Қауіпсіздік ережелері әңгімелері
Оценка 4.8

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Оценка 4.8
Памятки
docx
ОБЗР
3 кл
12.02.2017
Қауіпсіздік ережелері әңгімелері
Адам өмірінің қауіпсіздік ережелері • -Қауіпке ардайым дайын болып, оны көре білу керек. -Ешуақытта үрейленбе. Барлық жағдайда сабырлық сақта. Барлық жағдайдан шығуға болатындығын әрдайым есте ұста. -Қауіппен бетпе-бет келгеннен гөрі оны айналып өткен жақсы. -Қауіпке тап болған кезде оған берілмей, күресу керек. -Қауіппен күресте тек күш пен рух қана емес, білімнің де керектігін жадыңда ұста. -Босаған, қираған үйлердің, құрылыс алаңдарының маңына барма. -Көрініп тұрған тоқ желілерін ұстауға болмайды, өйткені жоғары тоқ күші болуы мүмкін. -Мына заттарды байқап қолдану керек: а) тоқ сөніп қалған уақытта телевизор үтік, шәйнек т.б. қосулы қалдыруға болмайды. ә) газбен, газ баллонмен қолдану ережесін білу керек. Бұл заттардың иісін сезсеңіз, онда үлкен кісілерді шақырыңыз. Газ баллонның жанына жақындамаңыз. 04-ке қоңырау шалыңыз. 50 минут ішінде келмесе, баллонды көтеріп сыртқа шығару керек... • Жол ережелерін сақтау. а) Көлік жолымен жүрме, арнайы жүргіншілер жүретін жолмен жүр. ә) Көлік жолын кесіп өтпе, бағдаршамды дұрыс пайдалан. • Мектеп ішіндегі оқушының қауіпсіздік ережесін сақта. а) Өз-өзіңді ұстай біл, баспалдақты дұрыс пайдалан және онымен жүгірмеу керек. б) Электр жүйесінің маңына жолама. • Жұмыс кезінде қайшымен, желіммен дұрыс жұмыс істеу керек. Желімнің көзіңе тиюінен сақтан. Құрал-саймандарды дұрыс пайдалан. • Шұңқырлардан аулақ бол. Жарақаттанудан сақтан. Бейтаныс жерде ата-анаңды жоғалтып алсаң, сол жерден кетпе; Аулада, үйіңде қымбат заттардың көп екендігін айтып мақтанба; Көшедегі қауіпсіздік • Ата-аналар сенің қайда жүргеніңді әр уақытта білуге тиіс; • Кешке дейін аулада ойнама; • Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе; • Мастардан, күдікті адамдардан аулақ бол; • Бейтаныс үлкен адамдардың берген тартуын алма; • Бейтаныс адамның машынасына отырма; • Бейтаныс балалармен немесе ересектермен басқа подъезге, подвалға немесе басқа адамдар • Егер сені қуатын болса,адамдар көп жүретін жаққа қарай қаш ( аялдама, дүкен, жарығы бар көше және басқа жақ); • Бейтаныс жерде ата-анаңды жоғалтып алсаң, сол жерден кетпе; • Аулада, үйіңде қымбат заттардың көп екендігін айтып мақтанба; • Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері Мақсаты: • Балалардың қыс мезгілінде үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту. • Ойлау, пайымдау, еске сақтау, логикалық ойлау дағдыларын дамыту; • өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу 1. Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелері 2. Мұз сүңгілері 3. Көктайғақ 4. Мұзда өзін-өзі ұстау қағидасы Қортынды: Қандай ереже бұзылды? Жарайсыңдар, балалар! Қауіпсіздік ережелерін жақсы біледі екенсіңдер. Енді сендерді Қауіпсіздік Ережесі елінің азаматы деп атауға болады. Зиянды әдеттер және олардың алдын алу Біздің қоғамда темекі шегу өлімнің бірден-бір себепкері болып табылады. Шылым шегушілер шекпейтіндерге карағанда жүрек ауруларына жиі шалдығады. Жыл сайын темекі шегуге байланысты туындаған жүрек ауруынан 170 000 адам көз жұмады. Өкпе, кеңірдек, қуық қатерлі ісігі, панкреатит және бүйрек қатерлі ісігі темекі шегушілер арасында жоғары көрсеткіште. Темекі құрамындағы ең қауіпті зат - никотин. Ол адам ағзасында жүрек ауруы мен қатерлі ісіктің өршуіне ықпал етіп қана қоймай, ең қауіптісі - оның темекі шегуге деген ынтасын арттырады. Никотинге тез үйір болған соң темекіні тастау қиынға соғады. Темекі шегудің зиянды салдарын біліп, шылым шегуді тастаған адамдар өздерінің темекі шегу салдарынан төмендеген денсаулығын едәуір түзетеді. Темекі шегушілер үшін күніне тартқан 1 қорап темекі 10 жыл өткен соң жүрек ауруына шалдығу қаупін тудырады. Алкоголь деген не? Алкоголь - күллі әлемге таралған ертеден келе жаткан есірткі. Біздің коғамда алкоголь қалыпты өмірдің бір бөлігі сияқты. Алкоголь әдетте қанға араласады, одан ары миға шабады. Алкоголь адам ағзасы үшін улы. Ол уды тазартқанда адам бауырына зор күш түседі. Спиртті ішімдік адамның бақытсыздыққа ұшырау мүмкіндігін жоғарылатып, мас болуға әкеліп соқтырады. Алкоголь адамның қабылдауы мен айналасына әсеріне кедергі келтіреді. Осындай себептермен адам мас күйінде көлік жүргізуі төтенше қауіпті. Адам спирттік ішімдікті шамадан тыс ішкен кезде гастрит, жүрек аурулары, витамин жетіспеушілік және бауыр циррозы күрт асқынуы мүмкін. Алкоголь сонымен қатар ми клеткаларын, ойлау қабілетін бұзады. Жас ағзаның өсуіне сонымен қатар оның айналасындағы адамдарға - отбасына, достарына әсер етеді. Есірткі деген не? Амфетамин, кокаин, каннабис (марихуана),героин,ЛСД деген түрлері өте көп. Оларды көбіне жұтады немесе иіскейді, оларды инъекция түрінде де қолданады. Есірткі заттарды қолдану - жалпыға тараған және барлық жерде кездесетін құбылыс. Ол ерлер арасында да, әйелдер арасында да, барлық этникалық және әлеуметтік топтарда кездеседі. Бүгінгі күні нашақорлықтың жасөспірімдер арасында кеңінен таралуда. Ал оның соңы кісі өлімі мен зорлық-зомбылық жасауға соқтыруда. «Қауіпсіз мектеп», «қауіпсіз балалық шақ» акциясына байланысты қауіпсіздік ережесі Мақсаты: Көшедегі қауіпсіз жол жүру ережелерімен таныстыру. Баланың жолға деген бақылаушылығын дамыту. Үйден шығар кезде: -егер үйдің алдында қозғалыс мүмкін болса, баланың назарын көліктің бар-жоғын анықтауға аударту. Тротуармен қозғалыс кезінде, оң жақта жүру. Жолды өтуді дайындалғанда, тоқтап, жолдағы қозғалысты қадағала. Қозғалысыңды нақты жаса. Жолды бақылау үшін басты бұру. Баланың назарын бұрылып келе жатқан көлікке аударту. Жолда тек жаяу жүргінші жүруге болатын жерден өту керек. Машиналар болмаса да, жолды бағдаршамның жасыл түсіне өту қажет. Асықпа, жүгірме. Жол белгілерімен таныстыру. “Жаяу жүргінші өтуге болады”, “Жаяу жүргінші өтуге болмайды”, “Жер асты жаяу жүргінші өтуге болады”, “Автобус, троллейбус, трамвай, такси тоқтайтын орын” Әр оқушы өзінің мекен-жайын және есімін, ата-аңасының аты-жөнін, айта білуі керек. Сонымен қатар, балалар «Мектептен үйге дейінгі жол» атты суреттер салып, ол суреттер туралы әңгімелейді. «Үйде жалғыз» болған кездегі қауіпсіздік ережесі Мақсаты: оқушыларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету. Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі Егер сен үйде жалғыз қалсаң, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпа. Мынау – балкон мен терезе. Балконға асылуға, терезеден басыңды сыртқа шығаруға немесе терезе алдына шығып отыруға болмайды. Балконда жалғыз ойнауға тыйым салынады. Үйдегі әйнекті ашып, сыртқа қарауға да болмайды. Су қолмен электр құралдарына, розеткаға, тоқ қосқышқа жанасуға болмайды. Электр құрылғылар тоқ соғып, өрттің пайда болуының себебі болуы мүмкін. Электр розеткаларына бармақтарды салуға болмайды. Мынау – үтік. Оның шнурынан тартпа. Тоққа қосылғанда ол өте ыстық болады. Плитаның үстінде шәйнек, таба, кастрөл тұр. Олар – ыстық. Оларды алу үшін арнаулы қолғап не шүберек керек. Мынау – дәрі салатын қобдиша. Оған тиіспе және үлкендердің рұқсатынсыз ешбір дәріні ішпе! Дәрі-дәрмектерді алып қарауға болмайды. Сіріңкемен ойнауға болмайды. Тұрмыстық химия – кір жуғыш дақ, ыдыс жуу құралы және т.