Әдептілік -әдемілік
Оценка 5

Әдептілік -әдемілік

Оценка 5
Культурные мероприятия
docx
воспитательная работа
2 кл
28.02.2017
Әдептілік -әдемілік
Публикация является частью публикации:
кл. час.docx
Сабақтың  тақырыбы:  Әдептілік­ әдемілік Сабақтың  мақсаты: 1)Оқушыларды  адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке,   еңбексүйгіштікке, өз  халқының  салт­дәстүрін  үйрене  отырып, жаман  әдеттерден  аулақ   болуға  үйрету.   2)Адам  бойындағы  ұнамды, ұнамсыз  қылықтарды  ажырата  отырып, әдеп    әліппесін   бойына  дарыту, тіл  байлығын, таным   белсенділігін  арттыру. 3)Оқушыларды  әдептілікке, сыпайылыққа , достыққа  тәрбиелеу. Сабақтың  өтілу  әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ­жауап. Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, нақыл  сөздер  жазылған  плакаттар. Сабақ  барысы: І.Ұйымдастыру  кезеңі. 1. Шаттық шеңбері ­ Салеметсіздер ме, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі біздің сынып сағатымызға қош  келдіңіздер! Балалар,сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. ­Балалар, алдымен қонақтармен амандасып алайық! ­Енді әр бала өз атына өзінің бойындағы бір жақсы қасиетін қосып айтады, яғни  өздерін таныстырады.  Мысалы,  Мен – ақылды Алинамын деген сияқты.  ­ Жақсы , сендерде жақсы қасиеттер өте көп екен. Бүгінгі сынып сағатымыз  әдептілікке арналады. «Әдептілік­ әдемілік» атты сынып сағатымызды бастаймыз. 2. Топқа бөліну ­Балалар, біз бір­ бірімізбен тату, доспыз, иә? Қазір мынандай ойын ойнаймыз.  Музыка қосылғанда билейміз. Екі­ екіден доспыз дегенде, екіден қол ұстасып  билейміз. Төрт­ төрттен доспыз дегенде төрттен қол ұстасып билейміз( алты баладан  төрт топқа бөлінеді). Сынып жетекші: Ата – анаңның тілегі – адам болып өскенің,  Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің, Әдептілік дегенің – әрқашанда керегің.  Әсемпаздық дегенің – әуре салған әлегің. Қоғамның ең үлкен байлығы — әдепті адам. Себебі, шағын ұжымда, тіпті сыныпта,  әдепсіз бір адам болса, ол өзіне ғана емес, сол ұжымға жаман ат келтіреді.Әрбір  адамның жақсы адам болып шығуының жолы­ әдептілік, инабаттылық үрдістерін  бойына дарыту, үйрену болып табылады. Адам өзінен­өзі жақсы адам болып шыға  келмейді. Әдептілік өскен ұясынан, жүрген ортасынан, мектебінен, достарынан,  ұстаздарынан алған тәрбиесінен болады . 1:«Күн шуағы» ойыны 1­топ Балалар әдептілікке байланысты сөздерді күн сәулесіне жазады. 2­ топ Әдепсіздік деген не?   Күн шуағына өз ойларын жазады. 3­ топ  «Сыпайы сөздерді» жазады 4­ топ «Жалғастыр» ойынын ойнаймыз Не істеуге болмайды? Үлкендердің алдынан ......... Құстарды ...........болмайды. Кішкентай  баланы ......... Оқулықты........... Сыныпта ........... Сабақ үстінде ...........   «Жалғастыр» ойыны 2.Жұмбақ­ өлең  І топқа: Кітап, дәптер, қаламы  Кір шалмаған баланы  Кім дейміз?  Ұқыпты екен, бұл дейміз!  