"Дос бола білейік" (3 сынып)
Оценка 4.9

"Дос бола білейік" (3 сынып)

Оценка 4.9
Мероприятия
docx
воспитательная работа
3 кл
19.02.2018
"Дос бола білейік" (3 сынып)
Мақсаты: Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, орны, шынайы белгісі туралы түсіндіру. Сенімді және адал дос болуға ұмтылысын, өз ойларын айта білуге, ойлау қаблеттерін, тілдерін сұрақ қою арқылы дамыту. Адамгершілікке, адалдыққа, досының жақсы жақтарын үлгі тұтуға, жақсы қасиеттерін бойына сіңіруге, адамдар арасындағы достық пен өзара түсіністікті болуға тәрбиелеу."Дос бола білейік"
Тақырыбы дос бола білейік.docx
Тақырыбы: Дос бола білейік Мақсаты:  1) Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, орны, шынайы белгісі туралы түсіндіру. 2) Сенімді және адал дос болуға ұмтылысын, өз ойларын айта білуге, ойлау қабілеттерін, тілдерін сұрақ қою арқылы дамыту. 3) Адамгершілікке, адалдыққа, досының жақсы жақтарын үлгі тұтуға, жақсы қасиеттерін бойына сіңіруге, адамдар арасындағы достық пен өзара түсіністікті болуға тәрбиелеу. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық: ­Сәлеметсіздер ме, балалар?! Көңіл­күйіміз қалай? Көңіл күйімізді жақсарту үшін мына өлең жолдарын айтып өтейік: Сәлеметсің бе, алтын күн! Сәлеметсің бе, жер­ана! Сәлеметсің бе, сіз! Сәлеметпіз біз! Сәлем бердік сіздерге құрметпен біз! ­Жақсы, балалар, отырыңдар! Кіріспе: Біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Дос болу – киелі ұғым». Мақсатымыз: 1) Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, орны, шынайы белгісі туралы түсіндіру. 2) Сенімді және адал дос болуға ұмтылысын, өз ойларын айта білуге, ойлау қабілеттерін, тілдерін сұрақ қою арқылы дамыту. 3) Адамгершілікке, адалдыққа, досының жақсы жақтарын үлгі тұтуға, жақсы қасиеттерін бойына сіңіруге, адамдар арасындағы достық пен өзара түсіністікті болуға тәрбиелеу. Досым саған сенемін, сеніп өтемін, Долы бөтен демеймін, жөні бөтен. Достық деген адамның көрігі ғой, Достық деген адамның серігі ғой! – Балалар, бұл тақпақ не туралы? «Дос», «Достық», «Дос болу» деген сөздерді қалай түсінесіңдер? Достық адамдардың бір – біріне деген адалдығы. Достықтың 2 түрі болады: адал дос, амал дос. Адал дос – әрқашан қасыннан табылатын, сырласатын сенімді адам. Амал дос – сені қиын кезде тастап кететін, сырымен бөліспейтін адам.  Балалар, мен сендерге елдердің достасу салтын айтып кетейін. Скифтер дос болу үшін арнайы келісім шартқа отыратын болды. Дос болуға ықылас білдіргендер қылышпен саусақтарынан қан шығарып, бір ыдысқа құйып, ант қабылдаған. Осыдан кейін оларды ешкім де, еш нәрсе де айыра алмайды деп сенген.  Достық келісім шартын арабтар да жасаған. Олар келісім шарт жасар алдында үстел үстіне ірі тұз салынған ыдыс алып келіп қойған да әрқайсысы бір уыстан жеген. Араб философы Ибн Рабдан «Достарда бәрі – ас ішер ыдыс та, жуынатын табақ та, тіпті киім де ортақ болу керек» дегенді айтады. Мәшһүр Жүсіп достықты аспандағы жұлдызға, теңіздегі гауһар тасқа теңеген. Себебі, жұлдыз бен асыл тас – кіршіксіз мөлдір, таза болған және оны ешкім де кірлете алмаған. Ойын бөліміне кірісейік. «Дос іздеймін» ойыны:  «Дос іздеймін» ойыны:   әр оқушы газетке хабарландыру жазады. Хабарландыру жазуға 5 минут беріледі. Хабарландыруда сіз досыңыздың қандай қасиеттерін болғанын қалайсыз, өзіңіз туралы жазуға болады.  «Мен достық үшін . . » ойыны: «Мен   достық   үшін   .   .   .»   деп   аталатын   ойын   ойнаймыз.   Бұл   ойында   біз   мына сұрақтарға жауап береміз. 1) Мен үшін достық . . . 2) Менің ең жақын досым . . ., өйткені ол . . . 3) Мен досыммен . . . таныстым. 4) Досымның ең жақсы қасиеті . . . 5) Досымда кейбір кемшіліктері бар. Олар . . . 6) Досым маған үнемі . . .көмектеседі. 7) Досыммен . . . бірге болғанды қалаймын. 8) Досымнан . . . көмек күтемін. 9) Досыма мінездеме беретін болсам, ол . . . «Үш жолдас»  әңгімесі: «Үш жолдас» әңгімесін тыңдайық. «Әйгерім үйден алып келген таңертеңгі тамағын жоғалтып алды. Үлкен үзіліс кезінде балалардың бәрі үйден алып келген тамақтарын жеп отырады. Әйгерім болса шетке барып тұрады.  ­ Сен неге тамағыңды жемейсің? – деді Айжан. ­ ­ ­  Мен жоғалтып алдым, ­ деді Әйгерім.  Қалай жоғалтып алдым? – деді Әсел.  Қиын болған екен, деді Айжан, нанды аузына қомағалай тығып жатып. Ал Жазира болса ештене айтпастан, Әйгерімнің жанына келіп, май жаққан нанының жартысын жолдасына ұсынды. ­ Бөле жейік, ұста, ­ деді.» Қорытынды: Әңгіме кімдер туралы? Кімнің ісі дұрыс?  ­ Сонымен, дос дегеніміз кім? Достықтың қандай түрлері бар? «Шын дос бол – бақыт» дегенді қалай түсінесіңдер

"Дос бола білейік" (3 сынып)

"Дос бола білейік" (3 сынып)

"Дос бола білейік" (3 сынып)

"Дос бола білейік" (3 сынып)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.02.2018