конец формы

Начало формы

Конец формы

Начало формы

Конец формы

Пікір қосу

https://surak.baribar.kz/?qa=image&qa_blobid=11904672481180980700&qa_size=100 Белгісіз 28.02.2016 жауап берді

Өткен жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өте жақсы бастама көтерді. «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді» — деді Қазақстан Президенті.

Ал биыл 14 қаңтар күні Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні — 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Яғни, биыл көктемнің алғашқы күнінде ел халқы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтеді.

Алғыс айту күні — ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Б
ұл — тағдыр тәлкегімен Қазақстан аумағына еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына тағзым ететін күн! Қазақ халқы қиын-қыстау заманда өздерінің шекесі шылқып отырмаса да, келген ұлттардың бәрін бауырына басты, барын алдына тосты. Сондықтан бұл күн — түрлі ұлт өкілдеріне қорған болған Ұлы Дала еліне деген алғыс күні болуға тиіс!

Алғыс айту күні — Елбасы басшылығымен қиындықтарды бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін һәм тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Бұл — әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдаудың, репрессия мен жер аудару жылдарында қазақ халқы көрсеткен мейірімділік пен қамқорлықтың, рухани қайсарлықтың төл мерекесі болуға тиіс!

Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы — еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл атаулы күн еліміздегі ең жарқын мерекелердің бірі болады деген сенімдемін. Оның Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі жылында тұңғыш рет тойлануы да жақсы нышан.

Начало формы

1 0

Конец формы

Начало формы

Конец формы

Начало формы

Пікір қосу

Конец формы

https://surak.baribar.kz/?qa=image&qa_blobid=11904672481180980700&qa_size=100 Белгісіз 28.02.2016 жауап берді

«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы

13 желто
қсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «
Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы
№ 3827 Жарлы
ғына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1,
1-
құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

Жо
ғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелердің тізбесінде:

1-тарма
қ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ал
ғыс айту күні - 1 наурыз» мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Геолог к
үні - сәуірдің бірінші жексенбісі».

2. Осы Жарлы
қ алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Назарбаев

Астана, А
қорда, 2016 жылғы 14 қаңтар  № 173

Начало формы

1 0

Конец формы

Начало формы

Конец формы

Начало формы

Пікір қосу

Конец формы

https://surak.baribar.kz/?qa=image&qa_blobid=11904672481180980700&qa_size=100 Белгісіз 28.02.2016 жауап берді

Елбасы 2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы ассамблеясының XXII сессиясында сөйлеген сөзінде: «Сталиндік режім кезіндегі әр жылдарда бүтіндей бір халықтар – 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, 18,5 мың Қиыр Шығыстағы корей отбасылары қоныс аударды. Оларды вагондардан ашық далаға әкеліп түсірді. Ол кезде мұнда тек қазақтар ғана тұратын. Сондықтан қабылдаған да солар болды. Сөйтіп, өздері мұқтаждықта өмір сүріп жатқан қазақ отбасылары оларды өздерінің саман үйлерінде қабылдады. Біздің отбасымыз да үш баласы бар ерлі-зайыптыларды қабылдады», – деген болатын.

Сонымен
қатар Президент: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деді.

Осылайша, б
үгіннен бастап Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер қатары толықты.

Начало формы

1 0

Конец формы

Начало формы

Конец формы

Начало формы

Пікір қосу

Конец формы

https://surak.baribar.kz/?qa=image&qa_blobid=6280806388885831670&qa_size=100 Akbope 29.02.2016 жауап берді

Анама алғыс!
Жанарымды жайнат
қан жөргектегі елде.
Е
ңсесі түзу жан болар ма едім?
Құба талды бесігін тербетпегенде.
Түн ұйқысын тәркі етіп тынымсыздыққа
Қуанышы тасыған еңбектегенде.

Әкеме алғыс!
Ұл болсын деп тілеген Ер Түрігімдей.
Өмірімде бөрідей болуға баулып
Қойынына басатын бөлтірігіндей.
Ба
қытым болар жырымды жария етсем
Әуелеген әкемнің еркін үніндей.

А
ғаға алғыс!
Ұзай кетсем ойлайтын қамымды менің.
Бір б
әлеге тап болса құрсақтастарым
Қапсырмалап,қысатын жанымды демім.
Бауырларым болмаса тірегім бол
ған
Осыншама айбатты,арынды ма едім?!

Әпкеге алғыс!
Н
ұсқауымен көрсеткен кәделіні ұқтым.
Анамыздан айнымай туыл
ғаннан ақ
Иесіне айнал
ған әдемі үміттің.
Өшірмейтін жарығын мына әлемдегі
Белгісі болып жарал
ған әдеміліктің.

Ініге ал
ғыс!
Жал
ғасы болып өмірдің тұратын күліп.
Деп ж
үреді:"Ардақтап көтеремін мен
Атамызды
ң аманат,мұратын биік"
Қиындыққа кезіксе соққы болатын
Мені
ң жаным ол үшін тынатын күйіп.

Ұстазға алғыс!
Ба
ғым жанып,батылмен бел асқаныма.
Т
өзіндіріп өмірдің талаптарына
Ниеттеген арманны
ң ең асқағына.
Ар
қасында ұстаздың даналар баққан
Ой-
өрісім бұл күнде тең аспаныма.

С
үйгенге алғыс!
"
Үйленуге біздерге ерте" деп маған
Айтып ж
үреді,керемет күндер тілейді
Шы
ғыс жақтан ңұрланса ертелеп далам.
К
өздерінде бар әлем әрленіп қалып
К
үлімсіреп тұрады еркелеп маған.

