ІІ кіші топқа арналған 8-наурыз мерекесінің ертеңгілігі
8 наурыз бүгінгі –халықаралық әйелдер күні, жылдың басқа мезгілінде болуға қисыны келмейтіндей. Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір,жылылық пен әсемдік сыйлайды. Аяулы аналар, құрметті апалар,әжелер!Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесіін тойлауға жиналып отырмыз.Ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларыңызға қуаныш пен амандық тілейміз.
8 наурыз ІІ кіші топ 2017.docx
«Ана өмірдің гүлі»
ІІ кіші топқа арналған 8наурыз мерекесінің ертеңгілігі
Балалар музыка ырғағымен залға кіреді, жарты шеңбер болып тұрады.
Жүргізуші:
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған,
Бақыты үшін баланың,
Аман сау бол, ақ мамам, деген әдемі әндер балалардың аузынан түспей мәңгі айтылы
берсін.
8 наурыз бүгінгі –халықаралық әйелдер күні, жылдың басқа мезгілінде болуға қисыны
келмейтіндей. Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір,жылылық пен әсемдік
сыйлайды. Аяулы аналар, құрметті апалар,әжелер!Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесіін
тойлауға жиналып отырмыз.Ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларыңызға қуаныш пен
амандық тілейміз.
Ал сендер, балалар, аналарың мен апаларынның мерекелерімен құттықтауға дайынсыңдар
ма? /ия/
Хор: «Туған күніңмен Мама»
Жания:
Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз баланың
Анаға айтар лебізі
Ерасыл:
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан
Бағдәулет:
Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе дана әжем
Балнұр :
Мерекесі бүгін
Алтын анашымның
Сыйлайыншы гүлін
Жарқын даланың
Айымбибі:
Біліп тұрсың жан анам
Міндеті үлкен балаңның
Күтері сол баладан
Ана менен Отанның
Би «Вальс» бір топ бүлдіршіндер
/орындарына отырады/
Жүргізүші:
Мінеки біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз өздерінің аналарын қалай жақсы көретіндерін
білдірді. Енді аналардың өздерінің балаларын қаншалықты жақсы көретіндерін біз қазір
«Өз балаңды тауып ал» деген ойын арқылы байқап білеміз. Ойын «Өз балаңды тауып ал» /2 рет/
Жүргізүші:
Біздің аналарымыз да өз балаларын өте қатты, жақсы көреді екен.
Жүргізүші:
Мерекеміздің келесі бөліміне көшпес бұрын мен бүгінгі қонақтарға жұмбақтар жасырғым
келеді.Сендердің аналарың мен апларың жұмбақтардың шешүін таба алама екен?
Тастантасқа секiредi,
Қалқиып қос құлағы,
Ойын болып көкiрегi,
Аула оның тұрағы. (Лақ)
Жағасында бұлақ
Жайылып жүр… (Лақ)
Сұрғылт тартқан түсi бар.
Ақсиған көп тiсi бар
Тыным таппай жүгiрiп,
Сiлекейi шұбырған,
Қыстау маңын ториды,
Ауылдың өш бар итi. (Қасқыр)
Төрт түлiктiң рэкетi,
Түзде жүрер көк серi. (Қасқыр
Жүргізүші:
Дұрыс, жұмбақтардың шешуін таптыңыздар. Енді біздің қонақтарымзға бір қызықты
ертегіні айтуға тура келіп тұр.
Жүргізүші: «Қасқыр мен Жеті лақ » ертегісі
Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз,
кесірқырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан
ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің
қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың
бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты,
абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.
Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Осымен бүгінгі «Ана өмірдің гүлі» атты
мерекелік ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп көп
рахмет! Келесі кездескенше амансаболыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да
мерекелеріңізбен!
"Ана омірдін гулі"
"Ана омірдін гулі"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.