Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы. Баспа құрылғылары
Оценка 4.9

Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы. Баспа құрылғылары

Оценка 4.9
Лекции
docx
информатика
5 кл
24.08.2017
Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы. Баспа құрылғылары
Дербес компьютердің құрамдас бөіктері.Компьютердің құрылысын айту және оның суреттерін көрсету.Баспа құралдары олардың түрлері құрылымы.Оқушылардан қандай түрлері арын сұрау притердің қасиеті, сканердің қасиеті, ксеркстің қасиеті оларды өмірде қолдану.Дербес компьюер кабинетінде электронды есептеуіш машинаның құрамдас бөліктерің ажыраты білуді үйрету, меңгерту,сабақ барысында қолдануДербес компьютердің құрамдас бөіктері.Компьютердің құрылысын айту және оның суреттерін көрсету.Баспа құралдары олардың түрлері құрылымы.Оқушылардан қандай түрлері арын сұрау притердің қасиеті, сканердің қасиеті, ксеркстің қасиеті оларды өмірде қолдан
5.docx
Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы. Баспа  құрылғылары Сабақтың мақсаты: Оқушылардың компьютердің негізгі құрылғылары жөнінде  білімін қалыптастыру.Тақырып бойынша бекіту тапсырмалары арқылы оқушылардың  білімін меңгерту, дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ­жауап Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интерактивті тақта,  электронды оқулық                                                      Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын сұрау “Кім жылдам?” ойыны 1. Бірінші электронды ­ есептеуіш машина қалай аталған? Ол қай жылы жасалды? 2. Марк ­ 1 машинасы қандай элементтерде жатады? 3. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады? 4. ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір – бірінен айырмашылығы неде? 5. Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады? ІІІ. Жаңа сабақ Компьютер “сөзі” есептеуіш” дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы.  компьютер ­ деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондар құрылғы.  Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер, дыбыстар,  графика және т. б.) ақпаратты өңдейді, әр түрлі технологиялық процестерді, деректер  базасын және басқаларды басқарады. Бұл типті компьютерлерді дүние жүзінде  жүздеген өндірушілер шығарады. Олар өзара өнімділігімен, жадының  сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК ­ сі. Бірақ. ДК ­ лердің барлық типтерінің ақпарат өндеу және адаммен қарым ­ қатынас  жасауының негізгі принциптері бірдей. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде  өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан тұрады. Блоктардың номенклатурасы әр түрлі болуы мүмкін, бірақ кез келген компьютер  жұмыс істеуі үшін, үш блоктан тұратын жинақ керек. Басқа құрылғылардың барлығы  қосымша деп аталады. Оларға принтер, дыбыс колонкалары, құлаққап, микрофон,  модем, сканер, маус, трекбол, терте жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі ­ жүйелік блок. ДК жүйелік блогы – компьютердің негізгі тораптары  орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессоры мен жедел жады және  т. б. аналық тақша, адаптерлер, қоректендіру блогы, иілгіш және қатқыл дискідегі  жинақтауыштар, контролер ажыратпалар орналастырылған. ДҚ (дербес компьютер деп аталуының – бір ­ ақ адам қолданады) қазіргі кезде  көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез ­ келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады. Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, маус. Бұл құрылғылардың ең негізгісі Монитор, жүйелік блок, пернетақта. Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы  ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның  сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, маус,  модем. Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе  контролер арқылы жалғасады. Контролер немесе адаптердің міндеті – процессордан  келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға  айналдыру. Жүйелік блок ­ мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді  қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт ­ дискіні оқитын CD ­ ROM  орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD ­ ROM,  бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т. б. бар. Процессор ­ компьютердің ең басты бөлігі. Ол компьютердің «миы». Ол бүкіл  компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық командаларды  орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас  микросхемасына – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум»  процессор. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады. Процессор жадпен жұмыс  істейді. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады. Жедел жад ­ бұл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын  құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға  мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді  өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді.  Компьютердің ішкі жадысының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ОЗУ)  – ақпаратты уақытша сақтайтын жад. Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус,  джойстик, өлшеу аспаптары, сканер. Шығару құрылғысы – принтер, дисплей,  графопроектор. Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей:  электрондық – сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая труба ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады.  