Буклет для коллег
Оценка 4.8

Буклет для коллег

Оценка 4.8
Плакаты
docx
родителям
Детсад
30.01.2018
Буклет для коллег
Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып табылады. Ойын мен көрнекілік — балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады.Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады.Бұл әдістің тиімділігі балалардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында болып табылады.
Әріптестерге арналған буклет.docx
Қорыта келгенде, оқу үрдісінде «ойын  түрлерін пайдалану біріншіден, балалардың  білімін берік меңгерту құралы болса,  екіншіден балалардың ҰОҚ деген  қызығушылығын көтеру болып табылады.  Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге  жеткізеді. Нәтиже: 1. Әр баланың шығармашылығы артады. 2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады 3. Баланың жеке қабілеті анықталады 4. Бала  топ жаруға ұмтылады. 5. Баланың ойлау қабілеті дамиды 6. Әр бала өз деңгейімен бағаланады.       Бұл ойындар балалардың танымын кеңейтіп,  білім мен білік шеберліктерінің жан­жақты  дамуына, қалыптасуына, тілдік  материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі. Ойындар балалардың танымын, ақыл–ой  белсенділігін қалыптастырудың маңызды  құралы бола отырып,олардың бағдарлама  материалының негізгі тақырыптары бойынша  алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі  пысықтауды көздейді.Бұл ойындар  балалардың сабақ үстіндегі жұмысын  түрлендіре түседі, олардың пәнге  қызығушылығын оятып, ынта –ықылас  қоюына баулиды және бүлдіршіндердің  зейінін,ойлау қабілеттерін дамытады.  Ойындар  арнайы  мақсатты көздейді және  нақты міндеттерді шешеді. Ойынның  мақсаты бағдарламада анықталған  білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру,  оларды  қалыптастыру, және тиянақтау және  пысықтау немесе тексеру сипатында болып  келеді. Ойынның міндеті баланың  қызығушылығын оятып,  белсенділігін  арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты  мазмұнымен анықталады. Ойын ұғымына түсінік  берсек, бұл баланың  мінез –құлқына өзі басқарумен қатар топпен  жұмыс жүргізе білу әрекеті, ол баланың бір­ біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға  ұмтылу ісін дамытады.   Сондықтан бағдарлама бойынша  бекітілген  оқыту үрдісінде ойын  түрлерін ҰОҚ  үрдісінде үнемі пайдалнып отыру керек. Теміртау қаласы әкімдігі Теміртау қаласының білім беру бөлімінің «№13 «Кораблик» балабақшасы» МКҚК «Балабақшада қазақ тілін оқыту» «Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде және «Тіліміздің мемлекеттік  қызметте де, ғылымда да, білім беруде де орыс тіліндей болып қолданылуы үшін қолдан келетіннің бәрін істеу керек»     Н.Ә.Назарбаев бағыт береді, іздендіруге дағдысына  қалыптастыруына мүмкіндік туғызады. Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін  мынадай мақсатта қолдану тиімді: 1.Мұғалімнен кейін қайталау арқылы  сөздердің фонетикалық жағын   меңгерту. 2. Балалардың тыңдау  зейінің  қалыптастырып сөздерді дұрыс айтуға  дағдыландыру 3.Балалардың сөздік қорын молайтып,оны  дұрыс қолдана білуге үйрету. 4.Жай грамматикалық құрылымдарды  меңгерту. 5.Балалардың ойын дамыту,  дұрыс айту,  дұрыс білу дағдысын  қалыптастыру. Балаларды  қазақ  тілінде сөйлеуге қарым­ қатынас жасауға қазақ тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі  ретінде ойындарды қолданып, сабақты  қызықты өтуге, балалардың тілге деген  қызығушылығын арттыруға білім деңгейін  тексеру құралы ретінде пайдалануға  болады. Таңдап алынған ойындар балалардың сөз  байлығына ,тіл қорына сай болу керек.  Мұғалім кез­келген ойынды өткізу үшін  алдын­ала жоспар құрып алуы қажет.  Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын  төмендегі әдістемелік талаптарын біліп  орындауы тиіс. Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда  мынадай бөліктерден тұрады: 1.Ойынның өтілетін сабақтарының  мазмұны мен тақырыбына сай болуы. 2.Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу. 3.Ойынның ойналу түрі топ болып ойнау. 4.Ойынға қажетті материалдардың түгел  дайындалып қойылуы. 5.Қолданылған сөздер, сөз тіркестері, өлең  таңдау 6.Ойындардың өту барысының жоспарын  жасау. Мұғалім алдымен баланың оқуға  қызығушылығын ояту қажет. Баланың қызығу  жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті  ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне  мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі  қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие  бола бастайды.    Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін  пайдаланудың орны бөлек. Тиімді  пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің  түсіндіріп отырған материалын  бүлдіршіндердің  зор ынтамен тыңдап берік  меңгеруіне көмектеседі. Өйткені балабақшадағы  балалардың аңсары  сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады.  Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп  тапсырманы ықыластана әрі сапалы  орындайтын болады. Ойындар барлық  ( ересек, ортаңғы, екінші кіші)  топтарда  қолданылады.  Сонымен бірге топ ішінде ойнайтын ойындар  мен іс­әрекеттер арқылы да оқытуға болады.  Біз топ ішінде ойындарды қашан  қолдануымыз керек.        Мысалы ҰОҚ үстінде жаңа сөздерді  қайталау үшін, өтілген жаңа ҰОҚ еске түсіру  үшін қолданған жөн.   ҰОҚ мынадай ойындарды ойнауға  болады: 1.Сиқырлы қоржын. (тақырыптар:  «Жемістер», «Көкөністер», «Ыдыс­аяқ» «Ойыншықтар» т.б.) Дайындаған: I­санатты қазақ тілі мұғалімі  Кабдымананова Рымгул Тлеуовна Теміртау қаласы     Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын  жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық  ізденіспен өткізеді. Осы мақсат пен  міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт  балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана  сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды  ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен  тиімді болып табылады. Ойын мен көрнекілік  — балалардың тілді үйренуге деген  қызығушылығын арттырады, сенімін  оятады.Ойын элементтері оқытудың бір түрі  болып табылады.Бұл әдістің тиімділігі  балалардың белсенділігін пәнге деген  қызығушылығын, ынтасын арттыруында  болып табылады. Оқудың алғашқы кезінде балалардың тілдік  материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне  көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген  сабақта балалардың тілді үйренуіне ынтасы  артып, сол тілді білуге қызығады. Баланың шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып  саналады. Ойын баланы бірігіп жұмыс істеуге 2.Үйде кім жоқ?  (тақырып: «Отбасы  мүшелері») 3. Аудармашы. (барлық тақырыптарға  келеді.Мұғалім сөзді қазақша айтса бала  орысшаға аударады,немесе мұғалім орысша  айтып қазақша аудармасын сұрайды) 4.Снежный ком .(Балаларға сөздерді  жаттатып отырып,бір сөзден төрт сөзге дейін  жаттатып,үйрету кезіндегі барлық  тақырыптарда қолдануға келеді.) 5. Не жоқ? (тақырыптар : «Үй жануарлары»,  «Жабайы жануарлар», «Киімдер» т.б.) 6. Кімнің дауысы? (Барлық тақырыптарға  қолданауға келеді.Бір бала тақтаға шығып  теріс қарап тұрады,мұғалім келесі бір баланы  шақыртып жаңа тақырыптан бір сөзді айтуды  сұрайды,бірінші бала кімнің дауысы екенің  айтып және сол сөздің суретін көрсетеді) 7.Үстелде не жоқ? т.б. ( «Оқу  құралдары», «Азық –түлік» т.б.)

Буклет для коллег

Буклет для коллег

Буклет для коллег

Буклет для коллег

Буклет для коллег

Буклет для коллег
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.01.2018