б. тиісуге болмайды. Таныс емес адамдарға есік ашуға болмайды. «Жол тәртібін сақтайық!» Мақсаты: оқушыларға жол ережесі мен қауіпсіздікті сақтауға үйрету, қоғамдық орындарда өздерін ұстай білуге баулу; -Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапты деп ойлайсыңдар? Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның аты тарихта сақталмаған. Американың үлкен қалаларында электрлі бағдаршамдар пайда болды. Олар тек екі түсті: қызыл және жасыл болатын. 1918 жылдан бастап үш түс қолданылатын болды. Олар: қызыл, сары және жасыл түстер. Бүгінгі таңда бағдаршамды электронды жүйемен басқарады. Бағдаршамдар Қазақстанның барлық қалаларында бар. 1. Бағдаршам деген не? /жол қозғалысын реттейтін автоматты жүйеге қосылған үш көзді қондырғы/ 2. Бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өтеміз? /алдымен сол жағымызға қараймыз, жолдың ортасына жеткесін сол жағымызға қараймыз/ 3. Велосипедті көшеде неше жастан бастап тебуге болады? /он төрт жастан бастап болады/ 4. Көлік күтетін жер қалай аталады? /аялдама/ 5. Көліктің бұрылатынын қалай білеміз? /поворотник жағады/ 4. Бағдаршамның қызыл жарығы жанып тұрғанда кімдерге тоқтамай өтуге рұқсат етіледі? / 01 – өрт машинасына, 02 – полиция машинасына, 03 – жедел жәрдемге/ 5. Көшеде жолдың қай жағымен жүру керек? /оң қол жағыңмен жүру керек/ Оқушылардың сабаққа дейін, сабақтан кейін өзін-өзі ұстау ережесі: Үзіліс кезіндегі оқушының міндеті: Өзінің жұмыс орынын тәртіпке келтіру тазарту, мұғалімнің талаптарына бағыну, мұғалім ескертсе сыныптан шығу. Үзіліс кезінде оқушыларға әкімшіліктің және сынып жетекшілердің рұқсатынсыз мектеп ауласына шығуға болмайды; Үзіліс кезінде оқушыларға бірін-бірі итеруге, күш қолдануға болмайды. Терезе жақтауында отыруға, өз бетімен терезені ашуға қатаң тыйым салынады. Үзіліс кезінде оқушылар баспалдақпен жүгіруге, ойынға арналмаған жерлерде жүгіруге болмайды. Кезекші сынып кезекші мұғалімге үзіліс кезіндегі тәртіпке көмектеседі. Сабақ кезіндегі тәртіп: Мұғалім сыныпқа кіргенде оқушылар орындарынан тұрады, амандасады. Сабақ кезінде өзінің де, өзгенің де керекті білім алуына кедергі жасайтындай шу, бөтен әңгіме, сабаққа керек емес нәрселер болмау керек. «Денсаулыққа пайдалы және зиянды тағамдар» Мақсаты: дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту. - Балалар, сендерге Данышпан атай хат арқылы жұмбақ жіберіпті. Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар, өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер және бүгінгі шарамыздың да сол жұмбақтың жауабымен тығыз байланысты. Оны күткен адамдар, Ұзақ өмір сүреді. Қадірін білген жарандар, Байлық осы деседі. (денсаулық) Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет. Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет. Бүгінгі шарада осылар туралы толығырақ білетін боламыз. 1. Дұрыс тамақтану дегеніміз не? 2. Қандай заттар тағам құрамына кіреді? 3. Тамақтанудың негізгі ережелерін ата? 4. Тамақтану ережесін бұзу қандай зардаптарға әкеп соғады? 5. Қандай тағам түрлерін білесіңдер? 6. Тамақтану ережесін бұзу қандай зардаптарға әкеп соғады? І топқа: дұрыс тамақтану ережелері ІІ топқа: адам ағзасындағы пайдалы тағамдар ІІІ топқа: адам ағзасындағы зиянды тағамдар туралы өздерін жұмыстарын қорғап шығу. Дана халқымыз басты жеті байлықтың ең алғашқысы «Бірінші байлық – денсаулық» деп білген. Денсаулықты сақтау үшін қажетті нәрселер: қоршаған ортаны таза ұстау, белсенді қозғалыста болу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, рухын таза сақтау, адам өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау. «Терроризм және діни экстремизм» Мақсаты: оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Мұғалім сөзі: Терроризм не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз көп. «Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады. Ендеше біз бүгінгі тақырыбымызда «терроризм» ұғымы туралы кеңінен түсінік алатын боламыз. Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге сыяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал. Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. І. Ой қозғау. Оқушылар, «терроризм» деген сөзді айтқанда ең бірінші ойларыңа не келеді? Террорлық іс-әрекеттерден зардап шегетін кім? - Қазақстан Республикасы Қылмыстақ Кодексінің 9-тарауында қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар туралы баптар жазылған. 233-бап терроризм туралы. «Жарылас жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін әрекеттер жазаға тартылады». -Арандатулардан аулақ болу үшін, біз саналы, ашық коммуникативті, әлеуметтік тұлға ретінде өзімізді тәрбиелеуіміз керек. - Қазіргі кезде халық арасында арандатушылық көзқарасты қалыптастырған қандай ұйымдарды білесіздер? Тренинг. «Шаттық шеңбері» - елімізге, халқымызға, бір-бірімізге жылы лебіздерімізді айту. Мұғалім сөзі: Сонымен біз қателіктерімізді жөндеу арқылы бейбітшілік өмірге қол жеткізу, ізгілікке, адамзатты мейірімділікке, жақсылық жасауға шақыра отырып, тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері Мақсаты: балалардың қыс мезгілінде үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту Күз уақыты келіп, күн суытып, мұз қату мерзімі келді. Демалыс уақыты болғандықтан, балалар коньки теуіп, мұзға шығуға асығады. Ауылымызда күздің соңғы айы мен қыс айының басы қараша-желтоқсанда мұз қата бастайды. Алғашқы мұз өте қауіпті! Бұл уақытта мұз жұқа, ауырды көтере алмайды, абайламасаң қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкін. Абай болу керек: 1. Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе 2. Мұз сүңгілері 3. Көктайғақ 4. Мұзда өзін-өзі ұстау қағидасы Оқушыларға тыйым салынады: Дұрыс қатпаған, бетін қар басып қалған мұз үстінде сырғанауға және топталып тұруға; Су ағымы бар жерлерде, бұлақты жерлерде ойнауға; Мұз үстінен қауіпсіздік белгілері жоқ жерден өтуге; Егер де тәулік бойы ауаның температурасы құбылып тұрса, мұз үстіне шығуға; Балалар! Мұз қату кезінде су айдынында сақ болыңдар! Жұқа мұздың үстінде шаңғы және коньки теппеңдер! Өз өмірлеріңе қауіп төндірмеңдер! Жұқа, толық қатпаған мұз үстіне шықпаңдар! 101 нөмірін әр азамат біледі. Мақсаты: оқушыларға 101 нөмірі жайлы мәлімет беру.Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаудың маңыздылығын ұғындыру. От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От - өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Біздің ата - бабаларымыз шөбі көп жерді отты жер деп бекер айтпаған. Отты жер - қуатты жер. Мал біткенге күш - қуат беретін жер. Үйді қазақ халқы отпен теңестіріп отырған. Тұратын үйін отау, үй иесін – отағасы деп атаған. Отсыз тоңып, жаураған адам ешқандай еңбек те істей алмайды. Сонымен от - өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі - өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз. « Өрт –тілсіз жау» деп халықта бекер айтпаған.Өрттің шығуының қандай себептері болуы мүмкін? Өрттің шығу себептері: 1.Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса; 2.Шырпымен ойнаса; 3.