Ата Заң- кемел келешек
Оценка 4.8

Ата Заң- кемел келешек

Оценка 4.8
Мероприятия
docx
классное руководство +1
Взрослым
02.04.2017
Ата Заң- кемел келешек
«Ата Заң- кемел келешек» атты салтанатты кештің сценарийі Жүргізуші: Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы-Конституция. Еліміз 1995 жылы өзінің талғам –талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Ата заңымыздың 19 жылдығына арналған «Ата Заң-кемел келешек» атты салтанатты кешімізге қош келдіңіздер. Бүгінгі салтанатты кешті ашу үшін сөз ауылымыздың әкімі Д. Насибековке беріледі. Жүргізуші: Қастерлемес даңқын кім Қадірлемес салтын кім Гимні елімнің Үні, тілі халқымның (ҚР мемлекеттік гимні орындалады) Баяндама: Тәуелсіздік – тірегім, Ата заңым – айбарым Жүргізуші: Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік.Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды. Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі межеге биыл 19 жыл толып отыр. Ән: Жүргізуші: Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі- өнегеге айналды. Конститутция –біздің асқақ абыройымыз, Қарулы күштер –ашық аспанымызды қорғайтын айбынды абыройымыз! Құттықтау сөз: Мектеп директоры: А. Қаракеева Жүргізуші: Біздің Негізгі заң –бұл біз бірлесіп жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика тұрғызып жатқан сенімді іргетас.Қысқа мерзімде біздің еліміз болашаққа серпінді секіріс жасады. Біздің көз алдымызда еліміздің жаңа тарихы қалыптасуда. Құттықтау сөз: Ақсақалдар кеңесінің төрағасы: Е. Маханбетов Ән: Жүргізуші: Анасыздар, әр үйге панасыздар, Бала десе от болып жанасыздар. Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып, Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар. Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар - Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар. Маздататын, жүректе от лаулататын, Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар,- бүгінгі жиынымызға « алтын алқа», «күміс алқа» иегерлері құрметті аналарымыз қатысып отыр. Олай болса кезекті алқа тапсыру рәсіміне кезек береміз. (Алқа тапсыру рәсімі) Жүргізуші: Анасыздар, кең байтақ даласыздар. Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар. Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ, Үлбіреген жауқазын баласыздар. Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған, Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған, Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар, Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған. Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз. Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз. Айнала ұшып сіздерді көбелек боп, Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз,- дей отырып келесі құттықтау сөзді музыкалық сәлемімен бірге Қожхметов Рахия апайға береміз. Ән: Жүргізуші: Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі –бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату»идеясына қойылған ескерткіш-белгі. Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнеленген бұл алаң –еліміздің басты алаңы. Конститутция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті.Сондықтан да біздің ортақ парызымыз –негізгі заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу. Би: Жүргізуші: Әрбір қазақстандықтың Конститутциясының мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары үшін де мәнділігін бағалай білу, өз міндеттемелерін қастерлеп сақтап орындауы маңызды. Конститутция біздің басты құндылығымыз Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті. Барша мемлекеттік институттардың, әрбір қазақстандықтың парызы-осы құндылықтардың қырағы күзетінде болу. Ән: Жүргізуші: Биыл Конститутцияға 19 жыл. Осы уақытта еліміз әр түрлі діни, саяси және экономикалық түйткілдердің шешімін тауып, талай сындарлы жолдардан өткеніне қарамастан өзінің ішкі Тәуелсіздігін сақтай білді. Елбасының салихалы саясатының арқасында ұлтаралық келісім, қоғамды тұрақтылықпен қамтудың өзіндік моделі жүзеге асырылып келеді. Саясат, экономика, білім, спорт, мәдениет жағынан әлемнің кейбір іргелі елдерін қуып жетіп, тез танылып үлгерді. Елдің жаңа даму кезеңі мемлекетке де өзгерістер, тың идеялар мен жетістіктер әкелді, бұл алдағы жаңа кезеңге жол ашуда. Мемлекетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конститутциямыз кепіл бере алады. Бейбіт елдің бақытты халқы түп-қазығымыз Ата заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі –ақ талай белестерді бағындырып жетістіктерге жететіні сөзсіз. Ата Заңың-мерейің, Мәртебең мен беделің. Ата заңмен өркендеп, Өсіп, өрлей берейін! Бүгінгі салтанатты кешіміз осымен аяқталды. Айпейсова Нұрипа Пірмашқызы Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ботабай ауылы №228 Шәймерден Бәкіров атындағы орта мектеп мұғалімі«Ата Заң- кемел келешек» атты салтанатты кештің сценарийі Жүргізуші: Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы-Конституция. Еліміз 1995 жылы өзінің талғам –талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Ата заңымыздың 19 жылдығына арналған «Ата Заң-кемел келешек» атты салтанатты кешімізге қош келдіңіздер. Бүгінгі салтанатты кешті ашу үшін сөз ауылымыздың әкімі Д. Насибековке беріледі. Жүргізуші: Қастерлемес даңқын кім Қадірлемес салтын кім Гимні елімнің Үні, тілі халқымның (ҚР мемлекеттік гимні орындалады) Баяндама: Тәуелсіздік – тірегім, Ата заңым – айбарым Жүргізуші: Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік.Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды. Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі межеге биыл 19 жыл толып отыр. Ән: Жүргізуші: Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі- өнегеге айналды. Конститутция –біздің асқақ абыройымыз, Қарулы күштер –ашық аспанымызды қорғайтын айбынды абыройымыз! Құттықтау сөз: Мектеп директоры: А. Қаракеева Жүргізуші: Біздің Негізгі заң –бұл біз бірлесіп жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика тұрғызып жатқан сенімді іргетас.Қысқа мерзімде біздің еліміз болашаққа серпінді секіріс жасады. Біздің көз алдымызда еліміздің жаңа тарихы қалыптасуда. Құттықтау сөз: Ақсақалдар кеңесінің төрағасы: Е. Маханбетов Ән: Жүргізуші: Анасыздар, әр үйге панасыздар, Бала десе от болып жанасыздар. Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып, Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар. Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар - Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар. Маздататын, жүректе от лаулататын, Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар,- бүгінгі жиынымызға « алтын алқа», «күміс алқа» иегерлері құрметті аналарымыз қатысып отыр. Олай болса кезекті алқа тапсыру рәсіміне кезек береміз. (Алқа тапсыру рәсімі) Жүргізуші: Анасыздар, кең байтақ даласыздар. Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар. Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ, Үлбіреген жауқазын баласыздар. Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған, Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған, Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар, Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған. Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз. Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз. Айнала ұшып сіздерді көбелек боп, Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз,- дей отырып келесі құттықтау сөзді музыкалық сәлемімен бірге Қожхметов Рахия апайға береміз. Ән: Жүргізуші: Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі –бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату»идеясына қойылған ескерткіш-белгі. Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнеленген бұл алаң –еліміздің басты алаңы. Конститутция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті.Сондықтан да біздің ортақ парызымыз –негізгі заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу. Би: Жүргізуші: Әрбір қазақстандықтың Конститутциясының мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары үшін де мәнділігін бағалай білу, өз міндеттемелерін қастерлеп сақтап орындауы маңызды. Конститутция біздің басты құндылығымыз Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті. Барша мемлекеттік институттардың, әрбір қазақстандықтың парызы-осы құндылықтардың қырағы күзетінде болу. Ән: Жүргізуші: Биыл Конститутцияға 19 жыл. Осы уақытта еліміз әр түрлі діни, саяси және экономикалық түйткілдердің шешімін тауып, талай сындарлы жолдардан өткеніне қарамастан өзінің ішкі Тәуелсіздігін сақтай білді. Елбасының салихалы саясатының арқасында ұлтаралық келісім, қоғамды тұрақтылықпен қамтудың өзіндік моделі жүзеге асырылып келеді. Саясат, экономика, білім, спорт, мәдениет жағынан әлемнің кейбір іргелі елдерін қуып жетіп, тез танылып үлгерді. Елдің жаңа даму кезеңі мемлекетке де өзгерістер, тың идеялар мен жетістіктер әкелді, бұл алдағы жаңа кезеңге жол ашуда. Мемлекетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конститутциямыз кепіл бере алады. Бейбіт елдің бақытты халқы түп-қазығымыз Ата заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі –ақ талай белестерді бағындырып жетістіктерге жететіні сөзсіз. Ата Заңың-мерейің, Мәртебең мен беделің. Ата заңмен өркендеп, Өсіп, өрлей берейін! Бүгінгі салтанатты кешіміз осымен аяқталды. Айпейсова Нұрипа Пірмашқызы Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ботабай ауылы №228 Шәймерден Бәкіров атындағы орта мектеп мұғалімі
Ата Заң.docx
«Ата Заң­ кемел келешек»  атты салтанатты кештің сценарийі  Жүргізуші:  Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға  бағынатыны сияқты  ғаламшарды мекен еткен  әр мемлекеттің де негізгі заңы  болуы шарт. Ол заңның барлық  тілдердегі мойындалған  атауы­Конституция.     Еліміз 1995 жылы өзінің талғам –талқысынан  өткен басты құжаты  Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың  жаңылмас  жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар  бастауына айналды.       Ата заңымыздың 19 жылдығына арналған «Ата Заң­кемел келешек» атты  салтанатты кешімізге қош келдіңіздер. Бүгінгі салтанатты кешті ашу үшін сөз  ауылымыздың әкімі Д. Насибековке беріледі. Жүргізуші:  Қастерлемес даңқын кім                        Қадірлемес салтын кім                         Гимні  елімнің                        Үні, тілі халқымның (ҚР мемлекеттік гимні орындалады) Баяндама: Тәуелсіздік – тірегім, Ата заңым – айбарым Жүргізуші:  Қастерлі  құндылығымыздың қағидаттарын  бұлжытпай   орындаудың  нәтижесінде  біз қысқа мерзімде  мызғымас мемлекетімізді    орнатып,  Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік.Ата Заң тәуелсіздігіміз  бен  тұтастығымыздың кепілі ретінде  біздің бірлігімізді  бекемдеп, елдегі  тұрақтылық  пен  татулықтың берік тұтқасы болды.     Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі  халықтың өзі екенін  айқындады. Жаңа   Конституция қабылдау арқылы Қазақстан  жаңа дәуірге  қадам басты. Осы мерейлі  межеге биыл 19 жыл толып отыр. Ән:  Жүргізуші: Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі  Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір  азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан  халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі­ өнегеге  айналды. Конститутция –біздің асқақ абыройымыз, Қарулы күштер –ашық  аспанымызды қорғайтын айбынды абыройымыз! Құттықтау сөз: Мектеп директоры: А. Қаракеева Жүргізуші: Біздің Негізгі заң –бұл біз бірлесіп жаңа қоғам, жаңа мемлекет,  жаңа экономика тұрғызып жатқан сенімді іргетас.Қысқа мерзімде біздің еліміз болашаққа серпінді секіріс жасады. Біздің көз алдымызда еліміздің жаңа  тарихы қалыптасуда. Құттықтау сөз: Ақсақалдар кеңесінің төрағасы: Е. Маханбетов Ән:   Жүргізуші: Анасыздар, әр үйге панасыздар, Бала десе от болып жанасыздар. Сәтті басса ұрпағың,­ мерей тасып, Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар. Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар ­ Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар. Маздататын, жүректе от лаулататын, Әр үйдің Күні десе,­ лайықсыздар,­ бүгінгі жиынымызға « алтын алқа», «күміс алқа» иегерлері құрметті аналарымыз қатысып отыр. Олай болса кезекті алқа  тапсыру рәсіміне кезек береміз.  (Алқа тапсыру рәсімі)  Жүргізуші: Анасыздар, кең байтақ даласыздар. Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар. Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ, Үлбіреген жауқазын баласыздар. Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған, Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған, Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар, Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған. Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз. Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз. Айнала ұшып сіздерді көбелек боп, Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз,­ дей отырып келесі құттықтау сөзді   музыкалық сәлемімен  бірге Қожхметов Рахия апайға береміз. Ән:  Жүргізуші: Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі»  монументі –бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату»идеясына қойылған  ескерткіш­белгі. Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның  мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнеленген бұл алаң –еліміздің басты  алаңы. Конститутция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті.Сондықтан да біздің ортақ парызымыз –негізгі заңға  құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей  құрметтеу. Би:  Жүргізуші: Әрбір қазақстандықтың  Конститутциясының мемлекет пен  қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары үшін  де мәнділігін бағалай білу, өз міндеттемелерін қастерлеп сақтап орындауы  маңызды. Конститутция біздің басты құндылығымыз Тәуелсіздікті,  бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті. Барша мемлекеттік  институттардың, әрбір қазақстандықтың парызы­осы құндылықтардың қырағы күзетінде болу. Ән:  Жүргізуші: Биыл Конститутцияға 19 жыл. Осы уақытта еліміз әр түрлі діни,  саяси және экономикалық түйткілдердің шешімін тауып, талай сындарлы  жолдардан өткеніне қарамастан өзінің ішкі Тәуелсіздігін сақтай білді.  Елбасының салихалы саясатының арқасында ұлтаралық келісім, қоғамды  тұрақтылықпен қамтудың өзіндік моделі жүзеге асырылып келеді. Саясат,  экономика, білім, спорт, мәдениет жағынан әлемнің кейбір іргелі елдерін қуып жетіп, тез танылып үлгерді. Елдің жаңа даму кезеңі мемлекетке де өзгерістер,  тың идеялар мен жетістіктер әкелді, бұл алдағы жаңа кезеңге жол ашуда.  Мемлекетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына,  өркениетті ел ретінде танылуына тек Конститутциямыз кепіл бере алады.  Бейбіт елдің бақытты халқы  түп­қазығымыз Ата заңымызды ардақтасақ,  еліміз әлі –ақ талай белестерді бағындырып жетістіктерге жететіні сөзсіз.                          Ата Заңың­мерейің,                          Мәртебең мен беделің.                          Ата заңмен өркендеп,                          Өсіп, өрлей берейін!  Бүгінгі салтанатты кешіміз осымен аяқталды.                                                                                            Айпейсова Нұрипа Пірмашқызы Қызылорда облысы                                                                                             Шиелі ауданы                                                                                              Ботабай ауылы                                                         №228 Шәймерден Бәкіров атындағы орта мектеп мұғалімі

Ата Заң- кемел келешек

Ата Заң- кемел келешек

Ата Заң- кемел келешек

Ата Заң- кемел келешек

Ата Заң- кемел келешек

Ата Заң- кемел келешек

Ата Заң- кемел келешек

Ата Заң- кемел келешек
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.04.2017