Әлемде аталмыш дақылдардың ішінде бидай (күздік және жаздық) бағалы азық –түлік дақылы ретінде ең жоғарғы орын алады. Бидай наны ерекше дәмділігімен, жоғары сапасымен, жақсы сіңілуімен ерекшеленеді. Бидайдың дәні кондитер, макарон және жарма өндірістерінде кеңінен пайдаланылады. Бидай кебегі (дән жармасы) малға жоғары сапалы құнарлы жем. Сабан мен топанды малға азық, әрі төсеніш ретінде пайдаланады.
Қазақстанда егілетін дәнді дақылдарынан негізгі орын алады. Бидай- өте ежелгі мәдени өсімдіктердің бірі. Алайда қазіргі кезде де жер шарынан оның жабайы өсетін түрлері кездеседі.
Әлемдегі дәнді дақылдарға арналған егістік жердің жартысына жуығын бидай егістігі алып жатыр. Оны барлық жерде дерлік егеді. Бидай – Жер бетіндегі басты астық дақылы.
Өсімдіктердің жаңа сорттарын немесе жануарлардың жаңа тұқымдарын шығарумен айналысатын – селекционер деген ғылым бар. Біздің селекционер-ғалымдарымыз бидайдың аяздан да, ыстықтан да қорықпайтын, сабағы мықты, масағы ірі сорттарын шығарды. Түп – түп болып өсетін, сабағы мен масағы көп бидай да бар.
Бидайдың түрлері:
Бидайдың ботаникалық 22 түрі белгілі, соның ішінде Қазақстанда және дүние жүзінің басқа мемлекеттерінде 2 түрі тараған: жұмсақ бидай және қатты бидай. Қалған 20 түрінің кейбіреуі Қазақстанда таралған, мысалы құнарлы бидай, оның ішінде масақ түрі бар. Республиканың оңтүстік шығыс аймақтарында аласа бидай сирек кездеседі, бірақ ол көбінесе аралас өседі. Масағының құрылысы мен биологиялық қасиеттері жағынан аласа бидай жұмсақ бидайға өте ұқсас келеді, тек масағының қысқалығы мен тығыздығы жағынан айырмашылығы бар.
Астық бидайының нан пісірудегі сапасы тек клейковина мөлшеріне ғана емес, оның сапасына да байланысты. Нан пісіруге қажетті жақсы ұнның мынандай қасиеттері болуы тиіс: суды жақсы сіңіруі, біршама тез иеленуі, орташа тотықтануы, қамыры қолайлы және ұсақ кебекті, біркелкі құрылымды, жұмсағы көп жақсы көтерілген нан піседі және реңді, татымды, хош иісті болуы тиіс. Нан пісіру күші жоғары сорттарды күшті бидай деп атайды. Бұл бидайларда белок 14% жоғары болады. Қамырдың жақсы созылуы жоғары серіппелі клейковинаға (ол 28%) байланысты. Күшті бидайдың сорттарына жататындар: күздіктен – Казакстанская 3, целинная 20, шортандинская 25, т.б.
Қатты бидай Қазақстанда таралу жағынан бірінші орын алады. Бұның дәнінің ерекшелігі өте жоғары белокты (24 % дейін). Сондықтан да ұнға тартылғанда сапасы жақсы. Нан пісіруде алатын орны жоғары, бірақ жұмсақ бидайға қарағанда көтерілу жағы төмендеу. Қатты бидайдың дәнін негізінде макарон, жарма жасау үшін пайдаланады. Себебі ондағы клейковинаның сапалығына байланысты өте серппелі, бірақ үзілгіш келеді. Қатты бидайдың өндірісте ең көп тараған жаздық түрі.
Күздік бидай
Күздік бидай негізінен Алматы, Жамбыл облыстарында егіледі. Алдыңғы қатарлы шаруалықтар күздік бидайдың әр гектарынан орта есеппен 40-50ц. өнім алуда, алкейбір шаруашылықтар ғылыми негізделген жоғары агротехниканы пайдалану арқылы әр гектарынан 60-80 пайыздан, тіпті одан да мол өнім алуға болатынын іс жүзінде дәлелдеді.
Жаздық бидай
Жаздық бидай көбінесе Қазақстанның Солтүстік облыстарында өсіріледі.
Қазақстан облыстарында аудандастырылып, көп тараған жаздық бидайдың сорттары: Иртышанка 10, Казахстанская 3, Целинная, Кызыл-бас, т.б. Жаздық қатты бидайдың сорттары: Алмаз, Казахстанская 3. 4, Саратовская 40, т.б.
Африканың немесе Австралияның ыстық климатында жақсы өсетін бидайдың бізде егілетін бидайдың ерекшелігі бар. Мысалы, біздің бидайдың дәні алтын реңдес келеді. Ал, Эфиопияда кәдімгі ыстық күнге күйіп кеткендей күлгін дәнді бидай өседі. Дәндері жасылдау, қызғылттау келетін бидайларда бар. Масақтарының реңі де түрліше болады.
Егін егуге қажетті жерді жырту, жаңа егістік алқап үшін орман ағаштарын кесу, қуаңшылық кезде суару табиғи жер бедерін өзгертті. Алғашқы егістік алқаптар Қытайда, Солтүстік Индия, Орта Азия, Сирия, Египет, Мексика, Перу, Боливия және Жерорта теңізі жағалауында пайда болды. Егін егетін алқаптар топырағы құнарлы ойпаттар мен өзен жайылмалары, таудың жазық жоталары мен беткейлерінде дами бастады.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.