Үтікті қосып кетіп қалса; 4.Газды ашық қалдырып кетсе; Өрт қауіпсіздігін білу- әр оқушының міндеті.. Жағдаяттық сұрақтар. 1.Сен үйде жалғыз қалдың.Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің? 2.Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап жүрсіңдер.Қарындарың ашып, күлге картоп көміп жегілерің келді. Сөйтіп сіріңке әкеліп, аулаға от жаға бастадыңдар. Бір кезде жаққан оттарың желмен ұшып ауладағы үйілген шөпке тиіп, шөп жана бастады.Не істейсің? 3. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер шылым шегуге сыртқа шықты.Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей қалған тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады.Мұндай жағдайда не істейсің? 4.Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті.Жанып жатқан пештің есігі ашылып кетіп, ішінен жанған от түсіп кетті.Сен не істер едің? Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Бүгін сендер оттың дос та, жауымыз да бола алатынын білдіңдер. Естеріңде болсын: «Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт – тілсіз жау». «Абайла, көктайғақ» қауіпсіздік ережесі Мақсаты: оқушыларға көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Қыс айларында көбінесе ауа райының құбылмалы болуына байланысты көктайғақ болады. Сондай кезде абай болуды және соған қатысты сақтану ережелерімен танысамыз. Бізде қыс бойы көктайғақтық белгілер байқалады. Көктайғақ барлық қозғалыс қатысушылары үшін, жаяу жүргіншілер және жүргізушілер үшін де қауіпті. Қыс басталысымен жолдың бетін мұз басып, машинаның астына түсу қауіпі артады, апаттық жағдай туындағанда жүргізуші тез тоқтай алмайды. Қардың жатуы көліктің қозғалысы уақытында көру мүмкіншілігін нашарлатады. . Көктайғақ кезінде жүргізушілерге ғана емес, асыққан жаяу жүргіншілерге де қауіп төнеді. Мұндай жағдайда асықпау керек. Көктайғақ кезінде зақымданудан қалай қашу керек? - көктайғақта асығу, құлау қауіпін арттырады, баратын жерге ерте шығуға тырысу керек; - аяқты нық басу керек; - қолыңда сөмке болмауы керек; - көктайғақта жұмсақ табанды аяқ киім кию керек. Тері және пластик тайғанақ болады. Егер аяқ киімдерің тайғанақ болса, бірнеше кеңестерді қолдануға болады: - өкшесіне кесілген поролон немесе лейкопластырь жапсыру; - бүкіл табанға – лейкопластырь, шығар алдында құммен сүрту керек. - табанға егеу қағазын жапсыру, бірақ су тиген кезде оның құмдары түсіп қалады; - аяқ киімнің өкшесіне екі дөңгелек резеңке кигізу, мысалы, ескі грелкадан кесіп алуға болады. Өте мұқият және абай болыңдар, өз өмірлеріңді қорғаңдар. «Балалардың отпен ойнауы» Мақсаты: оттың адам өміріндегі маңызын,пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру. Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру. Оқушыларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу. Оттың шығу тарихы. Балалар, біз бүгінгі от жайында әңгімелесеміз. Жалпы «от» деген сөзді қалай түсінесіздер? Ерте заманда алғашқы адамдар отты пайдалануды найзағайдан түскен оттан үйренді. Сол найзағайдан түскен отты сөндірмей пайдаланды. Барлығы аң аулауға кеткенде, бір адам от басында қалатын болған. Тамақты пісіріп жеуді де найзағай отының астында қалған еттен байқаған.От астында қалған ет шикі еттен дәмдірек екенін байқап, асты пісіріп жеуді үйренген. Сол заманнан –ақ оттың өте маңызды екенін аңғарамыз. Енді осы «от» түбіріне байланысты сөздерді терсек: отағасы, отау,отарба. Яғни мұннан шығатын нәрсе –«от» сөзі жылылықтың белгісі. Оттың пайдасымен қатар зиянды жағы да жоқ емес. Қандай зияны бар, оқушылар? Өртену, күю, жану, жарақат алу. «Отпен ойнама, күйесің» дегендей оттың зиянды жақтарына тоқталсақ: Оттың зиянды жақтары: отты дұрыс пайдаланбаса, адам күйіп қалады. Өртенген дала. Күйген ас. Өрттің шығуына не себеп деп ойлайсыңдар?Мына суреттер бойынша не айта аласыңдар?(сіріңке, темекі, үтік, газ) Өрттің шығу себептері:1.Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса; 2.Шырпымен ойнаса; 3.Үтікті қосып кетіп қалса; 4.Газды ашық қалдырып кетсе; Өрт қауіпсіздігін білу- әр оқушының міндеті. «Сақтықта қорлық жоқ» деп халқы бекер айтпаған. Сондықтан үйде жалғыз қалған кезде өте сақ болу қажет.Жағдаяттық сұрақтар жауап береміз. 1.Сен үйде жалғыз қалдың.Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің? 2.Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап жүрсіңдер.Қарындарың ашып, күлге картоп көміп жегілерің келді. Сөйтіп сіріңке әкеліп, аулаға от жаға бастадыңдар. Бір кезде жаққан оттарың желмен ұшып ауладағы үйілген шөпке тиіп, шөп жана бастады.Не істейсің? 3. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер шылым шегуге сыртқа шықты.Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей қалған тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады.Мұндай жағдайда не істейсің? 4.Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті.Жанып жатқан пештің есігі ашылып кетіп, ішінен жанған от түсіп кетті.Сен не істер едің? 5.Сен сабаққа келгенде сыныптасың оттық ұстап жүргенін көрдің.Мұндай жағдайда не істер едің? От туралы мақал –мәтелдер айтайық. 1.Отпен ойнама,күйерсің. 2.Ойын түбі –от. 3.Сумен ойнама –батарсың,Отпен ойнама –күйерсің-деген мақалдар әр адамды отпен өте сақ болуға үйретеді. «Егер сізді тұтқынға алған болса» Ұстап алған уақыттан бастап, өз әректіңді бақылау және босанып шығуға мүмкін болар деген барлық заттарды назарға алу. Құтылуға деген ықтималдылықты жоғарылата отырып, өз эмоцияларыңды қолға алу және өзіңді орынды ұстау аса маңызды. Орын ауыстыру кезіндегі барлық заттарды еске сақтауға тырысыңыз: уақыт және жүру жылдамдығы, көтерілу және түсу, үлкен бұрылыстар, бағдаршамда тоқтағандары, темір жол өткелдері, ерекше дыбыстар. Қамауда отырған жердің терезесін, есігін, баспалдақ, қабырға жапсырмаларының түсін, ерекше иістерді; дауыстарды, қылмыскерлердің сырт келбеті мен сөйлеу манерасын есте сақтап алыңыз. Ең ұсақ байқалмайтын ақпараттың өзі сіздің босап шығуыңызға жәрдемдесуі және қылмыскерді ұстап, әшкерелеуге көмектесуі мүмкін. Қылмыскерлердің ішінен таныс жүз көрген болсаңыз, байқамағандай, олардытанымайтындай болыңыз, ол өте қауіпті. Терроршыларға артық сұрақ қоймаңыз және олардың көзіне тік қарамауға тырысыңыз. Өзіңізге көңіл аудартпауға тырысыңыз, көзге түсетін,әшекей бұйымдарды шешіп тастаңыз. Әйедерге зорлық көрсетуден сақтану үшін, аяғы мен кеудесін жасыруға тырысу керек және өз түр келбетін нашарға өзгерту маңызды, мысалға, әдейілеп былғанып қалу. Қымтағышты тастап кетпеңіз,орныңыздан тұрмаңыз және қарулы адамдардың рұқсатынсыз жүрмеңіз. Қызметкерлермен келісімге келіп жатқан адамға барлық жиналған ақпараттарды ыммен немесе жазбамен жеткізуге тырысыңыз. Абай болыңыз: сіздің әрекеттеріңізді қылмыскерлердің әшкерелеуінен, оның ақыры қатаң жазаға алып келеді. Қылмыскерелермен сөйлесу кезінде басты ереже оларға емес өзіңізге көмектесу болу керек.Сізді ұрлағандағы қажет еткен затты білуді ақырындап, ойластырылған түрде сұраққа кіргізуге тырысу: талап етілетін ақшаның көлемі, басқада талаптардың орындалуы.