Білім- инемен құдық қазғандай
Оценка 5

Білім- инемен құдық қазғандай

Оценка 5
Мероприятия +1
doc
родителям
6 кл
15.04.2018
Білім- инемен құдық қазғандай
Бекітемін: Тәрбие сағатының тақырыбы: Білім – инемен құдық қазғандай. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру, білімді.жан-жақты болуға үйрету. Тәрбие сағатының көрнекілігі: Тәрбие сағатының түрі: сайыс сабақ Тәрбие сағатының жоспары І. Кіріспе бөлім Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады ІІ. Негізгі бөлім 1-бөлім- «Кім білімді?» 2-бөлім- «Полиглот» 3-бөлім- «Кім тапқыр?» 4-бөлім- «Кім жылдам?» 5-бөлім- «Жұмбақтар мен мақалдар жүйрігі» 6-бөлім: Тарихи тұлғалар 7-бөлім: Ойлы болсаң озып көрБекітемін: Тәрбие сағатының тақырыбы: Білім – инемен құдық қазғандай. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру, білімді.жан-жақты болуға үйрету. Тәрбие сағатының көрнекілігі: Тәрбие сағатының түрі: сайыс сабақ Тәрбие сағатының жоспары І. Кіріспе бөлім Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады ІІ. Негізгі бөлім 1-бөлім- «Кім білімді?» 2-бөлім- «Полиглот» 3-бөлім- «Кім тапқыр?» 4-бөлім- «Кім жылдам?» 5-бөлім- «Жұмбақтар мен мақалдар жүйрігі» 6-бөлім: Тарихи тұлғалар 7-бөлім: Ойлы болсаң озып көр
Бекітемін.doc
Бекітемін:                                     Тәрбие сағатының тақырыбы:    Білім – инемен құдық қазғандай. Тәрбие сағатының мақсаты:  Оқушылардың  меңгерген білім деңгейін  анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,  білімді.жан­жақты болуға үйрету. Тәрбие сағатының көрнекілігі:    Тәрбие сағатының түрі:   сайыс сабақ Тәрбие сағатының жоспары І. Кіріспе бөлім  Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады ІІ. Негізгі бөлім 1­бөлім­ «Кім білімді?» 2­бөлім­ «Полиглот» 3­бөлім­ «Кім тапқыр?» 4­бөлім­ «Кім жылдам?» 5­бөлім­ «Жұмбақтар мен мақалдар жүйрігі» 6­бөлім:  Тарихи тұлғалар 7­бөлім: Ойлы болсаң озып көр ІІІ. Қорытынды Білім – инемен құдық қазғандай. Тәрбие сағатының барысы Оқу, білім ­ жанған шырақ, ойласаң. Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң. Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал. Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.                                           Жүсіпбек Аймауытов Білім дегеніміз­күш Күш дегеніміз – білім.( Ф. Бэкон) Білімді болу дегеніміз не? Білімді болу бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық  білімнен шығады.  Білім бұл қолдағы шырақ.  Адамның  санасы­түбі жоқ теңіз, ал білім теңіз  түбіндегі, гауһар тас. Білім адамға оңайлықпен   түспейді, оны меңгеру үшін   көл­көсір өлшеусіз   әрекет ету керек. Ғылым­білімге түбегейлі берілген адам  ғана ойлаған  мақсатына  жете алады. Білімнің керек  емес жері жоқ.        Білімдіден шыққан сөз­дүниені нұрға бөлейді. Білім ақылмен ұштаспаса,   төңірегін қараңғылата  түседі. Өмірмен жанасқан білім –бұл өлшеусіз байлық. Білім –сенің серігін, өмірлік жолдасың.  Адам өзінің барлық керегін, ой­ арманын, талап­ тілегін тек  білім арқылы ғана қанағаттандыра  алады.  Білімсіз ешнәрсе ашылмайды. Білікті болсаң ғана қоғамнан лайықты орынды  тауып атың шартарапқа  тарайды. Білімдіге қашанда төрден орын тиеді. Жүргізуші:Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға  қатысушы сайыскерлер!  Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,  Табылғандай танымда, жат дауыста.  Біреу озып келеді қатарынан,  Біреу қалып жатады асығыста.  Ойын толқын жатқанда асып, тасып,  Біреу мығым,біреулер шалыс басып.  Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,  Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.  «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз.Біз  білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші  боламыз.Сондықтан да бүгінгі  «Білім­инемен құдық қазғандай» сайысына  қош келіпсіздер!Сайысқа келіп отырған  оқушыларымыздың жолы ақ болсын,  жүлделі орыннан көрінсін деген тілекпен, сайысымызды бастауға рұқсат  етіңіздер. Баға берер топтарға ,  Қара қылды қылышпен қақ жаруға .  Әділқазы алқасын біз сайлайық,  Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.  Бүгін білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат  етіңіздер!  Алдымен сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізді таныстырып  өтейік.  Сайыскерлер екі топқа бөлінген. 1­топ: Білімділер  Ұраны: «Білекті бірді  жығар                 Білімді мыңды жығар » 2­топ:  Талаптылар  «Ұраны:        «Қандай сынақ болса – дағы беріспе                          Әрқашанда үміткер бол жеңіске» Жүргізуші: 1­бөлім «Кім білімді?» деп аталады.  Әр топқа ортақ 10 сұрақ  беріледі. (Барлық  10 сұраққа 2 минут, әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай)  1­топ сұрақтары.  1.  Қазақтың ұлы ақыны.(Абай Құнанбаев)  2. Қазақ тілінде неше септік бар?(7 септік)  3. Жүз жасаған ақын?(Жамбыл)  4. Мәтіннің неше түрі бар? (3 түрі) 5. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді? (қанша? неше? нешінші? нешеу?)  6. Тұрлаусыз мүшелерді ата?(толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш)  7. «Менің атым Қожа» кімнің әңгімесі? (Б. Соқпақпев)  8. Қашан мемлекеттік рәміздер бекітілді?( 1992 жыл 4 маусымда)  9. Абай Құнанбаев қай жылы дүиеге келді?  10.  Қазақстан Республикасының жел көлемін ата (2,7 миллион шаршы  шақырым)  2­топ сұрақтары.  1. А.Байтұрсынов кім?        (ақын, ағартушы , ғалым)  2. Біріккен сөздер дегеніміз не?  3. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?( Мәншүк пен Әлия)  4. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)  5. Қазақ тілінен дауысты  дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)  6. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?( 3)  7. «Жетім» әңгімесін кім жазған?(М. Әуезов)  8.  Ата Заңымыз  қашан қабылданды? (1995 жыл 30 тамызда)  9. Президент жарлығымен Ақмола қаласы Астана деп  кашан аталды?         (1998 жыл 7 мамыр. )  10.  Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер? (Сабырсыз, арсыз, еріншек», т,б.) Жүргізуші: Келді кезек «Полиглот» шешуге,  Жауаптарын беруге үш тілдерде.  Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,  Жақсы баға шәкірт саған несібе.  2­ші бөлім «Полиглот» 2 топқа 10 сұрақтан беріледі. (Әрбір дұрыс жауапқа  10 ұпай, 5 минут уақыт беріледі.) 