Білім күні
Оценка 4.6

Білім күні

Оценка 4.6
Мероприятия
docx
воспитательная работа +1
Взрослым
08.05.2017
Білім күні
оқу жылының басталуына байланысты ұйымдастырылған салтанатты жиынның жоспары бұл жерде оқушылардың құттықтау тақпақтары, келген қонақтар мен мектеп әкімшілігі, ата-аналар құттықтаулары, 1 сынып оқушылардың құттықтаулары. 1 сыныпқа келген оқушыларды қарсы алу, алғашқы қоңыраудың соғылуы сыныптарда "Мен өз Отанымның патриотымын " тақырыбындағы алғашқы сабақтың өтілуіалғашқы қоңырау бағдарламасы
білім күні бағдарлама2016.docx
«Арқарлы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1­Қыркүйек  салтанатты жиынның  Жоспары Тақырыбы:                            «Мен өз Отанымның патриотымын»  2016­2017 оқу жылы Орындаған :  Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                                                                    Мухаметқалиева Гульнара Шайморановна                                                                                   «Бекiтемiн»:                                                                                                  Мектеп директоры                                                                                        ________ С.М.Данабекова «Арқарлы орта мектебi мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1 қыркүйек – Білім күніне арналған  «Мен өз Отанымның патриотымын» салтанатты жиынының  бағдарламасы. Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын патриоттыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қазақстан туы, шарлар, гүлдер, ұлағатты қанатты сөздер Барысы: Қатысушылар: 1­11 сынып оқушылары, ата­аналар, ұстаздар, шақырылған  қонақтар 1­жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! 2­жүргізуші: Ұлағатты ұстаздар! 1­жүргізуші: Ардақты ата­аналар! 2­жүргізуші: және күміс қоңырау үнін сағына, асыға жеткен оқушылар! 1­жүргізуші:  Аралап көрікті жерлерді, Жаз бойы тынығып демалдық. Білімге шақырып келді күз, Мектепке көңілді оралдық.  Алаулаған алабынан нұр тамып, Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып. Көк байрағың желбірейді төріңде, Әнұраның тұр көгіңде шырқалып ( АӘД пән мұғалімі:   Жақсыгелдинов С.Д.)                                       Мектеп тiк тұр! Сап түзе.  Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туына қарап сап түзеңдер!   2­жүргізуші Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін! (ҚР­ның Мемлекеттік Туы енгізіледі.)  /Гимн ойналады/ Дәстүрлі 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Мен өз Отанымның  патриотымын» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!  1­жүргізуші: Биылғы жыл елбасының жарлығымен жарияланған  Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы! Ғасырлар бойы тәуелсіздікті  армандаған Қазақстан халқы үшін бұл мерейтой – үлкен қуаныш. Себебі,  Тәуелсіз 25 жылда еліміз қаншама жетістіктерге қол жеткізді. 2­жүргізуші: Тәуелсіздік ­ адамзаттың бақыты, елдігі мен ерлігі, Тәуелсіздік  – мемлекетіміз үшін, халқымыз үшін зор маңызды мейрам. 1­жүргізуші: Осы айтулы мерекемен қатар келіп жеткен жаңа 2016­2017 оқу  жылы баршамызға құтты болсын, ағайын! 2­жүргізуші: Еліміз дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға қадам басқан  күндерек беттерінде ел сыйлаған ағалар мен апаларымыз бүгінгі  жиынымыздың қадірлі қонақтары.  