Қылмыскерлер жиі наркотикалық заттардың немесе алкогольді заттардың күшіндеболатындарын есте тұтқаныңыз абзал. Өзіңізге деген бұзақылардың көзқарасын жұмсартуға тырысыңыз, олардың ішінен біреуімен деке контактіге баруға тырысыңыз. Тұтқынды психологиялық тұрғыда сындыру үшін, қылмыскерлер әрекетін шекаралайды, ақпарат алуын шектейді, аштықпен және сусыз қинайды, ұрып соғады, темекісінен айырады, сағатын тартып алады, және т.б. Ұзақ уақыт тұтқында болғанда, психологиялық тұрақтылықты ұстап тұру, құтылуға деген үлкен мүмкіндік болып табылады. Жағымсыз сезінулерге және уайымдауларға көңіл аудармау үшін, психиканы бақылауда ұстап тұру үшін, ойлаудың тұнықтығын сақтау және жағдайды адекватты бағалау үшін қолданған кез-келген әдіс пайдалы болып табылады: Мүмкіндігіңізше жеке бас гигиенасын сақтануға тырысыңыз; Шама келгенше физикалық жаттығулар жасау; Аутотренинг және медитацияларды тәжірибеден өткізіп көріңіз Ішіңізден оқыған кітаптарыңызды еске түсіріңіз, математикалық есептер шешіңіз, басқа тілдегі сөздерді есіңізге түсіріңіз; Уақытты ескеруге тырысыңыз, күн мен түнді белгілеңіз (қылмыскерлердің белсенділігіне, дауыстарға, тамақтану уақытына қарай және т.б.) Сізге қажеттілік тудыратын заттарды тастамаңыз (дәрі-дәрмек, қарындаш, көзілдірік және т.б.), ауыз судың аз мөлшерінде болса да артық алып қалу және егер сізді ұзаққа жалғыз қалдырса немесе тамақтандырмай қойған жағдайларға артық тамақ алып қалу. Еш уақытта аман-есен шығуыңызға деген сеніміңізден үмітіңізді үзбеңіз. Сіздің басты үш жауыңыз – қорқыныш, апатия, депрессия. Балалрға қауіпсіз интернет» ҚТ Ғаламтор! Ғаламтор… Кейде жақсы, кейде… жаман тор! Ең алдымен Ғаламторда отырған кезде сақталуы керек үлкенге де, кішіге де ортақ ережелерді еске түсіріп алайық: Ал енді балаларымызға оралайық. Жас ерекшелігіне қарай балаңызға беретін кеңестер де әртүрлі болып келеді. Мәселен,7-8 жас аралығындағы балаата-анасы отыруға рұқсат етпейтін сайт немесе әлеуметтік желілерге кіруге тырысады. Олар аңғал, сенгіш болып келеді, сол себепті ата-ана ғаламторды қолдану мүмкіндігін шектейтін немесе жұмыста отырып үйде баласының ғаламторда не көріп, не оқып отырғанын бақылай алатын бағдарламаларды қолдануы керек. Нәтижесінде бала өзінің үнемі бақылауда екенін түйсінеді. Кеңес Ғаламторға кірудің үй жағдайындағы ережелер тізімін жасаңыз және оның орындалуын талап етіңіз. Балаңыздан компьютер алдында отырғанда уақыт режимін сақтауын талап етіңіз. Сіз оны бақылағыңыз келгендіктен емес, оның қауіпсіздігі үшін уайымдайтындықтан қадағалайтындығыңызды және оған қашан да көмектесуге әзір екендігіңізді көрсетіңіз. Ғаламтор желісіне қосылған компьютер отбасы мүшелеріне ортақ бөлмеде, ата-ананың бақылауында болуы керек. Балаңыздың өзінің жеке электронды поштасы болмас үшін, отбасылық электронды пошта ашып қойыңыз. Балаңызға Сіздердің рұқсаттарыңызсыз музыка немесе басқа да бағдарламаларды жүктеп алуға рұқсат етпеңіз. Балаңызға әлеуметтік желілерде хабарлама алмасу функциясын қолдануға рұқсат етпеңіз. Балаңыз шынайы өмірдегі достары туралы айта бастаса, одан ғаламтордағы достары туралы да сұрап, хабардар болып отырыңыз. Балаңыз үлкендерге қатысты сұрақ қойса, жауап беруден жалтармаңыз. Өйткені ол Сіз бере алмаған жауапты ғаламтор желісінен іздеуі мүмкін және іздеу барысында «үлкендерге арналған» сайтқа тап болуы да ғажап емес. Ал, енді мына жолдарды балаларымызға жаттатып қояйық.))))))))))) Ал, менің ботақандарым, Ақылды қошақандарым! Айтамын Ғаламторда да, Біз білмес талай сыр барын. Тыңдаймын десең әнің бар, Кітап та, дос та табылар. Не керектің бәрі бар, Ғаламторың бар – бағың бар! Ғаламтор – сені таң қылар, Отыртып таңды таңға ұрар. «Айшылық алыс жерлерден, Жылдам хабар алдырар». Қарағын әркез сақ болып, Көрінсе де дос болып, Ол жердегі адамдар, Кетеді кейде жат болып. Сол себепті абайла, Жан-жағыңа қарайла. Менен алты кеңес бар, Жадыңда сақта, жарай ма? Ол жерде сені арбайтын, Қыр соңыңнан «қалмайтын», Алаяқтар бар «Көп сыйлық Алып берем» деп алдайтын. «Ойыншық берем» десе де, «Қыдыртамын» десе де, Кездесу үшін онымен, Шыға көрме көшеге. Қалған сонау жұрттағы, Жыбырлаған құрт дағы, Көрінсе де қауіпсіз, Оның көзін құрт тағы! Мынаны да біл тағы: Сүйкімсіз түр-тұрпаты, «Вирус» дейтін сол құртың, Файлдарыңды құртады. Сол себепті үн қаттым, Тыңда мені, қымбаттым! Компьютерге көп созбай, Антивирус орнатқын! Әлеуметтік желіде, Отырад(ы) сері, пері де. Сене берме ондағы, Ақпараттың бәріне. Мекенжайыңды көрсетпе, Нөміріңді де көрсетпе, Осылайша өзіңді, Қорғадым деп есепте. «Найзағай кезіндегі жүріс-тұрыс» ҚТ Найзағай адам өміріне шынайы қауіп туғызып қана қоймай, апаттық жағдайға әкеледі. Аспан күркіреп, найзағай жарқылдай бастаған кезде Сіз қауіпсіз жерге жасырыныңыз. Найзағай басталар алдында ауа-райы тұмықтанып, жел бағытын өзгертіп, жылдам ауа-райы құбылады да, онан кейін жаңбыр басталады. Соның ішінде ең қауіптісі құрғақтылық, яғни жауын- шашынсыз ауа райындағы найзағай өте қауіпті болады. Найзағай кезінде: - орман ішінде аласа талдардың ішіне жасырыну керек; -тауда тік жардан 3-8 м қашықтықтағы жерге тығылу керек; -ашық алаңқай жерлерде қазылған құрғақ орларға, арықтарға, жыраларға жасырыну керек; - металл бұйымдарды адамдардан 15-20 м қашықта үйіп қою керек; - жасырынған кезде аяқтарды жинап, басты еңкейтіп екі қолмен жасыра, тізені бүгіп топ- талып отыру керек; -полиэтилен, ағаш жапырақтарын, тастарды, киімдерді жердегі топырақтан сақтану үшін аяқ астына үйіп қоюға болады; - жолда келе жатқанда бытыраңқы жүріп, бір-бірден асықпай жүру керек; - биік жерден аласа жерге түсу керек; - су ішінде-қорғағыш кенепті басына төсеп, мачта орналасқан жерден әріге кету керек, по- лиэтиленмен қорғанғанда ол сумен мачтадан қорғайтындай болуы шарт. Металл ұзын сым темір болған жағдайда өткізгіш құрал ретінде пайдалану үшін, сымнын бір ұшын мачтаға екінші ұшын суға матыру керек. - жай соққан кезде адамдарға алғашқы көмек көрсету керек. Тыйым салынатын жағдайлар: - жалғыз тұрған талға жасырынуға болмайды; -найзағай ойнағанда таулы шатқалдарға сүйенуге, жанасуға болмайды; -су ағып тұрған жерлерден, су қоймалары жанынан өтуге, тоқтауға тыйым салынады; – жүгіруге, түсініксіз әрекет жасауға болмайды; - биік жерде қалып қоюға, металл заттарының жанына тұруға болмайды.Қауіпсізідк техникасы бойынша әңгімелер
ҚТ бойынша әңгімелер.docx
