Құрметті қонақтар,ата-аналар,әріптестер! Аналар мерекесіне арналған «Супер мама» сайысына қош келдіңіздер! Сайысты бастамас бұрын ересек топ балаларының аналарына дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалаңыздар.Музыка әуенімен балалар залға кіреді.
Жүргізуші: -Құрметті қонақтар,ата-аналар,әріптестер! Аналар мерекесіне арналған «Супер мама» сайысына қош келдіңіздер! Сайысты бастамас бұрын ересек топ балаларының аналарына дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалаңыздар.
Музыка әуенімен балалар залға кіреді.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар,атааналар,әріптестер! Аналар мерекесіне арналған
«Супер мама» сайысына қош келдіңіздер! Сайысты бастамас бұрын ересек топ
балаларының аналарына дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалаңыздар.
Анаөмір,қолдаушысы әлемнің,
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.
Аялайық аналарды әрдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін.
Әжелердің,аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.
Жүргізуші: Ана деген өмірдегі ұлы есім,
Бақ тілесе анадайақ тілесін.
Ана деген ардақты ат,сен оны
Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.
Хор: «Ақ мамам»
Енді балалардың аналарына арналған тақпақтарын тыңдаңыздар.
Бексұлтан: Құтты болсын,ардақты ана,
Асыл анам,мерекең.
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты берекең.
Назерке: Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым!Мирас: Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Әжелерді ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Гүлназ: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегіңді ақтайын,
Аман болшы анашым!
Санжар: Баланыңда тірегі,
Даланыңда тірегі.
Шаршамасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Бағлан: Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.
Би: «Вальс»
Рома: Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болса шаттанған.
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын ақ анам!
Юстина: Анаөмір шырағы,
Анаөмір бұлағы.
Бесігімнің жыр әні,
Жүрегімде тұрады.
2Расул: Күлімдеген көзі,
Күннің нұрындай.
Ұлым деген сөзі,
Ақын жырындай.
Диана: Әлпештеген баласын,
Анабақыт,анакүн.
Әркім сүйіп өзінің,
Мақтан етер анасын.
Иван: Мерекесі бүгін,
Алтын анамның.
Сыйлайыншы гүлін,
Жарқын даламның.
Ертегі сахналау «Ақымақ тышқан»
Расул: Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам.
Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз.
«Қариясы бар үйдің,қазынасы бар» деп бекер айтпаған.Келесі
құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Адияр: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән,беретін гүлім дайын.
«Әжетай сені жақсы көремін» деп,
Ақырын құлағыңа сыбырлайын.
Данияр: Әже деген көп шығар,
3Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді ол кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Хор: «Әжем»
Ән: «Анаға сыйлаймыз» Орындайтын: Арсен,Гүлназ,Адияр.
Балалар аналарына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етті.
Балалар хормен: Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!
Құрметті атааналар, апайлар осымен балалардың аналарға арналған концерттік
бағдарламалары аяқталды енді «Супер мама» сайысымызды бастаймыз
Ортаға сайысқа қатысатын атааналарды шақырамыз.
1.Айтуғановтар отбасы
2.Нығыметуллиндер отбасы
3.Бекбауовтар отбасы
Жүргізуші:Құрметті «Супер мама» сайысына қатысушы атааналар сайыстың
бөлімдерімен таныс болыңыздар.
1. «Өзім туралы мәлімет».Таныстыру кезеңі;
2. «Өнерлі өрге жүзер».Өнер көрсету кезеңі;
3.
4.
5. «Ас адамның арқауы».Үй тапсырмасын көрсету кезеңі;
«Шебердің қолы алтын».Моншақ тізу кезеңі;
«Кімнің ойы ұшқыр».Қимылмен ісәрекет көрсету кезеңі;
Ал халайық ықыласпен демелік,
Аналардың бүгінгі сайыстарын көрелік.
Ақылымен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берелікдеп әділқазылар алқасын сайлап алайық.
41.№29 «Арай» МДҰ меңгерушісі Абдрахманова.К.К
2. «Балапан»тобының тәрбиешісі Кубаева.С.И
3.Атааналар комитетінің төрайымы Бекарыстанова.Н
1.Гүл көңілдер қуаныштан өрілді,
Көздеріңнен жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой,әне,үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді?
«Өзім туралы мәлімет» таныстыру кезеңі.
2.Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,
Өнер деген мол қазына кең екен.
Би билеп,ән айтып жырламайтын,
Өнерсіз қазақ кем де кем екен.
«Өнерлі өрге жүзер» өнер көрсету кезеңі;
3.Ал аналар қалықта,
Қалықтаудан жалықпа.
Саусақтарың майысып,
Шеберлік көрсет халыққа.
«Шебардің қолы алтын» моншақ тізу кезеңі;(3 минут)
4.Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктетер аласаны.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел,
Табысып бүкіл әлем жарасады.
«Кімнің ойы ұшқыр»қимылмен ісәрекетті көрсету кезеңі;
1.Аяқкиімі аяғын қысып тұрған адамның кейпін көрсету.
2.Қараңғы түнде орманда адасып кеткен адамның кейпін көрсету.
53.Ұтыс билетінен қомақты ақша ұтып алған адамның кейпін көрсету.
4.Автобусқа міндіңіз,билеталайын десеңіз әмияныңыз жоқ.Ұрланыпты.Сіздің іс
әрекетіңіз.
5.Түн,сіз ұйықтайын деп жатырсыз.Есік қағылды қонақтар келді,сіздің ісәрекетіңіз.
6.Өте қымбат сырғаңызды жоғалтып алдыңыз,сіздің ісәрекетіңіз.
5.Бойларында от бар екен байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен байқадық.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
«Ас адамның арқауы» үй тапсырмасы кезеңі.
Жүргізуші:Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтағанша ересек топ балалары
би билеп береді.
Би: «Жігіттер»
Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.Барлық сайысқа қатысушылар арнайы
дипломмен марапатталады.
6