1­жүргізуші:        Ерекше бүгінгі күн, салтанат сән, Тербетер әр жүректі бір әсем ән. Құлпырып шәкірттер тұр мектеп ­ ұстаз, Сағынып жыл құсындай қайта оралған. Мереке зор қуаныш ­ Білім күні, Сыңғырла қоңыраудың алғашқы үні. Қош келдің, құтты болсын қадамдарың, Балдырған, балғын жандар ­ өмір гүлі. Бүгiнгi  салтанатты  жиынымыздың  құрметті қонақтарымен таныс  болыңыздар:       1. Аудан  әкiмшiлiгiнен –  аудандық ветеринариялық басқармасының  басшысы Толымбеков Бекзат Қанатбекұлы 2. Ауылдық округ әкімі – Қожабеков Барқытбек Мелісұлы 3. Зейнеткер ұстаздар­ Кенжебаев Бөкен Кенжебайұлы, Ердалина Гулжан , Жолжақсынова Гүлдариға Шалқызы, Даниярова Алия Ордабайқызы,  Өтебаева Қияш Өтебайқызы 4. Ата­аналар комитетінің төрайымы  Толымбекова Аңсаған 1­жүргізуші:  Өмір бойы мектебімді жыр етем, Бір өзіңде бақыт, бірлік, берекем. Шәкірттерің өрістесін, өрлесін, Құтты болсын Білім күнің – мерекең! 2­жүргізуші: Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін алғашқы сөз кезегі мектеп  директоры Данабекова Салтанат Мелисқызына беріледі.  1­жүргізуші:  Мектеп деген білім күні, жыр күні Мектеп деген ғылымның ең үлкені Мектеп деген тәрбиеші адамға Мектеп деген даналардың мекені  Мерекелік  құттықтау  сөз  кезегі  аудан  әкiмшiлiгiнен –   басқармасының  басшысы Толымбеков Бекзат Қанатбекұлына беріледі. 2­жүргізуші:   Дәм жазса жақсылыққа кез келерміз, Күн сайын өркендерміз, өсерміз. Бүгінгі салтанатты жиналыста Құрметпен өзіңізге сөз береміз.  Келесі сөз кезегі : Арқарлы ауылдық округінің әкiмі   ­ Қожабеков Барқытбек Мелсұлына беріледі  1­жүргізуші:  Жүрегі алауланып жалын атқан. Үмітін көре білген болашақтан. Тынбастан еңбек етіп шәкірт үшін, Білімнің өшпей тұғын шамын жаққан. Сөз кезегі зейнеткер ұстаздар өздеріңізде ­  Бөкен Кенжебайұлына,  Гулжан Ердалинаға  , Гулдариға Шалқызына, Әлия Ордабайқызына,  Қияш Өтебайқызына, Разия Шарипханқызына, Айнагул  Солтанғалиқызына.   1­жүргізуші.  Алғаш келген бүлдіршін, Құтты болсын қадамың! Төбеңде бейбіт күн күлсін, Төмендемесін талабың..    1 тамыз­ 30 қыркүйек аралығында өтіп жатқан Республикалық «Мектепке  жол акциясына» өз демеушілігін көрсетіп жүрген азаматтарымызбен таныс  болыңыздар. Олар :  Алакөл ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының   басшысы   Ахметқалиев Арман Нурланұлы 3­сынып оқушысы Қуаныш  Бекзатқа  50 000 теңгеге мектепке қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз  етті  Ауыл әкімі Қожабеков Барқытбек Мелісұлы – 7­сынып оқушысы Нұрғизат  Айсулуға 30 000 теңгеге оқу құралдары мен мектеп формасын әперді.         .     Мектеп директоры Данабекова Салтанат Мелісқызы   6­сынып оқушысы  Сағымбай Бегланға 18 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті . 2­жүргізуші: Мектеп бишілер тобының орындауында биді қабыл алыңыздар! 1­жүргізуші: «Мен мектепке барамын» әнін 3­сынып оқушысы Дүйсенбек  Ақеркенің орындауында қабыл алыңыздар. 2­жүргізуші:                                                                                                    Мектеп ана күліп тұр тағы, Шақырады қыркүйектің нұр таңы. Асығуда әліппені алуға, Еліміздің тағы бір жас ұрпағы. Көп жылын осында өткізген. Ұстаздар ­ ізгі пәк жандар. Қуана шәкірт қабылдап, Білімнің көшін жалғаңдар. Алғашқы әріпті үйретер, Ұстазды шәкірттерімен қарсы алыңдар Бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерді ұстазымен ортаға шақырамыз. 1­жүргізуші: Нұр шашып көкте күн, Өміріңнің көктемін. Гүлдендірем деп келдім, Сәлем алтын мектебім!­ деп алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған  бүлдіршіндерге сөз кезегін береміз. 