Адам өмірінің қауіпсіздік ережелері ­Қауіпке ардайым дайын болып, оны көре білу керек. ­Ешуақытта үрейленбе. Барлық жағдайда сабырлық сақта. Барлық жағдайдан  шығуға болатындығын әрдайым есте ұста. ­Қауіппен бетпе­бет келгеннен гөрі оны айналып өткен жақсы. ­Қауіпке тап болған кезде оған берілмей, күресу керек. ­Қауіппен күресте тек күш пен рух қана емес, білімнің де керектігін жадыңда ұста. ­Босаған, қираған үйлердің, құрылыс алаңдарының маңына барма. ­Көрініп тұрған тоқ желілерін ұстауға болмайды, өйткені жоғары тоқ күші болуы  мүмкін. ­Мына заттарды байқап қолдану керек: а) тоқ сөніп қалған уақытта телевизор үтік, шәйнек т.б. қосулы қалдыруға  болмайды. ә) газбен, газ баллонмен қолдану ережесін білу керек. Бұл заттардың иісін сезсеңіз,  онда үлкен кісілерді шақырыңыз. Газ баллонның жанына жақындамаңыз. 04­ке  қоңырау шалыңыз. 50 минут ішінде келмесе, баллонды көтеріп сыртқа шығару  керек... Жол ережелерін сақтау. а) Көлік жолымен жүрме, арнайы жүргіншілер жүретін жолмен жүр. ә) Көлік жолын кесіп өтпе, бағдаршамды дұрыс пайдалан.  Мектеп ішіндегі оқушының қауіпсіздік ережесін сақта. а) Өз­өзіңді ұстай біл, баспалдақты дұрыс пайдалан және онымен жүгірмеу керек. б) Электр жүйесінің маңына жолама. Жұмыс кезінде қайшымен, желіммен дұрыс жұмыс істеу керек. Желімнің көзіңе  тиюінен сақтан. Құрал­саймандарды дұрыс пайдалан. Шұңқырлардан аулақ бол. Жарақаттанудан сақтан. Бейтаныс жерде ата­анаңды жоғалтып алсаң, сол жерден кетпе; Аулада, үйіңде қымбат заттардың көп екендігін айтып мақтанба; Көшедегі қауіпсіздік  Ата­аналар сенің қайда жүргеніңді әр уақытта білуге тиіс;  Кешке дейін аулада ойнама;  Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе;  Мастардан, күдікті адамдардан аулақ бол;  Бейтаныс үлкен адамдардың берген тартуын алма;  Бейтаныс адамның машынасына отырма;  Бейтаныс балалармен немесе ересектермен басқа подъезге, подвалға немесе  басқа адамдар   Егер сені қуатын болса,адамдар көп жүретін жаққа қарай қаш ( аялдама,  дүкен, жарығы бар көше және басқа жақ);  Бейтаныс жерде ата­анаңды жоғалтып алсаң, сол жерден кетпе;  Аулада, үйіңде қымбат заттардың көп екендігін айтып мақтанба;                            Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері Мақсаты: • Балалардың қыс мезгілінде үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай  білу жөніндегі білімдерін бекіту. • Ойлау, пайымдау, еске сақтау, логикалық ойлау дағдыларын дамыту; • өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға  тәрбиелеу 1. Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелері 2. Мұз сүңгілері 3. Көктайғақ 4. Мұзда өзін­өзі ұстау қағидасы Қортынды: Қандай ереже бұзылды? Жарайсыңдар, балалар! Қауіпсіздік ережелерін жақсы біледі екенсіңдер. Енді  сендерді Қауіпсіздік Ережесі елінің азаматы деп атауға болады. Зиянды әдеттер және олардың алдын алу Біздің   қоғамда   темекі   шегу   өлімнің   бірден­бір   себепкері   болып  табылады. Шылым шегушілер шекпейтіндерге карағанда жүрек ауруларына жиі шалдығады. Жыл сайын темекі шегуге байланысты туындаған жүрек ауруынан 170 000 адам көз жұмады. Өкпе, кеңірдек, қуық қатерлі ісігі, панкреатит және бүйрек қатерлі ісігі темекі шегушілер арасында жоғары көрсеткіште. Темекі құрамындағы ең қауіпті зат ­ никотин. Ол адам ағзасында жүрек ауруы мен қатерлі ісіктің өршуіне ықпал етіп қана   қоймай,   ең   қауіптісі   ­   оның   темекі   шегуге   деген   ынтасын   арттырады. Никотинге тез үйір болған соң темекіні тастау қиынға соғады. Темекі   шегудің   зиянды   салдарын   біліп,   шылым   шегуді   тастаған   адамдар өздерінің темекі шегу салдарынан төмендеген денсаулығын едәуір түзетеді. Темекі шегушілер үшін күніне тартқан 1 қорап темекі 10 жыл өткен соң жүрек ауруына шалдығу қаупін тудырады.  Алкоголь деген не? Алкоголь ­ күллі әлемге таралған ертеден келе жаткан есірткі. Біздің коғамда алкоголь қалыпты өмірдің бір бөлігі сияқты. Алкоголь әдетте қанға араласады, одан ары   миға   шабады.   Алкоголь   адам   ағзасы   үшін   улы.   Ол   уды   тазартқанда   адам бауырына   зор   күш   түседі.   Спиртті   ішімдік   адамның  бақытсыздыққа   ұшырау мүмкіндігін   жоғарылатып,   мас   болуға   әкеліп   соқтырады.   Алкоголь   адамның қабылдауы мен айналасына әсеріне кедергі келтіреді. Осындай себептермен адам мас күйінде көлік жүргізуі төтенше қауіпті. Адам спирттік ішімдікті шамадан тыс ішкен кезде гастрит, жүрек аурулары, витамин   жетіспеушілік   және   бауыр   циррозы   күрт   асқынуы   мүмкін.   Алкоголь сонымен   қатар   ми   клеткаларын,   ойлау  қабілетін   бұзады.   Жас   ағзаның  өсуіне сонымен қатар оның айналасындағы адамдарға ­ отбасына, достарына әсер етеді.  Есірткі деген не? Амфетамин, кокаин, каннабис (марихуана),героин,ЛСД деген түрлері өте көп. Оларды  көбіне жұтады немесе иіскейді, оларды инъекция түрінде де қолданады.  Есірткі заттарды қолдану ­ жалпыға тараған және барлық жерде кездесетін құбылыс.   Ол   ерлер   арасында   да,   әйелдер   арасында   да,   барлық   этникалық   және әлеуметтік топтарда кездеседі. Бүгінгі күні нашақорлықтың жасөспірімдер арасында кеңінен таралуда. Ал оның соңы кісі өлімі мен зорлық­зомбылық жасауға соқтыруда.  «Қауіпсіз мектеп», «қауіпсіз балалық шақ» акциясына байланысты қауіпсіздік ережесі Мақсаты: Көшедегі қауіпсіз жол жүру ережелерімен таныстыру. Баланың жолға  деген бақылаушылығын дамыту. Үйден шығар кезде:  ­егер үйдің алдында қозғалыс мүмкін болса, баланың назарын көліктің бар­жоғын  анықтауға аударту. Тротуармен қозғалыс кезінде, оң жақта жүру. Жолды өтуді  дайындалғанда, тоқтап, жолдағы қозғалысты қадағала. Қозғалысыңды нақты жаса.  Жолды бақылау үшін басты бұру. Баланың назарын бұрылып келе жатқан көлікке  аударту.  Жолда тек жаяу жүргінші жүруге болатын жерден өту керек. Машиналар  болмаса да, жолды бағдаршамның жасыл түсіне өту қажет. Асықпа, жүгірме. Жол белгілерімен таныстыру. “Жаяу жүргінші өтуге болады”,  “Жаяу жүргінші  өтуге болмайды”,  “Жер асты жаяу жүргінші өтуге болады”,  “Автобус, троллейбус,  трамвай, такси тоқтайтын орын” Әр оқушы өзінің мекен­жайын және есімін, ата­аңасының аты­жөнін, айта білуі керек.  Сонымен қатар, балалар «Мектептен үйге дейінгі жол» атты суреттер салып,  ол суреттер туралы әңгімелейді. «Үйде жалғыз»  болған кездегі қауіпсіздік ережесі Мақсаты: оқушыларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті  заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге  үйрету. Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі Егер сен үйде жалғыз қалсаң, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпа. Мынау – балкон мен терезе. Балконға асылуға, терезеден басыңды сыртқа шығаруға немесе терезе алдына шығып отыруға болмайды. Балконда жалғыз ойнауға тыйым  салынады. Үйдегі әйнекті ашып, сыртқа қарауға да болмайды. Су қолмен электр құралдарына, розеткаға, тоқ қосқышқа жанасуға болмайды.  Электр құрылғылар тоқ соғып, өрттің пайда болуының себебі болуы мүмкін. Электр розеткаларына бармақтарды салуға болмайды. Мынау – үтік. Оның шнурынан тартпа. Тоққа қосылғанда ол өте ыстық болады. Плитаның үстінде шәйнек, таба, кастрөл тұр. Олар – ыстық. Оларды алу үшін  арнаулы қолғап не шүберек керек. Мынау – дәрі салатын қобдиша. Оған тиіспе және үлкендердің рұқсатынсыз ешбір  дәріні ішпе! Дәрі­дәрмектерді алып қарауға болмайды. Сіріңкемен ойнауға болмайды. Тұрмыстық химия – кір жуғыш дақ, ыдыс жуу құралы және т.б. тиісуге болмайды.  Таныс емес адамдарға есік ашуға болмайды. «Жол тәртібін сақтайық!» Мақсаты: оқушыларға жол ережесі мен қауіпсіздікті сақтауға үйрету, қоғамдық орындарда өздерін ұстай білуге баулу; ­Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапты деп ойлайсыңдар? Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның  аты тарихта сақталмаған. Американың үлкен қалаларында электрлі бағдаршамдар пайда болды. Олар тек екі  түсті: қызыл және жасыл болатын. 