Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері (2)

  • pptx
  • 12.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері (2).pptx

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері

Оқу мақсаты:

9.4.3.1
есеп шарты бойынша математикалық модель құру;

Мәтіндік есептерді шешеді және математикалық моделін құрудың алгоритмін біледі
«жұмысқа» қатысты мәтіндік есептерді шығарады
«қозғалысқа» қатысты мәтіндік есептерді шығарады

Бағалау критерийлері:

а) Атқарылатын барлық жұмыстың көлемін 1 деп қабылдаймыз.
ә) Әр жұмысшының жеке еңбек өнімділігін табамыз,
мұндағы t- барлық жұмысты жұмысшының жеке атқарған уақыты.
б) Әр жұмысшының жеке жұмыс атқарған уақытындағы барлық жұмыстың бөлігін табамыз.
в) Барлық жұмыс көлемін әр жұмысшының атқарған жұмыстарының қосындысымен теңестіріп, теңдеу құрастырамыз (егер есеп шартында берілген жұмысты барлық жұмысшылар бірігіп атқарса).
г) Есеп шартындағы жұмсалған уақыттың қатынасы немесе еңбек өнімділігі теңдеу құрудың негізі болып табылады.

Айталық, х– бірінші жұмысшының берілген жұмысты орындаған уақыты, у– екінші жұмысшының осы жұмысты орындаған уақыты болсын.
Сонда – бірінші жұмысшының еңбек өнімділігі,

– екінші жұмысшының еңбек өнімділігі.

– екі жұмысшының бірлескен еңбек өнімділігі.

– екі жұмысшының бірлескен жұмыс уақыты.


Бірлескен жұмысқа берілген есептер

а) егер екі дене бірдей жол жүрсе, онда осы жолды есептегі ортақ белгісіз шама ретінде алуға болады; б) егер екі дене әртүрлі уақытта қозғалса, онда ерте шыққаны кездесуге дейін көп уақыт жұмсайды; в) егер екі дене біруақытта бір-біріне қарама-қарсы қозғалса, онда олардың кездесуіне дейін уақыт өтеді; г) егер екі дене бір бағытта қозғалса , онда бірінші дененің екінші денені қуып жететін уақыты болады.

Қозғалысқа берілген есептердің мазмұны

А пунктінен В пунктіне бір уақытта екі автомашина шықты. Бірінші автомобиль барлық жолда тұрақты жылдамдықпен, ал екінші автомашина жолдың бірінші жартысын 24 км/сағ, ал екінші жартысын біріншіге қарағанда 16 км/сағ кем жылдамдықпен жүріп, В пунктіне бірінші автомашинамен бірдей келді. Бірінші автомашинаның жылдамдығын табыңдар. Жауабын км/сағ арқылы көрсетіңдер.

24

x+16

Жолдың
I жартысы

32 км/сағ

Жолдың
IІ жартысы

Арақашықтығы 72 км А мен В екі қаланың арасын велосипедші тұрақты жылдамдықпен жүріп өтті. Келесі күні ол бастапқы жылдамдығынан 6 км/сағ артық жылдамдықпен кері қайтты. Жолда ол 6 сағ демалды. Нәтижесінде кері қайтқанда А-дан В-ға қарай жүргендегідей уақыт жұмсады. Велосипедшінің А-дан В-ға жүргендегі жылдамдығын табыңдар. Жауабын км/сағ арқылы көрсетіңдер.

В-А жолы

х

х+6

6 км/сағ

Жұптық жұмыс

№1
Екі жұмысшы бірігіп 45 минут жұмыс жасағаннан кейін, екінші жұмысшы қалған жұмысты 2 сағ 15 минутта аяқтады. Осы жұмысты екінші жұмысшы жеке орындаса біріншіге қарағанда 1 сағ артық жұмсайтыны белгілі болса, онда әр жұмысшы жеке қанша уақытта орындайды?

№2
Өзен аңғарында А пункті орналасқан. Катер А пунктінен шығып ағыспен аңғардың бітетін жеріне, яғни өзен арнасында орналасқан В пунктіне дейін 80 км жүріп, әрі қарай өзен бойымен жоғары С пунктіне кетеді. А пунктінен С пунктіне дейін ол 18 сағ, кері қайтуға 15 сағ уақыт жұмсайды. Өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ, ал катердің өз жылдамдығы 18 км/сағ екені белгілі болса, В пунктінен С пунктіне дейінгі арақашықтықты табыңдар

Тапсырма №

Дескрипторлар

+/-


1-2

Математикалық моделі дұрыс құрылған

 

Теңдеулер жүйесі дұрыс шешілген

Жауабы дұрыс жазылған

Топтық жұмыс

№1
Егер екі құбырды біруақытта ашса, онда хауыз 2сағ 24 мин толады. Бастапқыда екінші құбырдың хауызды жеке толтыратын уақыттың ширегінде тек бірінші құбыр, одан кейін бірінші құбырдың хауызды жеке толтыратын уақыттың ширегінде тек екінші құбыр ашық болды. Сонда хауыздың -ін толтырылғаны белгілі болды. Хауызды әр құбырмен жеке-жеке толтыру үшін қанша уақыт қажет?

№2
Моторлы қайық 5 сағатта 42 км ағыспен, 20 км ағысқа қарсы жүріп өтті. Егер ағыс жылдамдығы 2 км/сағ болса, қайықтың меншікті жылдамдығын табыңдар.

№3
Ұзындығы 100 м болатын шеңбер бойымен екі нүкте бірқалыпты қозғалуда. Олар бір-біріне қарама - қарсы қозғалыс жасай отырып әр 4 с сайын, бір бағытта қозғала отырып әр 20 с сайын кездеседі. Осы нүктелердің жылдамдығын табайық.


Тапсырма №

Дескрипторлар

+/-


1-3

Математикалық моделі дұрыс құрылған

 

Теңдеулер жүйесі дұрыс шешілген

Жауабы дұрыс жазылған

Үй жұмысы

№1. Екі құбыр хауызды 6 сағатта толтырады. Егер бірінші құбыр арқылы су екіншіге қарағанда сағатына 50% артық ағатыны белгілі болса, онда хауызды әр құбыр жеке-жеке неше сағатта толтыратынын анықтаңдар.

№2. Қуаты әртүрлі екі құбыр хауызды 4 сағатта толтырады. Бірінші құбырға хауызды жартылай толтыруы үшін екінші құбырдың хауыздың төрттен үш бөлігін толтыратын уақытына қарағанда артық 4 сағат қажет. Хауызды әр құбыр жеке-жеке неше сағатта толтырады?

Мен бүгін білдім.... Мен бүгін түсіндім.... Мен қызығушылықпен
айта аламын....

Рефлексия