1­топ.  1. Кең әлемді кернейді, бірақ көзің көрмейді./ауа, воздух, air / 2. Құрғақ жерде сақтайсың, онсыз тамақ татпайсың./тұз, соль, sait / 3. Қыздырып соқсаң иленеді, балға мен төстен именеді./темір, железо, iron / 4. Нан бар жерде... бар./ән, песня, song/ 5. Көп сөз көмір, аз сөз... /алтын, золото, gold / 6.... ішкен құдығыңа түкірме./су, вода, water/ 7. Мал патшасы... /жылқы, лощадь, horse / 8. Қазақтардың қасиетті саны... /жеті, семь, seven / 9. Аспаннан ақ ұлпа борады, Қырқаны сейсепке орады.. /қар, снег, snow/ 10. Айбат шегер алыстан, Аң патшасы.... /арыстан, лев, Leon 2­топ 1.     Жүздің көркі – көз, ауыз көркі — ……  Cөз – слово­ word  2.     Тамшы тас жарады, тас жармаса ……  Бас­ голова­  head  3.     Өнер алды – қызыл ……… Тіл – язык — tongue  4.     Жақсы байқап сөйлер, ………. шайқап сөйлер.  Жаман – плохой­ bad  5.     …………. жылатып айтар  Дұшпан күлдіртіп айтар  Дос­ друг­friend  6.     Көп сөз күміс, аз сөз …….  Алтын– золото– gold  7.     Мектеп – кеме, білім ­  …….  Теңіз – море — sea  8.     Денсаулық – зор ……..  Байлық ­  богатство — rihes  9.     Білім сандығы — ………  Кітап –книга —book  10.  Асық ойнаған азады,  ….. ойнаған тозады  Доп­ мяч­ bal Жүргізуші: Көрермен жиналған бұл тамашаға,  Құр қарап жай отыру жараса ма?  Туыс, досқа,сыныптас,танысқа емес,  Соқ қолыңды білгірлер мен талаптыға.  3­бөлім  «Ғажайып алаң» .Конвертте пән атаулары тұр.Солардың бірін  таңдайсыздар ,сол пәннен сұрақтар қойылады? (Әрбір дұрыс жауапқа 10  ұпайдан беріледі )  Математика 1.1метр 1дециметрден неше сантиметр артық? (90см) 2. 1минут 1 сағаттан неше минут кем? (59мин) 3. 50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы керек? (5)  4.  «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті, ол неше сағат, неше  минутта айналып өтті? (1 сағат, 53 мин) 5.  Теріс санның модулі неге тең? (оң сан) 6.       S= ab қандай фигураның формуласы? (тіктөртбұрыштың ауданы) 7.      Р=2(a+b) қандай фигураның формуласы? ( тіктөртбұрыштың периметрі) 8.     Алымы бөлімінен үлкен бөлшек қалай аталады?(бұрыс бөлшек) 9.     Теріс сандардың көбейтіндісі. (оң сан) 10.  Тек таңбалары арқылы ажыратылатын сандар? (қарама­қарсы сандар) Биология 1. Өсімдікті жасыл түске бояйтын зат. (хлорофилл) 2. Түйнек дегеніміз не? (түрі өзгерген жер асты өркені)  3. Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақты не дейді  (өркен) 4. Өсімдікті топыраққа бекітіп тұратын мүше. (тамыр) 5. Бидай қандай жеміске жатады? (құрғақ) 6. Ең ұзақ жасайтын ағаш (Емен 2000 жыл)  7.  Кенгуру неше метрге секіре алады (Он)  8.  Қай ағаш  бір жазда 2000 литр суды буландырады? (терек) 9. Өсімдіктің өсімді мүшелерін ата (тамыр, сабақ, жапырақ) 10. Түйнекте жетілмеген жапырақтың қурап, түсіп қалған ізі (көзше)  Салт­дәстүр: 1.Жаңа туған нәрестенің ең алғашқы көйлегі. (Ит көйлек) 2. Түйе сүтінен жасалатын емдік сусын. (шұбат) 3. Жаңа зат сатып алған адамға не береді? байғазы 4. Қуанышты хабарды айтпас бұрын не сұрайды? Сүйінші 5. Сәби алғаш қаз тұра бастағанда жасалатын дәстүр тұсаукесер 6. Ағаңның келіншегі саған кім болады? жеңге 7. Жаңа көшіп келген көршіге берілетін ас ерулік 8. Киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі қалай аталады? шаңырақ 9. Жылқының төлін не деп атайды? Құлын 10. Шашу дегеніміз не? (Қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты  дәстүр. Бала дүниеге келгенде, келін түскенде,  құда келгенде, осындай қуанышты күндерде тәттілермен, күміс тиындарымен  шашу шашады.)  