Бромэтанды синтездеу
Оценка 4.6

Бромэтанды синтездеу

Оценка 4.6
docx
11.01.2021
Бромэтанды синтездеу
Бромэтанды синтездеу.docx

Зертханалық жұмыс

Бромэтанды синтездеу

 

 

Реакция теңдеуі:

 

Реактивтер: Этанол (95%) 8,1 мл,КBr-7,5г. Н2SO4 (р=1,84г\см3),су.

 

Керекті ыдыстар:шар тәрізді құты (колба), иілген шыны түтік, сулы салқындатқыш, құмды қыздырғыш (монша), аллонж, мұзды салқындатқыш, қабылдағыш құты (колба), бөлгіш құйғы (воронка).

 

Жұмыстың жасалу реті: 8 мл конц күкірт қышқылын алып, 200 мл-лік құтыға құяды, үздіксіз тез араластыра отырып, қышқылдың үстіне 8 мл этанолды құяды. Бөлме температурасында суытылғаннан кейін алынған қоспаны ары қарай суыту үшін 5 мл су құяды. Одан кейін құрғақ КBr салады. Колбаны иілген шыны түтік арқылы сулы салқындатқышқа жалғап, су ағынын жібереді. Салқындатқышқа жалғанған аллонждың ұшы қабылдағыштағы суға 1 см-дей еніп тұруы керек. Қабылдақыш колба мұзды суға (моншаға) орналастырылады.20 С-да 100г .суда 0,914г бром этан ериді. Реакциялық құтыны сулы моншада қыздырады. Бромэтан майлы ауыр тамшы түрінде қабылдағыш құтыға жиналады. Бромэтан айдауы аяқталғанда қабылдағыш құтыдағы бомэтанды бөлгіш құйғы арқылы бөліп алады. Бромэтаны бар колбаны мұзбен тұздың қоспасы бар моншада суытады. Араластыра отырып,тамшылатқыш құйғы арқылы конц күкірт қышқылын бромэтанның бөлек қабаты түзілгенше құяды. Осы бромэтанды күкірт қышқылымен өңдегенде этанол, диэтил эфирі, су бөлінеді. Бромэтанды құрғақ бөлгіш құйғы арқылы бөліп, беткі қабатын Вюрц колбасына құйып, бромэтанды сулы моншада қайта айдайды. Қабылдағыш колбаны мұзды суда салқындатады. Бромэтанның 35-40 С аралықтағы аралық өнімін алады (көп бөлігі 38-39 С-та айдалады).

Бромэтанның шығымы 12г .

БРОМЭТАН (бромды этил, этилбромид) – түссіз сұйықтық спиртпен,

диэтил эфирімен хлороформмен араласады. Қайнау температурасы 38,4С, р=1,4555 г\см3 п20  д9.ПМР спектрі: триплет 1,67 м.д. квадруплет 3,4 м.д. болады. Сақтау кезінде, әсіресе жарықта бромэтан бромға және бромсутекке ыдырап кетеді. Сондықтан оны жарық өтпейтін, тығыны тығыз ыдыста сақтау керек.


 

Зертханалық жұмыс Бромэтанды синтездеу

Зертханалық жұмыс Бромэтанды синтездеу
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.01.2021