2­жүргізуші:                                                                                                      Абзал жандар, биік тұлға байсалды, Құшақ жая төл мерекең қарсы алды. Қуанышпен жарқын тілек білдіріп, Құттықтайды бірінші сынып баршаңды. /1­сынып оқушыларының құттықтауы/ Тақпақ. 1­оқушы:                                                                                                  Сәлем, саған мектебім, Алғыстарым көп менің. Оқу, білім, тәрбие Ой санама еккенің. 2­оқушы:    Нұр шашып көкте күн, Өміріңнің көктемін. Гүлдендірем деп келдім, Сәлем алтын мектебім 3­оқушы:     Бірінші қыркүйек күні мен Аңқыған жұпар гүлімен Келіп ем, қарсы алар мектебім Сүйкімді қоңырау үнімен. 4­оқушы:    Биыл мен де мектепке Біріншіге барамын. Мақтанбаймын мен текке, Дайын дәптер, қаламым. 5­оқушы:   Мектепке енді барамыз, Біз оқушы боламыз. Жақсы оқып сабақты, Кілең бестік аламыз. 6­оқушы:    Алдыңа келіп, ұстазым, Тұңғыш қалам ұстадым. Күлімдеген көзіңнен Мейіріңді сезіндім. 7­оқушы: Отанның біз ұл­қызы, Халықтың біз жұлдызы. Оқимыз ақын­жырларын, Оқимыз еңбек сырларын. 8­оқушы:    Сылдырлайды, сыңғырлайды Мектеп жақта қоңырау. Ұмытпаймыз бұл бір айды, Гүлге толы омырау.  9­оқушы:  Қуаныш бүгін – мереке, Шуағын шашып тұр әлем. Мектепке келген алғашқы, Жан досым, саған мың сәлем. 10­оқушы:   Елім болдың егемен, Болашаққа сенем мен Тәуелсіз елдің перзенті Бақыттымын бүгін мен! 11­оқушы:  Тәуелсіз туған елдің ұланымыз. Жақсы оқу, озат болу ұранымыз. Бейбіт күнде шарықтап көгершінім, Шырқалар ­ Қазақстан жыр әніміз  12­оқушы:   Гүл толы қала, дала да, Гүл толы бүгін омырау. Шақырып мектеп – анаға, Соғылмақ тұңғыш қоңырау /11 сынып оқушылары Әліппе береді/ 2­жүргізуші:  Оқу қайта басталды, Мектебіміз қарсы алды. Қоңыраудың дауысы Күмбірлетті аспанды. Қағылмақ міне әуенге бөлеп, Қағылмақ алғаш қоңырау. Нұр толып жүзің, гүл толып құшақ, Шаттыққа толсын омырау. Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау соғу рәсіміне  кезек беріледі. 11сынып оқушысы     ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 1 сынып оқушысы  ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 1­жүргізуші:  Құтты болсын қарағым, Білімге қадам басқаның. Сөмке артып арқаңа Мектеп есігін ашқаның. 2­жүргізуші:  Айналайын, дарын бол, Жақсы оқып, ер жетіп. Оқу оқып, ғалым бол, Жанған оттай жалын бол! 1­жүргізуші Бүлдіршіндер, білім майданына алғаш аттаған қадамдарың құтты болсын! 2­жүргізуші: Еліміздің көк байрағын аспандататын, келешекке нық қадам  баса алатын білімді де саналы азаматтары бола біліңдер. 1­жүргізуші: 5сынып оқушылары Ән: «Ұстазым»  қабыл алыңыздар! 2­жүргізуші: Қағылды алғашқы қоңырау, күмбірледі, Аралап айлық жерді, күндік жерді. Ілесіп жез қоңырау үніменен Қазақтың даласына жаңа леп –  1,2­жүргізушілер: Білімді ұрпақтар тобы келді! 1­жүргізуші: Жаңа 2016­2017 оқу жылы баршаңызға құтты болсын! 2­жүргізуші: Жаңа оқу жылы толағай табыс, жетістіктер әкелсін! 1­жүргізуші: Осымен бүгінгі салтанатты жиынымызды жабық деп  жариялаймыз! (Гимн орындалады ҚРМемлекеттік туы әкетіледі) 1­жүргізуші: Құрметті халайық! 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Мен өз Отанымның патриотымын» !» атты мерекемізді аяқтаймыз!  2­жүргізуші: Амандықпен жүздескенше, ағайын!

Білім күні

Білім күні

Білім күні

Білім күні

Білім күні

Білім күні

Білім күні

Білім күні

Білім күні

Білім күні

Білім күні

Білім күні

Білім күні

Білім күні

Білім күні

Білім күні
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
08.05.2017