Монитор түрлі түсті монохромды болады. Монитор ­ ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Мониторды екі белгісі  бойынша жіктеуге болады. Бейнелеу түсі бойынша ­­­­­­­­­­­­­ Шығаратын ақпараты бойынша Монохромдық (қара, ақ, градияциясы сұр) ­­­­­­ Символдық, (тек мәтіндік ақпаратты  бейнелейді) Түрлі түсті ­­­­­­­­ Графикалық (графиктерді, суреттерді шығаруға мүмкіндік береді) Пернетақта (Клавиатура) Пернетақта ­ компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне  болады. Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы  болып табылады. Пернетақтаның әрекетерінің прициптері: 1. Пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы микросхема  идентификациялайтын скан ­ код жіберіледі. 2. Скан ­ код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар  түзу береді. 3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, түзуге нөмірі  бойынша түзуге қызмет жасайтын бағдарламаныңадресін табады. 4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады. 5. Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған  арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады. Шартты түрде пернетақтаны 5 ­ бөлікті бөлуге болады: ­ басу пернетақтасы (алфавитті ­ цифрлық және таңбалық ернелер) ­ функционал пернелер: F1 ­ F12 ­ арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt, BackSpace ­ меңзерді басқару және редакциялау пернетақтада. ­ сандық пернетақта. Функционалдық пернелер ­ Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар  компютердің күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі  қызмет атқарады. Символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады. Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға  арналған. Цифрлық ­ қосыма NumLock пернетақта арқылы қосылып ажыратылады. Enter ­ енгізу пернесі – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады. Бос орын – символдарды бір ­ бірінен ажыратады. немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді. ← Shift ­ бұл кіші әріптерді алкен етуге және керісінше орындауға болады. Caps Lock ­ алкен әріптер енгізіледі. Delete ­ меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді. кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt Тышқан. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы –  «Тышқан» манипуляторымен жабдықталған. Бұдан былай оны тек тышқан (маус) деп  қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол ­ сұр түсті,  тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол  алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы. Джойстик. Джойстик деген компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын  обьектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор. Принтер. Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не  шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге  мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтердің үш түрі  бар: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік. Матрицалық принтерлер – бұл қарапайым басу құрылғылары. Деректер қағазға  инелердің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болады. Лазерлік принтерлер полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз  етеді. Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді. Сия бүріккіш  принтерлер. Кескін бояудың тамшыларының қағазға түсуінің нәтижесінде айда  болады. Сиябүріккіш принтерлер түрлі түсті баспадан кеңінен қолданылады Сыртқы жад – сыртқы жад ретінде магнитті диск пайдаланылады. Дискілер қазіргі  дербес компьютерлерде ақпарат тасушы болып табылады, олар ақпаратты тұрақты  түрде сақтауға арналған. Магнитті дискілердің екі типі болады. Бірінші типке иілгіш,  алмалы ­ салмалы дискілер немесе дискеттер жатады. Компакт – дискілер. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның  сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады. CD ­ R компакт –  дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға  болмайды. Ал CD ­ RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады. Флэшка ­ жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка – ақпаратты сақтау үшін ең  қолайлы контейнер болып табылады. Оларға 32 Мбайт ­ 8 Гбайт дейін ақпарат  сақтауға болады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB – портқп қосады,  секундына 1 ­ 10 Мбайт жылдамдықпен ақпарат жазуға болады. Сканер ­ қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға  мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді  сканерлеуге (түсіріп алуға) болады. ІҮ.«Кім жүйрік» ойыны. Бұл ребусты шешкенде компьютер құрылғысының аты шығады РЕБУС шешу Ү. Оқушыларды бағалау ҮІ. Үйге тапсырма Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы. Баспа құрылғылары

Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы. Баспа құрылғылары

Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы. Баспа құрылғылары

Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы. Баспа құрылғылары

Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы. Баспа құрылғылары

Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы. Баспа құрылғылары

Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы. Баспа құрылғылары

Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы. Баспа құрылғылары

Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы. Баспа құрылғылары

Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы. Баспа құрылғылары

Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы. Баспа құрылғылары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.08.2017