1918 жылдан бастап үш түс қолданылатын болды. Олар: қызыл, сары және жасыл  түстер. Бүгінгі таңда бағдаршамды электронды жүйемен басқарады. Бағдаршамдар  Қазақстанның барлық қалаларында бар. 1. Бағдаршам деген не? /жол қозғалысын реттейтін автоматты жүйеге қосылған үш  көзді қондырғы/ 2. Бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өтеміз? /алдымен сол жағымызға қараймыз, жолдың ортасына жеткесін сол жағымызға қараймыз/ 3. Велосипедті көшеде неше жастан бастап тебуге болады? /он төрт жастан бастап  болады/ 4. Көлік күтетін жер қалай аталады? /аялдама/ 5. Көліктің бұрылатынын қалай білеміз? /поворотник жағады/ 4. Бағдаршамның қызыл жарығы жанып тұрғанда кімдерге тоқтамай өтуге рұқсат  етіледі? / 01 – өрт машинасына, 02 – полиция машинасына, 03 – жедел жәрдемге/ 5. Көшеде жолдың қай жағымен жүру керек? /оң қол жағыңмен жүру керек/    Оқушылардың сабаққа дейін, сабақтан кейін өзін­өзі ұстау ережесі: Үзіліс кезіндегі оқушының міндеті: Өзінің жұмыс орынын тәртіпке келтіру тазарту, мұғалімнің талаптарына бағыну,  мұғалім ескертсе сыныптан шығу. Үзіліс кезінде оқушыларға әкімшіліктің және сынып жетекшілердің рұқсатынсыз  мектеп ауласына шығуға болмайды; Үзіліс кезінде оқушыларға бірін­бірі итеруге, күш қолдануға болмайды. Терезе  жақтауында отыруға, өз бетімен терезені ашуға қатаң тыйым салынады. Үзіліс кезінде оқушылар баспалдақпен жүгіруге, ойынға арналмаған жерлерде  жүгіруге болмайды. Кезекші сынып кезекші мұғалімге үзіліс кезіндегі тәртіпке көмектеседі. Сабақ кезіндегі тәртіп: Мұғалім сыныпқа кіргенде оқушылар орындарынан тұрады, амандасады. Сабақ кезінде өзінің де, өзгенің де керекті білім алуына кедергі жасайтындай шу,  бөтен әңгіме, сабаққа керек емес нәрселер болмау керек. «Денсаулыққа пайдалы және зиянды тағамдар» Мақсаты: дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту. ­ Балалар, сендерге Данышпан атай хат арқылы жұмбақ жіберіпті. Егер сол  жұмбақтың шешуін тапсаңдар, өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер  және бүгінгі шарамыздың да сол жұмбақтың жауабымен тығыз байланысты.  Оны күткен адамдар,  Ұзақ өмір сүреді.  Қадірін білген жарандар,  Байлық осы деседі. (денсаулық)  Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық ­  денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс  тамақтана білу қажет.  Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет.  Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет.  Бүгінгі шарада осылар туралы толығырақ білетін боламыз.  1. Дұрыс тамақтану дегеніміз не?  2. Қандай заттар тағам құрамына кіреді?  3. Тамақтанудың негізгі ережелерін ата? 4. Тамақтану ережесін бұзу қандай зардаптарға әкеп соғады?  5. Қандай тағам түрлерін білесіңдер?  6. Тамақтану ережесін бұзу қандай зардаптарға әкеп соғады?  І топқа: дұрыс тамақтану ережелері  ІІ топқа: адам ағзасындағы пайдалы тағамдар  ІІІ топқа: адам ағзасындағы зиянды тағамдар туралы өздерін жұмыстарын қорғап  шығу.  Дана халқымыз басты жеті байлықтың ең алғашқысы «Бірінші байлық – денсаулық»  деп білген.  Денсаулықты сақтау үшін қажетті нәрселер: қоршаған ортаны таза ұстау, белсенді  қозғалыста болу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, рухын таза  сақтау, адам өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау. «Терроризм және діни экстремизм» Мақсаты: оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері,  себептері мен зардаптарын ұғындыру. Мұғалім сөзі: Терроризм не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз көп. «Терроризм» –  араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Тероризм мен діни  экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз  мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа  қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау  етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып,  тыныштықты бұзады. Ендеше біз бүгінгі тақырыбымызда «терроризм» ұғымы  туралы кеңінен түсінік алатын боламыз. Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс ­ әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда  болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни  олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге сыяды». Бұл  оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі ­ өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне  осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал. Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды.  Тіпті өздерін құрбан етуге әзір.  І. Ой қозғау. Оқушылар, «терроризм» деген сөзді айтқанда ең бірінші ойларыңа не келеді? Террорлық іс­әрекеттерден зардап шегетін кім? ­ Қазақстан Республикасы Қылмыстақ Кодексінің 9­тарауында қоғамдық  қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар туралы баптар жазылған.  233­бап терроризм туралы. «Жарылас жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза  болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың  туындау қаупін төндіретін әрекеттер жазаға тартылады». ­Арандатулардан аулақ болу үшін, біз саналы, ашық коммуникативті, әлеуметтік  тұлға ретінде өзімізді тәрбиелеуіміз керек. ­ Қазіргі кезде халық арасында арандатушылық көзқарасты қалыптастырған қандай  ұйымдарды білесіздер?   Тренинг. «Шаттық шеңбері» ­ елімізге, халқымызға, бір­бірімізге жылы  лебіздерімізді айту. Мұғалім сөзі: Сонымен біз қателіктерімізді жөндеу арқылы бейбітшілік өмірге қол  жеткізу, ізгілікке, адамзатты мейірімділікке, жақсылық жасауға шақыра отырып,  тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері Мақсаты: балалардың қыс мезгілінде үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін  сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту Күз   уақыты   келіп,   күн   суытып,   мұз  қату   мерзімі   келді.   Демалыс   уақыты   болғандықтан, балалар коньки теуіп, мұзға  шығуға асығады. Ауылымызда күздің соңғы айы мен қыс айының басы қараша­желтоқсанда мұз қата бастайды. Алғашқы мұз   өте   қауіпті!   Бұл   уақытта   мұз  жұқа,   ауырды   көтере   алмайды,   абайламасаң қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкін.    Абай болу керек: 1. Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе  2. Мұз сүңгілері 3. Көктайғақ 4. Мұзда өзін­өзі ұстау қағидасы Оқушыларға тыйым салынады: Дұрыс қатпаған, бетін қар басып қалған мұз үстінде сырғанауға және топталып тұруға;  Су ағымы бар жерлерде, бұлақты жерлерде ойнауға;  Мұз үстінен қауіпсіздік белгілері жоқ жерден өтуге;  Егер де тәулік бойы ауаның температурасы құбылып тұрса, мұз үстіне шығуға;  Балалар!  Мұз қату кезінде су айдынында сақ болыңдар!  Жұқа мұздың үстінде шаңғы және коньки теппеңдер!  Өз өмірлеріңе қауіп төндірмеңдер!  Жұқа, толық  қатпаған мұз үстіне шықпаңдар!                                         101 нөмірін әр азамат біледі. Мақсаты: оқушыларға 101 нөмірі жайлы мәлімет беру.Өрт қауіпсіздігі ережесін  сақтаудың маңыздылығын ұғындыру.           От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От ­ өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек  бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз  жоғалады. Біздің ата ­ бабаларымыз шөбі көп жерді отты жер деп бекер айтпаған.  Отты жер ­ қуатты жер. Мал біткенге күш ­ қуат беретін жер. Үйді қазақ халқы  отпен теңестіріп отырған.  Тұратын үйін отау, үй иесін – отағасы деп атаған.  Отсыз тоңып, жаураған адам ешқандай еңбек те істей алмайды.  