«Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас» атты мерекелік іс-шараның сценарийі.
Оценка 4.9

«Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас» атты мерекелік іс-шараның сценарийі.

Оценка 4.9
docx
01.02.2020
«Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас» атты мерекелік іс-шараның сценарийі.
сценарий на день независимости.docx

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған

«Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас» атты мерекелік іс-шараның өткізілу сценарийі.

1 жүргізуші.Қазақстан –сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан-бұл азат ел танысыңдар.

Көк байрағы , елтаңба, әнұраны,

Қазақ елі егеменді , сан ұлты бар.

2 жүргізуші.Под щедрым солнцем золотым,

Под ясным небом голубым

Мой герб и флаг в себя вобрали

Весь мир степной, родные дали,

Свободы дух и взор прямой.

Вед. 1:    Армысыздар, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Еліміздің  тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі «Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас»атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз! 

Гимн орындалады

2 жүргізуші.Тәуелсіздік – бұл менің Парасатым,

Күншілмен де тіл тауып жарасатын.

Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен,

Қазақтың шығаратын Алаш атын.

Свободен, величав и первоздан

Звезде подобный средь земель и стран

Кюй счастья ты наигрываешь звонко

Родной мой лучезарный Казахстан!

1 жүргізуші. Бабалардың  арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік алақанымызға қонды. Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз. Бұл күнге қан төгіссіз, күрессіз болмады. Аудиториямыздың орталық қабырғасына көңіл аударсақ. Алдарыңызда мемлекетіміздің тәуелсіз болуға азат жолында өз үлесін қосқан батырларымыз.

Бір минут үнсіздігімен ......................

1 жүргізуші. Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша . Өйткені біз тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.

2 жүргізуші. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ әр жылдың өз шежіресі,сыры, тарихы, қасиеті бар.

Тарихи журнал:

1 студент: 1989 жылы 22 қыркүйекте қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін алды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі болып жарияланды.

2 студент: 1991 жыл 1 желтоқсан – Н.Ә Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып сайланды.

3 студент: 1991жылы 22 мамырда Қазақстан ЮНЕСКО құрамына енді.

2 студент: 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан  Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.

4 студент: 1993 жылы қарашаның 15-нде Ұлттық валюта –тенге айналымға кірді. Биыл ұлттық теңгемізге 25 жыл толып отыр.

5 студент: 1995 жылы 30 тамызда – Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңы қабылданды7

3 студент: 1998 жыл 10-маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болды.

Әдеби композиция – «Тәуелсіздікке жырлаймыз......» - өлең жолдары .......

 

Ән: «Туған жерім....»

 

1 жүргізуші.

- Құрметті студенттер енді бірнеше сұрақтарға жылдам жауап беруіңіз ұсынылады. Сұрақтар мемлекетіміздің тарихи және белгілі оқиғаларға, заманауи ұғымдарға байланысты. 

1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қай кезде аталып өтеді? ( 1 - желтоқсан)
2. 22 - қараша 2012жыл Қазақстан халқы үшін қандай жақсы хабар мен ерекшеленді? (ЭКСПО - 2017 Халықаралық көрмесі Қазақстанда. Оның жас елордасы Астанада өтетіндігі )
3. «Президент» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?      (алдында отырған)
4. 1999 жылы Астана қаласы ЮНЕСКО - ның қандай сыйлығымен марапатталды?(«Әлем қаласы» )
5. Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім,  қай жылы ұшты?(1991ж. 2 - қазанда Т. Әубәкіров)
6. Заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын орган қалай аталады? ( Парламент)
7. Семей полигоны қай жылы жабылды? ( 1991ж. 29 - тамыз)
8. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты дүниеге келген ән ( «Елім - ай»)

9. Қазақстанда Президент сайлауы қанша рет болды? (1991, 1999, 2005, 2011,)
10.
Конституцияда не туралы жазылған? (құқық пен міндет)

Патриоттық әндер минусовкасы беріледі қай ән екенін анықтап,  өлең жолдарын айтып беру.

2 жүргізуші. «Отанамның болашақ бейнесі» - топтық жұмыс (бояу, қылқалам, сумен ыдыс)


Ән «Жаса қазақстан» - хор

1 жүргізуші.Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!

Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік! Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!


 

Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас» атты мерекелік іс-шараның өткізілу сценарийі

Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас» атты мерекелік іс-шараның өткізілу сценарийі

Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша

Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша

Президент сайлауы қанша рет болды? ( 1991, 1999, 2005, 2011,) 10

Президент сайлауы қанша рет болды? ( 1991, 1999, 2005, 2011,) 10
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.02.2020