Дидактикалық материал
Оценка 4.8

Дидактикалық материал

Оценка 4.8
docx
13.05.2020
Дидактикалық  материал
Дидактикалық материал.docx

Қосымша 1

 

Осы сынақ нәтижесінде оқиғаның орындалуы да, орындалмауы  да мүмкін болса, онда бұл оқиғаны  ...  деп атайды. (кездейсоқ оқиға) 

 

Осы сынақ нәтижесінде сөзсіз орындалатын оқиғаны ... деп атайды. (ақиқат оқиға)

 

Сынақ нәтижесінде орындалмайтыны белгілі оқиғаны ... деп атайды. (жалған немесе мүмкін емес оқиға)

 

Егер оқиғалардың пайда болу мүмкіндіктері бірдей болса, ондай оқиғаларды ... дейді. (тең немесе тең мүмкіндікті оқиғалар)

 

Біреуінің пайда болуы екіншісінің пайда болмауына пара – пар екі үйлесімсіз оқиғаны ... деп аталады. (қарама – қарсы оқиғалар)

 

 

Қосымша  2

Ертең қызыл қар жауады

Мүмкін емес оқиға

Оқу жылы қашанда болса  аяқталады

Ақиқат  оқиға

Ертең жаңбыр болады

Кездейсоқ  оқиға

Адамдар мәңгілік емес

Ақиқат  оқиға

Ойын сүйегі лақтырылды. Он ұпайдың түсуі

Мүмкін емес оқиға

Пингвиндер  ұшады

Мүмкін емес оқиға

Қорапта ақ және қара шарлар бар. Қораптан кездейсоқ екі шар алынды. Шардың екеуі де  ақ.

Кездейсоқ  оқиға

Күн Жерді айналады

Мүмкін емес оқиға

2*2=4

Ақиқат  оқиға

Иттің үш күшігі болады

Кездейсоқ  оқиға

Адам өлмейді

Мүмкін емес оқиға

Ойын сүйегі лақтырылды. Алтыдан артық емес шардың шығуы.

Ақиқат  оқиға

Анасы балаларынан үлкен

Ақиқат  оқиға

Жоғары қарай тас лақтырылды. Тас ауада қалады.

Мүмкін емес оқиға

Бутерброд жерге май жағымен түседі.

Кездейсоқ  оқиға

 

 

Қосымша 3

Үйге тапсырма

1.      Есепті шешіңіз: Бір әмірші  жұлдызшыға ашуланып, уәзіріне оның басын кесуді бұйырады. Алайда, соңғы сәтте ол жібіп, жұлдызшыға бір мүмкіндік беруді ұйғарды. Әмірші екі қара және екі ақ шар алып, оларды екі қорапқа кездейсоқ тәсілмен бөлуді ұсынды. Уәзірі кез-келген кездейсоқ қораптың  біреуін таңдап, одан кездейсоқ шарды суырады. Егер шар ақ болса, онда жұлдызшы кешіріледі, егер қара болса, басы кесіледі. Жұлдызшының құтқарылуының мүмкіндігі жоғары болу үшін ол шарларды екі қорапқа қалай орналастыруы керек?

 

2.  «Ықтималдықтар теориясының даму тарихы» тақырыбында таныстырылым дайындаңыз


 

Осы сынақ нәтижесінде оқиғаның орындалуы да, орындалмауы да мүмкін болса, онда бұл оқиғаны

Осы сынақ нәтижесінде оқиғаның орындалуы да, орындалмауы да мүмкін болса, онда бұл оқиғаны
Скачать файл