Досыма ал
ғыс!
Бірге
қарсы шығатын қиындықтарға.
Е
ң бақытты ер болып жүретін едім
Қысылғанда достарым күйімді ұққанда.
К
өтеретін еңсемді егіліп,талсам
Жа
қсылықты жамандық зұлым жыққанда.

Еліме ал
ғыс!
Бала
ң едім батаңмен жанатын бағы.
Н
әтижесі тілектің өзіңнен туған
Мына
ұлыңның ақын болып жаратылғаны.
Қол жеткізіп еліме тарту етемін
Биіктікті
қыранның қанатындағы.

Өмірге алғыс!
Өнегеңді түсіндім бар күшімменен.
Айналайын,та
ғдырым, қасиетіңнен
Келіп т
ұрар бетіме қарлы шыңменен.
Шабыттан
ған жаныма жауап қатқайсың
Ей,
өмірім,алғысқа- алғысыңменен!!

Начало формы

1 0

Конец формы

Начало формы

Конец формы

Начало формы

Пікір қосу

Конец формы

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Хәрри Поттер мен пәлсапа тас. Бірінші тарау

 

Корейская косметика в Казахстане

Реклама

 

Алматыда үш оқушының мәйіті мұз астынан табылды

 

Бақытжан Бұқарбай Президентке айтар сөзін кітап етіп шығарды

 

Корейская косметика в У-Ка

Реклама

 

Білім және ғылым министрлігі "Астана" университетін сотқа берді

 

Яндекс рекомендации

Ұқсас сұрақтар

Начало формы

9жауап

Тәуелсіздік туралы өлең керек еді 4-5 шумақ болсада бір ақынның?

Ақжол_Орынбаев Кітап, Әдебиет 6.12.2011 сұрақ қойды |  329k қаралды

·         тақпақ

 

·         тауелсіздік

 

·         тәуелсіздік туралы

 

·         өлең шумақ

 

·         өлең

1жауап

Сынып сағатына топтарға арналған тапсырмалар керек?

Белгісіз Мектеп 29.11.2013 сұрақ қойды |  916 қаралды

·         сынып сағаты

 

·         президент

1жауап

Ән-көңілдің ажары, Ғарышқа самғаған күн, Табиғат-тал бесігіміз сынып сабағы?

Elza Мектеп 16.04.2013 сұрақ қойды |  2.8k қаралды

·         сынып сағаты

 

·         ән-көңілдің ажары

 

·         ғарышқа самғаған күн

 

·         табиғат-тал бесігіміз

2жауап

Абай Құнанбаев туралы сынып сағатын қайдан табамын?

Aikusik Мектеп 15.01.2013 сұрақ қойды |  909 қаралды

·         әдебиет

 

·         абай құнанбаев

 

·         сынып сағаты

1жауап

Заң және қоғам деген тақырыпта сынып сағатын тауып бере аласыздар ма?

Белгісіз Мектеп 15.09.2011 сұрақ қойды |  3.6k қаралды

·         сынып сағаты

 

·         заң және қоғам

Конец формы

Начало формы

Конец формы

Сұрақ қою

 

Оборудование SIEMENS Sipart kino 2estandart.kz

Испытай новых оперативниковcaliber.ru18+

Яндекс.Директ

·         Санаттар

·         Мектеп сұрақтары26.4k

o    Мектеп8.3k

o    Қазақ тілі5.4k

o    Математика2.8k

o    Химия2k

o    Информатика602

o    Аспан әлемі, Ғарыш188

o    Геометрия1.1k

o    Физика2.2k

o    Биология819

o    Психология183

o    География767

o    ҰБТ жайлы942

o    Үй тапсырмасы1k

o    Серпін-2050 жобасы71

·         Университет, колледж2.9k

·         Тарих сұрақтары1.8k

·         Компьютер, Интернет16.4k

·         Авто1.1k

·         Қаржы, Бизнес2k

·         Саясат, Мемлекет1.7k

·         Заң1.8k

·         Өмір, Тіршілік4.8k

·         Тағам, Аспаздық969

·         Жұмыс1.3k

·         Экология, Табиғат1.2k

·         Денсаулық6k

·         Спорт3k

·         Танысу, Махаббат2.6k

·         Көңіл-көтеру1.7k

·         Өнер1.5k

·         Қыдыру, Демалыс448

·         Кітап, Әдебиет3.1k

·         Құрылыс, Жобалау370

·         Музыка, Ән5.7k

·         Ұялы телефон5.2k

·         Әлеуметтік желі1.6k

·         Кино, Теледидар3.1k

·         Сурет, Видео1.4k

·         Тұлға, Адам2.9k

·         Салт-дәстүр931

·         Логикалық сұрақтар3.2k

·         Жалпы сұрақ13.6k

·         Онлайн конференция7

118,794 Сұрақ

306,798 Жауап

153,308 Пікір

68,769 Қолданушы

·         Кіру

·         Тіркелу

·         FAQ-көмек

·         Кері Байланыс

·         Сайт ережесі

·         Аспаз жобасы

·         Құттықтау

·         Студент үшін

·         Тест

·         50 жас кәсіпкер

·         Түсіндірме

·         Картотека

·         Жарнама (Реклама)

·         Жоба туралы

·        

Сізге соңғы хабарлар туралы жіберіп тұрайық па?

Жоқ Әрине


 

Скачано с www.znanio.ru