Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы. Орта ғасыр Қазақстан тарихы 7 сынып
Оценка 4.9

Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы. Орта ғасыр Қазақстан тарихы 7 сынып

Оценка 4.9
Презентации учебные +4
doc
история
5 кл—11 кл +1
04.04.2017
Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы. Орта ғасыр Қазақстан тарихы 7 сынып
Мен патриотпын 1 қыркүйек Айжан.doc
Тақырыбы: «Мен өз елімнің  патриотымын» атты сынып сағаты. Білім күні Үгіт тобы:  «Патриот» Мақсаты: Тәуелсіздік, егемендік және патриотизм­біздің басты қазынамыз! 1 желтоқсан­Қазақстан  Республикасының тұңғыш Президенті күні. Еліміздің патриоттары  туралы әңгіме. Оқушыларды Отанын сүйетін жастар етіп тәрбиелеу. (Музыка ойнап тұрады. Әли Оқаповтың «Қазақстан» әні. )     Бүгінгі “Мен өз елімнің патриотымын,, атты сынып сағатына қош келдіңіздер. Төңкеріс негізгі мектебінің ,, және оның “жас патриоттары,, міне орталарыңызда. (Сөз оқылып жатқанда балалар ортаға шығып тұрады) Дәурен:    Барлық Қазақстанның патриоттары бізбен! Әділет:     Барлық еліміздің патриоттары Елбасымен! Гүлзат:      Ең алғашқы сөз­ана Дәурен:    Ең жарқын сөз­Отан Меруерт:  Ең басты сөз Топ: Қазақстан Топ: Біз  Гүлдана:патриотпыз Арай:жаспыз Нұртөре: жігерліміз Топ: Біз  Меруерт: Қазақстан Арсен: қуаттымыз                                                                  Топ: біргеміз! Дәурен: Ұранымыз!                                                                 Топ:Патриотпыз елімізді сүйетін                                                                 Отан үшін отқа да ыстық күйетін.  (осы кезде қолдарындағы жазуды көтереді. ПАТРИОТ деген сөз шығады) Арай:         Біз­қашаннан ер, қаһарман халықпыз Аяулым:   Біз­тарихта теңдесі жоқ алыппыз Меруерт:  Біз­күштіміз күштілердің бәрінен Гүлдана:   Біз­сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз! Топ: Біз кімбіз? Нұртөре: Біз­ бақытты, ғаламтор жүйесіне қол жеткізген білімге құштар жастармыз. Ернұр: Біз­ертеңгі күні ел үшін әр салада еңбек ететін еңбекқор жастармыз. Дәурен: Біз­сан түрлі мамандықты игеретін мамандық иелеріміз Арсен: Біз­тәуелсіздік тірегіміз! Гүлзат:          Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы!                        Ол әркімге еркін өмір сыйлады.                        Білімділер алға шығып елімде, Жақсы атақпен нұр шапағын жинады. Нұртөре:      Асыл елім бүгінгі Ақ Ордасы бар,                        Айбынды елім қаһарман Елбасы бар                         Жолбасшы елмін жыл сайын Елбасының                        Жолдауымен қамданып жолға шығар Аяулым:       Айналайын асыл ел,алтын халық                         Айқын мақсат алдында, айқын бағыт                         Әлемдегі үздік ел етемін деп                      Елбасың жүр алдында жарқыл қағып Әділет:          Елбасы­төбеңдегі бақ жұлдызын,                         Қаратты өз аузына жердің жүзін                         Сұңғыла саясатпен сара тіліп                         Ерітті тарихтағы тоңның мұзын Гүлдана:       Секірді заңғардағы тау барысы                         Нұрсұлтан­ел тірегі, ел намысы                         Адамның бұл өмірде арманы жоқ                         Халқының бола берсе қорғанышы Дәурен:         Жерұйығым, Жампозымды жыр етем ,                          Аты да оның,заты да оның нұр екен                          Темірқазық адастырмас алашты,                          Дана басшы, дара басшы­Нұрекең! Арай: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тек Елбасы ғана емес, ол­білгір саясаткер! Нұртөре: Ол­қоғам қайраткері Аяулым:  Ол­нағыз патриот Ернұр:     Ол­дарынды адам! Гүлдана: 2012 жылы­«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні» болып жарияланды! Арай: Біздің президент еліміздің болашағын жастармен байланыстырады. Әділет: Біз Елбасымыздың идеяларын ілгері бастыратын жастармыз! Топ: Біз Елбасымызды мақтан тұтамыз! Аяулым: Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол­Тәуелсіз