Спорт және өнер 1. Шахмат тақтасында неше тор көз бар? 64 2. Боксшылар қай жерде күш сынасады? рингте 3. Олимпиада чемпионы атанған қызылордалық зілтемірші Илья Ильин 4. Футболда 1 тайм неше минутқа созылады? 45 мин 5. Волейболды барлығы неше адам ойнайды? 12 адам 6. Хорды кім басқарады? дирижер 7. Әнде әр шумақтан соң қайталанады қайырма 8. Затқа қарап салған суретті не деп атайды? натюрморт 9. Табиғат бейнеленген сурет қалай аталады? Пейзаж 10.  Спорт алғашқы қай елде пайда болды? Грекия  Жүргізуші: Сергіту сәті – көрермендерге сауал  1. Қоян жаңбыр жауып тұрғанда қандай ағаштың асында отырады? (сулы  ағаштың)  2.Судың  астында қандай тас болмайды?  (құрғақ)  3. Жабық көзбен не көруге болады? (түс)  4. 31 ақпан күні не болды? (31 ақпан болмайды)  5.Жаңбыр 2 күн қатарынан жауып тұруы мүмкін бе? (жоқ, себебі, 2 күнді түн  бөліп тұрады)  6. Тамақ пісірерде  қазанға ең бірінші  не салады? (көз)  7.Стол беті төртбұрышты. Оның бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы  қалады? (5) 8. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6 – ға тең? (1, 2, 3) 9. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16) 10. Жанұяда 7 ер баланың бір – бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала  бар? (8). Жүргізуші  сайысымыздыңи  4­бөлімі  «Кім жылдам?»  деп аталады 1 минут аралығында жылдам дұрыс жауап беру қажет. Шапшаңдық пен  тапқырлық керек. 1. Қар жана ма? / ИӘ. ҚАЛАУЫН ТАПСА, ҚАР ЖАНАДЫ/ 2. «Қара Көже» атанған кейіпкер қай шығармадан? /«Менің атым Қожа» Б.  Соқпақбаев/ 3. Қазақ әліпбиінде қазаққа тән неше дыбыс бар? /9/ 4. Әлемдегі Екінші Ұстаз. /ӘЛ ­ ФАРАБИ/ 5. Бір қазанға қандай бастар сыймайды?/БІР ҚАЗАНҒА ЕКІ ҚОШҚАРДЫҢ  БАСЫ СЫЙМАЙДЫ 6. Ердің сыншысы ­... /ЕЛ/ 7. Кімдер бір ­ біріне бөле болады? /АПАЛЫ ­ СІҢЛІЛІ ҚЫЗДАРДЫҢ  БАЛАЛАРЫ/ 8. «Биік» сөзінің антонимі /АЛАСА/ 9. Кім қартаймайды? /АНАСЫ БАР АДАМ ҚАРТАЙМАЙДЫ/ 10. Дауысты дыбыс нешеу?/12/ 11. Қандай кілт аспанда болады? / БІЛІМ КІЛТІ АСПАНДА/ Жүргізуші: 5­бөлім. «Жұмбақтар мен мақалдар жүйрігі» Бұл бөлімде  жұмбақтар беріледі. Қай топ жылдам әрі нақты жауап береді.  1. Суға қайнап, сорпасы шықпас. (жұмыртқа) 2. Жас кезінде қара орман Жыл озған сайын ағарған. (шаш) 3.Күні бойы сен оны, Екі аяқтап басасың. Жатар кезде өзіңнен Аулақтатып қашасың. (аяқ киім) 4. Егіздер кезікпейді бір – бірімен, Арасы екі – ақ елі бір – бірінен. (ай мен түн). 5. Қараңғыда жымыңдайды, жанады, Жарық түссе бірден сөніп қалады. ( жұлдыз) 6. айдаһар аузын ашса арс етеді, Гауһары жерге түссе, жарқ етеді. (найзағай) 7. орақ құйрық, тарақ бас, Жас ұйқыны жаратпас. (әтеш) 8. Құрлықта жүре білмейді Суда жүзе біледі. Сауыт қылып үстіне Күмісті тізе жүреді. (балық) Оқушыларға сөздер беріледі, сол сөздер туралы мақал – мәтелдер айтады. Сөздер: тіл, ел, отан, өнер ­ білім. Жүргізуші: 6­бөлім: «Тарихи тұлғалар» ­ берілген мәтін арқылы  тарихи  тұлғаны анықтау қажет, дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. 