Сонымен от ­ өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі ­ өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай  қаламыз. « Өрт –тілсіз жау» деп халықта бекер айтпаған.Өрттің шығуының қандай  себептері болуы мүмкін?   Өрттің шығу себептері: 1.Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса;  2.Шырпымен ойнаса;  3.Үтікті қосып кетіп қалса;  4.Газды ашық қалдырып кетсе;    Өрт қауіпсіздігін білу­ әр оқушының міндеті..  Жағдаяттық сұрақтар.  1.Сен үйде жалғыз қалдың.Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының  пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің?  2.Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап жүрсіңдер.Қарындарың ашып,  күлге картоп көміп жегілерің келді. Сөйтіп сіріңке әкеліп, аулаға от жаға  бастадыңдар. Бір кезде жаққан оттарың желмен ұшып ауладағы үйілген шөпке тиіп,  шөп жана бастады.Не істейсің?  3. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер шылым шегуге  сыртқа шықты.Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей қалған тұқылынан  жердегі қураған шөп жана бастады.Мұндай жағдайда не істейсің?  4.Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті.Жанып жатқан пештің есігі ашылып  кетіп, ішінен жанған от түсіп кетті.Сен не істер едің?  Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан  болады. Бүгін сендер оттың дос та, жауымыз да бола алатынын білдіңдер. Естеріңде болсын: «Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт – тілсіз жау».  «Абайла, көктайғақ» қауіпсіздік ережесі Мақсаты: оқушыларға көктайғақ кезіндегі  қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Қыс айларында көбінесе ауа райының құбылмалы болуына байланысты  көктайғақ болады. Сондай кезде абай болуды және соған қатысты сақтану   ережелерімен танысамыз. Бізде қыс бойы көктайғақтық белгілер байқалады. Көктайғақ барлық қозғалыс  қатысушылары үшін, жаяу жүргіншілер және жүргізушілер үшін де қауіпті. Қыс  басталысымен жолдың бетін мұз басып, машинаның астына түсу қауіпі артады, апаттық жағдай туындағанда жүргізуші тез тоқтай алмайды. Қардың жатуы көліктің қозғалысы уақытында көру мүмкіншілігін нашарлатады. . Көктайғақ кезінде жүргізушілерге ғана емес, асыққан жаяу жүргіншілерге де қауіп  төнеді. Мұндай жағдайда асықпау керек. Көктайғақ кезінде зақымданудан қалай қашу керек? ­ көктайғақта асығу, құлау қауіпін арттырады, баратын жерге ерте шығуға тырысу  керек; ­ аяқты нық басу керек; ­ қолыңда сөмке болмауы керек; ­ көктайғақта жұмсақ табанды аяқ киім кию керек. Тері және пластик тайғанақ  болады. Егер аяқ киімдерің  тайғанақ болса, бірнеше кеңестерді қолдануға болады: ­ өкшесіне кесілген поролон немесе лейкопластырь жапсыру; ­ бүкіл табанға – лейкопластырь, шығар алдында құммен сүрту керек.  ­ табанға егеу қағазын жапсыру, бірақ су тиген кезде оның құмдары түсіп қалады; ­ аяқ киімнің өкшесіне екі дөңгелек резеңке кигізу, мысалы, ескі грелкадан кесіп  алуға болады. Өте мұқият және абай болыңдар, өз өмірлеріңді  қорғаңдар.                        «Балалардың отпен ойнауы» Мақсаты: оттың адам өміріндегі маңызын,пайдасын, пайда болу жолдарын  ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру. Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру. Оқушыларға оттан  сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре  отырып, сіріңке, оттық т.б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу. Оттың шығу тарихы. Балалар, біз  бүгінгі от жайында әңгімелесеміз. Жалпы «от» деген сөзді қалай түсінесіздер? Ерте заманда алғашқы адамдар отты пайдалануды найзағайдан түскен  оттан үйренді. Сол найзағайдан түскен отты сөндірмей пайдаланды. Барлығы аң  аулауға кеткенде, бір адам от басында қалатын болған. Тамақты пісіріп жеуді де  найзағай отының астында қалған еттен байқаған.От астында қалған ет шикі еттен  дәмдірек екенін байқап, асты пісіріп жеуді үйренген. Сол заманнан –ақ оттың өте  маңызды екенін аңғарамыз. Енді осы «от» түбіріне байланысты сөздерді терсек: отағасы, отау,отарба. Яғни  мұннан шығатын нәрсе –«от» сөзі жылылықтың белгісі. Оттың пайдасымен қатар  зиянды жағы да жоқ емес. Қандай зияны бар, оқушылар? Өртену, күю, жану, жарақат алу. «Отпен ойнама, күйесің» дегендей оттың зиянды жақтарына тоқталсақ: Оттың зиянды жақтары: отты дұрыс пайдаланбаса, адам күйіп қалады. Өртенген  дала. Күйген ас. Өрттің шығуына не себеп деп ойлайсыңдар?Мына суреттер бойынша не айта  аласыңдар?(сіріңке, темекі, үтік, газ)  Өрттің шығу себептері:1.Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса; 2.Шырпымен ойнаса; 3.Үтікті қосып кетіп қалса; 4.Газды ашық қалдырып кетсе; Өрт қауіпсіздігін білу­ әр оқушының міндеті. «Сақтықта қорлық жоқ»  деп халқы  бекер айтпаған. Сондықтан үйде жалғыз қалған кезде өте сақ болу  қажет.Жағдаяттық сұрақтар  жауап береміз. 1.Сен үйде жалғыз қалдың.Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының  пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің? 2.Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап жүрсіңдер.Қарындарың ашып,  күлге картоп көміп жегілерің келді. Сөйтіп сіріңке әкеліп, аулаға от жаға  бастадыңдар. Бір кезде жаққан оттарың желмен ұшып ауладағы үйілген шөпке тиіп,  шөп жана бастады.Не істейсің? 3. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер шылым шегуге  сыртқа шықты.Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей қалған тұқылынан  жердегі қураған шөп жана бастады.Мұндай жағдайда не істейсің? 4.Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті.Жанып жатқан пештің есігі ашылып  кетіп, ішінен жанған от түсіп кетті.Сен не істер едің? 5.Сен сабаққа келгенде сыныптасың оттық ұстап жүргенін көрдің.Мұндай жағдайда  не істер едің? От туралы мақал –мәтелдер айтайық. 1.Отпен ойнама,күйерсің. 2.Ойын түбі –от. 3.Сумен ойнама –батарсың,Отпен ойнама –күйерсің­деген мақалдар әр адамды  отпен өте сақ болуға үйретеді.                                     «Егер сізді тұтқынға алған болса» Ұстап алған уақыттан бастап, өз әректіңді бақылау және босанып шығуға мүмкін болар  деген барлық заттарды назарға алу. Құтылуға деген ықтималдылықты жоғарылата отырып, өз эмоцияларыңды қолға алу және өзіңді орынды ұстау аса маңызды. Орын ауыстыру кезіндегі барлық заттарды еске сақтауға тырысыңыз: уақыт және жүру  жылдамдығы, көтерілу және түсу, үлкен бұрылыстар, бағдаршамда тоқтағандары, темір  жол өткелдері, ерекше дыбыстар. Қамауда отырған жердің терезесін, есігін, баспалдақ, қабырға жапсырмаларының түсін,  ерекше иістерді; дауыстарды, қылмыскерлердің сырт келбеті мен сөйлеу манерасын есте  сақтап алыңыз. Ең ұсақ байқалмайтын ақпараттың өзі сіздің босап шығуыңызға жәрдемдесуі және  қылмыскерді ұстап, әшкерелеуге көмектесуі мүмкін. Қылмыскерлердің ішінен таныс жүз көрген болсаңыз, байқамағандай,  олардытанымайтындай болыңыз, ол өте қауіпті. Терроршыларға артық сұрақ қоймаңыз және олардың көзіне тік қарамауға тырысыңыз. Өзіңізге көңіл аудартпауға тырысыңыз, көзге түсетін,әшекей бұйымдарды шешіп  тастаңыз. Әйедерге зорлық көрсетуден сақтану үшін, аяғы мен кеудесін жасыруға тырысу керек  және өз түр келбетін нашарға өзгерту маңызды, мысалға, әдейілеп былғанып қалу. Қымтағышты тастап кетпеңіз,орныңыздан тұрмаңыз және қарулы адамдардың  рұқсатынсыз жүрмеңіз. Қызметкерлермен келісімге келіп жатқан адамға барлық жиналған ақпараттарды ыммен  немесе жазбамен жеткізуге тырысыңыз. Абай болыңыз: сіздің әрекеттеріңізді  қылмыскерлердің әшкерелеуінен, оның ақыры қатаң жазаға алып келеді.  