Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің 2016-2017 оқу жылының техналогиялық картасы.
«Балдырған» ересек арнайы түзету тобы».
Білім беру садасы Экология негіздері.
Тақырыбы: Жыл мезгіддері.жаз,күз белгілері.
Мақсаты:
Білімділік: Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем құрастырып, әңгімелеуге үйрету. Адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру.
Түзете-дамытушылық: Жапырақтардың түсінің өзгеруі, жемістердің пісуі туралы және ой-өрісін дамыта отырып, есте сақтау мен тілін дамыту.
Тәрбиелік: Өсімдіктерді күтіп-баптауға және табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінік беру.
Cөздік жұмыс: Бұтақтар, жеміс-жидек, тұқымдар, табиғат құбылыстары.
Жеке жұмыс: Айбынға жемістер мен көкеністер арқылы «Не жоқ?» ойының ойнату.
Керекті құрал: Суреттер, жемістер мен көкөністер муляждары, т.б
Әдіс-тәсілдер: АҚТ,сұрақ-жауап, мнемо кесте суреттері, көз жаттығуы,дидактикалық ойындар, түсіндіру.
Қостілділік: Күз-осень,жаз-лето, ағаш-дерево, жапырақ-листья,
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Балалар бізге көптеген қонақтар келіпт Қане амандасайық. Сәлемдесу. Мейірімді жүрекпен Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық. Сәлеметсіз бе!
Балалар бізге қонаққа Дымбілмес келіпті. -Сәлеметсіздер ме балалар мен қайда келдім? Қай мезгілі болып жатыр? |
Балалар қимыл көрсете отырып, бірге айтады. Балалар амандасып жақсы көңілмен отырады.-Сәлеметсіз бе Дымбілмес Қош келдің! Сен бүгінгі оқу іс-әрекетіне дәл келдің бүгін біздер жаз,күз мезгілдері туралы өтейін деп жатырмыз. Бізбен бірге бол! |
|
Іздену ұйымдастырушы
|
Балалар интерактивті тақтаға қарайықшы Жаз,күз мезгілінің ерекшеліктерін айтайық. Күз мезгілінде неше ай бар?
- Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады??
Мнемо кесте мен әңгіме құрастыру. Көз жаттығуы: Күз мезгілі Тыныс алу жаттығуы: Жапырақты үрлейік. «Кім жылдам ойыны» Мақсаты: балалар үлкен, орташа кіші жапырақтарды себеттерге жинау. Түстерін көлемдерін ажырату Балалар Күз мезгілілігің сиқырлығы соншалықты шыршадан жаңғақтарда түседі екен қане бәріміз жаңғақты қолымызға алып алақанымызбен массаж жасаймыз. Балаларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады және жеке жұмыс ретінде «Не өзгерді» тапсырмасы ұсынылады. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Жел соғады бетіме, Қатты-қатты жел соғып, Жапырақ жерге түседі
Балалар күз мезгілінде көкөністер мен жемістерде піседі екен адамдарға көкөністер мен жемістеркөп пайдасы бар.Түрлі дәрумендерге бай. Көкөністер мен жемістерді ажыратайық. -Балалар біздер дымбілмеспен қоштасайық. Дымбілмес!балалар мен сендермен бірге көп нәрсені білдім сендерге көп-көп рахмет. Менің сендерге деген күзгі сыйым бар қабыл алыңдар. Сау болыңдар балалар! |
Балалар күз мезгілінің ерекшеліктерін айтады. Қыркүйек, қазан,қараша.
Жапырақтар түседі, жаңбыр жауады, жел соғады. Балалар мнемо кесте арқылы әңгіме құрастырды Балалар көз жаттығуын орындайды. Тыныс алу жаттығуын орындайды.
Балалар ойынды қызығып ойнайды. Балалар тапсырманы қызығушылықпен орындайды.
Балалар қызығушылықпен жұмыстанады.
Балалар сергіту сәтін орындайды.
Балалар ойнды қызығушылықпен ойнауға тырысады. Балалар Дымбілмеспен қоштасады
-Сау болыңыз
|
|
Рефлексті коррекциялаушы |
-Балалар күз мезгілінде қандай ерекшеліктері бар?
-Біздер қандай тапсырмалар орындадық? |
Жаңбыр жауады, жел соғады, құстар жылы жаққа ұшады. -Не өзгерді ойыны, көз жаттығуын орындадық, жаңғақтармен массаж жасадық.Жапырақтарды үрледік. |
Күтілетін нәтиже: Табиғаттағы күзгі өзгерістерді бақылып, ол туралы өз ойларын жеткізе білуі. Жемістер мен көкөністер айырмашылығын ажыратады.
Нені білуі керек: Күз мезгілінің ерекше сыйын түсініп, бағалай білуі. Үлкендер еңбегін құрметтеуді.
Нені игереді: Дидактикалық ойындар ойнап, өлеңді түсіне отырып жаттап, жұмбақтар шешеді.
Нені біледі: Табиғи материалдардан композиция жасай білуі. Өз жұмысына тақырып ойластырады
Тәрбиеші Ильясова Н.С.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.