Мәтінге байланысты сұрақтарға жауап беріңіз.
Рақат апай менің желінбей
қалған, әркім көшеге тастаған нандарды жинап,
фермаға апарытынымды да біледі екен. Атама соны айтып еді, ол кісі: “Нан
қадірін білген адам ғана - нағыз адам. Жаның жомарт,
алақаның ашық, пейілің кең болсын! Тілеген
тілегіңе жет, балам!” - деп, сол арада екі алақанын жайып, бетін
сипады.
Ой, құлыным, мұнан артық не керек бізге?!
Ақкөңіл, адал жүрегімен батасын берген екен ғой!
- деп Ажар жүрегі жарыла қуанып, немересін аймалап сүйе
бастады.
Шәйімкүл-ай, Шәйімкүл, мұнда кел. Қуан. Той
жаса. Құлынымыз мақтау қағазымен қоса
Дәрмен атасынан бата алып келіпті.
Ермек аң-таң.
Әже, “бата” деген не? - деді қысыла, күмілжи сұрап.
Ой, жаным, ол - атаңның ақ тілегі емес пе? Ол үлкен
алғыс, балам!
Мәтіннің тақырыбы қандай? *
Шәйімкүл әже туралы
Ермектің балалық шағы туралы
Тасталған нан туралы
Бата туралы
Берілген мәтіннің түрін ажырат *
Әңгімелеу
Сипаттау
Пайымдау
Хабарлау
Берілген мәтіндегі қай сөз орфоэпиялық нормаға сай келеді. *
Келіпті
Фермаға
Желінбей
Немересін
Мәтіндегі “жомарт” сөзімен мағыналас болып тұрған сөз тіркестерін тап. *
Пейілі кең, алақаны ашық
Нағыз адам, жаны жомарт
Мақтау қағазы, ақ тілегі
Жарыла қуану, алақан жаю
Ермектің әжесі неліктен қуанды? *
Тасталған нанды теріп, фермаға апарғаны үшін
Оқуға түсіп, мақтау қағаз алғаны үшін
Мақтау қағазбен бірге, атасынан бата алғаны үшін
Той жасайтын болғаны үшін
Дүниетану
1. Әр адам тәулігіне тамаққа және ішуге неше литр су жұмсайды?
а) 2-3 литр
ә) 4-5 литр
б) 10-20 литр
2. Жер қыртысын толтырып жатқан денелер қалай аталады?
а) топырақ
ә) тау жыныстары
б) құм
3. Тығыз тау жыныстарына нелер жатады?
а) құм
ә) саз
б) тас көмір
4. Жерден қазып алынып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстарын қалай атайды?
а) пайдалы қазбалар
ә) топырақ
б)тамыр
5.Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты қалай аталады?
а) құм
ә) саз
б) топырақ
6.Бұталар тобын қандай өсімдік құрайды?
а) қырыққұлақ
ә) итмұрын
б) картоп
7.Ылғал сүйгіш өсімдіктерді көрсет.
а) бақбақ
ә) жантақ
б)жолжелкен
8.Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді көрсет
а) беде
ә) жантақ
б) жолжелкен
9.Суыққа төзімді өсімдіктерді көрсет.
а) жолжелкен
ә) бақбақ
б) бидай
10.Жылу сүйгіш өсімдіктерді тап.
а) мақта
ә) бидай
б) жолжелкен
Математика
Жазира валюта бағамын қарап, 1 ресейлік рубль (руб.) шамамен 5 тг болатынын, 1 доллар (дол.) шамамен 430 тг болатынын, ал 1 евро (ев.) шамамен 505 тг болатынын білді. Оған телефон алу үшін ең арзан баға қайсысы болатынын табуға көмектесіңіз. *
7000 руб.
80 дол.
65 ев.
33000 тг.
2-ге де 5-ке де бөлінбейтін санды табыңыз. *
243043
344052
786415
445320
Берлинде сағат 11.30 болса, Сиднейде сағат қанша? *
11.30
14.30
20.30
08.30
7. Екі жүз үш мың он тоғыз санының цифрмен жазылған түрін тап.
А) 200319 В) 230019 С ) 23019 D) 203019
8. 15 санының квадратын тап. А) 252 В) 225 С ) 255 D) 245
9. Бір ғасырдың 10-нан бір бөлігі қанша? А) 50 В) 10 С ) 60 D) 90
10. Цифрмен жазылуын көрсет:Алты миллион бес жүз жиырма бес мың жүз жетпіс жеті
А) 502177 В) 65002577 С) 6525177 D) 65250177
Жаратылыстану
Өздеріңіз білетіндей, өсімдіктер фотосинтез жасай алады. Бұл өсімдіктер күн сәулесін, ауадағы көмірқышқыл газын және жердегі суды өздеріне (ағзаларында) тамақ жасау үшін қолданатын процесс.Енді осы жауаптардың ішінен дұрысын табыңыз: *
Өсімдіктер, біз сияқты, күнде тамақты тұтынады;
Өсімдіктер жарықсыз өмір сүре алмайды;
Өсімдіктер су жоқ жерде жақсы өмір сүре алады;
Өсімдіктер бізге тамақ береді;
Адамдар да фотосинтезді жасай алады.
Симбиоз - организмдердің екі түрінің бірге өмір сүріп, бір-біріне пайда әкелуі. Бұл суретте сіз мүйізтұмсық пен кішкентай құстардың арасындағы осындай симбиозды көріп тұрсыз: Құстар мүйізтұмсықтың терісін әр түрлі паразиттерден тазартады. Ал құстар қандай пайда алады? * мүйізтұмсық оларды жыртқыштардан қорғайды;
құстар мүйізтұмсықты тұрғын үй ретінде пайдаланады: оның үстінде тіршілік етіп, ұяларын салады;
құстар мүйізтұмсықты ұзақ сапарға пайдаланады: құстар жай отырады, ал мүйізтұмсық оларды басқа жерлерге апарады;
құстар тұмсықтарын өткір болатындай етіп қайрайды;
құстар тамақ алады.
Математика
1234 – 567 + 890 = ? *
1557
1457
1357
1657
(123 + 456 + 789)*(98 – 87 + 76 – 65 + 54 – 43 + 32 – 21 + 11 – 55) = ? *
15
10
5
0
Төменде көрсетілген ұзындықтардың ішіндегі ең үлкенін табыңыз: *
7312 мм
753 см
78 дм
7 м
Ермек 2 кг ет пен әрқайсысы 300 г болатын 4 қорап шоколад сатып алды. Ал өзінің салмағы 35 кг. Бірақ, лифт көтерілуі үшін адамның салмағы кем дегенде 40 кг болуы керек. Лифтпен көтерілу үшін Ермекке қанша грамм салмақ жетпейді? *
1600
1700
1800
1900
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.