«Қазақ халқының ұлттық киімдері»
Оценка 4.8

«Қазақ халқының ұлттық киімдері»

Оценка 4.8
docx
20.05.2020
«Қазақ халқының ұлттық киімдері»
Экология негіздері 18.05.20.docx

 

Ұйымдастырылған оқу   іс-әрекетінің  конспектісі

Күні: 11.03.2020

Тәрбиеші:Бексултанова Д.С

Білім беру саласы:Әлеумет

Бөлімі: Экология негіздері

Тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық киімдері»

Мақсаты: Балаларды ұлттық киімді , тұрмыс заттары  мен әшекейлерді даярлаумен таныстыруды жалғастыру. Дид ойын:» «Кімге не керек?»

Көрнекі құралдар: ұлттық киімдер үлгісі, суреттер, диск.

Билингвальді компонент: сәукеле, тақия, бөрік, шапан, қамзол, көкірекше, мәсі.

 

Шаттық шеңбері.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық.

Сәлеметсіздер ме қонақтар,

Біздің балабақшаға қош келдіңіздер!

(орындарына отырады)

 

Шаттық шеңберінде тұрып бір-бірімен амандасып алады.

(орындарына отырады)

 

Сұрақ-жауаптар.

- Балалар бүгін аптаның қай күні?

-Ал қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем айларын кім біледі?

-Қазір қай ай?

-Бүгін ауа-райы қандай?

-Бүгін сендер балабақшаға қандай киімде келдіңдер?

Балалар: Мен бүгін күрте кидім. Мен бүгін күрте, шалбар, бәтеңке кидім.

(әр бала үстіндегі киімі туралы, орнынан тұрып айтады)

- Балалар тон, күрте, жейде, көйлек, шалбар мұның барлығын бір сөзбен қалай айтамыз?

-дұрыс, «киімдер» деп атаймыз.

Киімдер әртүрге бөлінеді: жаздық, күздік, қыстық, мерекеге арналған киімдер. Соның ішінде әр халықтың өзінің ұлттық киімдері болады.

-Ал біз қай мемлекетте тұрамыз?

Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?

-иә, Қазақстанда көптеген ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың өзінің ұлттық киімдері болады. Бүгін мен сендерді қазақ халқының ұлттық киімдерімен таныстырамын.

Бүгінгі тақырыбымыз «Қазақ халқының ұлттық киімдері» деп аталады.

Қазақ халқы ұлттық киімдерге өте бай. Ұлттық киімдер арнайы маталардан тігіліп, олар ұлттық оюлармен әшекейленеді.

 

Балалар біз ұлттық киімдер көрмесіне келдік. Біз сендерді сол көрмені тамашалауға шақырамыз.

Сергіту сәті.

Балалар қараңдаршы, қандай керемет, тамаша көрме екен.

Бұл көрмеде әртүрлі ұлттардың киімдері бар екен. Ал сендерге осы ұлттық киімдердің ішінен сабағымызға байланысты қандай ұлттық киімдер таныс?

-Мынау не?

-Мынау не?

-Қандай тақия?

-Мынау не?

Таныс киімдерді атайды.

 

-Мынау сәукеле

-Мынау тақия.

-жасыл тақия.

-мынау қамзол.

Сұраққа жауап береді.

 

Мақал-мәтел.

Ағаш көркі жапырақ,

Адам көркі шүберек.

 

Сыпайы киімді киіп тоздырады,

Сараң киімді жиып тоздырады.

-көрген киімдерін айтады.

 

 

Қорытынды:

-Балалар бүгін сендер қай ұлттың киімдерімен таныстыңдар?

-Дұрыс, қандай сөздерді естеріңде сақтадыңдар?

-Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?

-Көңіл-күйлерің қалай?

Ендеше, осы көңіл-күйлеріңді смайликтер арқылы көрсетіңдер.

Бүгінгі сабағымыз аяқталды.

Сау болыңдар!

 

 

 

 


 

Күні: 11.03.2020 Тәрбиеші:Бексултанова

Күні: 11.03.2020 Тәрбиеші:Бексултанова

Бүгін мен сендерді қазақ халқының ұлттық киімдерімен таныстырамын

Бүгін мен сендерді қазақ халқының ұлттық киімдерімен таныстырамын

«Қазақ халқының ұлттық киімдері»

«Қазақ халқының ұлттық киімдері»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.05.2020