"Қасқыр мен жеті лақ" ертегісі
Оценка 4.6

"Қасқыр мен жеті лақ" ертегісі

Оценка 4.6
Разработки уроков
doc
воспитательная работа
2 кл—3 кл
26.11.2019
"Қасқыр мен жеті лақ" ертегісі
Мақсаты:балаларды «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісімен таныстыру. Міндеттері: Білімділік: балаларға әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс – тұрысын талдауға баға беруге үйретуді жалғастыру; Дамытушылық: сөздік қорларын молайтып, сөйлеу қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру; Тәрбиелік: ұқыпты және сабырлы болуға тәрбиелеу.
Қасқыр мен 7 лақ ертегісі.doc

ІІ кіші топқа  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің

                                                        технологиялық  картасы

 

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі  _

Мақсаты:балаларды «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісімен таныстыру.

Міндеттері:

Білімділік: балаларға әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс – тұрысын талдауға баға беруге үйретуді жалғастыру;

Дамытушылық: сөздік қорларын молайтып, сөйлеу қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;

Тәрбиелік: ұқыпты және сабырлы болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: қасқыр, лақ

Қостілдік компоненет: қасқыр – волк, лақ - козленок

Керекті құрал - жабдықтар: кейіпкерлердің суреттері

 

Әрекет

Кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

 

 

Мотивациялық-

Қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Еліміз аман болсын !

Анамыз аман болсын!

Деніміз сау болсын!

Бақшамыз гүлдене берсін!

 

Жарты шеңберге кілем үстіне отырады. Қызыға, мұқият тындайды.

 

 

 

Ұйымдастыру– іздестіру

Кіріспе әңгіме.

-         Балалар, сендер қандай ертегілер білесіңдер?

-         Ертегі тыңдаған сендерге ұнайды ма?

-         Бүгін біз сенедермен «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісімен танысатын боламыз.

Ертегі оқу.

«Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі

    Ерте – ерте – ертеде орманның бір алаңқайында Ешкі өмір сүріпті. Оның сүйкімді жеті лағы болыпты. Бір күні Ешкі тамақ табуға кетіп бара жатып, лақтарына былай дейді: -    Лақтарым, шұнақтарым, есікті ешкімге ашпаңдар. Әйтпесе қасқыр келіп, сендерді жеп қояды.

Лақтар есікті ашпауға уәде береді.

Ешкінің кетіп бара жатқанын көрген Қасқыр лақтарды жеудің амалын ойластырады. Өз дауысымен келіп лақтарға Ешкінің әнін де айтады, бірақ лақтар алданбайды. Қасқыр енді ұстаға барып дауысын өзгертіп келеді, лақтардың енесіндей жіңішке дауыспен әндетіп, лақтарды жеп қояды.

    Ешкі үйіне келіп, лақтарын іздеп жылайды. Ешкі де айласын асырып, лақтарын құтқарып алады.

Әңгімелесу.

-         Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?

-         Қасқыр  қандай?

-         Қасқыр лақтарды алдау үшін не

істеді?

 

Сергіту сәті:

Өн бойымды тік ұстап,

Таянамын бүйірді.

Бастап кетем

Дұрыстап

Сәйгүлікше жүруді.

Бір! Екі! Бір! Екі!

(С. Қалиұлы)

«Қасқыр мен қоян» ойыны

Балаларды шапшандыққа, ептілікке жылдамдыққа баулу.

 

-         Бауырсақ, Айлакер түлкі, Арыстан мен тышқан.

Қуанады, суреттерге қарап отырып, ертегіні тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыңдайды, суреттерге қарайды.

 

 

 

 

 

 

-         Иә, ұнады.

-         Қорқынышты, қу.

-         Ол ұстаға барып, дауысын өзгертті.

 

 

Қимылдарын келтіре отырып орындайды.

 

 

 

 

 

 

Ойынға қызыға қатысады.

 

 

Рефлексивті– түзетушілік

 

Қорытынды:

Балаларға әртүрлі қимылдар жасатады:

Тікірейіп құлағы

Мене бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті – қолын жуады.

Диалогты сөздермен балаларға әңгімені рөлдер арқылы ойнатады

Балаларды мақтап, мадақтайды.

 

Қимылдар  жасайды.

 

 

 

 

Рөлге бөлініп ойнайды

 

Күтілетін нәтиже:         

Білу керек: әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс – тұрысын талдайды;

Болу керек: ертегі мазмұны туралы түсінік;

Істей білу керек: сөйлем құрастыра білу, өз ойын толық жасқанбай жеткізе   білу, рөлге бөлініп ойнауды.

 

 

"Қасқыр мен жеті лақ" ертегісі

"Қасқыр мен жеті лақ" ертегісі

"Қасқыр мен жеті лақ" ертегісі

"Қасқыр мен жеті лақ" ертегісі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
26.11.2019