Сынып сағаты:
«Бақытты
балалық шақ»
Өткізген: Смайлова А.А.
Сынып: 5 «А»
Төңкеріс негізгі мектебі 2016жыл.
Сынып сағатының тақырыбы: Бақытты балалық шақ.
Мақсаты: Бақыт ұғымының шексіздігін ұғындыру.
Бақытты бағалауға тәрбиелеу. «Бақыт», «қуаныш»,
«құқық», «заң» деген сөздер мағнасын таныту.
Көрнекілігі: заң жинағы, суреттер, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ынтымақтастық атмосферасын құру.
Топқа бөліну. Қиындылардан сурет құрастыру арқылы.
ІІ. Мағнаны тану.
Мұғалімнің түсіндірмесі: Бақыт – адамның өмір қызығы мен
қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық
ұғым. Бақыттың негізінде адамның өмірі мағыналы және нәтижелі
болған кездегі өз болмысына деген ризашылық сезімінің
қалыптасуы жатыр. Сонымен бақыт дегеніміз – біздің балалық
шағымыз, өмір сүріп жатқан ортамыз. Мектепке барамыз.
Мектепте ең қызықты күндеріміз өтеді. Өйткені қалам ұстап,
оқуды, жазуды, достықты, сыйластықты үйренеміз.
ІІІ. Ой қозғау.
Бақыт деген не? Әр топтан бірбір оқушыдан өз пікірін
білдіреді.
«Мен бақытты баламын» деп бастап әңгімелеп айтады. 1 топ
немесе сурет арқылы салып көрсетуге болады 2 топ,
немесе кластер күн сәулесіне «Мен Тәуелсіз Отанымда
бақыттымын!» деп жазып толтырады 3 топ.
Сонымен бақыт дегеніміз біздің арманымыздың
орындалуы, қуанышты сәттеріміздің көп болуы, біздің әсем
үйлеріміз, деніміздің сау болуы, бейбіт өміріміз, балалық
шағымыз екен.
Біліп жүрейік:
1маусым халықаралық балаларды қорғау күні
20қараша дүниежүзілік балалар күні
10желтоқсан адам құқығы күні 10желтоқсанда 1948жылы адам құқықтарының жалпыға
ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады
1959ж әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу
Декларацияны жариялаудан басталды
1979ж халықаралық балалар жылы өтті.
20қараша 1989ж БҰҰда Бала құқықтары туралы Конвенция
қабылданды
28 қаңтар 1993ж ҚРның тұңғыш Конституциясы қабылданды
8 маусым 1994ж Қазақстан Республикасы Бала құқықтары
туралы Конвенцияны бекітті
30 тамыз 1995ж ҚРның Конституциясы бүкілхалықтық
референдумда баяндалып, екінші рет қабылданды
Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі тыңдалады.
Ал балалар адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра
отырып әдеп әліппесін бойға дарыту керек екен. Әдептіліктен
заңды сыйлауда, құқығын қорғай білу де , Отанын елінжерін сүю
де, бақытты болу да басталады.
«Мақал – мәтелді жалғастыр» ойынын ойнайық.
1. Әдепті бала /арлы бала/
Әдепсіз бала /сорлы бала/
2. Әкенің баласы болма /адамның баласы бол/
3. Аға әдепті болса /іні әдепті/
Апа әдепті болса /сіңілі әдепті/
4. Өлімнен де /ұят күшті/
5. Отан /Отбасынан басталады/
6. Отансыз адам /ормансыз бұлбұл/
7. Әдептілік дегенің /әрқашанда керегің/
8. Әдептілік белгісі /иіліп сәлем бергені/
Ал енді тақпақ тыңдайық: Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
Атам маған қашан да,
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
Міне балалар, біз бүгін сіздермен әдеп, отан, адамгершілік,
құқық, сыйластық деген ұғымдар жайында сөз еттік. Біз әрқашан
адам деген атқа сай болуымыз керек. Сонда ғана бақытты
боламыз екен.
Ата заң бұл киелі
Еліміздің бас заңы
Бұл заңда жеңіс даңқымыз
Салтанат құрған салтымыз
Сүйеніш, қамқор қорғаушы
Сүйеді заңын халқымыз. деп сынып сағатын аяқтаймыз!
Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы. Орта ғасыр Қазақстан тарихы 7 сынып
Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы. Орта ғасыр Қазақстан тарихы 7 сынып
Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы. Орта ғасыр Қазақстан тарихы 7 сынып
Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы. Орта ғасыр Қазақстан тарихы 7 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.