Қазақстан! Ернұр: Тәуелсіздік­ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен  қайсар рухының жемісі! Меруерт: Тәуелсіз болу дегеніміз­ешкімге бағынышты болмай, өз еркімен өмір сүру деген  сөз. Арсен: Елбасы «Нұрлы жол­болашаққа бастар жол» атты биылғы жолдауында 2015  жылды­Қазақстан Республикасы Ассамблеясы жылы деп жариялады. Дәурен: 2015жылы ­Біз қазақ хандығының 550 жылдығын; Гүлзат:  Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан Республикасы  Ассамблеясының 20 жылдығын; Әділет: және Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтетін боламыз! Арсен: Осы тарихи мерейтойлардың өз деңгейінде аталып өтілуіне мен өз үлесімді  қосамын. Гүлзат: Сен өз үлесіңді қос!                                                          Топ: Біз өз үлесімізді қосамыз! Ернұр: Себебі: менің Отаным, Гүлдана: Сенің Отаның, Аяулым: Біздің Отанымыз­                                                         Топ: Қазақстан! Нұртөре: Қазақстан күн санап өсіп­өркеңдеуде! Ал, 2050 жылы біз қандай боламыз? Меруерт: Егер біз күшті болсақ, бізбен санасатын болады Нұртөре: Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етеміз, Гүлзат:Тәуелсіз елді өз қолымен құрған аға буыннан басталған ұлы істерді кейінгі  ұрпақтың біздің  лайықты жалғастыратынымызға  кәміл сендіреміз. Дәурен: Мемлекетіміз біздің оқуымыз бен өсіп өнулеріміз үшін барлық жағдайды жасауда. Ернұр: Болашақтың Қазақстанын біз былай елестетеміз? Әділет: Ол кезде біз қамал бұзар қырықтың қырқасына шығады екенбіз.  Арай: Бәріміздің де отбасы, балаларымыз бар,еліміз үшін еңбек етеміз. Сол кезде 2050 жылғы қазақстандықтар, яғни біздер: Меруерт: Үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдар қоғамы боламыз Әділет: Біздер­әлемнің азаматтарымыз, саяхаттап жүреміз Гүлзат: Жаңа білім меңгеруге құштармыз,біздер еңбексүйгішпіз Гүлдана: 2050 жылғы Қазақстан­жалпыға ортақ еңбек қоғамы. Ол­барлығы да адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет.   Арсен: Білім беру, денсаулық сақтау саласы да үздік.  Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған. Әділет:  Азаматтары еркін және тең құқықты, ал билігі әділ, онда заң үстемдік етеді.            Дәурен: Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып шын мәніндегі мемелекеттік тіл  мәртебесіне көтеріліп, елімізді «Қазақстан мемлекеті» деп атайтын боламыз.   Топ: Олай болса біз! Меруерт: ХХІ ғасыр­ Қазақстанның «Алтын ғасыры» боларына сенеміз. Ернұр: Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Аяулым: Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атанады Арсен: Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз! Гүлзат: Көк байрақтын астында  күн сөнгенше  Топ: сөнбейміз, Гүлзат: Егемендігімізді ешкімге де  Топ: бермейміз! Ән «Көк тудың желбірегені» Соңы Сынып сағаты   Тақырыбы:  «Мен өз елімнің            патриотымын» Өткізген: Смайлова А.А. Төңкеріс негізгі мектебі 2016ж.

Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы. Орта ғасыр Қазақстан тарихы 7 сынып

Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы. Орта ғасыр Қазақстан тарихы 7 сынып

Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы. Орта ғасыр Қазақстан тарихы 7 сынып

Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы. Орта ғасыр Қазақстан тарихы 7 сынып

Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы. Орта ғасыр Қазақстан тарихы 7 сынып

Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы. Орта ғасыр Қазақстан тарихы 7 сынып

Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы. Орта ғасыр Қазақстан тарихы 7 сынып

Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы. Орта ғасыр Қазақстан тарихы 7 сынып

Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы. Орта ғасыр Қазақстан тарихы 7 сынып

Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы. Орта ғасыр Қазақстан тарихы 7 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.04.2017