ІІ топқа Таудай биік талабы  Жақсы оқитын баланы Кім дейміз?  Үлгілі екен бұл дейміз! ІІІ топқа Өтірік сөз айтпаса, Уәдесінен қайтпаса Кім дейміз? Шыншыл екен бұл дейміз ІҮ топқа Сыйлап үлкен ағаны,  Сәлем берген баланы  Кім дейміз?  Әдепті екен бұл дейміз!  3. Әр топ өзін­ өзі ұстау ережесін  айтады 1­ Топ: Үйде 2­ Топ: Көшеде 3­ Топ: Қонақта 4­  Топ:Мектепте 4. Ситуациялық жағдаяттарды шешу. І топқа:Сен өте асығыссың. Себебі сабаққа үлгеруің керек. Көшеде келе жатқан қария  кісіні қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті. Сенің әрекетің... ІІ топқа:Саған анаң өзі жұмыс­ тан келгенше үйді жинастырып қоюды өтінді. Сен  достарыңмен ойнап жүріп бұл өтінішті ұмытып кет­тің. Анаң жұмыстан келіп, өзі үйді  жинап сыпырып қояды. Сен келгенде анаң ренжулі еді. Сенің әрекетің. ... ІІІ топқа:Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң, ауылдан келген туысқаның. Сенің  анаң ешкімге есік ашпауыңды ескерткен. Сенің әрекетің. ... ІҮ топқа:Арман  мен  Аян  қалада  тұрады. Екеуі  де  бір  мектепте, бір  сыныпта  оқиды.  Бүгін  автобустың  алдыңғы  орындығына  жайғасқан  екеуі  мектепке  келе  жатты.  Алдыңғы  есіктен  қолындағы  сөмкесін  әзер  көтеріп  әжей  кірді.Аян  орнынан  тұрып,  әжейге  орын  берді. Ал  Арман  болса  көрмегенсіп,  теріс  қарап  отыра  берді. ­Ал  балалар  сендер  не  істер  едіңдер? Әдептілік туралы мақал­мәтелдер: 5.Ойын «мақалды жалғастыр» 1­ топ Әдепті бала­ арлы бала (Әдепсіз бала­ сорлы бала) Сәлем түзелмей,(әлем түзелмейді) 2­топ 1. Әдептіліктің белгісі –( иіліп сәлем бергені). 2. Әдепті бала ата­анасын мақтатар,     (Әдепсіз бала ата­анасын қақсатар.) 3­топ Аға әдепті болса, (іні әдепті) Үлкенге­ құрмет, (Кішіге ізет) 4 топ  Мейірімділікті анадан үйрен, (Әдептілікті данадан үйрен)  Жақсыдан үйрен, ( Жаманнан жирен) 6. Әдептілік туралы өлең оқу, ән айту Әр топтан бір бала өлең оқиды, ән айтады. Қорытындылау: ­Енді, балалар, ақ қағазға алақанымызды бастырып, бес саусаққа өздеріңнің бойларыңдағы  жақсы қасиеттерді жазып шығыңдар. Ал жаман қаиеттерді де жазып, оны жыртып  тастаймыз. ­Бүгінгі сынып сағатынан нені үйрендіңдер? (Әр топтан бір баладан айтып өтеді) ­Ал, балалар,  өркениетті  Қазақстан   елінің  тәртіпті, әдепті, мәдениетті  азаматы  болу   үшін  үлкенге  ілтипатты, кішіге  үлгілі  болып  заңды  сақтауымыз  керек.Әдептілік,  тәрбиелілік­асыл  қасиеттер. Адамдарды  бір­бірінен  осындай  жақсы  қасиеттері  арқылы   бағалайды.Мен  сендерді  бүгінгі  тәрбие  сағатынан  үйренген, білгендеріңді  өмірде   пайдаланып , әдепті, жақсы  адам  болады  деп  сенемін. Балалар, бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. (Смайлик таратамын) «Бал балалық» әні

Әдептілік -әдемілік

Әдептілік -әдемілік

Әдептілік -әдемілік

Әдептілік -әдемілік

Әдептілік -әдемілік

Әдептілік -әдемілік

Әдептілік -әдемілік

Әдептілік -әдемілік
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
28.02.2017