1 топтың тапсырмасы:  Қазақстанда ауыл шарушылығын ұжымдастыруда  кеткен кемшіліктердің зардаптары туралы мемлкет беасшысына екі рет  «сіздің мына жазбамен танысып, аштықтан қырылуға жақын көтеген  адамдардың өміріне араша болуыңызды өтінемін» деген сөздермен басталған  хатын жіберген Жетісу өңірінің түлегі (Т. Рысқұлов)  2 топтың тапсырмасы: Осындай өте қиын жағдайда  Петербург сарайына өз  елшілігін жіберіп, Ресей императрицасынан өзін ұлысымен біргеРесей  империясының бодандығына қабылдауды өтінеді. (Әбілқайыр хан) 2 жүргізуші: «Тарихи тұлғалар» кезеңінің ұпайлары айтуды өтінеміз. 7 – бөлім. «Ойлы болсаң, озып көр». Бұл бөлімде оқушылар берілген  тұрақты тіркестердің мғаынасын ашады. 1. Төбе шашы тік тұрды. ( Қорықты). 2. Көз ұшында көрінеді. ( Алыста) 3. Қолды болды. (Ұрланды). 4. Жүрек жұтқан. ( Батыр). 5. Қоян жүрек. ( Қорқақ). 6. Көзі ілінбеді. ( Ұйықтамады). 7. Көзге түртсе көргісіз. (Қап­қараңғы). 8. Бетінен оты шықты. ( Ұялды). 9. Ат құйрығын кесісті. ( Араздасты). 10. Араларынан қыл өтпейді. ( Достар). 11. Күлін көкке ұшыру. ( Құрту). 12. Жүрек жалғап алды. (Тамақтанды). 13. Көз шырымын алу. (Ұйықтау). 14. Көзі ашып­жұмғанша. (Лезде). 15. Беті бүлк етпеді. ( Ұялмады). 16. Ит терісін басына қаптады. (Ұрысты). 17. Ат ізін бір салмады. ( Іздеп келмеді). 18. Су тегін. (Арзан). 19. Тісіңнен шығармау. ( Айтпау). 20. Ешкімнен ештеңесін аямайды. (Жомарт, мырза) Жүргізуші: Қорытынды :  Ұпай санын есептеп, жеңіске жеткен топты  анықтау үшін сөзді әділ қазылар алқасына береміз. Мұғалім: Оқу ­ инемен құдық қазғандай дейді. Бұл мақал арқылы оқудың  оңай емес екендігін, инемен құдық қазу қаншалықты қиын болса, оқудың да  соншалықты қиын екені айтылады. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал  білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Өзіміздің дініміз бен тілімізді, оған  қоса салт­дәстүрімізді біліммен тікелей байланысты.Әлемдегі неше түрлі  қызықты жаңалықтар мен құбылыстарды дер кезінде оқып біліп отыру қандай  тамаша нәрсе. Бүгінгі мынау қарбалас, тасқын сияқты ағып жатқан күреске  толы, қиын да қызықты өмірде оқуды жақсы көріп онымен тікелей байланыста болмасақ бекер. Білімді адамның,ала алмайтын биігі жоқ.Бәріне де өнердің,білімнің нәтижесінде қол жеткізуге болады.Сол себепті  әрі жақсы,әрі көп  оқуға ұмтылғанымыз дұрыс. С.Есқараев атындағы № 27 орта мектебі БІЛІМ – ИНЕМЕН ҚҰДЫҚ ҚАЗҒАНДАЙ. (САЙЫС САБАҚ) Сыныбы: 6 а, б Сынып жетекшісі:  Файзуллаева А.Х.  2016­2017оқу жылы

Білім- инемен құдық қазғандай

Білім- инемен құдық қазғандай

Білім- инемен құдық қазғандай

Білім- инемен құдық қазғандай

Білім- инемен құдық қазғандай

Білім- инемен құдық қазғандай

Білім- инемен құдық қазғандай

Білім- инемен құдық қазғандай

Білім- инемен құдық қазғандай

Білім- инемен құдық қазғандай

Білім- инемен құдық қазғандай

Білім- инемен құдық қазғандай

Білім- инемен құдық қазғандай

Білім- инемен құдық қазғандай

Білім- инемен құдық қазғандай

Білім- инемен құдық қазғандай

Білім- инемен құдық қазғандай

Білім- инемен құдық қазғандай
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.04.2018