Қылмыскерелермен сөйлесу кезінде басты ереже оларға емес өзіңізге көмектесу болу  керек.Сізді ұрлағандағы қажет еткен затты білуді ақырындап, ойластырылған түрде  сұраққа кіргізуге тырысу: талап етілетін ақшаның көлемі, басқада талаптардың  орындалуы.Қылмыскерлер жиі наркотикалық заттардың немесе алкогольді заттардың  күшіндеболатындарын есте тұтқаныңыз абзал. Өзіңізге деген бұзақылардың көзқарасын жұмсартуға тырысыңыз, олардың ішінен  біреуімен деке контактіге баруға тырысыңыз. Тұтқынды психологиялық тұрғыда сындыру үшін, қылмыскерлер әрекетін шекаралайды,  ақпарат алуын шектейді, аштықпен және сусыз қинайды, ұрып соғады, темекісінен  айырады, сағатын тартып алады, және т.б. Ұзақ уақыт тұтқында болғанда, психологиялық тұрақтылықты ұстап тұру, құтылуға  деген үлкен мүмкіндік болып табылады. Жағымсыз сезінулерге және уайымдауларға көңіл аудармау үшін, психиканы бақылауда  ұстап тұру үшін, ойлаудың тұнықтығын сақтау және жағдайды адекватты бағалау үшін  қолданған кез­келген әдіс пайдалы болып табылады: Мүмкіндігіңізше жеке бас гигиенасын сақтануға тырысыңыз; Шама келгенше физикалық жаттығулар жасау; Аутотренинг және медитацияларды тәжірибеден өткізіп көріңіз Ішіңізден оқыған кітаптарыңызды еске түсіріңіз, математикалық есептер шешіңіз, басқа  тілдегі сөздерді есіңізге түсіріңіз; Уақытты ескеруге тырысыңыз, күн мен түнді белгілеңіз (қылмыскерлердің белсенділігіне, дауыстарға, тамақтану уақытына қарай және т.б.) Сізге қажеттілік тудыратын заттарды тастамаңыз (дәрі­дәрмек, қарындаш, көзілдірік  және т.б.), ауыз судың аз мөлшерінде болса да артық алып қалу және егер сізді ұзаққа  жалғыз қалдырса немесе тамақтандырмай қойған жағдайларға артық тамақ алып қалу. Еш уақытта аман­есен шығуыңызға деген сеніміңізден үмітіңізді үзбеңіз. Сіздің басты үш жауыңыз – қорқыныш, апатия, депрессия.                                   Балалрға қауіпсіз интернет» ҚТ Ғаламтор! Ғаламтор… Кейде жақсы, кейде… жаман тор!  Ең алдымен Ғаламторда отырған кезде сақталуы керек үлкенге де, кішіге де ортақ  ережелерді еске түсіріп алайық: Ал енді балаларымызға оралайық. Жас ерекшелігіне қарай балаңызға беретін кеңестер де әртүрлі  болып келеді. Мәселен,7­8 жас аралығындағы балаата­анасы отыруға рұқсат етпейтін сайт  немесе әлеуметтік желілерге кіруге тырысады. Олар аңғал, сенгіш болып келеді, сол себепті ата­ ана ғаламторды қолдану мүмкіндігін шектейтін немесе жұмыста отырып үйде баласының  ғаламторда не көріп, не оқып отырғанын бақылай алатын бағдарламаларды қолдануы керек.  Нәтижесінде бала өзінің үнемі бақылауда екенін түйсінеді. Кеңес Ғаламторға кірудің үй жағдайындағы ережелер тізімін жасаңыз және оның орындалуын талап  етіңіз. Балаңыздан компьютер алдында отырғанда уақыт режимін сақтауын талап етіңіз. Сіз оны  бақылағыңыз келгендіктен емес, оның қауіпсіздігі үшін уайымдайтындықтан  қадағалайтындығыңызды және оған қашан да көмектесуге әзір екендігіңізді көрсетіңіз. Ғаламтор желісіне қосылған компьютер отбасы мүшелеріне ортақ бөлмеде, ата­ананың  бақылауында болуы керек. Балаңыздың өзінің жеке электронды поштасы болмас үшін, отбасылық электронды пошта ашып  қойыңыз. Балаңызға Сіздердің рұқсаттарыңызсыз музыка немесе басқа да бағдарламаларды жүктеп алуға  рұқсат етпеңіз. Балаңызға әлеуметтік желілерде хабарлама алмасу функциясын қолдануға рұқсат етпеңіз. Балаңыз шынайы өмірдегі достары туралы айта бастаса, одан ғаламтордағы достары туралы да  сұрап, хабардар болып отырыңыз. Балаңыз үлкендерге қатысты сұрақ қойса, жауап беруден жалтармаңыз. Өйткені ол Сіз бере  алмаған жауапты ғаламтор желісінен іздеуі мүмкін және іздеу барысында «үлкендерге арналған»  сайтқа тап болуы да ғажап емес. Ал, енді мына жолдарды балаларымызға жаттатып қояйық.))))))))))) Ал, менің ботақандарым, Ақылды қошақандарым! Айтамын Ғаламторда да, Біз білмес талай сыр барын. Тыңдаймын десең әнің бар, Кітап та, дос та табылар. Не керектің бәрі бар, Ғаламторың бар – бағың бар! Ғаламтор – сені таң қылар, Отыртып таңды таңға ұрар. «Айшылық алыс жерлерден, Жылдам хабар алдырар». Қарағын әркез сақ болып, Көрінсе де дос болып, Ол жердегі адамдар, Кетеді кейде жат болып. Сол себепті абайла, Жан­жағыңа қарайла. Менен алты кеңес бар, Жадыңда сақта, жарай ма? Ол жерде сені арбайтын, Қыр соңыңнан «қалмайтын», Алаяқтар бар «Көп сыйлық Алып берем» деп алдайтын. «Ойыншық берем» десе де, «Қыдыртамын» десе де, Кездесу үшін онымен, Шыға көрме көшеге. Қалған сонау жұрттағы, Жыбырлаған құрт дағы, Көрінсе де қауіпсіз, Оның көзін құрт тағы! Мынаны да біл тағы: Сүйкімсіз түр­тұрпаты, «Вирус» дейтін сол құртың, Файлдарыңды құртады. Сол себепті үн қаттым, Тыңда мені, қымбаттым! Компьютерге көп созбай, Антивирус орнатқын! Әлеуметтік желіде, Отырад(ы) сері, пері де. Сене берме ондағы, Ақпараттың бәріне. Мекенжайыңды көрсетпе, Нөміріңді де көрсетпе, Осылайша өзіңді, Қорғадым деп есепте. «Найзағай кезіндегі жүріс­тұрыс» ҚТ Найзағай адам өміріне шынайы қауіп туғызып қана қоймай, апаттық жағдайға  әкеледі. Аспан күркіреп, найзағай жарқылдай бастаған кезде Сіз қауіпсіз жерге  жасырыныңыз. Найзағай басталар алдында ауа­райы тұмықтанып, жел бағытын  өзгертіп, жылдам ауа­райы құбылады да, онан кейін жаңбыр басталады. Соның  ішінде ең қауіптісі құрғақтылық, яғни жауын­ шашынсыз ауа райындағы найзағай  өте қауіпті болады. Найзағай кезінде: ­ орман ішінде аласа талдардың ішіне  жасырыну керек; ­тауда тік жардан 3­8 м қашықтықтағы жерге тығылу керек; ­ашық алаңқай жерлерде қазылған құрғақ орларға, арықтарға, жыраларға жасырыну керек;  ­ металл бұйымдарды адамдардан 15­20 м қашықта үйіп қою керек; ­ жасырынған  кезде аяқтарды жинап, басты еңкейтіп екі қолмен жасыра, тізені бүгіп топ­ талып  отыру керек; ­полиэтилен, ағаш жапырақтарын, тастарды, киімдерді жердегі  топырақтан сақтану үшін аяқ астына үйіп қоюға болады; ­ жолда келе жатқанда  бытыраңқы жүріп, бір­бірден асықпай жүру керек; ­ биік жерден аласа жерге түсу  керек; ­ су ішінде­қорғағыш кенепті басына төсеп, мачта орналасқан жерден әріге  кету керек, по­ лиэтиленмен қорғанғанда ол сумен мачтадан қорғайтындай болуы  шарт. Металл ұзын сым темір болған жағдайда өткізгіш құрал ретінде пайдалану  үшін, сымнын бір ұшын мачтаға екінші ұшын суға матыру керек. ­ жай соққан кезде  адамдарға алғашқы көмек көрсету керек. Тыйым салынатын жағдайлар: ­ жалғыз  тұрған талға жасырынуға болмайды; ­найзағай ойнағанда таулы шатқалдарға  сүйенуге, жанасуға болмайды; ­су ағып тұрған жерлерден, су қоймалары жанынан  өтуге, тоқтауға тыйым салынады; – жүгіруге, түсініксіз әрекет жасауға болмайды; ­  биік жерде қалып қоюға, металл заттарының жанына тұруға болмайды.

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері

Қауіпсіздік ережелері әңгімелері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
12.02.2017