Бастауышым - балбұлағым
Оценка 5

Бастауышым - балбұлағым

Оценка 5
Мероприятия
docx
воспитательная работа
7 кл—11 кл
21.01.2020
Бастауышым  - балбұлағым
выпускной начальная школа
сценарии.docx

Бастауышым  - балбұлағым

 

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3. Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:   «Шуағын төккен 4 жыл»  Қанатты сөздер мен тақырып, шарлар, гүлдер.

Кіріспе сөз:

Құрметті ата-аналар, қонақтар, әріптестер. Біздер бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болып, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта сіздер үшін тағы бір той қосылмақ. Тойларыңыз құтты болсын.

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің  ұйымдастыруымен өткізілгелі  отырған «Бастауышым  - балбұлағым» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер! Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі  сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне  аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Аса қадірлі ата-аналар мен ұстаздар және оқушылар. Бүгін ғылым әлемінің алғашқы баспалдағы «Бастауыш» атты ұзақ жолдың алғашқы асуынан асып тұрған 4 сынып оқушыларынан шағын көріністі қабыл алыңыздар.

Көрініс 1

 Мұғалім:

Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен  мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.  Ғылым иесі  ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан  жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім  мен тәрбие алған.  Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»  деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

Дина

Динара

Карима

Оглай

Мұғалім:

  Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл – ортада, «БАСТАУЫШ МЕКТЕППЕН ҚОШТАСУ» әнімен Шәріп Динаны қошеметпен қарсы алайық.                       

Мұғалім:

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

 «Ана дегеніміз – әлемнің жан – дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы» деген Расул Ғамзатов атамыз. Олай болса ортаға жарық дүние сыйлаған аналарымызға мың алғыс айта отырып, назарларыңызға қыздардың орындауында

«АНАШЫМ АНАЖАНЫМ» әні

Мұғалім:

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз мейірбан қонақтарым,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

Енді міне, сағымдай боп өте шықты.

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты

 4-сынып ұлдарының орындауында ФЛЕШМОБты тамашалаңыздар.

Мұғалім:

4 жыл бойы білім берген мәпелеп

Анамыздай біз сыйлаймыз қастерлеп

Рахмет сіздерге ұстаздарым мың бір алғыс

Ұмытпаймыз жүремізде дәріптеп.

Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.

Қоштасамыз біз бүгін ұстазбенен.

Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып

Хасанова Өғлайдың орындауында «ҰСТАЗ-АНА» әнін қабыл алыңыздар.

        Мұғалім:

Білімді жан  әрқашанда бағалы,                     Өтті сенде қызық шағым,

Білім барда ақ шашың да даналы                  Бастауышым – балбұлағым.

Көрерменім аман – сау боп осымен              Қоштасар күн жетті міне,

Ақ көгершін самғап ұшып барады.               Қимастықпен қол бұлғаймын – дей отыра «ҚОШ БОЛ БАСТАУЫШЫМ»  атты әнімен ортаға Телжан Динараны шақырамыз.

Мұғалім:

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын.

Ғылым сырын түсіндім деп мақтанамын.

Осы сырды үйреткен төрт жыл достым

 Түстей болып  міне бүгін артта қалды

Өмірге жолды бір өзіңнен бастағанбыз

 Мектебім   естен кетпес мәңгілік

Мейіріммен ең алғаш қарсы алғаның

Ән: «АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМ»

Мұғалім:

Бастауышым- балбұлағым ,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

Бастауышым- балбұлағым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Ортада 4 сынып қыздарының орындауында «ГҮЛДЕР» биі. Қошеметпен қарсы алайық.

Мұғалім:

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Карима

Дина

Ержан

Ернұр    

Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің,

Ұша білсек болмас – ау, қону қиын

Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін.

Бастауыштың билейміз соңғы биін – деп кезекті биге береміз.

СПОРТТЫҚ БИ

Мұғалім:

Мұғалім – бұл адамның ардақты – аты,                  Жарық дүние нұр сәулесін көрмес ең.

Білімді бар биікке шығар саты.                                Ұстаз ана болмаса сен өмірдің

Ең алғаш басталады осы адамнан,                           Мәні менен мағынасын білмес ең.

Сүйеді сондықтан да жақын – жаты...                     Мол өнеге, ұрпаққа мол дәрісің,

Бар ғалам, барлық қоғам мұғалімді                         Қанаттандыр, қатайтып қолдан ұшыр

 

Сыйлайды мәңгі бақи беріп бәрін.                      Саған деген алғыстың шегі де жоқ

Ұстаз деген қасиетті адам бар,                             Әрбірінің азамат болғаны үшін

Біле білсең сенің екі анаң бар.                             Басса бұрыс, жол сілтеп қате дейсің,

Бірі сенің туған анаң болса егер,                         Әр балаға сен ана, әкедейсің,

Екінші анаң ұстаз деген данаң бар,                     Болашақтың көктеген жас шыбығын

Туған анаң болмаса ойнамас ең,  күлмес ең,      Бағбанындай аялап мәпелейсің.

 

Алдарыңызда Кабдуалиева Карима  орындауында «ҰСТАЗЫМ» әні.

 

 

Мұғалім:

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4а – сынып оқушыларын ортамызға!

 

Кішкентайы сыныптың

Тентек емес жуас тым

Өғлай  біздің сыпайы

Досқа адал шынайы

 

Өнер қуған жасынан,                              

Сөз асырмас басынан                               

Намысқой біздің Ержан                    

Табылар ол әркез  дос қасынан.                                

 

Ал мен ақын боламын,

Сусылдаған қаламым

Дейді біздің Карима

«Таудан асқан талабың»

 

Салмақты өзі, ісі бар үлкен,                       

Тәртібі жақсы талапты                                

Динаны біз айтамыз жырменен       

Оқыған 5 – пен сабақты  

 

 

Бастауыштың түлегі,                                    

Ел деп соққан жүрегі                                    

«МАИ қызметкері мен болам» деп            

Ернұр  біздің жүреді.                               

                          

Әнді де айтып, биді де билеп,                   

Алдында өнер көрсетер.                           

Динара әркез мақтан боп жүрмек,     

Лайым солай жүрсе тек.                            

-Ұстаздық еткен жалықпас

  Үйретуден балаға-деп Абай атамыз айтқандай жыл бойы білім нәрімен сусындатып, хат танытып, еңбек ете білуге үйретті, білімге жетеледі, әдептілікке үйретті. Сондықтан да құттықтау сөзін осы оқушылардың алғашқы ұстазы  Назгүл Нұрғалиқызына  береміз.

 

Мұғалім:

Өтті сенде  қызық шағым

Бастауышым балбұлағым

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын. Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңыз үшін рахмет.

 

 

 

 

Бастауышым - балбұлағым

Бастауышым  - балбұлағым

Бастауышым - балбұлағым

Бастауышым  - балбұлағым

Бастауышым - балбұлағым

Бастауышым  - балбұлағым

Бастауышым - балбұлағым

Бастауышым  - балбұлағым

Бастауышым - балбұлағым

Бастауышым  - балбұлағым
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.01.2020