Аяулы аналар - асыл жандар!
Оценка 4.8

Аяулы аналар - асыл жандар!

Оценка 4.8
Мероприятия
docx
классное руководство
6 кл
13.03.2018
Аяулы аналар - асыл жандар!
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі-балада, баланың көңілі -далада» демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар!аналар
05.03.18.docx
АҚШҰҚЫР  МЕКТЕП­ЛИЦЕЙІ Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: «Аяулы аналар – асыл жандар!»                                                                                                                                                 6 «в» сыныбы Сынып жетекшісі: Абделмажит Акмарал 2018 жыл АЯУЛЫ АНАЛАР – АСЫЛ ЖАНДАР! Күні: 05.03.18 Мақсаты: 1. Оқушылардың анаға деген сезімдерін, махаббатттарын өз жүректері арқылы жеткізу 2. Аялы жандарға деген құрмет, ілтипатты көрсету. 3. Эстетикалық – рухани тәрбие беру. Жүргізушілер:  1­ж: Қайырлы күн! Бүгін бізге қонаққа аяулы аналар, ақ жаулықты әжелер, гүлдей жайнаған қыздар келіпті ғой. Олар неге бүгін осында жиналып отыр. Білесің бе? 2­ж: Иә, қазір далаға жайма шуақ көктем келген мезгіл емес пе? Ал көктемнің алғашқы күндерінде әже,  ана, қыздардың жарқын мерекесі келетінін ұмыттың ба? 1­ж: Дұрыс айтасың. Әбден есімнен шығып кетіпті. Ендеше аяулы жандарға арналған мерекелік  концертімізді ашығу рұқсат етіңіздер! 2­ж: Пришла весенняя пора, И ярко светит солнце, 8 Марта — мамин день, К нам заглянул в оконце! Тебя я мамочка люблю, С весною поздравляю, Тюльпаны нежные дарю, И радости желаю! 1­ж: Той пердесін ашайық, Тойға шашу шашайық, Аналарды құрметтеп, Ән маржанын шашайық. Құтты болсын, ардақты ана Асыл анам мерекең. Құтты болсын теңдік алған Қуанышты берекең. Алғашқы мереке шымылдығын ашу үшін ортамызға «Ана туралы жыр» әнімен  Әмірбекті шақырамыз. 2­ж: Менің анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа барып үлгереді. 1­ж: Мен мектептен келсем тамағым да дайын, үй де жинаулы, мұның бәрін қалай үлгереді екен? 2­ж: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар  біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі. 1­ж: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым, Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың. Өміріме нәрін берді ақ сүтің, Кең құшағың – аясындай гүл бақтың. Мен өзіңмен қайда болсам біргемін. Махаббатың жүрегімде жүр менің. Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің Қандай жақсы ортамызда жүргенің! 2­ж: С 8 Марта поздравляю, Наши мамы дорогие. Вы одни такие в мире, Сердцу нашему родные. Вас мы любим очень сильно, Рядом будем мы всегда. Наши нежные мамули, Не грустите ни когда! 1­ж: There is no one like a mother And no mother quite like you.  You are so very thoughtful and caring,  And I just want to thank you Mother,  For making my life brighter. 2­ж: Келесі кезекте ақылына көркі сай қыздарымызбен бір ойын ұйымдастырып жіберсек қалай  қарайсыңыздар?! Ендеше «Кім мерген» ойынын өткізгелі тұрмыз. / ойын шартымен таныстырып, ойынды  өткізеді/ 1­ж: Көктем келіп, гүлге толы дала бар Мерекеңіз құтты болсын аналар Сіздерсіздер тіршіліктің тұтқасы. Жас ұрпаққа ақыл берген даналар. Манастың орындауындағы «16 қыз» әнін тамашалаңыздар. 2­ж: Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана, Келтірген дүниеге нелер дана. Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ. Өмірдің алтын кілті сонда ғана. 1­ж: Ортаға осы сыныптың барлық ер балаларымызды шақырайық. Олар өздерінің жүрек жарды ақ  тілектерінмен келіп тұр. 2­ж: "M" is for the million things she gave me,  "O" means only that she's growing old,  "T" is for the tears she shed to save me,  "H" is for her heart of purest gold;  "E" is for her eyes, with love­light shining,  "R" means right, and right she'll always be,  Put them all together, they spell "MOTHER,"  A word that means the world to me. 1­ж: С праздником Вас дорогие мамули, Желаем, чтоб в море цветов Вы тонули, Чтобы всегда улыбались нам всем, И жили, родные, без всяких проблем! От чистого сердца мы Вас поздравляем, Любви, от родных, всегда Вам желаем. Царицами будьте, мамочки наши, Ведь нет Вас, мамули, любимей и краше! 2­ж: Алтын анам жасымнан аялаған, Мен үшін игілікті аямаған. Сабақтан шаршап үйге келгенімде Бал сөзі «жаным» деген сая маған. Бақытты ғой шынында Анасымен балалар. Құтты болсын мереке, Аман болсын аналар. Жүзімізге қараңыз Біз бақытты баламыз Бізге қымбат құшағыңыз Бізге қымбат анамыз ­ деген өлең шумақтарымен мерекелік шарамызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. Осы  кештің нүктесін қоюға ортамызға біздің екінші анамыз сынып жетекшіміз Ақмарал апайды шақырамыз. (Сынып жетекші өз жылы лебіздері мен игі тілектерін жолдайды.)

Аяулы аналар - асыл жандар!

Аяулы аналар - асыл жандар!

Аяулы аналар - асыл жандар!

Аяулы аналар - асыл жандар!

Аяулы аналар - асыл жандар!

Аяулы аналар - асыл жандар!

Аяулы аналар - асыл жандар!

Аяулы аналар - асыл жандар!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.03.2018